Бекітемін Филология институтының директоры Б. Әбдіғазиұлы



Дата09.06.2016
өлшемі141 Kb.
#125231
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Бекітемін

Филология институтының директоры

____________________Б. Әбдіғазиұлы

«_____» _____________2015ж.



«6М021300 – Лингвистика» мамандығы бойынша
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы, 2015


Қабылдау емтиханының бағдарламасы:


  • Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы № 261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;

  • Қазақстан Республикасы

  • Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;

  • ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген «6М021300 -Лингвистика» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.


Құрастырушылар: Шаханова Р.Ә., Ильясова Н.А.

Филология мамандықтары кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды:№ ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.




Кафедра меңгерушісі:

___________

Р.Ә.Шаханова


ФИ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

___________


Г.М. Кенжебаева


Қабылдау емтиханының бағдарламасы Филология институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді: № ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.



6М021300 –лингвистика мамандығына магистратураға қабылдау емтиханының бағдарламасы
Жоғарыдағы мамандықтар бойынша магистратураға түсушілерден қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің қазіргі оқу процесіндегі ерекшеліктерін ескеріп, тіл білімінің негізгі ұғымдар жүйесін және тілдің құрылымдық, жүйелік, танымдық болмысы жайлы және тіл білімінің ғылымдар арасында алатын орны, тілдің мәні мен қызметі жайлы, тілдің шығуы мен дамуы жайында, тілдің лексика,грамматика, стилистика салалары жайлы білімін, сондай-ақ мәдени мұралар мен фольклорды, қазақ әдебиетінің тарихын, түркі тілдеріне ортақ әдебиет пен әдебиет теориясы мәселелерін жетік білуін талап етеді. Осы мақсатты көздеген Бағдарлама тақырыптары кәсіби пәндердің міндетті компоненттеріне енетін «Тіл біліміне кіріспе», «Жалпы тіл білімі», «Қазіргі қазақ тілі» пәндерінің типтік бағдарламаларының негізінде жасалды.

Тіл білімінің мәселелері. Тілдердің генеологиялық және типологиялық классификациясы. Тіл теориясының мән-мағынасы, негізгі проблемалары, күрделі салалары, ол салалардың басқа ғылымдармен байланысы. Тілдің қоғамдық мәні. Мемлекеттік саясат және тіл. Тілдің негізгі қызметі. Тілдің танымдық және коммуникативтік қызметі.

Тіл және ойлау. Тіл және сөйлеу. Тілдің тарихы мен қоғам тарихының байланыстылығы. Тіл дамуының ішкі және сыртқы факторлары. Тілдің шығуы жайлы теориялар. Тілдің даму кезеңдері. Тілдер семьясы, оның түрлері. Тіл біліміндегі структурализм, тілдің функционалдық қызметі.

Әдеби тіл және норма. Әдеби тіл және ұлттық мәдениет. Н.Оралбаева. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары. А.Қайдаров еңбектеріне талдау. Ғалым Р.Сыздықова және қазақ әдеби тіл тарихы мәселелері. А.Байтұрсыновтың лингвистикалық мұрасы. Қ.Жұбановтың лингвистикалық, әдістемелік мұрасы. К.Аханов. Грамматика теориясының негіздері. /Жалпы сипаттама/ А.Ысқақов – қазақ тілінің ғылыми морфологиясының негізін салушы ғалым. М.Балақаевтың ғылыми синтаксис жүйесін дамытудағы ролі, ғылыми мұрасы.

Фонетика. Дыбыстардың алмасуы (альтернация, себептері мен ерекшеліктері). Қазақ сөзін ұйыстырушы үндесім құбылысы. Үндесім фонологиясындағы тірек дауыстылар. Үндесім фонема және үндесім аллофон. Қазақ тілінің ұзақ дамудың нәтижесінде қалыптасқан заңдылықтары. Сөз соңындағы қос дауыссыздардың тіркесі. Дыбыстық құбылыстар. Протеза. Эпентеза. Элизия. Аферезис. Метатеза. Гаплология.

Дыбыстардың үндесуі. Дыбыстардың үндесуі–қазақ тілі фонологиясының ең өзекті мәселесі. Дыбыстардың алмасу құбылысы. Комбинаторлық немесе позициялық өзгеріс. Сингармонизм мәнін құраушы тіл және ерін үндестігі. Аккомодация –морфемалар жігінде қатар келген дыбыстардың бейімделіп айтылуы. Ассимиляция–морфемалар жігіндегі көрші дауыссыздардың акустика-артикуляциясы жағынан ұқсас келуі. Диссимиляция– дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі.

Интонация. Интонацияның компоненттері. Интонациялық құбылыстар мен грамматикалық құбылыстардың арасындағы байланыс. Интонацияны зерттеудегі үш түрлі бағыт. Интонеманың фонемаға қарағанда айырмашылығы.Интонеманың синтагмада көрінуі. Интонацияның функциялары.

Лексикология. Лексикологияның бөлімдері: ономосиология, семасиология, фразеология, этимология, лексикография. Семасиологияның лингвистика аясындағы орны. Семасиологияның зерттеу объектісі. Сөз семантикасы. Экспрессивті мағыналар, олардың берілу жолдары. Қазақ лексикографиясы, зерттелуі. Қазақ тіліне қатысты сөздіктер және оның түрлері. Арнаулы лексика. Қазақ тілінің лексикология саласының ғылыми негізін қалаудағы Ғ.Мұсабаевтың атқарған қызметі. Синонимдер, синонимияға қатысты зерттеулер. /Ә.Болғанбаев, М.Серғалиев, Ф.Оразбаева/. Денотаттық мағынаның өзіне тән белгісі. Эмоциялық мағына. Семантикалық үшбұрыш. Бұл жөнінде жалпы тіл біліміндегі түрлі пікірлер. Тілдің актив және пассив лексикасы, олардың стильдік ерекшеліктері.

Сөзжасам. Сөзге тән негізгі белгілер. Сөздің коммуникативтік сапасы.

Сөз формасы. Нольдік тұлға. Сөздің нольдік тұлғасы жайлы қазақ тіл біліміндегі көзқарастар. Аналитикалық және синтетикалық сөз формалары. Түбір және афикс морфемалар. Сөз тудырушы афикстер. Аналитикалық тәсілдің ішкі ерекшеліктері, түрлері. Синтетикалық сөзформа, оның түрлері, жасалу жолдары. Күрделі сөз. Күрделі сөз құрылымы. Күрделі сөзге тән басты белгілер. Қазақ тілінің сөзжасам саласы бойынша жасалған ғылыми зерттеулер.



Морфология.Тілдің грамматикалық құрылысы – грамматиканың объектісі екендігі. Тілдің грамматикалық құрылысының негізгі единицалары. Морфема – негізгі тілдік единицаның бірі, сипаты, түрлері. Түбір морфемалардың құрылымы. Морфема және сөз формасы, сөз тіркесі және сөйлем. Сөздің морфологиялық құрылымы. Негізгі морфологиялық ұғымдар. Олардың алуан түрлілігі. Қазақ тіліндегі сөздерді таптастырудың принциптері (А.Ысқақов, т.б.).

Морфонология. Оның тілдің басқа салаларынан өзгешелігі. Морфонология–фонетика мен морфонологияның жігінде пайда болған тіл білімінің бір саласы. Морфонологиялық құбылысқа сөзжасам мен сөзпішінде пайда болған өзгерістер жатады. Морфонологиялық дыбыс алмасулар, олардың комбинаторлық емес алмасуларға жататындығы. Морфонология бірліктері. Сөз құрылымының ұлғаюы мен ықшамдалуы.

Синтаксис. Синтаксистік терминінің білдіретін мағынасы. Синтаксистік жүйе. Синтаксистік форма.Сөздің синтаксистік мағынасы және синтаксистік қатынас. Синтаксистік байланыс және сөз тіркесі. Синтаксистік байланыс–синтаксистік құрылымның барлығына ортақ құбылыс. Сөздердің синтаксистік байланысының тәсілдері. Сөз тіркесі және олардың түрлері. Сөз тіркесіндегі шешуші сөз табы. Синтаксистік қатынастар және олардың түрлері.

Сөз тіркесінің құрамдық белгілері. Сөйлемнің сөз тіркесінен ажырамайтын белгісі. Сөздің грамматикалық мағынасы мен лексикалық мағынасы. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық ұғымдардың бірлігі, арақатысы. Грамматикалық мағынаның берілу түрлері мен тәсілдері. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. Синтаксистік құрылымды жүйелеудің негіздері. Синтаксистік байланыс: түрлері, тәсілдері, формалары.

Қазақ тілінің грамматикалық құрылысының аналитикалық сипаты туралы теория. Бұл жөнінде ғылыми зерттеу еңбектер. Қазақ тілінің грамматика ілімінің қалыптасу кезеңдері, негізгі бағыттары. Қазақ тіл білімінде грамматика теориясына қатысты мәселелердің зерттелуі жайында ғалымдар еңбектері. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты (С.Исаев т.б.). Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ тілі грамматикасының нұсқалары.

Сөйлем – тілдің негізгі коммуникативтік және құрылымдық-синтаксистік бірлігі екендігі. Сөйлем және байымдау, сөйлем және сөйлеу. Сөйлемнің (актуальды) коммуникативтік мүшеленуі жайлы түсінік. Сөйлем мүшелері және сөз таптары. Сөйлемдердің айтылу мақсаты мен құрылымына қарай түрлері. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем. Жай сөйлем синтаксисінің қазақ тіл білімінде зерттелуі. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары мен түрлері. Көп құрамды құрмаластар, олардың түрлері, жасалу жолдары. Салалас құрмалас сөйлемдер. Мағыналық түрлері. Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Мағыналық түрлері. С.Аманжолов. Құрмалас сөйлем мәселелері жайындағы пікірлер. С.Аманжоловтың «Қазақ әдеби тіл синтаксисінің қысқаша курсы» атты ғылыми зерттеу жұмысының қазақ тілі синтаксисіндегі маңызы.



Жай сөйлем -синтаксистің негізгі нысанасы. Сөйлемнің негізгі қызметтері. Сөйлемнің өзіне тән белгілері. Сөйлемнің құрамына, формасына және мазмұнына қарай бөлінісі. Атаулы сөйлем–бір негізді сөйлемнің түрі. Атаулы сөйлемдердің тиянақты синтаксистік формасы. Атаулы сөйлемдердің грамматикалық сипаты.

Күрделенген жай сөйлемдер және оның түрлері.Айқындауышты сөйлемдер. Қыстырма сөйлемдер. Қыстырынды сөйлемдер. Көсемше оралымды сөйлемдер. Есімше оралымды сөйлемдер. Қаратпалы сөйлемдер.

Құрмалас сөйлем және оның өзіндік белгілері. Құрмалас сөйлемдер екі және одан да көп предикативтік бірлікке ие. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ұқсастықтары мен айырмашылық белгілері. Құрмалас сөйлем компоненттерінің байланыс түрлері. Құрмалас сөйлемдердің екі компонентті және көп компонентті түрі. Салалас құрмалас сөйлемдердің басты белгілері. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің басты белгілері. Салаластың құрылымдық түрлері. Іргелес салаластағы сөйлемдерді байланыстырушы анафористік сөздер. Сабақтастың құрылымдық түрлері. Аралас құрмалас сөйлемнің ерікті және тұрақты құрылымы. Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерге тән басты ерекшелік.

Күрделі синтаксистік тұтастық. Күрделі синтаксистік тұтастықтың басты белгілері. Күрделі синтаксистік тұтастықты құрастырушы сөйлемдердің байланысу түрлері. Паралель байланысты күрделі синтаксистік тұтастық. Тізбекті күрделі синтаксистік тұтастық. Күрделі синтаксистік тұтастық және абзац. Абзацтың күрделі синтаксистік тұтастықтан айырмашылығы.

Стилистика ғылымының қалыптасу, даму тарихы. Стилистиканың негізгі бағыттары мен аспектілері. Стилистиканың негізгі ұғым-категориялары. Стилистикалық мағына, оның табиғаты. Стилистикалық парадигма мен синтагматика. Стилистикадағы пішін мен мазмұндық жақтар. Стилистикалық синонимдер. Стилистикалық норма. Стилистикалық қате. Стилистиканың зерттеу әдістері. Сөз өнері мұралары туралы түсінік.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1.А.Айғабылов. Қазақ тілінің морфонологиясы. А., 1995.

2.С.Аманжолов. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. А.,1994.

3.Е.Ағманов. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі.А.,1986.

4.К.Аханов. Грамматика теориясының негіздері. А.,1996.

5.Р.Әміров. Жай сөйлем синтаксисі. А.,1983.

6.З.Базарбаева. Қазақ тілінің интонациялық жүйесі. А.,1996.

7.М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі/ Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. А.,1992.

8.Ш.Бектұров, М.Серғалиев. Қазақ тілі.А.,1994.

9.Б.Сағындықұлы. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. А.,1994.

10.Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А.,1997.

11.А.Джунисбеков.Сингармонизм в казахском языке. А.,1980.

12.Қ.Есенов.Құрмалас сөйлем синтаксисі. А.,1995.

13.Қ.Жұбанов. Қазақ тілінің жоғарғы курсы. А.,1999.

14.Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А.,2010.

15.С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998.

16.Қазақ грамматикасы. Фонетика. Сөзжасам. Морфология. Синтаксис. А.,2002.

17.Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А.,1989.

18.Т.Қордабаев. Қазақ тіл білімінің мәселелері. А.,1991.

19.Т.Қордабаев. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі. А.,1995

20. Қосымова Г. Қазақ тілінің тарихы. А.,2007.

21.С.Мырзабеков. Қазақ тілінің фонетикасы. А.,1993.

22.Т.Сайрамбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. А.,1991.

23.М.Серғалиев, Б.Мүсірепова. Күрделі синтаксистік тұтастық. А.,1989.

24.Ж.Шакенов. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар. А.,1991.

25. Б.Шалабай. Қатысым синтаксисі. А.,1998.


6М021300 – лингвистика мамандығы

бойынша қабылдау емтиханның

СҰРАҚТАРЫ


  1. А.Байтұрсыновтың лингвистикалық мұрасы.

  2. Қ. Жұбановтың лингвистикалық мұрасы.

  3. С. Аманжолов. Құрмалас сөйлем мәселелері жайындағы пікірлер.

  4. Қазақ тілінің лексикология саласының ғылыми негізін қалаудағы Ғ.Мұсабаевтың атқарған қызметі.

  5. А. Ысқақов – қазақ тілінің ғылыми морфологиясының негізін салушы ғалым.

  6. М. Балақаевтың ғылыми синтаксис жүйесін дамытудағы ролі

  7. К. Ахановтың «Грамматика теориясының негіздері» атты еңбегі

  8. А. Қайдаров еңбектеріне талдау

  9. Р. Сыздықова және қазақ әдеби тіл тарихы мәселелері.

  10. Н. Оралбаева. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары.

  11. Тілдердің генеологиялық және типологиялық классификациясы.

  12. Тіл дамуының ішкі және сыртқы факторлары. Тілдің даму кезеңдері.

  13. Тілдер семьясы, оның түрлері. Тіл біліміндегі структурализм, тілдің функционалдық қызметі.

14.Тілдің құрылымдық және функционалдық қызметі

15.Тіл және ойлау. Тіл және сөйлеу.

16. Тілдің танымдық және коммуникативтік қызметі


  1. Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ тілі грамматикасының нұсқалары.

  2. Дыбыс және фонема, олардың ортақ жақтары мен айырмасы.

  3. Дауысты дыбыстар (вокализм), олардың жіктелуі. Дауыссыз дыбыстар (консонантизм), олардың жіктелуі.

  4. Сөз және мағына. Сөз мағынасының түрлері.

  5. Негізгі сөздік қор, оның басты белгілері, сөздік құраммен ара қатынасы. Сөздік құрамның тарихи арналары.

  6. Тұрақты тіркестердің басты белгілері, олардың жеке сөздерге ұқсастығы және олардан айырмашылығы. Тұрақты тіркестердің түрлері

  7. І.Кеңесбаевтың фразеологизмдер жөніндегі зерттеулері.

  8. Қазақ лексикографиясы, зерттелуі. Қазақ тіліне қатысты сөздіктер және оның түрлері.

  9. Кәсіби лексика

  10. Сөзжасамдық тәсілдер. Сөзжасамдық мағына және түрлері.

  11. Сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық саты, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық жұп.

  12. Күрделі сөз. Күрделі сөз құрылымы. Күрделі сөзге тән басты белгілер.

  13. Нөлдік тұлға. Сөздің нөлдік тұлғасы жайлы қазақ тіл біліміндегі көзқарастар.

  14. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық ұғымдардың бірлігі, арақатысы.

  15. Қазақ тіліндегі сөздерді таптастырудың принциптері (А.Ысқақов, т.б.).

  16. Сөз таптарының шығуы мен дамуы

30.Экспрессивті мағыналар, олардың берілу жолдары.

31.Қазақ тілінің диалектілік ерекшеліктері

32.Зат есімнің категориялары

33.Сын есімнің шырай категориясы туралу пікірлері

34.Сан есімнің мағыналық топтары

35.Есімдіктің мағыналық топтары

36. Етістер

37.Етістіктің категориялары

38.Үстеу және түрлері

39.Шылау және түрлері

40.Еліктеуіш сөздер

41.Одағайлар

42. Сөйлемнің негізгі қызметтері. Сөйлемнің өзіне тән белгілері.

43.Сөйлемнің құрамына, формасына және мазмұнына қарай бөлінісі. 44.Атаулы сөйлем–бір негізді сөйлемнің түрі. Атаулы сөйлемдердің тиянақты синтаксистік формасы. Атаулы сөйлемдердің грамматикалық сипаты.

45.Сөйлемнің сөз тіркесінен ажырамайтын белгісі.

46.Синтаксистік байланыс: түрлері, тәсілдері, формалары.

47.Жай сөйлем синтаксисінің қазақ тіл білімінде зерттелуі.

48.Салалас құрмалас сөйлемдер. Мағыналық түрлері.

49.Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Мағыналық түрлері.

50.Көп құрамды құрмаластар, олардың түрлері, жасалу жолдары.

51.Әдеби тіл және норма. Әдеби тіл және ұлттық мәдениет.

52.Стилистика ғылымының қалыптасу, даму тарихы

53.Стилистикалық норма. Стилистикалық қате. Стилистиканың зерттеу әдістері.



54. Айқындауышты сөйлемдер. Қыстырма сөйлемдер. Қыстырынды сөйлемдер. Қаратпалы сөйлемдер.

55. Көсемше оралымды сөйлемдер. Есімше оралымды сөйлемдер.

56. Интонеманың фонемаға қарағанда айырмашылығы.Интонеманың синтагмада көрінуі.

57.Тіл теориясының мән-мағынасы, негізгі проблемалары, күрделі салалары, ол салалардың басқа ғылымдармен байланысы.



58.Морфонология. Оның тілдің басқа салаларынан өзгешелігі. 59.Морфонология – фонетика мен морфологияның жігінде пайда болған тіл білімінің бір саласы.

60.Күрделі синтаксистік тұтастықтың басты белгілері. Оны құрастырушы сөйлемдердің байланысу түрлері.

61. Күрделі синтаксистік тұтастық және абзац.

62.Лексикология. Лексикологияның бөлімдері: ономосиология, семасиология, фразеология, этимология, лексикография.



63.Морфонология бірліктері. Сөз құрылымының ұлғаюы мен ықшамдалуы

64.Тілдің қоғамдық мәні. Мемлекеттік саясат және тіл.



65.Дыбыстық құбылыстар. Протеза. Эпентеза. Элизия. Аферезис. Метатеза. Гаплология.

66.Семасиологияның лингвистика аясындағы орны. Семасиологияның зерттеу объектісі.



67.Ассимиляция–морфемалар жігіндегі көрші дауыссыздардың акустика-артикуляциясы жағынан ұқсас келуі.

68.Денотаттық мағынаның өзіне тән белгісі. Эмоциялық мағына.

69.Тілдің даму кезеңдері.

70.Диссимиляция– дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі.

71.Синтаксистік жүйе. Синтаксистік форма.

72.Тілдің актив және пассив лексикасы, олардың стильдік ерекшеліктері

73.Қазақ тілінің грамматикалық құрылысының аналитикалық сипаты туралы теория. Бұл жөнінде ғылыми зерттеу еңбектер

74.Сөздің нольдік тұлғасы жайлы қазақ тіл біліміндегі көзқарастар

75.Қазақ тілінің грамматика ілімінің қалыптасу кезеңдері, негізгі бағыттары.

76. Қазақ тіл білімінде грамматика теориясына қатысты мәселелердің зерттелуі жайында ғалымдар еңбектері.

77.Аналитикалық және синтетикалық сөз формалары

78.Түбір және аффикс морфемалар. Сөз тудырушы аффикстер

79.Аналитикалық тәсілдің ішкі ерекшеліктері, түрлері

80.Интонация. Интонацияның компоненттері

81.Морфема және сөз формасы, сөз тіркесі және сөйлем.

82.Негізгі морфологиялық ұғымдар. Олардың алуан түрлілігі.

83.Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары мен түрлері.

84.Көп құрамды құрмаластар. Салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлері.

85. Аралас құрмалас сөйлемнің ерікті және тұрақты құрылымы.



86.Сөз бен ұғымның байланысы. Ұғым- логикалық категория, сөз – тілдік категория.

87.Фразеологиялық варианттар және оның түрлері.

88.Сөзжасамның сөз таптарына қатыстылығы

89.Екпіннің сигнификатив және экспрессиялық қызметі

90.Қазақ тіліндегі жалаң және құранды дауыстылар

91. Тілдің шығуы жайлы теориялар.

92. Паралель, тізбекті байланысты күрделі синтаксистік тұтастық.



93. Стилистиканың негізгі бағыттары мен аспектілері.

94. Стилистикалық парадигма мен синтагматика.

95. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ұқсастықтары мен айырмашылық белгілері.

96. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты (С.Исаев).

97. Аралас құрмалас сөйлемнің ерікті және тұрақты құрылымы.



98.Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерге тән басты ерекшелік.

99. Синтаксистік қатынастар және олардың түрлері.

100. Күрделенген жай сөйлемдер және оның түрлері.Айқындауышты сөйлемдер. Қыстырма сөйлемдер. Қыстырынды сөйлемдер.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет