«Бекітемін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М. Н. Сарыбеков



Дата28.06.2016
өлшемі65.57 Kb.
#162830
«Бекітемін»

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым вице-министрі

______________ М.Н.Сарыбеков

«___»_________________2012 ж.
Тест спецификациясы
1. Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тест

2. Құрастырылу мақсаты: Тест педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында құрастырылған.

3. Мiндетi: Кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау.

4. Тест мазмұны: Тестке негізгі бөлімдердің материалдары енгізілді.




Тақырып



Тақырыпша

Тапсырманың тестідегі орны

Қиындық деңгейі

1

Фонетика

1

Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Буын және тасымал. Үндестік заңы

1

А

2

Лексика

1

Сөз және оның мағынасы (сөздің тура мағынасы, ауыспалы мағынасы, көп мағыналы сөздер). Омоним. Антоним. Синоним

2

С

3

Морфология

1

Сөз таптары және оның түрлері

3

С

4

Синтаксис

1

Сөйлем және оның мағыналық түрлері (хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер)

4

В

2

Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің біріңғай мүшелері. Жай сөйлем

5

В

5

Халық ауыз әдебиеті

1

Батырлар жыры. Аңыздар. Шешендік сөздер. Айтыс үлгілері. Ертегілер. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар

6

В

6

Өшпес өмір өнегелері

1

Жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі шығармалар. Ұлы Отан соғысы кезеңін суреттейтін шығармалар

7

С

2

Өнер адамдары туралы шығармалар

8

В

7

Туған өлкем - тұғырым

1

Туған жер туралы шығармалар

9

А

8

Сандардың нумерациясы

1

Сандарды оқу, жазу, салыстыру және разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктеу

10

В

9

Арифметика-лық амалдар және олардың қасиеттері

1

Арифметикалық амалдардың әрқайсының мән-мағынасы. Амалдардың ауыстырым-дылық, терімділік және үлестірімділік заңдары. Нөл мен бірдің қасиеттері

11

В

10

Ауызша және жазбаша есептеу әдістері

1

Ауызша есептеу әдістері. Арифметикалық амалдардың алгоритмдері. Жазбаша есептеу әдістері.

12

В

11

Алгебраның элементтері

1

Өрнектерді оқу, жазу, құру және олардың мәндерін табу. Санды теңдіктер және санды теңсіздіктер. Санды және әріпті өрнектер

13

А

2

Теңдеулер және оларды шешу әдістері. Жақшалы және жақшасыз өрнектерде амалдарды орындаудың рет тәртібі

14

В

12

Геометрия-ның элемент-тері

1

Геометриялық фигураларды бір-бірінен ажырату. Көпбұрыштың периметрін, ауданын, көлемін табу

15

С

13

Есеп және оны шығару процесі

1

Арифметикалық амалдарды әрқайсысының және артық (кем), есе артық (кем) қатынастарының мән мағынасын ашатын, шамалар арасындағы тәуелділікке берілген бір амалмен шығарылатын есептер. Қозғалысқа берілген есептер

16

В

14

Шамалар және оларды өлшеу

1

Шамалар: ұзындық, масса, сыйымдылық, уақыт. Шамалардың өлшем бірліктері және олардың ара қатынасы. Санның квадраты мен кубын табу

17

С

15

Табиғат

1

Денелер. Заттар Құбылыстар.Ауа. Су. Топырақ. Өсімдіктердің көптүрлілігі. Жануарлардың көптүрлілігі.

18

А

16

Адам

1

Адам және денсаулық. Адам ағзасы мен гигиенасы

19

В

17

Қоғам

1

ҚР Конституциясы және мемлекеттік рәміздері. Мемлекеттік басқару органдары.

20

С

Тест тапсырмалары 3 қиындық деңгейінен тұрады.

Бірінші деңгей (A) - 4 тапсырма.

Екінші деңгей (B) - 10 тапсырма.

Үшінші деңгей (C) - 6 тапсырма.
5. Әрбір тапсырманың сипаттамасы:

Қазақ тілі : Фонетика.Лексика.Морфология. Синтаксис.

Әдебиеттік оқу: Арнаулы бұлақ асыл сөз. Туған өлкем – тұнған шежіре. Әдептілік ,ар ұят- адамдықтың белгісі. Менің алыстағы достарым.

Математика: Сандардың нумерациясы. Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері Ауызша және жазбаша есептеу әдістері. Алгебраның элементтері. Геометрияның элементтері Есеп және оны шығару процесі. Шамалар және оларды өлшеу.

Дүниетану: Табиғат. Адам.Қоғам.
6. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт –2 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 40 минут.



7. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Тест нұсқаларының баламалылығы:

- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен;

- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады. Бір тестіде 20 сұрақ.
8. Тапсырмалар формасы:

Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.

Нұсқау: «Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
9. Орындалған тапсырманы бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін- 1 балл. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл.


10. Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Қазақ тілі. 3-4 сыныпқа арналған. Авторлары: С.Арпабеков, Балтабаева Ж.Қ. Алматы қ, «Атамұра» баспасы, 2004 ж.

  2. Математика. 3-4 сыныпқа арналған. Авторы: Кучер Т.П. Алматы қ., «Атамұра» баспасы, 2010 ж.

  3. Математика. 3-4 сыныпқа арналған. Авторы: Ақпаева Ә.Б. Алматы қ., «Алматыкітап» баспасы, 2010 ж.

  4. Дүниетану. 3-4 сыныпқа арналған. Авторы: Жүнісқызы К. Алматы қ., «Атамұра» баспасы, 2010 ж.

  5. Әдебиет оқу. 3-4 сыныпқа арналған. Авторы: Б.Т.Қабатай. Алматы қ., «Атамұра» баспасы, 2009 ж.

  6. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. мұғалімдерге арналған анықтамалық құрал. Авторы: Оспанов Т.Қ. Алматы қ., «Атамұра» баспасы, 2005 ж.

  7. Қазақ тілі. Мұғалімдерге арналған анықтамалық құрал. Авторы: С.Арпабеков. Алматы қ., «Атамұра» баспасы, 2004 ж.



ҰТО директоры Қ. Әбдиев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет