Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Негізгі түсініктер: тотығу дәрежесі



бет69/189
Дата05.11.2022
өлшемі5.26 Mb.
#464071
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   189
химия дәрістер (1) (1)

1. Негізгі түсініктер: тотығу дәрежесі, тотықтырғыш,
тотықсыздандырғыш
Тотығу дәрежесі (тотықтыргыш сан, тотыққан күй, электрохимиялық валенттілік) деп қосылыстагы атомның немесе ионның шартты зарядын айтады. Тотығу дәрежесі оң, теріс, бүтін сан, нөл және бөлшекті мәнде де бола береді. Ол араб цифрымен таңбаланады және де сол таңбаның өзіне тән "+" не "-" белгісі болып тиісті элемент үстіне жазылады. Мысалы:
,
Элементтің тотығу дәрежесі кейде оның валенттілігімен сәйкес келе бермейді, ол химиялық байланыстың түзілуіне қатынасатын атомдық орбиталъдар санымен анықталынады. Айталық, Н2 және НҒ молекуласындағы сутектің валенттілігі бірге тең, ал тотығу дәрежесі сутекте Н2 нөлге тең де фторлы сутекте НҒ + 1 тең.
Қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежесін айқындау үшін келесі ережелерді ұстанады:

  1. Иондық байланыста болатын қосылыстардағы элементтің тотығу дәрежесі иондардың зарядтарына тең.

  2. Жай заттағы элементтердің (қатты аморфтық және кристалдық құрылымдағы молекулалардың) тотығу дәрежесін нөлге тең деп қабылдайды. Мысалы, азоттың N2(г), күкірттің S8 (қ), мыстың Сu (қ) тотығу дәрежесі нөлге тең.

  3. Ковалентті полюсті байланыста болатын қосылыстардағы элементтің тотығу дәрежесі оң жөне теріс те бола алады: электртерістілігі үлкен мәнде болатын элементтің тотығу дәрежесі теріс болып келеді. Төменде элементтердің мүмкін болатын тотығу дәрежелері берілген:

а)фтор(-1);
б) оттек (-2), асқын тотықта (-1), аса асқын тотықта (-1/2),озонидтерде (-1/3), және ОҒ2(+2);
в) сутек (+1), гидридте (-1);
г) сілтілік металдар (+1);
д) жер-сілтілік металдар (+2).
4. Бейтарапты молекуладағы элементтер атомдарының санымен олардың тотығу дәрежесі көбейтіндісінің алгебралық қосындысы нөлге тең, ал күрделі ионда - ион зарядына тең. Мұндай өзара байланыс күрделі қосылыстардағы бір элементтің тотығу дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.
Қосылыстардағы элементтердің басым көпшілігі айнымалы тотығу дәрежесін көрсетеді, мысалы:
+5 +4 +3 +2 0 -1 -2 -3
KNО NО2 KNО2 NО N2 NH2ОH N2H4 NH3
Олардың қосылыстарындағы элементтердің ең үлкен тотығу дәрежесі оттекті қосылыстарымен көрсетіледі де олар орналасқан периодтық жүйедегі топ нөмірімен анықталады. Металдар үшін ең жоғарғы, ал бейметалдар үшін төменгі тотығу дәрежесі элементтің реттік нөмірінен периодтық тәуелділікте болады.
Қазіргі кезде қолданыста жүрген тотығу-тотықсыздану реакцияларының электрондық теориясын 1914 жылы Л.В.Писаржевский ұсынған:
1. Электрондарын беретін молекулаларды (атомдарды немесе иондарды) тотықсыздандырғыштар деп атайды, ал электрондарды беру процесінің өзін - тотығу дейді. Ол тотықсыздандырғыштың тотығу дәрежесінің артуымен қатар жүреді және де зат тотықсызданған түрден тотыққан түрге айналады.

  1. Электрондарды қабылдайтын молекулаларды (атомдарды немесе иондарды) тотықтырғыш деп атайды, ал электрондарды қабылдау процесінің өзін – тотықсыздану дейді. Ол тотықтырғыштың тотығу дәрежесінің азаюымен қатар жүреді және зат тотыққан түрден тотықсызданған түрге айналады.

  2. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш әрекеттескенде берген электрондар саны қабылдаған электрондар санына тең болады. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштар ретінде иондар да бола алады.

Маңызды тотықтырғыштар

Маңызды
тотықсыздандырғыштар

1. Теріс тотығу дәрежелі күйге ауысатын бейметалдар (Ғ2; О2; Сl2; Вг2; S8; О3).
2. Бейтарап күйге ауысатын металдар мен сутек катиондары: Аg+; Сu+; Н+.
3. Қүрамындағы элементтердің тотығу дәрежесі жоғары немесе аса жоғары болатын күрделі заттар. Мысалы: КМпО4; К2МnО4; МnО2; К2Сг2О7; К2СrО4; ҒеС13; НNО3; НСlО4; Н2SеО4; РЬО2; Аg2О; Н2О2; СuО; гипохлориттер, хлораттар мен перхлораттар.
4. Концентрлі Н24, концентрлі HNО3 пен НF қоспасы, "патша арағы" (3:1 қатынастағы концентрлі НСІ және HNО3 қоспасы).
5. Электролиз кезіндегі анод.

1. Оң тотығу дәрежелі күйге ауысатын барлық металдар.
2. Оң тотығу дәрежелі күйге ауысатын кейбір бейметалдар (сутек, бор, көміртек).
3. Құрамына тотығу дәрежесі төмен немесе өтс төмен болатын элементтер енетін күрделі заттар. Мысалы: ҒеС12; ҒеSО4; Сг2(SО4)3; МnSО4; Н2S; НСІ; НВг; HJ; NH3; СО; N2Н4; NО; SО2; Н3РО3; Н23 және оның түздары; НNО2; SnС12; Nа2S2О3.
4. Органикалык заттар - альдегидтер, спирттер, глюкоза, құмырсқа және қымыздық қышқылдары.
5. Электролиз кезіндегі катод.

Құрамына тотығу дәрежесі ең жоғары болатын элементтің атомдары енген қосылыстар тотықтырғыш ретінде әрекеттесіп, көбінесе тотықсыздана алады. Мысалы: және т.б.
Құрамына тотығу дәрежесі ең төмен болатын элементтің атомдары енген қосылыстар көбінесе тотығу-тотықсыздану реакцияларында тотықсыздандырғыш ретінде әрекеттеседі. Мысалы: және т.б.
Құрамына тотығу дәрежесі ауыспалы болып келетін элемент атомдары енген қосылыстар, өзінен күштілеу тотықтырғыш жұбында тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетсе, өзінен күштілеу тотықсыздандырғыш жұбында тотықтырғыш та қасиет көрсетеді. Мысалы: Ғе2+; Сr3+; Мn4+ қосылыстары, түрлі нитриттер, сульфиттер және т.б. Әдетте, осы қасиеттердің бірі басымдау болып келеді.
Әртүрлі элемент атомдарының тотығу-тотықсыздану қасиеті периодтық жүйедегі элементтің орналасу орнына, оның заттағы тотығу дәрежесіне, реакцияға қатынасатын өзге заттардың ерекшеліктеріне тәуелді.
Элементтің периодтағы реттік нөмірі өскен сайын жай заттардың тотықсыздану қасиеті әлсірейді, ал тотықтырғыш қасиеті өседі де галогендерде ең жоғары болады.
Негізгі топша элементінің реттік нөмірі өсуі мен тотықсыздану қасиеті күшейеді де тотықтыру қасиеті әлсірейді.
Қосымша топша элементінде металдық сипат болады, өйткені оның сыртқы электрондық деңгейінде 1-2 электрон бар. Сондықтан олардың жай заттары тотықсыздандырғыш болады.
Сол сияқты, құрамында тотығу дәрежесі жоғары болып келетін атомы бар күрделі аниондар да тотықтырғыш болады. Мысалы, NО3, МnО4, Сr2О72– , СlО3, СlО4 және т.б. Мұндағы тотықтырғыш қасиет жоғары тотығу дәрежесіндегі атоммен байланысты емес, керісінше күллі анионмен, мәселен Мn+7 емес, қайта МnО4 анионымен. Күрделі емес, жай жеке аниондар тек тотықсыздану қасиетін көрсетеді, мәселен, Ғ-, Сl -, Вr -, J -, S2 - және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет