Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет73/189
Дата05.11.2022
өлшемі5.26 Mb.
#464071
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   189
химия дәрістер (1) (1)

Кернеу қатары

Егер стандартты сутек электродының потенциалымен салыстырып әртүрлі металдардың стандартты электродтық потенциалдарын өлшеп және оларды өсуі бойынша орналастырса, металдардың электрохимиялық кернеу қатарын алады (солдан оңға қарай металдардың химиялық белсенділігінің азаюы жүреді):


Li Rb K Ba Sr Ca Na Mg Al Mn Zn Cr Fe Cd CО Ni Sn Pb H Sb Bi Cu Hg Ag Pd Pt

Тарихи тұрғыдан алғанда, бұл қатардың алдында Н.Н.Бекетовтың «ығыстыру қатары» келеді. Кернеу қатары металдардың химиялық қасиеттерін сипаттайды:


1. Металдың электродтық потенциалы терістеу болған сайын, соғұрлым оның тотықсыздандырғыш қабілеті үлкен.
2. Әрбір металл ерітіндіден металдардың кернеу қатарында өзінен кейін орналасқан металды ығыстыруға қабілетті. Бұған бағына бермейтін тек сілтілік және жер-сілтілік металдары (Li, K, Ba, Ca, Na), олар сумен әрекеттеседі.
3. Кернеу қатарындағы сутектің сол жағындағы барлық металдар қышқылдан сутекті ығыстырады және олардың стандартты электродтық потенциалы теріс мәнде болады.
4. Тұз ерітінділеріндегі металды молекулалық сутекпен ығыстыруға болады (сутек электроды тек платинаның қатысуымен жұмыс істейді).
5. Күкірт және тұз қышқылдары ерітіндісінен қорғасын сутекті ығыстырмайды.
Келтірілген кернеу қатары металдарды және олардың қасиеттерін тек сулы ерітінділерінде ғана сипаттайды. Мінеки, сондықтан да электрохимиялық қатар литий элементінен басталады, ал рубидий мен калий белсенділеу болса да литийдің оң жағында орналасқан. Бұл литий иондарының гидратация процесіндегі энергиясы жоғары болуымен байланысты. Кернеу қатарындағы металдың орналасқан орны орынбасу реакцияларының өздігінен жүру мүмкіндігін алдын ала болжауға мүмкіндік береді.
Тотықсыздандырғыштың теріс потенциалы (тотықтырушынікімен салыстырғанда) жоғарылау болатын реакциялар өздігінен жүре алады.


Электролиз

Электролиз кезінде электрлік энергияның химиялық энергияға айналуы жүреді.


Электролиттің ерітіндісі немесе балқымасы арқылы тұрақты ток өткен кезде электродтарда жүретін тотығу-тотықсыздану реакцияларын электролиз дейді.
Мыс хлориді ерітіндісінің электролизін қарастырайық. Мыс хлоридін суда еріткенде ол толық диссоциацияланады:
CuCl2 → Cu2+ + 2Cl-
Түзілген иондар ерітіндіде ретсіз қозғалады. Егер тұздың судағы ерітіндісіне екі графитті электродты енгізіп және оларды сыртқы тұрақты ток көзіне қосса, онда электролиттегі иондардың ретті де бағытталған қозғалысы басталып және электродтарда келесі реакциялар жүреді:
а) катодта мыс Cu2+ ионының мыс металына дейін тотықсыздануы (катодты реакция; сыртқа ток көзінен электродқа беріледі):
(–) Cu2+ + 2 → Cu
б) анодта хлорид –иондарының газ күйіндегі хлорға дейін тотығуы (анодты реакция; сыртқы тізбекке электрондарды жіберетін электрод):
(+) 2Cl – 2 → Cl2
Сөйтіп, мыс хлориді ерітіндісі арқылы тұрақты ток өтуі нәтижесінде, екі жаңа зат алынды – металл күйіндегі мыс және газ түріндегі хлор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет