Бекітемін факультетінің деканы Мухамбетова А. 2020 ж


"Қазақстан Республикасының кеден құқығы"пәні бойынша дәріс кешені



бет4/19
Дата15.11.2022
өлшемі133.51 Kb.
#464888
түріЛекции
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
кеден құқығы

"Қазақстан Республикасының кеден құқығы"пәні бойынша дәріс кешені
1 лекция.Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу: интеграция жағдайындағы құқықтық негіздері. Кеден саясаты: мазмұны және мақсаттары.

Дәрістің мақсаты: осы тақырыпты игеру мен зерделеу.


Жоспар:

  1. Кеден құқығының пәні.

  2. Кеден құқығы пәнінің мазмұны.

  3. Кеден құқығының әдістері.

  4. Кеден құқығының принциптері.

Кеден саласы – кеден ісін ұйымдастыру және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуімен кедендік саясатты жүзеге асыратын монополиялық мемлекеттік қызмет саласы болып табылады.
Кеден саласын қоғамдық, мемлекеттік және жеке мүдделер кешенімен бірге қабылданатын саяси және экономикалық шараларға әсер ету саласы ретінде қарастыру қажет. Мемлекеттік реттеу механизімі үшін кеден саласының орнын және рөлін анықтау маңызды. Мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің маңызды функциясы ретінде сәйкес заңнамалық бекітілуі тиіс.
Кедендік саясат кеден ісімен қатар кеден саласының элементі болып табылады.
Кеден ісінің саласы да белгілі бір саланы білдіреді, бірақ тікелей кеден ісінің құралдарын қолдануымен мемлекеттік реттеу ретінде.
Кеден заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және Кеден кодексі және өзге де нормативтік құқықтық актілерден құрылады. Кеден заңнамасы жақсы перспективаларға иеленген, себебі, көбінесе халықаралық нормаларды және ережелерді қолданады.
Кедендік жүйе – әлеуметтік жүйенің бөлігі, оның қалыптасуы айқын әлеуметтік аспектіні көрсетеді. Мемлекет аталмыш жүйенің қалыптасуын өзі жүзеге асыру қажет.
Кеден саясатының ұғымы. саясатының түрлері. Түсінігі көшіп келу, кедендік саясат. Жұмысын ұйымдастыру, кеден ісі (терминдер және анықтамалар, қолданылатын, кеден ісі). Кедендік саясат: мазмұны мен мақсаты. Ерекшеліктері кеден саясаты.
Еуразия қос құрлығының жапсарына қанатын кере жайып, жүздеген ұлттың еркін дамуына төрт-бес ғасыр бойы тосқауыл болып келген алып империя XX ғасырдың соңғы он жылдығы басталар -басталмастан күйреп түсті. 70 жылдай үстемдік еткен Кеңес Одағының қабырғасы қаусап түскен кезде бұрын одақтас деп аталған елдер бас-басына жеке тәуелсіз мемлекетке айналып, тәуелсіздігін жариялады. Дегенмен де 70 жылдам астам бір одақ ішінде болған республикалар туыстық жақтан да, экономикалық жақтанда бір-бірімен бірігіп кеткен елдер бірден араларындағы қалыптасқан байланысты үзе қойған жоқ. Шекара ашық, қарым-қатынас тоқтамады. Тіршілік үшін бірлік керек екенін түсінген тәуелсіз мемлекеттер басшылары одақ болмағанымен Достастық қажет екенін түсінді. Осы түсіністік нәтижесінде дүниеге Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы келді. Осындай саяси шешімнің орнығуына Ресей Федерациясының Президенті Б.Н.Ельцин мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұйытқы болды. Бұл Достастықтың түсауы еліміздің сол кездегі астанасы Алматыда кесілді. Барлық тәуелсіз мемлекеттер бір-бірімен дипломатиялық қатынас орнатты, елшіліктер ашты, ресми сапарлар негізінде барыс-келіс жүргізілді. Бірақ уақыт өте келе ТМД елдері арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсті. Кеңестен кейін кеңістікте экономикалық, саяси, геосаяси, мәдени -өркениеттік және басқа факторларға байланысты бұл қауымдастық ықпалдасудың елеулі құралы бола алмайтын еді. Оған мүше елдердің мүдделері мен сыртқы саяси басымдықтары, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың деңгейі мен модельдері, ықпалдасу ТМД-ның ішкі нақты қозғаушы күші болуы үшін болашаққа деген көзқарастары тым алашақ еді. Бұған қоса, барлық егемен республикалар әлеуметтік- экономикалық қатты дағдарысты бастан кешіріп жатты да, кең ауқымдағы интеграцияның мүмкіндігі шектеулі болды. Оның болашағы бұлынғыр болғанымен, үзілген қарым- қатынастарды орнықтырудың алғышарттары жасалды. Бұрын-сонды тарихта болмаған бұл бірлестіктің құрылған алғашқы күннен-ақ оның төңірегіндегі түрлі әңгіме өрши түсті. Оның болашағын күмәндана қарайтын саясатшылар бұл Достастықты құрғақ қиялға балады. Себебі: бұл ұйымның іші нде бірнеше топ пайда болды. Атап айтар болса қ, Орталық Азия елдерінің қауымдастығы, келешегі көпшілікке түсініксіздеу Ресей — Белорусия одағы, сондай-ақ, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Украйна, Молдова елдерінің ГУУАМ бірлестігі, бес мемлекеттің Кедендік одағы, ұжымдық қауіпсіздік сияқты топтар сырттай қарағанда үй ішінен үй тіккендей әсер қалдырары сөзсіз. Оның үстіне ТМД-ға мүше елдердің кейбірі өзара қарым-қатынастарда визалық тәртіпке көшті. Бұл әрекеттер күмәнді ойларды қалыңдата түсетін сияқты. Дүние жүзі саясатының көптен бергі мұраты интеграция, ортақ мақсатқа жету үшін, мемлекетаралық қарым-қатынастарды барынша үйлестіруге және үндестіруге ұмтылған әртүрлі елдердің күш біріктіруі. Бұған көз жеткізу үшін шетелдердің тәжірибелеріне көңіл аударсақ жеткілікті. Осы құрылымдардың бәрі де қарым -қатынастарды жан-жақгы тереңдету, күрделі саяси және экономикалық мәселелерді шешудің ең үйлесімді жолдарын табу мақсатында құрылған. Ең жексүрын саясатшы, Ливияның басшысы, полковник Муамар Каддафидың өзі жыл ө ткен сайын к үш алып келе жатқан интеграциялық процеске қошемет білдіріп отырғанда ТМД елдерінің кейбір өздерін білімдар санайтын басшылардың жеке дара өркендеу бағытын ұстануы таңдандырады. Бұл ұлт көсемдері адамзаттың жинақтаған мол тәжірибесінен сабақ алуы керек еді, жеке- отырып тек өз күшіне ғана сүйеніп, дүниежүзілік қоғамдастық пен дүниежүзілік шаруашьшық қызметінен өз орнын табуға, ешбір мемлекеттің шамасы келмейтінін ұғулары керек. Жақсы болсын, жаман балсын бүгінігі дүние өзінің жан-жақты заңдылығымен өмір сүріп, өркендеу үстінде және оған ешкімнің де өз бетінше түсінік беріп дәлел айтуға әсіресе елеп ескермеуге қақы жоқ деп санаймыз.
Қазіргі кезде Еуразиялық Одақ жобасында көрсетілген, екі қарқынды және көпдеңгейлі ықпалдастықты өрбітіп, өзінше «ықпалдастықты орталықтар» қалыптастыру оңтайлырақ. Бұл жерде, стратегияны өзгертіп, жаппай бірігіп, жаппай бір қалыпқа түсуге, соның салдарынан ойдағыдай жүзеге аса қоймайтын ықпалдастыққа. ұмтылудан гөрі, географиялық жағынан ықшамдырақ, саяси бағыттамалығы жағынан нақтырақ салалар мен арналар бойынша ықпалдасуға көшу турасында қарастырылып отыр. Оның үстіне, орталықтың республикадағы аймақтық; ұлттық, экономикалық, әлеуметтік, саяси өзгешеліктерді ескермей, барлық жерде қайта құруды бір қалып, бір қағидалар бойынша жүзеге асырғысы келген талабы қалай сәтсіздікке ұшырағанын білеміз. Ондай біркелкілікке ұмтылу біздің дербес мемлекеттік дамытудың, жаңа экономикалық қатынастар мен сыртқы саяси бастамалар қалыптастырудың белгілі кезеңнен өткен елдеріміздің өзекті: мүдделерін терең түсініп, жете үйлестіре алмасы хақ. Сонымен қатар кейінгі жылдары бұрынғы одақтық мемлекет республикалары экономикалық даму жағынан да әр алуандалып кетті. Мұндай жағдай бірлесудің қандайда болмасын әмбебап үлгісі жөнінде сөз ету деген сөз экономикалық реформаны жүзеге аеыруда қол жеткен табыстарымызды өз қолымызбен тәрк ету болып шығар еді. Егер- мемлекеттердің бір тобы даму жағынан былайғы мемлекеттерден іргесі озып.кетсе, онда алаңдайтын ештеңе жоқ. Әлемдік тарих кез келген ықпалдасты қ бірлесудің былайғыларды өз төңірегіне топтастыра. алатын жетекшілері болғандығын көрсетіп беріп отыр. Демек, қосқарқынды және көп деңгейлі ықпалдастық идеясы ұлттық мүддені де, Достастық қамын да жіті ескеруге мүмкіндік туғызады. Екіншіден шынайы ықп алдастыққа ең үлкен қауіп күшпен бірігулікке шақыру мен ұмтылудан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет