Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет92/189
Дата05.11.2022
өлшемі5.26 Mb.
#464071
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   189
химия дәрістер (1) (1)

Иондық реакциялар

а) 4 пробиркаға 1–2 миллилитрден натрий, магний, мырыш және алюминий сульфаты ерітінділерін, олардың үстіне әрбір пробиркаға 1–2 миллилитрден барий хлориді ерітіндісін құйыңыз. Тұнба түзілуіне назар аударып, реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыз. Барий ионы қандай ионның реактиві болып табылады? Сульфат-ионды анықтаудың жалпы иондық реакциясының теңдеуін жазыңыз.


ә) Калий, аммоний, темір (ІІІ) хлоридтері және калий хлораты ерітінділеріне күміс нитраты ерітіндісімен әсер етіңіз. Не байқалады? Күміс ионы қандай ионға реактив болып табылады? 4-ші пробиркада тұнба түзілмейтіні неліктен? Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыз. Хлор-ионды анықтаудың жалпы иондық реакция теңдеуін жазыңыз.



  1. Ерітінділердегі иондық тепе-теңдіктің ауысуы

а) Екі пробиркаға 2–3 миллилитрден сірке қышқылын құйып, 3 тамшыдан метилоранж ерітіндісін тамызыңыз. Пробирканың біреуіне натрий ацетатының бірнеше кристалын салып, шайқаңыз. Екі пробиркадағы ерітінділердің түстерін салыстырыңыз. Ерітіндінің түсі неліктен өзгереді? Әрекеттесуші массалар заңын еске алып, болған құбылысты түсіндіріңіз. Тепе-теңдікті нашар диссоциацияланатын зат түзілетін бағытқа ауыстыру үшін, қышқыл ерітіндісіне қандай затпен әсер етуге болады?


ә) 1–2 мл магний хлориді ерітіндісіне 1–2 мл аммоний гидроксиді ерітіндісін құйып, осыдан түзілген тұнбаны екі пробиркаға бөліңіз. Пробирканың біреуіне тұз қышқылы, екіншісіне аммоний хлориді ерітіндісін құйыңыз. Тұнбаның еруіне назар аударыңыз. Магний гидроксиді түзілуінің, оның қышқылда және аммоний хлоридінде еруінің реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыз.

  1. Қышқылдың диссоциациялану дәрежесінің тұнбаның

еруіне тигізетін әсері

2–3 мл кальций хлориді ерітіндісіне сондай көлемде аммоний оксалаты ерітіндісін құйып, осыдан түзілген тұнбаны сүзіп, екі пробиркаға бөліңіз. Оның біреуіне 5 мл 0,1 Н. тұз қышқылын, екіншісіне сондай мөлшерде сірке қышқылын құйыңыз. Тұз қышқылында еріген тұнба сірке қышқылында ерімейтіндігі неліктен? Ерігіштік таблицасын пайдаланып, осы құбылысты түсіндіріңіз. Реакция теңдеулерін жазыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет