Бекетова К. Н к э. н., асс профессор



жүктеу 75.01 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі75.01 Kb.
Бекетова К.Н

к.э.н., асс.профессор

КГУ им. Коркыт Ата
Қызылорда облысының кірістерінің қалыптасу көздері мен жұмсалу бағыттары

Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражаттарының қорын жасау және пайдаланумен байланысты бюджеттің қызметі айрықша экономикалық категориялар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы атқарылады. Бұл екі категорияның арнайы қоғамдық міндеттері бар: кірістер мемлекетті қажетті қаражатпен қамтамасыз етсе, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды тиісінше жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге бөледі. Осындай қоғамдық маңызы бар мемлекеттік бюджет кірістері мен шығыстарын қалыптастыруда негіз болып табылатын жергілікті бюджет кірістері мен шығыстарының алатын орны айрықша.

Жергілікті деңгейдегі кірістер мен шығыстардың құрылымы мен құрамы негізінен әкімшілік-территориялық бірліктің әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесін анықтайтын көптеген факторларға, атап айтатын болсақ: аймақта өндірістік объектілердің бар жоқтығына, табиғи ресурстарға, әлеуметтік және тұрғын инфрақұрылым объектілеріне, аймақ статусына, табиғи-климаттық жағдайларға және т.б. байланысты болады. Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар- бюджеттің кірістері мен шығыстары болып отырады.

ҚР Бюджет Кодексінде көрсетілгендей, Салықтық және басқа да міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілген, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар бюджет кірістері болып табылады.

Бюджет кірістерінің негізгі материалдық көзі – ұлттық табыс. Ұлттық табысты мемлекеттендіруде мемлекет әртүрлі әдістерді пайдаланады. Ұлттық табысты қайта бөлу және бюджет кірістерін қалыптастырудың негізгі әдістері ретінде мемлекеттік билік органдары салықтарды, займдарды, ақша эмиссиясын пайдаланады. Оларды пайдалану мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жағдаймен, мемлекеттің қаржы саясатымен анықталады. Салықтар ұлттық табысты қайта бөлудің негізгі әдісі, бюджет кірістерінің негізгі бөлігін қамтамасыз етеді. Әртүрлі мемлекеттердің орталық бюджеттерінің кірістерінде олардың үлесі 2/3 бөлігін қамтиды.

Қаржылық маңызы жағынан бюджет кірістерінің екіншісі – мемлекеттік займдар. Мемлекет займдарды келесі жылғы бюжетті жасаған кезде белгіленген бюджет тапшылығын жабу үшін пайдаланады. Қаржылық тұрақсыздық күшейіп, бюджет тапшылығы артқан сайын мемлекет займдарға аса көңіл аударады.

Мемлекеттік борыш салықтармен тығыз байланысты. Займдарды өтеу, олар бойынша проценттерді төлеу қосымша салық төлемдері есебінен немесе жаңа займдарды шығару есебінен жүзеге асырылады. Төтенше жағдайда салық төлемдері мен займдарды алу қиын болғанда мемлекет қағаз ақша эмиссиясын пайдаланады. Бұл әдіс ең тиімсіз, себебі ақша массасының тиісті тауарлы қамтамасыз етілмей өсуі инфляцияның күшеюіне әкеліп соғады.

Әдеттегідей, кірістердің көзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер болып болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.

Қазіргі таңда нарықтық қатынастар, басқарудың жергілікті органдарын реформалау жергілікті бюджеттердің кіріс көздерінің қалыптасуына әсер етіп отыр.

Жалпы жеке аумақтар мен аймақтар бюджеттеріне қаражаттардың түсу көлемі мен құрылымына елдегі экономикалық жағдай: қаржы-бюджет саясаты, өндіріс дамуының аймақтық деңгейі, оның құрылымы, инфляция қарқыны, бағаның өсуі және т.с.с. сан алуан факторлар әсер етеді.

Қызылорда облысы бойынша бюджеттік атқарылуына келетін болсақ,

2014 жылдың 1 маусымына бюджет түсімдері 104 пайызға орындалды (болжам 75300,1 млн.теңге, нақты түскені 78337,8 млн.теңге), оның ішінде бюджеттің өз кірістері 121,1 пайызға орындалды (болжам 14195,6 млн.теңге, түскені 17185,0 млн.теңге), артық түскені 2989,4 млн.теңге.

Республикалық бюджеттен 56893,6 млн.теңге нысаналы трансферттер алынды (100 пайыз), оның ішінде субвенция – 34809,9 млн.теңге (100 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер – 11919,2 млн.теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері – 10164,5 млн.теңге (99,8 пайыз), 19,5 млн.теңге кем түсті.

Республикалық бюджеттен барлығы 4190,1 млн.теңге қарыздар алынды (100 пайыз), оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуды қолдауға 2349,6 млн.теңге (100 пайыз), ипотекалық тұрғын үй құрылысына 1544,5 млн.теңге (100 пайыз), мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету шараларын іске асыру үшін 296,0 млн.теңге.    

2014 жылдың 1 маусымына Қызылорда облысы бюджетінің есепті мерзімге шығындар жоспары 94,3 пайызға орындалды (жоспар 75606,7 млн.теңге, орындалғаны 71273,6 млн.теңге). Игерілмегені 4333,1 млн.теңге.

Аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша шығындар жоспарының атқарылуы төмендегідей болды:

Арал ауданында – 97,8 % орындалып, 71,1 млн.теңге; 

Қазалыда – 94,7 % орындалып, 196,5 млн.теңге;

Қармақшыда – 83 % орындалып, 526,8 млн.теңге;

Жалағашта – 97,1 % орындалып, 65,7 млн.теңге;

Сырдарияда – 94,8 % орындалып, 124,7 млн.теңге;

Шиеліде – 98,4 % орындалып, 61,7 млн.теңге;

Жаңақорғанда – 91 % орындалып, 381,6 млн.теңге;

Қызылорда қаласында – 90,9 пайызға орындалып, 1300,7 млн.теңге игерілмеді.

Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы 95,9 пайызды құрады, игерілмегені 1604,0 млн.теңге. 

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық органы шығыстар жоспарын толық көлемде игермеген - 0 пайыз, игерілмегені 30,1 млн.теңге;

Бюджет қаражатын төмен деңгейде игеруге жол берген басқармалар:

ішкі саясат басқармасы – 59,6 пайыз, игерілмегені 85,8 млн.теңге;

мемлекеттік сатып алу басқармасы – 66,7 пайыз, игерілмегені 0,4 млн.теңге;

жастар саясаты мәселелері басқармасы – 78,7 пайыз, игерілмегені 14,0 млн.теңге;

дін істері басқармасы – 78,9 пайыз, игерілмегені 4,5 млн.теңге;

жер қатынастары басқармасы – 82,8 пайыз, игерілмегені 3,1 млн.теңге;

тілдерді дамыту басқармасы – 87,4 пайыз, игерілмегені 2,2 млн.теңге;

жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы – 89,2 пайыз, игерілмегені 91,9 млн.теңге;

білім басқармасы – 89,5 пайыз, игерілмегені 357,7 млн.теңге;

экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы – 90,3 пайыз, игерілмегені 5,3 млн.теңге;

мұрағат және құжаттама басқармасы – 91,1 пайыз, игерілмегені 8,2 млн.теңге;

энергетика және коммуналдық – шаруашылық басқармасы – 92,8 пайыз, игерілмегені 140,5 млн.теңге;

дене шынықтыру және спорт басқармасы – 93,4 пайыз, игерілмегені 119,9 млн.теңге;

еңбек саласындағы бақылау басқармасы – 93,5 пайыз, игерілмегені 1,4 млн.теңге;

кәсіпкерлік және туризм – 95,8 пайыз, игерілмегені 17,8 млн.теңге.

Бюджет қаражатын сәйкесінше 96,9 пайызға және 97,4 пайызға игергенмен, игерілмеген қомақты қаржы құрылыс басқармасы бойынша – 224,9 млн.теңге болса, денсаулық басқармасы бойынша 294,8 млн.теңге болды.   

Республикалық бюджеттен жоспарланған 21,2 млрд.теңге нысаналы трансферттердің 19,9 млрд.теңгесі немесе 93,9 пайызға игерілді, игерілмегені 1,3 млрд.теңге, оның ішінде нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша – 0,9 млрд.теңге, нысаналы даму трансферттері бойынша – 0,3 млрд.теңге (нақты алынған трансферттер көлемі 22,1 млрд.теңге, 0,9 млрд.теңге артық түскен трансферттерді қоса есептегенде орындалу 90,1 пайызды құрайды). 

Республикалық бюджеттен бөлінген кредиттер 79,2 пайызға игерілді (жоспар 4,2 млрд.теңге, игерілгені 3,3 млрд.теңге),0,9 млрд.теңге Қызылорда қаласында ипотекалық тұрғын үй құрылысынан игерілмеген.

Жергілікті бюджеттер кірістерінің болжамды көлемдері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын Бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес және:

1) түсімдері бюджеттер деңгейлері арасында бөлу;

2) алдағы үш жылдық кезеңге арналған Орта мерзімді фискалдық саясат;

3) республиканың немесе өңірдің Әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары;

4) облыстық өкілді органың шешіміне сәйкес кірістерді облыстық бюджеттер мен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің арасында бөлу нормативтері;

5) Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді бюджетке есепке алудың тәртібі мен шарттарын реттейтін заңнамасының, оның ішінде жоспарланып отырған кезенде енгізілетін және жергілікті бюджеттер түсімдерінің қысқаруын немесе ұлғаюын көздейтін ережелер негізінде есептеледі.

Жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемдерін анықтауда негізінен жалпы сипаттағы ресми трансферттердің үш жылдық кезеңге арналған көлемін айқындау, олардың әрбір үш жыл сайын өзгеруі Жалпы сипаттағы ресми трансферттерді есептеу әдістемесінің негізінде жасалады.

Бюджет субвенциялары мен бюджеттік алып қоюлар жалпы сипаттағы ресми трансферттер болып табылады.

Жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде берілетін ресми трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.

Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде берілетін ресми трансферттер бюджеттік алып қоюлар болып табылады.

Бюджет Кодексіне сәйкес жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемдері абсолюттік түрде жылдар бойынша бөліне отырып үш жылдык кезеңге белгіленеді және әрбір үш жылда өзгертілуге жатады. Бюджет кодексіне сәйкес жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемдері тиісті жергілікті бюджеттің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Кірістердің болжамды көлемі жергілікті бюджет шығындарының болжамды көлемінен асып түскен жағдайда жергілікті бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюлар белгіленеді.

Шығындардың болжамды көлемі жергілікті бюджет кірістерінің болжамды көлемінен асып түскен жағдайда жоғары тұрған бюджеттен жергілікті бюджетке бюджет субвенциялары белгіленеді.

Бюджет кодексіне сәйкес, егер бекітілген (нақтыланған, түзетілген) жергілікті бюджетте бюджеттік алып қоюлар мен субвенцияларды есептеу кезінде ескерілген шығыстар көзделмесе, онда Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстың жергілікті атқарушы органы қаржы жылы ішінде тиісті мөлшерге бюджеттік субвенцияларды қысқарту немесе бюджеттік алып қоюларды ұлғайту туралы шешім қабылдайды.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Қызылорда облысы бюджетінің 2014 жылғы атқарылуы есебі туралы түсіндірме жазба// htpp: www.kyzylorda.kz

  2. Мукина Б. Местные бюджеты и механизм межбюджетных отношений: зарубежный опыт// Аль-Пари, №1, 2013.

  3. Бюджетные рычаги государственного регулирования экономики США // Экономика и управление в зарубежных странах. 2005, № 1, с.49-59

  4. 2012-2014 жылдарға арналған Қызылорда қаласының Орта мерзімдік саясаты. Қызылорда, 2014, 18 б.

  5. Б.С.Өтебаев Мемлекеттік бюджет: Оқулық. Алматы: Экономика, 2006, 320 б.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет