2
|
Білім алушының пән бойынша базалық білімі жеткіліксіз:
Эссе мәтіндеріндегі ақпараттарды жалпылама пайдаланып, екі сұрақ құрастырады.
Эссе тақырыбынан ауытқу байқалады.
Өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп жаза алмайды, көтерілген мәселе бойынша жалпылама жазады.
Ұсынылған зат есімдердің кейбіреуін мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдануға тырысады.
Сөздік қорды қолдануда өрескел қателер жібереді.
Жіберілген қателіктері жауапты түсінуде қиындық тудырады. Бестен астам тыныс белгілерін немесе емле қателерін жібереді.
|
1
|
Білім алушының пән бойынша базалық білімі өте төмен:
Эссе мәтіндеріндегі ақпараттарды жалпылама пайдаланып, бір сұрақ құрастырады.
Эссе тақырыбынан ауытқу байқалады.
Өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп жаза алмайды,көтерілген мәселе бойынша жалпылама жазады.
Ұсынылған зат есімдердің кейбіреуін мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдануда қиналады.
Тіл нормалары туралы қарапайым білім жоқ, сөздік қоры өте жұтаң.
Орфографиялық , пунктуациялық қателердің көп болуы жауапты түсінуді қиындатады.
|
6-сынып бойынша:
Тыңдалым және айтылым. Тыңдалған мәтіннен детальді ақпаратты анықтайды.
Оқылым. Білім алушы өзі жазған эссе мәтінінен нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар (кемінде 5 сұрақ) құрастырады.
Жазылым.
Өз пікірі мен көзқарастарын растайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдер келтіріп, «келісу, келіспеу» эссесін жазады. Жазылым барысында тыныс белгілерді түрлері мен қызметіне сай дұрыс қолданады.
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |