«бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасы



бет1/4
Дата11.06.2016
өлшемі345.5 Kb.
#127878
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Ф.7.22-10

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
«БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» КАФЕДРАСЫ


БЕКІТЕМІН

ҒЗЖжХҚ жөніндегі проректор


_________________ Бахов Ж.К.
« » ______________ 2011ж.


6М072000 – «БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»

МАМАНДЫҒЫНЫҢ МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ


БАҒДАРЛАМАСЫ

ШЫМКЕНТ, 2011ж.

Қабылдау емтиханының бағдарламасы 050720 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының пәндерінің типтік бағдарламалары негізінде құрылған:


  1. Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясының ілімдік негіздері

  2. Бейорганикалық қышқылдар, негіздер және тұздардың химиялық технологиясы

  3. Минералды тыңайтқыштардың химиялық технологиясы

  4. Электрохимиялық өндірістер технологиясы және плазмохимия

  5. Жобалау негіздері және зауыттар жабдықтары

  6. Бейорганикалық заттар технологиясының экологиялық мәселелері

  7. Қазақстанның минералды шикізаттары

  8. Глинозем және силикатты материалдардың химиялық технологиясы

  9. Қалдықсыз технология

  10. БЗТ минералды және екіншілей шикізаттарды кешенді өңдеу

  11. Жарылғыш заттар: классификациясы, есептелуі, дайындалуы, сынағы және қолданылуы

  12. Жару жұмыстары

  13. Пиротехникалық заттар: классификациясы, есептелуі, дайындалуы, сынағы және қолданылуы

  14. Карбидті қосылыстар өндірісінің технологиясы

  15. Түсті металдардың электротермиясы

  16. Электротермия өндірісінің экологиялық мәселелері

  17. Тұтқыр материалдардың химиялық технологиясы– 1

  18. Тұтқыр материалдардың химиялық технологиясы – 2

  19. ЖЗТ зауыт қондырғылары

  20. Арнайы технология

  21. Жылутехника, қиынбалқитын метал емес және силикатты материалдар технологиясындағы жылулық үрдістер және агрегаттар

  22. Жылутехника, керамикалық және шыны өндірісіндегі жылулық процесстер және агрегаттар

  23. Керамиканың арнайы технологиясы

  24. Отқа төзімді және керамиканың химиялық технологиясы 1

  25. Отқа төзімді және керамиканың химиялық технологиясы 2

Қабылдау емтиханының бағдарламасы БЗХТ кафедрасының мәжілісінде талқыланған «16» 05. 2011, № 10 хаттамасы


Кафедраның меңгерушісі ________________т.ғ.д., профессор М.К.Жекеев (қолы, ғылыми атағы, тегі, аты)
Қабылдау емтиханының бағдарламасы факультеттің әдістемелік комиссиясымен мақұлданған химия-технологиялық_ «25» 05. 2011ж., № 11 хаттамасы.
Төрағасы _______________Бугенова С.

(қолы, тегі, аты)


Қабылдау емтиханының бағдарламасы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығымен келісілген

ЖООКББО бастығы ________________________Изтаев Ж.Д.




КІРІСПЕ
6М072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихандарының бағдарламасы, оның ішінде:

1. мамандандыру – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»,

2. мамандандыру – “Пиротехникалық құралдар және жарылғыш заттардың химиялық технологиясы»,

3. мамандандыру – «Плазмохимия және электротермиялық үрдістердің химиялық технологиясы»,

4. мамандандыру – «Қиын балқитын металл емес және силикатты материалдардың химиялық технологиясы»,

Негізгі жоғар білім алу кезінде студенттерге оқытылатын арнайы пәндердің жұмыс бағдарламаларының негізінде жасалған.

Бағдарлама отын – энергетикалық ресурстар және табиғи шикізаттарды кешенді өңдеу, маңызды бейорганикалық заттар мен энергиясыйымдылықты материалдарға қатысты ұсыныстар мен теориялық негіздердің үлкен аумағын қарастыруды қамтиды.

Емтихан тапсырушы өндірістің тиімді технологиялық режимдерін (химизмі, термодинамикалық сипаттамасы, механизмі, кинетикасы) түсіну үшін қажетті бейорганикалық синтез өнімдерін, жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдарды алудың теориялық негіздерін білуі қажет, нақты өнім өндірісінің нақты шарттарын білуі қажет, оны алудың технологиялық сызбасын құра білуі керек, өнім, шикізат, көмекші материалдар, түзілген қалдықтар мен оларды қайта өңдеу әдістеріне сипаттама беруі керек.

Оқу пәндерінің негізгі циклдары бойынша біліктілікке қойылатын талаптар іскерлік, мәдени, коммуникативтік компетенциялардың жинағын игеруге арналған мамандықтың жұмыс оқу жоспарының нақты мазмұнымен анықталады. Бітіруші таңдалған білім траекториясына сәйкес, толық көлемде жалпы білім беретін, базалық және жетекші пәндердің білімдерін игерген болуы керек.


МАМАНДАНДЫРУ – «БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»
1.1 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясының ілімдік негіздері

Пән мақсаты мен міндеті. Негізгі түсініктемелер мен анықтамалар. Пәннің құрамдас бөлімдері. Теориялық мағлұматтардың химиялық технологиялық процестерін жетілдірудегі маңызы. Бейорганикалық заттар өндірістерінің өнімдері, шикізаттары, өндіріс қалдықтары. Өндірісте шешуін таппаған мәселелермен оларды шешудің мүмкінді бағыттары.

Бейорганикалық заттар химиялық технологиядағы жүйелерді термодинамикалық талдау. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Энтропия-процестер тепе-теңдігі мен өз-өздігін айқындаушы шама. Гиббс бос энергиясы және химиялық үрдістерде алар орны. Тепе-теңдіктің жалпы шарттары. Термодинамикалық потенциалдар. Сипаттамалық функциялар.

Химиялық потенциал. Орнықты және орнықсыз тепе-теңдік. Түзілу, жану, еріту және шоғырсыздандыру процестерінің жылуын есептеу. Капустинский, Карапетьянц, Коновалов тәсілдері. Химико-технологиялық процестер жылуын есептеу.

Ле-Шателье тәртібі. Тепе-теңдіктегі өнім шығымы. Ерітінділер термодинамикасы. Ерітінділердегі молекулааралық әсерлесу. Термодинамикалық функциялардық ерітінділер құрамына тәуелділігі. Гиббс-Дюгем теңдеуі. Еру жылуы. Аса қаныққан ерітінділер. Қаныққан бу мен ерітінді жүйесіндегі тепе-теңдік ерекшеліктері мен термодинамикасы. Рауль-Генри заңы. Әртекті жүйелер тепе-теңдігі. Күй тәртібі. Күйлік диаграммалар түрлемдері. Күйлік диаграммалар арқылы есептеу тәсілдері.

Екі құрамдас жүйелер, олардың қалыптық диаграммалары: политерма, полибара, изотерма. Айқын және айқын емес максимумды ерігіштік және балқығыштық диаграммалары. Үшқұрамдас жүйелер, олардың қалыптық диаграммалары: политерма, изобара, изотерма. Криcталдау аймағы мен көлемі. Жүйелер құрамын бейнелеу. Кристоллогидраттар түзетін жүйелер. Қосарлы тұздар. Еріту және кристалдау процестері. Төрт құрамдас жүйелер. Изотерманың кескіні. Еріту, буландыру, кристалдау процестері

Химиялық процестер кинетикасы. Абсорбция және ион алмасу процестерінің кинетикасы. Еру және кристалдану процестер сипаттамасы.

Кристалдар өсу теориялары. Катализдік процестер. Түрлемдері мен кинетикасы. Температураның, қысымның және әрекеттесуші заттар шоғырының катализдік процесстер жылдамдығына әсері. Технологиялық процестерді жетілдірудің жалпы негіздері.


1.2 Бейорганикалық қышқылдар, негіздер және тұздардың химиялық технологиясы

Негізгі бейорганикалық синтез технологиясы

Бейорганикалық заттар технологиясыынағы өндіріс газдары және синтез-газы Олардың қасиеті мен қолданылуы. Ауаны суыту арқылы бөлу. Азотты , оттегіні және сирек газдарды атмосферадан алу технологиясы оның тиімділігі мен негізгі принциптері. Сутегіні алу әдісі: отынды газификациялау, көмірсутекті конверсиялау, өнеркәсіптік газды қоспалардан алу .

Азот өндірісінің мәні. Азот құрамдас қосылыстардың мәні мен қолданылуы. Синтетикалық аммиак өндірісінің дамуы. Азотсутекті қосылысытың қазіргі кездегі алу әдістері. Азотсутекті қосылыстың технологиялық схемасы.

Аммиакты азоттың және сутектен алу сатылары. Аммиак синтезіндегі катализатор. Процестің тиімді жағдайы.

Шоғырлы және сұйытылған азот қышқылын алу. Процестің тиімді режимдерін алу. Өндірістің қазіргі жағдайдағы технологиясы.

Хлорсутектің физика-химиялық қасиеттері. Қолданылуы. Ингибирленген тұз қышқылы. Хлорсутекті алу: сульфатты тәсіл; Хлорсутек-кейбір өндірсітердің қосалқы өнімі. Хлорсутек абсорбциясын суыта жүргізу, адиабаттық абсорбция. Сұйық хлорсутек желінген ертіндіден хлорсутекті қайтара алу. Хлорсутекті хлорға айналдырып өңдеу. Қазақстанда хлорсутек және тұз қышқылын отандық шикізаттан өңдеу.

Хлор қышқылы оның физика –химиялық қасиеті. Қолданылуы. Шикізаты. Хлор қышқылының тұз қышқлыдық тәсілі. Хлор қышқылын Қазақстанда өндіру мүмкіндіктері. Технологиялық жетілдіру перспективалары.


Күкірт қышқылының технологиясы

Күкірт қышқылының маңызы және өндіру масштабы. Өндірісті орналастыру принципі. Шикізат түрлері: күкірт, колчедан, сульфиттер, күкіртті сутек, сульфаттар, өндірісітің күкіртқұрамдас қалдық газдары. Шикізатты күйдірудің физика-химиялық негізі мен кинетикасы. Күкіртті газдарды өндірудің технологиясы. Күйдіру газының жылуын пайдалану. Күкірт қышқылын өндіру тәсілдері. Күйдіру газын тазалау мен кептіру. Күкірт диоксидін контакты тотықтыру. Тотығудың оптималды режимін және технологиясын таңдау. Контакт торабының өндірісітік үлгілері. Күкірт ангидридінің абсорбциясы. Абсорбция бөлімшесі және аппараттары. Екі стадиялы тотығу мен абсорбция үлгілері. Күкірт қышқылын нитроздық тәсілмен өндірудің физика-химиялық негізі, параметрлері, технологиялық үлгілері.


Фосфор қышқылының технологиясы

Элсктротермиялық әдіспен фосфорды және фосфор қышқылын өндіру. Фосфордың касиеттері және оның қосылыстары. Фосфордың және термиялық Н3РО4 қолданылуы. Фосфаттардан элсктрлі айдау арқылы фосфорды өндіру. Термиялық фосфор қышқылын алу. Концснтрлі фосфор тыңайтқыштары. Экстракциялық фосфор қышқыдлын алу технологиясы. Өндістің физико-химиялық қасиеті. Қолданылуы. Сапасы. Фосфор қышқылын алу технологиялық үлгілер және оларды жетілдіру перспективалары.


Сілтілер өндірісі

Натрий сілтісін алу технологиясы. Әдістердің ерекшеліктері нен кемшіліктері. Электрохимиялық әдіс. Қондырғы кескіні және көрсеткіштері. Ферритті және әкті әдіс. Физика-химиялык негізі.

Табиғи галлургиялық шикізаттан металл гидроксидтерін алудың жалпы өнекәсіптік тәсілдері. Алу технологиясы, аппараттар. Өнімнің құнын есептеу. Тазалау кептіру, дайын өнімді бөліп ыдысқа салу.

Күйдіргіш натрды электрохимиялық тәсілмен (галит NаС1 ертіндісін элетролиздеу) және қақталған содадан (феритік және әктік тәсілдер) химиялық тәсілдермен өндіру. Әдістердің жетімсіздігі. Аппараттар мен процестер. Темір катодты ванна, сүзгіш диафрагмалы ванна, , сынап катодты ванна. Электролиз өнімдерін өңдеу.

Калий сілтісін және хлоридін алу технологиясы. Өндіру тәсілдері. Технологиялық режимдері мен аппараттарды таңдау әдістері. Физика-химиялық негізі.
Бейорганикалық тұздар технологиясы

Натрий үшкөпфосфаты, оның көрсеткіштері, сапасы. Өндірістің фнзика- химиялық негізі.

Реактнвті фосфор кышқылды тұздар өндірісі. Натрий ортофосфаты. Натрий ортофосфатын алу. Қоснатрийфосфатты алу жәнс қолдану. Натрий пнрофосфаты. Шикізат түрлері. Процестің химизмі. Бейтараптандыру процесінің корсеткіштері және оныц әсері. Пирофосфат өндірісінің технологиялык схемасы. Аппараттар мен олардың күрылысы. Nа4Р3О710Н2O сулы пирофосфатты алу. Жылу және заттардың ағындарының балансын есептеу. Өндіріс қалдықтары, оларды өндеу және зиянсыздандыру жолдары.

Натрий түздары. Өнім түрлсрі, қолдану, өнімге қойылатын талаптар. Табиғи түздықтан NаН2РО4, Nа,НРО4, Nа,РО4 алу. Натрий сульфидін алу қолданылатын шикізат. Технологиялық схемасы, қолданылатын аппараттар таңдап алу, өндіріс қалдықтары, онын қүрамы, өңдеу жолдары.

Калий тұздары. Өнім түрлсрі, қолдану, өнімге қойылатын талаптар. Технологиялық схемасы., қолданылатын аппараттар таңдап алу, өндіріс қалдықтары, онын құрамы, өңдеу жолдары.

Сода өнімдері, онын қасиеті, өнімге қойылатын талаптар, қақталған соданы алу әдістері, өндірістің келешек жетістіктері. Өндірістегі бөлімдер және олардың байланысы. Қолданылатын шикізат сапасы. Әк тасын өртеу және әк сүтін дайындау.

Қақталған соданы аммиакты әдіспен алу жолдары. Абсорбция бөлімінің кескіні. Аппараттардыц құрылысы, жұмыс істеу принциптері, құрамы. Абсорбция бағанасының материалдык балансы.

Аммиакталған тұздықтың физика-химиялық негізі. NаС1-NН4НСО3-NаНСО3-NН4С1 тепе-теңдігі. Натрийдің (қолдану) пайдалану дәрежесі. Карбонизациялау дәрежесі. Карбонизациялау бағанасының жұмыс істеу. NаНСО3 қақтау (кальцинация). Температураныц әсері. Қолданылатын аппараттар. Аммиакты өндеудің физика-химиялык негізі. Тұнбаның қасиеті. Аппаратуралық құрылысы.

Сода өндірісіндегі экологиялык жағдай, қосымша өнімдерді өңдеу. Қалдыксыз әдістер. Тазалау. Физика-химиялық негізі. Құрғақ және ылғал әдістер. Әдістің негізгі схемасы. Өндірістің негізгі сатысы.

Аммоний гидроксидінің технологиясы. Өндірістің физика-химиялық негізі. Алу әдістері, қолдану саласы, өнімнің сапасына сипаттама. Ауылшаруашылығындағы маңызы.

Аммоний дихроматы, натрий, калий, хром триокидін алу және оның технологиялары.

Хромқұрамдас тұздар алу әдісі. Қолданылуы, шикізат, өніс құрамы. Натрий хроматы жіне хромат технологиясы Өндірістң физико-химиялық негізі.


1.3 Минералды тыңайтқыштардың химиялық технологиясы

Табиғи фосфаттар және фосфорит үны. Апатит және фосфорит кендерінің минералдык құрамы. Фосфор кендерінің түрлері мен кен орындары.

Физико-химиялық және механикалық қасиеттері. Фосфат шикізаттарын сақтау және тасымалдау. Фосфорит үны. Фосфаттарды химиялык өңдеудің әдістері.

Жай суперфосфат. Суперфосфаттың қасиеті мен кұрамы. Қолданылуы. Өндіру әдісі.Ө ндірістің физико-химиялык негізі. Процестер химизмі.

Н2РО4 мөлшері. Процестің жылдамдығы мен механизмі. Суперфосфат өндірісі.Фторлы газдың бөлінуі. Суперфосфат өндірісінің материалды балансы.Түйіршіктелген суперфосфаттарды алу.

Фосфаттардың күкіртқышқылды (экстракция) шайындылаудың физико-кимиялық негізі. Процестер химизмі.Фосфор қышқылын күкірт қышқылды шайындылауда фосфаттардың еру жылдамдыгы. Кальций сульфатының кристалдануы. Фосфаттардан фосфор қышкылын күкірт қышкылды шайындылау әдісі. Фосфор қышқылын дигидратты тәсілмен экстракциялы шайындылау өндірісі.

Қос және байытылған суперфосфаттар. Преципитат. Құрамы және қасиеттері, колданылуы. Қос суперфосфат өндірісінің физико-химиялық негізі. Процестер химизмі. Тепе-теңдік жағдайы және қатты фазалардың кристалдануы. Қатты фазалардыи кристалдануынсыз және кристалдануымен фосфор кышкылында фосфаттардың еруі.

Қос суперфосфат өндірісі: камералы тәсіл, камерасыз (ағынды) тәсілдер. Қос суперфосфат алудың циклді әдістері. Байытылған супсрфосфат. Кальций гидрофосфатын тұнбаға түсірудің физико-химиялық негізі (преципиттеу).

Термиялық фосфаттар. Термофосфаттар өндірісі; фосфатгарды фторсыздандыру; балқытылған магнийлі фосфаттар, шыны тәріздес полимерлер.

Конденсацияланған фосфаттар. Дегидратталган фосфаттар. Классификациясы, номенклатурасы, кұрылысы. Натрий трифосфаты. Кальций дифосфаты. Кальций циклофосфаты (метафосфаты), олардың құрамы, қасиеті және алынуы.

Минералды тыңайтқыштардың ауыл - шаруашылығындағы орны. Тыңайткьшттардың түрі, өнімнің сапасы. Өндірісте орындау орны. Фосфат шикізаттарына кен орнына байланысты (орны) сипаттама. Фосфатты байыту әдістері және технологиясы. Күрделі және сұйық тыңайтқыштар. Жемдік фосфаттар және оны пайдалану дәрежесі.

Жемдік фосфаттар, монокальцийфосфат. Кептіру және фторсыздандыру өңдеу сатылары. Күрделі тыңантқыштар технологиясы.

Аралас күрделі тыңайтқыштар, қолданылуы, шикізаты, физика-химиялық негізі.

Азотты тыңайтқыштар. Аммоний селитрасы, сульфат аммониы, аммоний хлориды, карбамид, және оның қасиеттері мен технологиясы. Күрделі тыңайткыштар, оның өнімдері, алыну жолдары. Аммофос, нитрофос, аммофосфат, қосаммоний және олардың салыстырмалы құрамы.

Калийлі тыңайткыштар және оған сипаттама. Калий сулфатына сипапама. Калий хлориді. Сильвиниттен калий хлоридін алу. Карналлитті пайдалану. Калий сульфатын алу. Калилі рудаларды жан -жакты өңдсу. Барий, натрий, кальций, фтор, хром т.6. түздарды өңдеп алу технологиясы Барий түздарын кальций фтор, хром түздарын пайдалану. Өндіріс калдықтары оларды өңдеу жолдары.


    1. Электрохимиялық өндірістер технологиясы және плазмохимия

Электрохимиялық процестердiң жалпы сипаттамасы. Классификациясы. Түсті және сирек кездесетін металдар өндірісіндегі гидроэлектрометаллургияның маңыздылығы. Сулы ерітінділер электролизі. Анодты және катодты материалдарды таңдау. Анодты және катодты процестер. Анодтар мен катодтарға қойылатын талаптар. Электродтардағы кернеу. Ерітінділер құрамы. Электрөткізгіштік. Катодты Ме тұнбасының құрылысы мен сапасына ерітінділер, температура мен қоспалар әсері. Ерітінділерді тазалау және регенерация. Ток бойынша шығым. Ерітінділер циркуляциясы жүйесіндегі ток шығымы. Электролиз процесіндегі металдар шығымы. Шламның түзілуі және оны қайта өңдеу. Ауыр суды алу. Электролиттік диссоциация. Жеңіл және ауыр металдар тұздарының электролизі.

Химиялық ток көзі (ХТК). ХТК классификациясы және сипаттамасы. ХТК жалпы және ерекшеленетін қасиеттері, олардың классификациясы. ХТК негізгі сипаттамасы.

Гальваникалық элементтер. Сілтілі-мырыштық элементтер. Марганецті-мырышты элементтер. Дайындау технологиясы,қолданылатын материалдар және даму перспективасы. Сынапты-мырышты элементтер. Дайындау технологиясы, белгілеу жүйесі, қолданылуы, даму перспективасы.

Аккумуляторлар: қорғасынды аккумуляторлар. Жұмыс істеу теориясы және зарядтау мен разрядтаудағы процестер. Никель-темірлі аккумуляторлар. Никель-кадмийлі аккумуляторлар. Электродар құрылысы. Күмісті-мырышты аккумуляторлар. Белгілеу жүйесі, қолданылуы. Даму перспективасы.

ХТК өндірісінде еңбекті қорғау бойынша арнайы шаралар.

Өндірістегі гидро-және гидроэлектрометаллургия мәні. Мырыш пен кадмий гидрометаллургиясы. Мырышты сілтісіздендіру және ерітіндіні тазалау. Қалдықты кектер мен тотықтарды қайта өңдеу. Мырыштың электрохимиялық қасиеттері. Кадмийді электролиттік тұндыру. Никельді гидроэлектрометаллургия өңдеу қалдықтарынан кадмийді бөліп алу.

Никель электрометаллургиясының мәні. Қаралық никелді электролиттік рафинирлеудегі анодтық процестер. Никелді тұндыру процесіне органикалық қосылыстардың әсері. Электр энергиясының шығымы.

Балқыған тұздар электролизінің негізі. Металдардың электртұну процестерінің түзілу мен даму тарихы. Гальванотехниканың мәні. Гальванотехниканың даму перспективасы және оның мәні.

Металдардың электртұнуының негізгі заңдылықтары. Металдардың электролиттік тұнбаларының құрылысы мен қасиеттері. ЖАЗ әсері және олардың әсер ету механизмі.

Металдар және балқымалармен қаптау процестерінің технологиялық негізі. Металды қаптау әдістері және олардың салыстырмалы сипаттамасы. «Покрытия металлические и неметаллические неорганические» ЕСЭКС ГОСТ талаптарына сәйкес қаптауларға қойылатын талаптар. Қаптаулардың сапасын бақылау әдістері.

Плазмохимия курсының мазмұны. Плазмохимиялық өндірістердің қазіргі жағдайы. Плазмохимиялық процестер классификациясы. Плазмохимиялық процестер қондырғылары. Төменгітемпературалық плазма генераторлары. Электдоғалы, индукциялы плазмотрондар. Плазмохимиялық реакторлар. Плазмохимиялық процестерді талқылау, олардың классификациясы. Газ күйіндегі өнімдерді алу. Атмосфералық азотты алу. Плазмохимиялық әдіспен ацетиленді алу сызбасы.

Электротермиялық процестер дамуы. Кальций, бор карбидтерін, нитридтерді алудың теориялық негізі. Кальций, бор карбидтерін, нитридтерінің өндірістік пештерде түзілу механизмі. Өндіріс шикізаты. Балқу өнімдерінің сипаттамасы. Процестің техника-экономикалық көрсеткіштері. Минералогиялық құрамы. Қолданылуы. Процесс технологиясы. Пеш сипаттамасы. Бор карбиді. Қасиеттері мен қоладанылуы. Шикізат материалдары. Алынуы.

Фосфор өндірісінің технологиясы. Фосфоритті кендер кен орындарының сипаттамасы. Шикізат материалдарының сипаттамасы. Электр пешіндегі фосфаттардың тотықсыздану механизмі. Пеш газдарын шаңнан тазалау. Фосфор конденсациясы. Өндіріс қалдықтары. Қайта өңдеу әдістері.


1.5 Жобалау негіздері және зауыттар жабдықтары

Қатты материалдарды сақтайтын қоймалардың типтері: ашық, жабық, жартылай жабық, шанақтар.

Әртүрлі шикізаттарды, реагенттерді, полуфабрикаттарды қабылдап алтын және сақтайтын құрылымдарды жасау және оны есептеу.

Зауыттағы ішкі және сыртқы транспорт. Ілініп қойылатын қанатты жолдар, біржақты релсті жол, грейферлі жазық кран, ленталы және жинап әкелуге бейімделген транспортер, шұққыр элеватор, пневмотранспортер, шашылған және сұйық материалдарды жұтып алатын құрылымдар және есептегіштер. Тасымалдау әдісін таңдау және тасымалдың түрі. Сұйық заттарды сақтау. Резервуарар, бассейндер, сұйық заттар қоймасы және оны жабдықтау. Кебу және су газголдерлер, сұйық және газ типтес материалдарды сақтайтын жабдықтардың, горизонталды шлам бассейндер мен жинақтағыштардың көлемін анқтау және оны есептеу. Сұйық заттар мен газдарды темір жол мен су арқылы тасымалдау. Құбырлар мен бекіткіш жабдықтар. Құбырладың келісімді диаметрлерін есептеу.

Сұйық заттарды айдайтын насостар мен отынды өртеу, сұйық және шаң тәрізді материалдарды тасмалдау қондырғылар типтер: поршенді, плунжерді, роторлы, пневмакамералы, пневмовинтті, олардың жұмыс істеу принциптері, негізгі қасиеттері, кемшіліктері мен ұтымды жақтары. Насостарды маркировкалар. Жұмыс істейтін ортасына сай насосты пайдалану тәсілін анықтау. Ауа тазартқыштар және таз үрлегіштер, горелкалар, форсункалар компрессорлердың типтері. Құбыр компрессорлар, қысқыш компрессорлар, инжекторлар.

Центрифугалар, сүзгіш маталар. Сұзгіштер мен центрифугаларды таңдау, олардың эксплуатациялық режимдері.

Тұнбаларды шаю, шаю әдістері, кристалдау аппараттарының негізгі түрлері.

Кристаллизаторлардың есептемелері.

Қатты фаза мен сұйықты бір-бірінен ажырататын тосқауыл.

Қойылтқыштар жәнө ағын суды санитарлық тазалықтан өткізетін жабдықтар. Суспензияны фильтрлеу.

Ұнтақтау түрлері: ірі, орташа, ұсақ. Ұнтақтау машиналары мен аппаратары, ұсақ майдалау және жұқа ұнтақтауға арналған құрал-жабдықтар, соқпалы, білікті, конусты сипаттамалары құрылысы және жұмыс істеу принципі. Ылғалды ұнтақтау. Ұнтақталған материалдар түрлеріне байланысты машиналар мен агрөгаттар. Ұнтақтау есептеулерінің тиімділігі. Ұнтақтау өнімдһлігі, торлар мен өлшеуіштер, елеулерді талдау және елеулерді талдау нәтижелерін өңдеу.

Газды тазалау түрларі, өндірістік газдардың ластануы. Газды бөлімдерінің әдістері, механикалық газ тазалау, ылғалды газ тазалау, газдарды сүзу, электрлік газды тазалау, үрмелі сүзу, сүзу түрлері. Шаң тұнбалағыш және аспирациялық шахталар. Циклондар. Электрсүзгіштер. Скрубберлер.

Араластрудың негізгі принциптері. Араластыру процесінің негізгі мақсаты мен шешімдері. Бұрғағыш пен араластырғыш түрлері, әр түрлі процестер үшін бұрғағыш түрлері, сұйық және қатты материалдарды араластыру. Араластырғыш құрылысы мен түрлері. Вертикалды шлам бассейндер. Гомогенизациялық силастар. Лайараластырғыштар, түйіршектегіштер.

Жалпы мәліметтер. Жылу алмастырғыш және буландырғыш аппараттар мен қондырмалар. Кептіргіштің жалпы схемасы. Кептіргіш құрылысы. Кептіргіштерді салыстыру және таңдап алу. Кептіргіш аппараттарының есептеулері. Тұманды өртеу пештері жылу алмастырғыш аппараттар және олардың құрылысы. Шашыранды кептіргіштер, құйынды кептіргіштер, кептіргіш барабандар. Пеш ішіндегі жылу алмастырғыштар. Сүзгі-қыздырғыштар, шынжырлы кедергілер, ұялы, топты, конвейерлі, кеденді жылу алмастырғыштар. Абсорбциялық және адсорбциялық аппараттар, бейтараптандырғыштар. Буландыру аппараты. Түйіршіктендіргіш. Утилизатор (пайдалану) қазандары.

Пештер топтауы. Айналмалы пештер конструкциясы. Пеш корпусы. Бандаждар, оларды бекіту әдістері. Тіректі роликтер және олардың подшипниктері. Пеш білігіне қатнасты тіректі роликтердің жайғастырылуы. Бақылау роликтер мен тірегіштер. Пеш басы. Пештің салқын және ыстық жақтарының тығыздатқыш қондырғылары. Айналмалы пештің қозғалтқыш механизмі.

Шахталы пештер. Конструкциялары. Жүк босату механизмі. Жандырғыш қондырғысы.

Пеш сыртындағы қондырмалар. Конвейерлі қақтағыш (кольцинациялау) пештер. Шлам шоғырлағыш пен жабдықтандырылған пештер. Циклонды жылу алмастырғыштар. Шахталы жылу алмастырғыштар. Айналмалы пештер салқындатқыштары. Барабанды, рекуператорлы және торлы салқындатқыштар. Циклонды және форсункалы пештер. Агломераттау машиналары. "Қайнау қабаты" пештері.

Құралды құрастыруға қойылатын талаптар. Механизация түрін таңдап алу. Жөндеу аралық қызмет көрсету, жөндеу, құралдарды алдын-ала орта (жоспарлы есіркемелі) және капиталды жөндеу. Құралды жөндеуге дайындау. Химиялық құралды жөндеу әдістері

Негізгі химиялық және силикат өндірістің дамуы және осы пәннің инженер-технолог мамандарының қалыптасуындағы маңызы. Өндірістік негізгі деңгейлері. Химиялың жабдыңтарды жобалауда жалпы бағыттар. Негізгі және қосалқы жабдықтар. Химиялық және силикатты материалдар өндірістеріне қойылатын негізгі талаптар - өнімділік, тұрақтылық, тасымалдауға бейімділік. Химиялық және силикатты материалдар жабдықтары мен машиналарды сынақтан өткізу. Жабдықтар, машинелар аппараттар және реакторлар өндірісіндегі стандартизация. Жабдықтарды конструкциялаудағы, есептеудегі, соңымен қатар технологиялық қатарды жобалаудағы материалдық жәнө жылу балансының ролі. Жабдықтаудың пайдаланудағы тұрақтылығы. Өндіріс орамдарын жобалаудағы құрылыс нормаларының негізгі тұжырымдары.

Металдар, қоспалар және металл емес заттар. Жабдықтау материалдарның жұмыс істеу орнындағы шыдамдылығы, оны таңдау. Металл және жабдықтау материалдары мен қоспалар, олардың қасиеттері, таңбалау және пайдалану орындары. Металлдар мен қоспалардың коррозиясы. Коррозияның түрлері.

Металдардың коррозиядан сақтаудың тәсілдері. Металларды өңдеу және қорғау жабуларын пайдалану. Металл емес жабдықтау материалдары, олардың қасиеттері, номенклатурасы және пайдалану орындары. От өндірісінде қолданылатын жабдықтарды дайынауда металл және жабдықтау материалдары мен қоспалар, олардың қасиеттері, таңбалау және пайдалану орындары. Металлдар мен қоспалардың коррозиясы. Коррозияның түрлері.

Металдардың коррозиядан сақтаудың тәсілдері. Металларды өңдеу және қорғау жабуларын пайдалану. Металл емес жабдықтау материалдары, олардың қасиеттері, номенклатурасы және пайдалану орындары. От өндірісінде қолданылатын жабдықтарды дайынауда пайдаланылатын материалдар.

Құралдардың механикалық есептеуінің элементтері, ішкі және сыртқы қысым күшімен жұмыс істейтін жұқа қабырғалы аппараттар.

Қарапайым мықтылығының есептеу принциптері - мүмкін болатын күшті және мықтылықты сақтау коэффициентін анықтау, қысым, күю және вакуум арқылы жұмыс істейтін жабдқтырдың түрлі бетінің торларының мүмкіндіктерін есептеу; жабдықтардың түрлі бөліктерді және оған тура келетін арматураларды бекіту тәсілі.

Жұқа қабырғалы жабдықтардың ішкі және сыртқы қысым бойынша механикалық есептемелеу элементтері, олардың жұмыс істеу принциптерін есептеу, оларды дайындау тәсілдері және есептеу принциптері.

Қалың қабырғалы жабдықтардың ішкі және сыртқы қысым бойынша механикалық есептемелеу элементтері, олардың жұмыс істеу принциптерін есептеу, оларды дайындау тәсілдері және есептеу принциптері. Аппарттрды құрастырудың негізгі ережелері: Тартылу және олардың типтері: жұмсақ темір, сальникалық және лабиринттік тартылу. Жоғары қысымдылық аппаратты беріктікке есептеу. Аппараттарды конструкциялау. Бейорганикалық заттар және силикатты материалдарда қоланылатын құралдарды санау әдістері.

.Жоба, колоннаның адымы мен белігі туралы түсінік. Біртұтас модульдегі жүйе. Бөлінетін тіректерге қабырғалар мен колонналарды бекітудің ережелері. Өндірістік үйлердің әртүрлі секциялары, қосымша бөлектері мен құрылымдарына типтендіру және бір жүйеге келтіру. Өндірістік үйлер туралы өтімді шешімдер. Этажеркалар мен ашық алаңдарды жобалау. Жабдықтарды орналастыру. Өнеркәсіп орындарды жобалаудың экономикалық факторлары мен өндірістік Үйлердің техникалы-экономикалық бағасы.

Қосалқы алаңдарды орналастырудың және олардың көлемін жоспарлаудың шешімі. Тұрмыстық алаңдар мен құрылымдар. Тамақтану орындары. Санитарлық алаңдарды есептеулердің үлгілері. Өнеркәсіп орындарын салудың жобаларының үлгісі.

Технологиялың процесті» жобалау жолы. Техникалың және Фабриканың жобаларды өңдеу. Жабдыңтарды өңдеу үшін техникалық тапсырма. Жобалардың технологиялың бөлімнің құрамы мен тұзу реттігі. Жұмыс сызбалар өндірістің технологиялың регламенті. Монтажды технологиялың сызбанұсқа. өндіріс жобаның шектес бөлімдердің технологиялың құжаттырдың келісімділігі.
1.6 Бейорганикалық заттар технологиясының экологиялық мәселелері

Атмосфера жэне оның құрамы. Атмосфера кұрамының өзгерісі. Атмосфераға тасталған зиянды заттардың сипаттамасы және токсикологиялық қасиеттері.

Ауа бассейнінің ластануымен күрес. Газдарды жүзгінді заттардан тазалау. Қалдық газдардан жүзгінді заттарды бөліп алу әдістерінің сипаттамалары. Инерциялық щаңаулағыштар, циклондар мен мултициклондардағы қалдық газдарды тазалау әдістері. Дәнді,талшықты, маталы фильтрдегі қалдық газдарды жүзгінді заттардан тазалаудың фильтрациялық әдістері.Қалдық газдарды тазалаудың сулы әдісі. Көпіршікті және барботажды,

насадкалы жуғыштар.Екпінді-инерциялық , ортаға тепкіш

аппараттар.Турбулентті газжуғыштар.

Қалдық газдарды электрфильтрлік тазалау. Щаңаулағыш жүйенің эффективті

бағалауы.Ауланған щаңды пайдаға асыру.

Қалдық газдардан газдық, булық қоспаларды тазалау. Абсорбция.

Адсорбция. Қалдық газдарды тазалаудың катализдік және термиялық тазалау

әдістері.

Бейорганикалық заттардың өндірісінің сұйық қалдықтары. Ағызынды сулар классификациясы. Ағызынды сулардан қоспаны тазалаудың классификациясы.Жүзгінді заттарды тазалаудың механикалық әдістері. Ағызынды суларды тазалаудың физико-химиялық , химялық және термиялық тазалау әдістері.

Бейорганикалық синтезі өндірісінің қатты қалдықтары.Қатты қалдықтарды өңдеудің әдістері.

Күкірт қышқылы өндірісі қалдықтары. Күкіртті ангидрид. Күкіртті

ангидридті зиянсыздандыру және тазалау әдістері.

Хемосорбты әдістер. Каталитикалық әдістер. Күкіртті ангидридті

зиянсыздандыру.Қышқылдық тұман және ағызынды сулар.

Күкірттіқышқылды өндірісінің қатты қалдықтары.Сұйық жэне қатты

қалдықтарды зиянсыздандыру жэне пайдаға асыру , тазалау әдістері.

Байланысты азот өнеркәсібінің қалдықтары. Азот оксиді және аммиакты

аулау әдістері. Азот қосылыстары өндірісінің ағызынды сулары және пайдаға

асыру.

Фосфатты қышқылдық өңдеу өндірісінің қалдықтары. Фторлы қосылыстарды



газдардан тазалаудың абсорбциялық және адсорбциялық әдістері.

Жемдік фосфаттар мен тыңайтқыштар өндірісіндегі ағызынды суларды

зиянсыздандыру және пайдаға асыру.

Гипс, әктік шламдар- өндірістің қатты қалдықтары. Ағызынды сулар.

Фосфор өнеркәсібінің қалдықтары. Қалдық газдардың сиппаттамалары:

коттрель щаңы, шлам, шлакты пайдаға асыру.

Реактивті және техникалық тұздар өнеркәсібінің қалдықтары. Натрий

пирофосфаты, натрий үшфосфаты,ТФҚ өндірісінің қалдықтары.Ағызынды

сулар.

Қақталған сода өнеркәсібі: карбонаттық ұсақ, дистильденген сүйықтық,



оларды пайдаға асыру әдістері.

Химиялық өндірісінің экологиялық талаптары. Табиғат қорғау кешендерінің экономикалық эффективті бағасы.

Щаңаулау жүйесінің эффектілігін есептеу. Тазалау коэффициенті. Фракциялық эффективтілік. Жалпы тазалау коэффициенті. Бейорганикалық синтез өнеркәсібінің газдық, сұйық жэне қатты қалдықтардан тазалау үрдісінің материальдық балансын есептеу. Тазалау жүйесінің экологиялық және экономикалық тазалау бағасы.


    1. Қазақстанның минералды шикізаттары

Химиялық элементтердің жер қабатындағы таралуы. Қазақстанның минералды шикізаттарының географиялық орналасуы және олардың сипаттамасы. Минералды шикізаттардың орналасуын бағалау, олардың қасиеттері, химиялық құрамы, орналасу шарттары және өңдеу мүмкіндіктері. Шикізат түрлерін өңдеу тиімділігіне экономикалық факторлардың әсері. Екіншілей минералды шикізаттар және олардың өнеркәсіптер мен экология үшін мәні.

Кенді қолдық тәртіппен сұрыптау. Майдалау, ұнтақтау. Беттік сипаттарының түрлері бойынша байыту. Таңдамалы ұсақтау. Гидравликалық байыту. Әуедегі байыту. Электромагниттік байыту. Ауыр сұйықтықта байыту. Флотациялық байыту. Әр түрлі жерлерде орналасқан минералды шикізаттар үшін байытудың түрін таңдау.

Нұсқаның орташа сұрыптау. Електі талдау. Минералды шикізаттар нұсқаларын физика-химиялық әдісті талдау.


1.8 Глинозем және силикатты материалдардың химиялық технологиясы
Негізгі минералды шикізатты сипаттау. Глинозем және балшық. Өндіріс қалдықтарын қосымша шикізат түрінде пайдалану. Табиғи шикізатты дайындау және өңдеу. Сақтау, сорттарға бөлу, майдалау, тазалау. Алюминий сульфаты және оның өнімдері. Коагулянт өндірісі.

Тазаланған және тазаланбаған каолиннен, нефелин рудасынан, балшықтан және бокситтен алынған күкірт қышқылды алюминий.

Нефелинді коагулянт. Коагулянтты алу әдісі. Квасцтар өндірісі. Электротермиялық әдіс пен электрокорундтарды, монокорундты және легірленген корундтарды өңдеу технологиялары. Электрокорундтарды суыту және кристаллдандыру ерекшеліктері. Бадделеит-корундты материалдардың электротермиясы.

Ежелгі Мысыр, Қытай және тағы басқа елдеріндегі құрылыс әк және гипстың қолданылуы мен дамуы жайында қысқаша тарихтық очерк. Гидравликалық тұтастырғыш материалдардың Италия, Англия, Россиядағы дамуы мен қолданылуы. Тұтастырғыш заттардың кәзіргі заманға сай өндірістік жағдайы. Жаңа тұтастырғыш заттар. Әк, цемент, шыны, керамиканың ТМД елдерінде өндірілуі. Қазақстан зауттарының казіргі өмір талабына сай құрылыс индустриясынан алатын орны мен маңызы. Басты терминдер. Табиғи силикаттар және силикатты материалдар.

Тұтастырғыш материалдардың жіктелуі. Ауадағы қатаянын тұтастырғыш заттар. Гипсты тұтастырғыштар. Гипсты тұтастырғыштардың шикізаттары. Сапалы өнім алу ұшін шикізат ретінде өндірістегі қалдықтарды пайдаланылуы- фосфогипс, борогипс тағы басқалар. Гипс тұтастырғыштарының қасиеттері. Жаңа технологиялардың негіздері және пайдалану аймақтары.

Ауада қататын әк. Шикізат материалдары. Әк өндіру технологиясының негіздері. Әктің басты қасиеттері және пайдалану аймақтары. Әкті сөндіру.

Магнезиалды тұтастырғыштар. Шикізат материалдары. Каустикалық магнезиттың және доломиттың басты қасиеттері және пайдаланылуы. Магнезиалды тұтастырғыштардың өндіру технологиясының негіздері. Қатайтатын суйықтықтар. Магнезиалды тұтастырғыштардың қатаюы.

Гидравликалық тұтастырғыш заттар. Романцемент. Шикізат материалдары, Өндірудің негіздері, қасиеттері.

Портландцемент. Цемент номенклатурасы. Цементтердің жіктелуі. ГОСТ10178-85 талаптары. Цемент өндірісінің басты шикізат материалдары. Басқа өндірістердің қалдықтарын шикізат ретінде пайдалану. Портландцементтің құрамы, клинкердің жіктелуі. Портландцементті өндіру тәсілдері. Құрғақ, ылғалды және аралас әдістері. Олардың артықшылықтары және кемшіліктері. Цемент өндірудің бүкіл әлемдік тенденцияларының дамуы. Шикізат алу және зауытқа тасу. Порландцемент өндіру процесінің технологиялық негіздері. Шикізаттарды өндіру, ұсақтау, жұқа ұнтақ шикізат қоспасын дайындау, оны кұйдіру және клинкер алу. Клинкерді қоспалар мен ұнтақтап цемент алу.

Портландцементтің тұрлері, олардың қолданылу аймақтары. Шлакты цемент, глиноземды цемент, улғаятын цемент, тампонажды мунай және газ ұңғымалары ұшін және тағы басқалар. Цемент өндірудегі отын. Отынның альтернативты тұрлері. Отын және энергия сақтау негіздері. Цемент өндірісіндегі энергия -ресурс сақтайтын технологиялар.

Бұрынғы керамикалық материалдардың – құрылыс кірпіші және ыдысының дамуы және өндірудің шығу тарихы. Фарфордың Қытайда және Европада дайындалуы. Отқа төзімді буйымдар жасаудың басталуы. Отқа төзімділердің технологиясының дамуы. Оның кәзіргі өмір талабына сай өндірістегі маңызы.

Техникалық керамика. Оның қолданылуы. Керамикалық материалдардың технологиясының қазіргі кездегі жағдайы. Керамикалық материалдардың және буйымдардың Қазақстанда және ТМД елдерінде өндірісі. Керамикалық материалдардың жіктелуі. Керамикалық материалдардың және буйымдардың тұрлері. Олардың басты физикалық, физико-химиялық қасиеттері. Керамиканың микроқұрылымы.

Шикізат материалдары, керамика технологиясында пайдаланылатын материалдар- саз, саз тұрлері, дала шпаты, каолин.

Керамикалық материалдар. Қоспалар. Олардың мінездемесі. Керамикалық материалдардың жалпы өндіру технологиясының схемалары. Керамикалық буйымдардың басты турлерінің өндірудің технологиялық схемалары- керамикалық кірпіш, тастар, жасанды кеуек толтырғыштар, керамикалық қаптағыш плиткалар, отқа төзімді материалдар және буйымдар, техникалық керамикалар.

Отқа тозімділер. Жіктелуі.Отқа төзімді материалдар өндіру үшін шикізаттар. Өндіру технологиясының негіздері.

Жасанды кеуек жеңіл толтырғыштар. Өндіру технологиясының негіздері. Жеңіл толтырғыштардың қасиеттері мен маңызды тұрлері. Керамзит өндірудің құрғақ, пластикалық, және шликерлық тәсілдері. Аглопорит өндірісінің негіздері. Аглопориттың қасиеттері. Шикізат материалдары. Аглопориттың өндіріс технологиясы.

Керамикалық фасадты плиткалар. Маңызды қасиеттері мен тұрлері. Керамикалық плиткалардың өндірісінің технологиялық негіздері.

Шыны өндірісінің даму тарихы. Қазақстандағы, ТМД-ғы және бүкіл әлемдегі шыны өндірісінің жағдайы мен даму перспективасы. Шыны өндірісіндегі жаңа бағыттар. Шыны зат әрі материал. САФ шыны компаниясының Алматыда, Таразда, Щучинскте салынған шыны зауыттары. Семейде, Шымкентте салынған шыны шиша зауыттары.

Шыныдан жасалған бұйымдардың жіктелуі. Шыны және ситалл өндірісінің негіздері. Шыны және ситалл өндірісі ұшін негізгі шикізат материалдары. Шыны шихтасының шикізаттары және шикізат материалдарын дайындау технологиялық негіздері.

Шыны балқыту технологиялық негіздері және буйымдарды қалыптастыру. Әйнек шынының өндірістік тәсілдері- ВВС, БВВС, ГВС және флоат-технология тәсілдері. Қауіпсіз әйнек шыны технологиясының негіздері. Ыдыстық шыны, сорттық ыдыстар және басқа жеке буйымдар өндірісі.

Силикатты шыны технологиясы. Фосфаттар, бораттар, алюмосиликаттар, магнезиалды силикаттар негізіндегі шыны өндірісінің технологиясы. Шыны өндірісіндегі полимерлы қоспа, бейорганикалық қолданыстар.

Стекловолокно, көбікті шыны,архитекруралық көркемдік шыны және буйымдар өндірісінің негіздері. Оптикалық шынының өндіру технологиясының негіздері. Пайдалану аймағы және маңызды қасиеттері.


1.9 Қалдықсыз технология
Қалдықтардың классификациясы. Қатты, сұйық, газ тәрізді химиялық қалдық, нефте-химиялық, тау –кен өндіру, металургиялық өндірістің негізгі сипаттамалары. Өнеркісіпте алынған қалдықтардың физико-химиялық сипаттамалары. Ауыл шаруашылығна маңызды бағалы компоненттерді өнеркәсіп қалдықтарынан және жартылай өнімнен алу арқылы қалдықсыз технология ұйымдастыру.

Отындық қалдықтардың сипаттамалары. Реактивті, азактивті және активті энергиялық қалдықтардың физико-химиялық негізі. Көміртекті қалдықта, ТЭЦ күлі, мұнай өңдеу, тасымалдау және өңдеу. Энергетикалық қалдықтардың қалдықсыз әдістерін фосфор өндірісі, метал карбидтері, құрылыс заттары мен матриалдарының шихта компоненттеріне қосымша материал ретінде пайдалану. Экологиялық және экономикалық тұрғыдан қалдықсыз технология құру.

Жартылай өнім, металлургиялық шлак және тау –кен саласында қалдықтардың физико-химиялық ерекшеліктері. Қазіргі заманғы кешенді, қалдықсыз өңдеу әдістері. Металлургиялық қалдықтарды цемент, термоизоляциялық материал, асфальтобетондық материалдар ретінде шикізат құрамдасы негізінде пайдалану. Металургиялық қалдаықтар мен жартылай өнімдерді қолдану барысында шихтадан бағалы компоненттерді өңдеудің жетілдіру өндірісі.


    1. БЗТ минералды және екіншілей шикізаттарды кешенді өңдеу


Қазақстанның минералды ресурстарын кешенді пайдаланудың мәселесі. Шикізатты кешенді пайдалануды бағалау. Қалдықтарды пайдалану туралы қысқаша мағұлмат.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет