Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет142/189
Дата05.11.2022
өлшемі5.26 Mb.
#464071
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   189
химия дәрістер (1) (1)

9. Кешенді қосылыстар


Бақылау сұрақтары мен жаттығулар

1. Қандай тұздарды жай, қос және кешенді тұздар деп атайды? Осы қосылыстардың арасына ашық жік қоюға бола ма?


2. Кешен түзуші, лиганд, кешенді қосылыстың ішкі және сыртқы сферасы, координациялық сан дегендер не? Кешенді қосылыстың структуралық формуласын жазып түсіндіріңіз.
3. Мына тұздарда темірдің валенттілігі нешеге тең?
K3[Fe(CN)6], K4[Fe(CN)6], Fe3[Fe(CN)6]2, Fe4[Fe(CN)6]3.
Осы заттарды рационалды номенклатура бойынша атаңыз.
4. Төмендегі кешенді қосылыстардағы кешен түзушінің зарядын және координациялық санын табыңыз:
К3[Fe(CN)6], К4[Fe(CN)6], [Pt(NH3)4Cl2]Cl2, K2[PtCl6], [Ag(NH3)2]NO3, [Co(CH3)5NO2]Cl2.

5. Кадмийдің координациялық саны 4 деп, К+, Cd2+ және CN – иондарынан түзілген кешенді қосылыстың формуласын жазыңыз, атын атаңыз.


6. Үш валентті хромның координациялық саны 6 екенін ескеріп, төменгі тұздарды кешенді қосылыстар түрінде жазыңыз.
а) Co(NO2)3 ∙ 6NH3,
ә) Co(NO2)3 ∙ 3NH3,
б) Co(NO2)3 ∙ KNO2 ∙ 2NH3,
в) Co(NO2)3 ∙ 3KNO2.
Рационалды номенклатура бойынша аттарын атаңыз.
7. Формуласы CoBrSO4 ∙ 5NH3 екі изомер бар. Бір изомер ерітіндісіне Ba2+ ионымен әсер еткенде тұнба бермейді, ал Ag+ ионымен әсер еткенде тұнба береді. Екінші изомерлер ерітіндісі Ag+ ионымен тұнба бермейді, ал Ba2+ ионымен тұнба береді. Осы изомерлердің координациялық формуласын жазыңыз. аттарын атаңыз.
8. Төмендегі молекулалық теңдеуді аяқтап реакция теңдеуін ион түрінде жазыңыз.
CuSO4 + K4[Fe(CN)6] →
KCl + [Cu(NH3)4]Cl2
FeCl3 + K4[Fe(CN)6] →
9. Мына қос тұздарды кешенді қосылыстар түрінде жазыңыз:
Al2(SO4)3 ∙ K2SO4, PtCl ∙ 2KCl, Fe(CN)3 ∙ 3KCN,
CoCl3 ∙ 4NH3 ∙ H2O, 2NH4Br ∙ CuBr2 ∙ 2NH3, KCN ∙ Co(CN)3 ∙ 2H2O.
10. Мына кешенді қосылыстарды қалай алуға болады:
K2[HgJ4], [Ni(NH3)6]Cl2, H2[SnCl6].
11. Тұрақсыздық константасы таблицасын пайдаланып, мына иондардың ішіндегі тұрақтылауын көрсетіңіз:
[Cd(NH3)4]2+, [Cu(CN)4]2–, [HgJ4]2–, [Ag(NH3)2]+.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет