Бекішев, Қ. Байқоңырдың әсері / Қайыржан Бекішев // Орталық Қазақстан. – 2007. – 9 тамыз (№126-127). –



Дата23.02.2016
өлшемі42.86 Kb.
#4006
Бекішев, Қ.

Байқоңырдың әсері / Қайыржан Бекішев // Орталық Қазақстан. – 2007. – 9 тамыз (№126-127). – (Ғалым толғанысы)
Байқоңыр космодромы Қазақстанның оңтүтік-батысында орналасқан. Ауа райы құылмалы, қысы суық, жаз айлары ыстық, жауын-шашын аз жауады. Жер бедері жазық, тау-тастар жоқ. Өсімдік түрлері көбінесе - эфемерлер. Көктем айларында құлпырып өсіп, жер-көкті жасыл түске бөлеп, қызыл-жасыл бәйшешектер атып гүлденеді. Мал жайылатын жайылымды аймақтары көп, шөбі шүйгін, жұғымды. Бір кездерде Байқоңырдың кең жазығында мыңдаған мал өрген, байлардың қалың мекені болған өлке. Кешегі келмеске кеткен кеңестік дәуірдің өктем күшімен салынған космодромның пайда болуына байланысты өсімдіктер азайып, бүкіл өлке шаң-тозаңға айналды, малға азық болған гүлденген өлкенің шөбінің бәріуланып бітті.

Бүгінгі таңда Байқоңыр космодромын салуға байланысты 20000 гектар жер шаруашылық айналымынан шығып қалған. Ол жерлерге не егін егуге, не бау-бақша өсіруге, не мал жаюға болмайды. Зымырандардың қатты дауысы жан-жануарлардың зәресін алады. Шу - экологиялық факторлардың ішіндегі ең бастысы, қоршаған ортаға тікелей зиянды әсер етеді.

Әлемдегі ең үлкен Байқоңыр космодромы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр. Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшыру мақсатына жасалған емес, әскери қару-жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздейді. Байқоңыр қаласы 1957 жылдан бастап іргетасы қаланып, жұмыс істеп келеді, 60 мыңға тарта халқы бар. Ресейдің барлық космосқа ұшқан корабльдері мен зымырандары осы Байқоңыр космодромынан ұшырылған, 1999 жылдың қаңтарына дейін, яғни 42 жыл ішінде 1129 зымыран, 1115 басқадай космос кеңістігін зерттейтін аппараттар ұшырылған (профессор Ж. Жатқанбаевтың деректері бойынша).

Ұшырылған космос корабльдері мен оларды космос кеңістігіне шығарушы зымырандар айналаны қоршаған табиғи ортаға елеулі өзгерістер енгізетіні кейінгі кезде белгілі болды. Әсіресе, зымырандар атмосфералық ауа қабатына ұшып шыққанда пайдаланылған отындардан өте улы қосылыс - көміртекті радиоактиві элементтердің қос тотығын көп мөлшерде бөліп шығарады, әрине ол қоршаған ортаға өсімдіктер, жануарлар дүниесіне, адамзат баласына зиянды әсер етеді. Ауада көміртектің қос тотығы көбейетін болса, күн сәулесі көмескіленіп, қараңғылық басады. Мұндай жағдай климаттың жылынып, мәңгі мұздардың еріп, жер бетінде топан судың қаптауына әкеліп соғатынын ғалымдар ертеден-ақ ескертіп айтқан.

Еліміздегі Байқоңыр космодромы Ресей Федерациясына жалға берілгені бәрімізге мәлім, олар Қазақстанға жылына 115 миллион АҚШ долларын беріп отыруға тиісті. Әрине мұндай қаржы елімізге жылына келіп, халқымыздың әл-ауқатын, мұң-мұқтажын шешіп отырса, уланған биосферамызды түзетуге жұмсалса, ол үлкен көмек.

Зымыранның апатқа ұшырауынан 1996 жылы 14-ші мамыр күні PH «Союз» зымыраны - Торғай облысының Амангелді ауданына қарайтын Сары-Торғай жылқы заводының жеріне құлап түскен. Арнаулы түрде жүргізілген зерттеулердің қорытындысында - жердің, судың, ауаның агрессивті улы қосылыстармен ластанғаны анықталған. Гептил және азотты тетроксилдің қоршаған ортаға орасан зор әсерінің тигендігі зерттелді, 810 шаршы шақырым жер зақымданған. 1997 жылы 20-шы мамыр күні PH «Зенит» атты зымыраннан 8 шақырым биіктіктен космостық аппараты жерге құлап түскен, жарылған, одан 300 шаршы шақырым жердің өсімдіктер дүниесі жойылған. 1999 жылы 5-ші шілде және 27-ші қазан күндері Қарағанды облысының Қарқаралы және Жаңаарқа аудандарында PH «Протон» зымыраны құлағаны, оның қоршаған ортаға қандай әсерінің тигені бәріңізге белгілі. Арнайы комиссия жұмыс істеді, 5-шілдедегі PH «Протон» зымыраны апатынан болған зиянның істеді, 5-шілдедегі PH «Протон» зымыраны апатынан болған зиянның көлемі 37 миллион 947 мың теңге екенін комиссия анықтап шықты. Жоғарыдағы келтірілген мәліметтерге байланысты және кейінгі кездердегі зымырандардың аспанға (космосқа) ұшырылуы бұрынғыдан да бетер жиілеп барады. Қоршаған ортаның ластануы, табиғат құбылысының жиі өзгеріске ұшырауы, қыста ашық аспан, қытымыр аяз, адам жанына жайлы күндерде бір-екі күннің ішінде алай-түлей жеп соғып, аяқ астынан ақ талқан боран басталып, талай елді жол қиындықтарына ұшыратып келеді, тіпті ауа райын болжау орталығының өзі де мәліметтерді жиі қате беріп, жаңылысатын болып жүр.

Жаз айларында құбылмалы күндердің жиі болуы, күннің қатты ысып кетуі, немесе ілезде аспанды қара бұлт қаптап, жаңбырдың төге салуы Байқоңыр космодромының Сарыарқа жеріне тигізіп жатқан экологиялық әсері болар деп ойлаймыз.

Әлемде осы Байқоңыр космодромы тәрізді әр мемлекетте биосферадағы барлық құбылысты туғызатын, қоршаған ортаға, өсімдіктер дүниесіне, жануарлар әлеміне, адамзат баласына ықпалы тиетін, жер анамыздың жүрегін солқылдатып, барлық жайттардың болып жатқанын әлем халқы біліп отыр. Экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегіндегі әлемдік жағдайды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам - қоғам - биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды адам нооэкопогиясы тұрғысында негіздеу қажет. Болашақ ұрпақтың да жер анамыздан алатын алашағының бар екендігін бүгінгі таңдағы аға буынның естен шығармағаны жөн. Күннен-күнге баюға бет алған барлық мемлекет болып жер планетамызды қазіргі қарқынмен тонай беретін болса, табиғаттың қатыгез мінезі адамзат баласын бір тығырыққа апаруы мүмкін. Табиғаттан ала да білуіміз, табиғатқа қайтарып бере де білуіміз керек.

Қоршаған ортаның экологиялық ластануына байланысты адам баласының бойында яғни организмінде бұрындар кездеспейтін неше түрлі аурулардың пайда болуы, жалпы организмнің жұмыс қабілетінің төмендеуі, атмосфералық ауаның, судың, топырақтың ластануына тікелей байланысты.

Байқоңыр космодромынан ұшырылған зымырандардың зиянды әсері планетамыздың өзге өңірлеріне, біздің Сарыарқа жеріне тигізетін зардабы ұшан-теңіз. Топырақ ылғалдылығының төмендеуі, өзен-көл суының тартылуы, өсімдіктер түрлерінің жойылуы, жануарлар дүниесінің азаюына тікелей әсер етеді.



Сондықтан космодромды жалға беріп, одан тапқан табыспен байығаннан гөрі Қазақстан табиғатын бұрынғы қалпына келтіріп байысақ - халқымыз, еліміз үшін әлдеқайда тиімді болар еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет