Бекітемін факультетінің деканы Мухамбетова А. 2020 ж


лекция. Кеден органдарының функциялары



бет10/19
Дата15.11.2022
өлшемі133.51 Kb.
#464888
түріЛекции
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
кеден құқығы

7 лекция. Кеден органдарының функциялары

Дәрістің мақсаты: осы тақырыпты игеру мен зерделеу.
Жоспар:

  1. Кедендік органдарының құқықтық мәртебесі.

  2. Құқықтық өкілеттіліктері.

Бақылау функциясы. Фискалды функциясы. Құқық қорғау функциясы. Кеден органдарының құзыреті. Кеден органдарының құқықтары және міндеттері. Кедендік бақылау бойынша жалпы шолу. Кедендік төлемдер және салықтар бойынша жалпы шолу. Кеден органдары анықтау органы ретінде. Кеден органдарының жедел-іздестіру қызметі. Кеден қызметі мемлекеттік қызметтің түрі ретінде. Кеден органдары лауазымды тұлғаларын ар намыс кодексі.
Кеден органдары қосылады және атқарушы билік тармақтары мен қызметі кеден мекемелерінің байқауға болады кезеңдік қалыптасу, оның ішінде бағыныстылығына қарай олардың орталық орган. Кеден қызметінің тиіс мемлекет экономикалық мүдделерін қорғау және елдің экономикалық қауіпсіздігін. Бақылаудың әлсіреуі, мемлекеттік органдар тарапынан болуы мүмкін кейде орны толмас шығындар келтіреді. Қалыптасқан басынан жүйесі кеден мекемелерінің өзгертілсе: сандық санының көбеюі кеден басқармаларының, кедендер мен кеден бекеттерінің, ұлғайту (азайту) қызметкерлердің құқықтық мәртебесі орталық кеден органы.
Қазақстан Республикасының кеден органдары (бұдан әрі – кеден органдары) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасындағы кеден ісін іске асыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік кіріс органдары болып табылады.
Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесі:
1) кеден ісі саласындағы уәкілетті органнан;
2) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық (облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша) бөлімшелерінен;
3) кедендерден;
4) кеден бекеттерінен;
5) Кеден одағының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінен;
6) мамандандырылған кеден мекемелерінен тұрады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен кедендік ақпараттық-есептеу орталығы, кедендік зертханалар, кинологиялық, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және басқа да мамандандырылған кеден мекемелері, жоғары кәсіби және қосымша білім беретін білім мекемелері, сондай-ақ қызметі осы Кодекске сәйкес кеден органдарына жүктелген міндеттерді шешуге жәрдемдесетін мемлекеттік кәсіпорындар құрылады.
Кеден органдарының кеден органдарына тән танымдық туы және танымдық белгісі болады.
Кеден органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасын және қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
4-1. Кедендердің, кеден бекеттерінің және Кеден одағының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдары нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етіледі.
Нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Нысанды киімді (погонсыз) киюге құқығы бар кеден органдарының лауазымды адамдарының тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді.
Кеден органдары Кеден одағының кедендік аумағында мынадай негізгі міндеттерді шешуді:
1) Кеден одағының бірыңғай сауда саясатын іске асыруға жәрдемдесуді;
2) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Кеден одағының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының және өзге де заңнамасының орындалуын қамтамасыз етуді;
3) кедендік операциялар жасауды және кедендік бақылау жүргізуді, оның ішінде өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде жүргізуді;
4) кедендік төлемдерді және салықтарды, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждарды өндіріп алуды, олардың есептелуінің дұрыстығын және уақтылы төленуін бақылауды, өз құзыреті шегінде оларды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды;
5) өз құзыреті шегінде кедендік-тарифтік реттеу шараларының, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын қамтамасыз етуді;
6) өз құзыреті шегінде кедендік реттеу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуді және Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдету үшін жағдай жасауды;
7) өз құзыреті шегінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттердің валюталарын, бағалы қағаздарды және (немесе) валюталық құндылықтарды, жол чектерін Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге бақылауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қамтамасыз етуді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауды, олардың алдын алуды және жолын кесуді;
9) өз құзыреті шегінде Кеден одағының кедендік аумағында зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етуді;
10) кедендік статистиканы жүргізуді;
11) Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді әзірлеуге қатысуды және іске асыруды;
12) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
13) кедендік декларациялау мен кедендік бақылауды жүзеге асыруды және жетілдіруді, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операцияларды жүргізуді оңайлатуға ықпал ететін жағдайлар жасауды;
14) тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыруды, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдауды;
15) кеден ісі саласындағы Қазақстан Республикасы халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді және Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысуды;
16) бірыңғай бюджет саясатын іске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысуды;
17) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізуді;
18) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде көліктік және санитарлық-карантиндік бақылау жүргізуді;
19) зертханалық бақылау мен зертханалық сараптаманы қоспағанда, өз құзыреті шегінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының және карантинді объектілердің әкелінуінен қорғауды қамтамасыз етуді;
20) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден органдарымен және өзге органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет