Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет82/189
Дата05.11.2022
өлшемі5.26 Mb.
#464071
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   189
химия дәрістер (1) (1)

Тәжірибені орындау

Аспаптың герметикалығы тексерілгеннен кейін лаборанттан 0,001г дәлдікпен өлшенген папирос қағазына оралған магний ұнтағын (жаңқасын) алыңыз. Пробирканың тығынын алып, құйғышты жоғары, төмен түсіру арқылы бюреткадағы судың деңгейін нольге не одан сәл төмендеу етіп қойыңыз.


Өлшеуіш цилиндрмен 5 мл сұйытылған күкірт қышқылын өлшеп алып, оны пробирканың ішкі қабырғасына тигізбей кішкене құйғышпен пробиркаға құйыңыз. Магний оралған пакетті 1 – 2 тамшы дистильденген сумен ылғалдап, қышқыл құйылған пробирканы көлбей ұстап, қышқылдан 3 – 4 см жоғарырақ әлгі пакетті қойыңыз. Осыдан кейін пробирканы аспапқа жалғастырып, оның герметикалығын тағы да тексеріңіз. Бюреткадағы судың деңгейі ноль бөлігінде не одан сәл төмендеу болатын болсын дегенбіз. Бюреткадағы судың деңгейін мениск бойынша 0,05 мл дәлдікпен жазып алыңыз.
Оралған пакеттегі магнийді пробиркадағы қышқылға сілкіп түсіріп, сутектің бөлінуін және оның бюреткадағы суды ығыстыруын бақылаңыз. Пробиркадан газ көпіршігі бөлінуі тоқталғаннан кейін газдың үй температурасына дейін салқындауы үшін 10 минуттай қойыңыз. Бюреткадағы судың деңгейін 0,05 мл дәлдікпен, тәжірибе кезіндегі үй температурасын және барометрден сынап бағанасы бойынша миллиметрмен өлшенген қысым көрсеткішін жазып алыңыз.


Бақылауды жазудың үлгілері



  1. Магний салмағы (г) – b;

  2. Тәжірибе кезіндегі үй температурасы – t0;

  3. Тәжірибе кезіндегі атмосфералық қысым – рмм. сын. бағ;

  4. Су буының үлес қысымы – h – мм сын. бағ;

  5. Реакцияға дейінгі бюреткадағы судың деңгейі – а;

  6. Реакция аяқталғаннан кейінгі бюреткадағы судың деңгейі – а2.

Тәжірибе нәтижесінің қорытындысын шығару

1. Тәжірибе кезінде магний ығыстырып шығарған сутектің көлемі


V=a2 – a1.
2. Бөлінген сутектің көлемін қалыпты жағдайға келтіру формуласы:
,
мұндағы T=273+t – абсолюттік температура, h – су буының үлес қысымы (қосымшадағы 1-таблицаны қараңыз).
3. Қалыпты жағдайда сутектің 1молі 22,4 л (не 22400 мл) көлем алады деп, бөлінген сутектің салмағын m есептеңіз.
4. Алынған магнийдің салмағы (b) мен бөлінген сутектің салмағы (m) бойынша магнийдің эквиваленті есептеледі
.
5. Эксперимент жүзінде табылған эквивалентті, магнийдің теориялық эвивалентімен (24,32 : 2 = 12,16) салыстырып, салыстырмалы қателік процентін есептеңіз.
Қателік проценті .
Жұмыс дұрыс және ұқыптылықпен орындалғанда, салыстырмалы қателіктің мөлшері аз болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет