Бекітемін «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» зтб



Дата14.06.2016
өлшемі71.47 Kb.
#136009
түріКонкурс

Бекітемін

«Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ

Атқарушы директоры

А.Н. Хаматдинова __________

2011 жылғы «___» тамыз

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ

«ТАНЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ


Конкурс туралы ереже

Конкурстың негізгі идеясы: Әлеуметтік және қоғамдық өмірге, тәуелсіздіктің қалыптасуына және Қазақстанның азаматтық қоғамын құруға баға жетпес үлес қосқан қазақстандық ҮЕҰ қызметінің жетістіктерінің жария танымы.


Қазақстанды серпінді, өмір сапасының стандарттары жоғары заманауи мемлекет ретінде дамыту азаматтық белсенділік пен азаматтық іскерлілік, тұрақты азаматтық қоғам болған кезде ғана мүмкін.

Тәуелсіздік жылдары ішінде отан сүйгіштік пиғылды, әлеуметтік белсенді ондаған мың азаматтар қоғамдық ұйымдардағы қызмет арқылы елдің әлеуметтік, қоғамдық-саяси өміріне қатысуы тәжірибесі қалыптасты. Көптеген осы ҮЕҰ жұмысы бірегей сипатта, қоғамдық келісімді және мемлекет тұрақтылығын нығайтуға қызмет етеді және қоғам тарапынан ойдағыдай деп танылады. «Таным» сыйақысы ҮЕҰ қоғамдық тану және көтермелеу тетіктерінің бірі болып табылады.



Конкурс мақсаты Қазақстанда тәуелсіздіктің қалыптасуы мен азаматтық қоғамның дамуына айтарлықтай үлес қосқан ҮЕҰ қоғамдық тану және көтермелеу.

Сыйлықақыны сипаттау

Сыйлықақы V азаматтық форумды өткізу шеңберінде тапсырылады.

Сыйлықақымен марапатталған адамдарға тиісті номинацияда «Таным» Республикалық Сыйлықақысының лауреаты» атағы беріледі, лауреат атаулы дипломы, естелік мүсінше тапсырылады. 2011 жылы сыйлықақымен марапаттау 14 номинация бойынша өтетін болады (№1 қосымша). Сыйлықақыны тапсыру рәсімі мемлекет пен азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты түрде өтетін болады.

Таным Конкурсының ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ

Қатысу шарттары және қатысушылар

Жеке тұлғалар, адамдар тобы, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, бизнес-құрылымдар мен кәсіпорындар, ҮЕҰ және сондай-ақ мемлекеттік органдар бірлесіп ізденушілерді сыйлықақылар алуға жылжытуы мүмкін. Сыйлықақыларды алуға ұсынылатын өтінім жазбаша түрде интернет арқылы көрсетілген нысанға сәйкес ұсынылуы тиіс (№2 қосымша). Номинанттарды іріктеуді конкурстық комиссия жүргізеді.



Конкурсқа кім қатысуы мүмкін

«Таным» республикалық сыйлықақысын алуға арналған конкурсқа қатысуға коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) шақырылады.



Сыйлықақыға арналған конкурсқа қатысуға өтінімді сыйлықақыға тікелей үміткер немесе үшінші тарап бере алуы мүмкін.

Алдын ала іріктеу жүргізілгеннен кейін ұйымдастырушы объективті шешім қабылдауға мүмкіндік беретін қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін.


Номинанттарды іріктеу қағидаттары мен критерийлері


Конкурстық комиссия кандидаттарды іріктеуді Сыйлықақының бекітілген номинацияларына сәйкес жүргізеді және номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

Номинанттарды іріктеудің негізгі критерийлері


  • Үміткердің конкурс талаптарына сәйкестігі;

  • Азаматтық қоғаммен және билік органдарымен өзара іс-қимыл тәжірибесі;

  • Қызмет барысында алынған нәтижелерінің тұрақтылығы;

  • Нысаналы топтар өмірінде, өңірде немесе тұтас алғанда елде жүргізілетін жұмыс нәтижелерінің маңыздылығы мен әлеуметтік тиімділігі;

  • Қызмет тәжірибесі мен нәтижелерін тарату (мультипликациялық тиімділік).

  • Қызмет пен іске асырылған жобалардың әлеуметтік маңыздылығы;

  • Нақты бар мұқтаждықтарға, ұйымның нысаналы тобының талаптарына қызметтің сәйкестігі;

  • Қоғам мен БАҚ-дың ұсынымдары, пікірлері.

Конкурстық комиссия.


Конкурстық комиссия қоғамдық-саяси көшбасшылар, ҮЕҰ өкілдері, Парламент депутаттары, бизнес құрылымдар мен мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар өкілдері санынан құрылады.

«Таным» сыйлықақысының конкурстық комиссиясы өтінімдерді қарайды, бірлесіп ізденушілерге қойылатын талаптарға сәйкес дауыс беру жолымен әрбір номинацияға сыйлықақы номинанттары мен лауреаттарын анықтайды.



Марапаттау салтанаты

Өткізу орны: Астана қаласы, Конгресс хол (алдын ала)

Өткізу күні: 2011 жылғы 7 қазан (алдын ала)

Сыйлықақыларды беделді қоғамдық-саяси қызметкерлер, саясатшылар мен кәсіпкерлер, мәдениет қызметкерлері тапсырады.



Конкурсқа өтінімдерді беру мерзімдері

Өтінімдер 2011 жылғы 5 тамыздан бастап 15 қыркүйекті қоса алғанда қабылданады.



Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру мекенжайы

Өтінімдер электрондық почта арқылы ғана қабылданады және қоғамдық-саяси жобалар менеджері – Бориса Андреевича Рябуха атына жіберіледі: тел.: 87172946427, 87018191444, boris@civilsociety.kz

№1 қосымша. Номинациялар тізбесі

№2 қосымша. Өтінім нысаны



1 қосымша.

2011жылғы «Таным» Республикалық сыйлықақысы

номинацияларының тізбесі

  1. «Адам құқықтарын қорғау және жылжыту» – халықтың осал топтарының құқықтарын қорғау және жылжыту саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ номинацияланады.

  2. «Балалар – біздің болашағымыз» - осал отбасыларынан шыққан балаларды, жетім балаларды, балалар үйінен шыққан түлектерді дамыту, оңалту және қолдау саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ номинацияланады.

  3. «Шексіз әлем» - мүмкіншіліктері шектеулі адамдарды оңалту және қоғамға біріктіру, қызметтер көрсету, қолдау, құқықтарын қорғау, әлеуетін дамыту саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ номинацияланады.

  4. «Әртүрлі тұлғалар, тең мүмкіндіктер» - тұрмыстық зорлықпен күресетін гендерлік теңдікті жылжытатын ҮЕҰ номинацияланады.

  5. «Ауылдағы азаматтық бастама» – ауылдық жерлерде азаматтық бастаманы қолдауға және дамытуға, ауыл тұрғындары нысаналы тобы болып табылатын ауылдық аймақтарды дамытуға бағытталған ауылдық ҮЕҰ номинацияланады.

  6. «Саламатты ұлт – өскелең Қазақстан» - салауатты өмір сүруді және денсаулық қорғауды жылжытуға бағытталған ҮЕҰ номинацияланады.

  7. «Таза ғаламшар» – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық білім мен энергияны сақтау технологияларын жылжыту саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ номинацияланады.

  8. «Жыл дебюті» - 18 айдан кем жұмыс істейтін, бірақ қысқа мерзім ішінде азаматтарды жұмылдыра білген және ұйым миссиясын іске асыруда айтарлықтай нәтижелер мен өзгерістерге қол жеткізе білген ҮЕҰ номинацияланады.

  9. «Волонтерлықты дамытуға және жылжытуға үлес» - Қазақстанда еркін/волонтерлық жұмыс істейтін ҮЕҰ номинацияланады.

  10. «Өмір үшін» ойдағыдай қайырымдылық қызметімен айналысатын ҮЕҰ номинацияланады.

  11. «Азаматтар игілігіне арналған әріптестік» - мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, сондай-ақ азаматтық қоғам проблемаларын шешуде ҮЕҰ күштерін біріктіруге арналған бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы шеңберінде емес, алайда биліктермен әріптестікте іске асырылған сәтті жобалары бар ҮЕҰ номинацияланады.

  12. «Белсенді азаматтық ұстаным» – халықтың азаматтық белсенділігін арттырумен, көшбасшыларды даярлаумен, демократия мәселелері жөнінде халықтың оқу-ағартуымен айналысатын ҮЕҰ номинацияланады.

  13. «Жасампаздық» - азаматтардың шығармашылық және мәдени бастамаларын қолдау және дамыту саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ номинацияланады.

  14. «Қазақстан тәуелсіздігінің құрылуына үлес» - алқа шешімі бойынша Қазақстанның азаматтық қоғамын дамытуға айтарлықтай ықпал тигізген ҮЕҰ арналған арнайы номинация

№ 2 қосымша
«Таным» республикалық сыйақысын алуға арналған

конкурсқа қатысуға өтінім нысаны


  1. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес үміткер ұйымның толық атауы

___________________________________________________________________

  1. Үміткер ұйым өкілінің аты-жөні

___________________________________________________________________

  1. Ұйым үміт ететін «Таным» сыйақы номинациясының атауы

___________________________________________________________________

  1. Үміткер ұйымының байланыс ақпараты: (телефон, электрондық почта, почталық мекенжайы)

___________________________________________________________________

  1. Сыйақыға үміткер ұйымның миссиясы

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________


  1. Сыйақыға үміткер ұйымның нақты нысаналы тобы

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________


  1. Сыйлықақы алуға үміткер ұйымның қызметін сипаттау ___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

  1. Осы қызмет ұйымның нысаналы тобының және тұас алғанда өңірдің, елдің өміріне, Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуына қандай маңызды әлеуметтік үлес қосты:

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________


  1. Неліктен өтінім берген ұйым атап айтқанда «Таным» сыйлықақысына номинантталуы тиіс екенін көрсететін қосымша ақпарат:

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________


  1. Үміткер ұйымына ұсыным беруі мүмкін екі ұйымның атауы мен байланыс деректерін көрсетіңіздер

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________


  1. Өтінімді толтыру күні __________________________________

  2. Сыйлықақы алуға үміткердің ұйымын жылжытқан адамның және/немесе ұйымның деректері мен байланыс ақпаратын көрсетіңіздер

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________


Өтінімнің толтырылған нысаны 2011 жылғы 18 қыркүйекке дейінгі мерзімде қоғамдық-саяси жобалар менеджері Борис Андреевич Рябуханың атына электрондық почта арқылы ғана жіберілуі тиіс, тел.: 87172946427, 87018191444, boris@civilsociety.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет