Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы Молдабаева Роза Аппакбайқызы Нұрғалиева Сәуле Мұқанқызы


Ақыл-ой қызметтінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет42/63
Дата01.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#500233
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63
Beisenbekova

Ақыл-ой қызметтінің ерекшеліктері. Адамның жалпы ақыл ой қабілеті 15-16 
жаста қалыптасып болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды. 
Алайда ол одан әрі жетіле береді. Күрделі интеллектілік операцияларды меңгеру және 
ұғымдық аппараттың баюы жас жігіттер мен қыздардың ақыл –ой қызметін 
орнықтырып, іс-әрекет етуге жақындатады. Әсіресе арнайы қабілеттері шапшаң 
дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын саралана түсуімен қосылып, 
мұның өзі жастардың ақыл-ой қызметінің құрылымын кіші жастардағыға қарағанда 
неғұрлым күрделі де дара сипат береді. Қазіргі бар деректерге қарағанда, ақыл-ой 
қабілетінің саралануы қыздардан гөрі ер балаларда ертерек басталып, неғұрлым айқын 
көрінеді. Қабілеттер мен мүдделердің мамандануы нәтижесінде басқа да көптеген 
барлық айырмашылықтар неғұрлым елеулі және практикалық тұрғыдан маңызы 
болады. Осыны, сондай-ақ жоғары сынып оқушысының мамандық таңдауға даярлану 
қажеттігін ескеріп, жоғары сыныпта оқытудың даярлығын күшейту қажет, 
оқушылардың дербестік дәрежесін арттырып, оларға жалпы білім беретін мектеп 
шеңберінде біраз мамандануға мүмкіндік жасау керек. (факультативтік пәндер, 
үйірмелік жұмыс, мамандаған мектептер). Бірақ арнайы қабілеттердің қалыптасуының 
өзі оқытудың сипаты мен бағытына орасан зор дәрежеде байланысты екенін есте ұстау 
керек. 
Жас өспірімдік – жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. 
Жыныстық толысуға байланысты өз организмі мен сырт келбетіндегі үлкен өзгірістер, 
жағдайдың біршама тиянақсыздығы (енді бала болмағанымен, әлі ересек те емес), 
өмірілік іс-әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз міне-құлқын үйлестіруге тиісті 
адамдар тобының ұлғаюы – осының бәрі қосыла келіп жас өспірімдік шақта 
бағалаушылық- бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт арттырады. Әңгіме өз қасиеттерін 
тану, жаңа білімдерді меңгеру туралы болса да, жас адам оларды бағалауға өте –мөте 
ден қояды да, өзінің мінез-құлықын саналы түрде жасалған немесе меңгерілген 
критерийлер мен нормалар негізінде құруға тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет