Бекітемін Филология институтының директоры Әбдіғазиұлы Б



Дата10.06.2016
өлшемі136.23 Kb.
#126287
+ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Бекітемін

Филология институтының директоры

____________________Әбдіғазиұлы Б.

«_____» _____________2015 ж.



«6М020500 - Филология» мамандығы бойынша
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы, 2015


Қабылдау емтиханының бағдарламасы:


  • Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы № 261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;

  • ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген «6М020500 - Филология» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.


Құрастырушылар: Шаханова Р.Ә., Балтабаева Ж.Қ., Ильясова Н.А.
Филология мамандықтары кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды:№ ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.


Кафедра меңгерушісі:

___________

Р.Ә.Шаханова


ФИ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

___________


Г.М. Кенжебаева


Қабылдау емтиханының бағдарламасы Филология институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді: № ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.



6М020500 филология

мамандығына магистратураға қабылдау емтиханының

бағдарламасы
Бұл мамандық бойынша магистратураға түсушілерден қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің қазіргі оқу процесіндегі ерекшеліктерін ескеріп, тіл білімінің негізгі ұғымдар жүйесін және тілдің құрылымдық, жүйелік, танымдық болмысы жайлы және тіл білімінің ғылымдар арасында алатын орны, тілдің мәні мен қызметі жайлы, тілдің шығуы мен дамуы жайында, тілдің лексика,грамматика, стилистика салалары жайлы білімін, сондай-ақ мәдени мұралар мен фольклорды, қазақ әдебиетінің тарихын, түркі тілдеріне ортақ әдебиет пен әдебиет теориясы мәселелерін жетік білуін талап етеді. Осы мақсатты көздеген бағдарлама тақырыптары бакалавриаттың стандартына сәйкес кәсіби пәндердің міндетті компоненттеріне енетін «Тіл біліміне кіріспе», «Жалпы тіл білімі», «Қазіргі қазақ тілі» және «Әдебиеттануға кіріспе», «Қазақ әдебиетінің тарихы» пәндерінің типтік бағдарламаларының негізінде жасалды.

Тіл білімінің мәселелері. Тілдердің генеологиялық және типологиялық классификациясы. Тіл теориясының мән-мағынасы, негізгі проблемалары, салалары, ол салалардың басқа ғылымдармен байланысы. Тілдің қоғамдық мәні. Мемлекеттік саясат және тіл. Тілдің негізгі қызметі. Тілдің танымдық және коммуникативтік қызметі. Тіл және ойлау. Тіл және сөйлеу. Тілдің тарихы мен қоғам тарихының байланыстылығы. Тіл дамуының ішкі және сыртқы факторлары. Тілдің шығуы жайлы теориялар. Тілдің даму кезеңдері. Тілдер семьясы, оның түрлері. Тіл біліміндегі структурализм, тілдің функционалдық қызметі. Әдеби тіл және норма. Әдеби тіл және ұлттық мәдениет. Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ тілі грамматикасының нұсқалары. А.Байтұрсыновтың лингвистикалық мұрасы. Қ.Жұбановтың лингвистикалық, әдістемелік мұрасы. К.Аханов. Грамматика теориясының негіздері. А.Ысқақов – қазақ тілінің ғылыми морфологиясының негізін салушы ғалым. М.Балақаевтың ғылыми синтаксис жүйесін дамытудағы ролі, ғылыми мұрасы. Р.Сыздықова және қазақ әдеби тіл тарихы мәселелері. Н.Оралбаева. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары.

Фонетика. Тіл дыбыстарының жасалуы. Дыбыс және фонема, олардың ортақ жақтары мен айырмасы.Дауысты дыбыстар (вокализм), олардың жіктелуі. Дауыссыз дыбыстар (консонантизм), олардың жіктелуі.Буын. Дауыс ырғағы. Екпін. Дыбыстардың өзгерістері.Графика және орфография.

Лексикология. Лексикологияның бөлімдері: семасиология, фразеология, этимология, лексикография. Сөз және мағына. Сөз мағынасының түрлері. Қазақ тілінің сөздңк құрамы,оның қалыптасуы мен дамуы, ерекшеліктері. Негізгі сөздік қор, оның басты белгілері, сөздік құраммен ара қатынасы. Сөздік құрамның тарихи арналары.

Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері. Бейтарап лексика. Сөйлеу тілінің лексикасы. Кітаби лексика. Экспрессивті-эмоционалды лексика.

Тұрақты тіркестердің басты белгілері, олардың жеке сөздерге ұқсастығы және олардан айырмашылығы. Тұрақты тіркестердің түрлері. І.Кеңесбаевтың фразеологизмдер жөніндегі зерттеулері.

Қазақ лексикографиясы, зерттелуі. Қазақ тіліне қатысты сөздіктер және оның түрлері.

Этимологияның өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдары. Этимологияның ғылыми және халықтық түрлері.

Сөзжасам. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Сөзжасамдық тәсілдер. Сөзжасамдық мағына және түрлері. Сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық саты, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық жұп.

Нөлдік тұлға. Сөздің нөлдік тұлғасы жайлы қазақ тіл біліміндегі көзқарастар. Аналитикалық және синтетикалық сөз формалары. Күрделі сөз. Күрделі сөз құрылымы. Күрделі сөзге тән басты белгілер.Сөз таптарының сөзжасамы.Есім сөздердің сөзжасамы. Етістіктің сөзжасамы. Қазақ тілінің сөзжасам саласы бойынша жасалған ғылыми зерттеулер.Н.Оралбаеваның «Қазақ тілінің сөзжасамы» атты еңбегінің маңызы.



Морфология.Тілдің грамматикалық құрылысы – грамматиканың объектісі екендігі. Тілдің грамматикалық құрылысының негізгі единицалары. Морфема – негізгі тілдік единицаның бірі, сипаты, түрлері. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысының аналитикалық сипаты туралы теория. Бұл жөнінде ғылыми зерттеу еңбектер. Қазақ тілінің грамматика ілімінің қалыптасу кезеңдері, негізгі бағыттары. Қазақ тіл білімінде грамматика теориясына қатысты мәселелердің зерттелуі жайында ғалымдар еңбектері

Сөздің морфологиялық құрылымы. Негізгі морфологиялық ұғымдар. Олардың алуан түрлілігі. Қазақ тіліндегі сөздерді таптастырудың принциптері (А.Ысқақов, т.б.). Сөздің грамматикалық мағынасы мен лексикалық мағынасы. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық ұғымдардың бірлігі, арақатысы. Грамматикалық мағынаның берілу түрлері мен тәсілдері. Сөз таптарының шығуы мен дамуы. Қазақ тіліндегі сөз таптары. Бейтарап сөздер.

Сөз тіркесінің зерттелу жайы.Сөз тіркесінің табиғаты және оған тән белгілері. Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формалары туралы көзқарастар. Синтаксистік байланыс: түрлері, тәсілдері, формалары.

Синтаксис. Сөйлем – тілдің негізгі коммуникативтік және құрылымдық-синтаксистік бірлігі екендігі. Сөйлем және байымдау, сөйлем және сөйлеу. Сөйлемнің (актуальды) коммуникативтік мүшеленуі жайлы түсінік. Сөйлем мүшелері және сөз таптары. Сөйлемдердің айтылу мақсаты мен құрылымына қарай түрлері. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем. Жай сөйлем синтаксисінің қазақ тіл білімінде зерттелуі. Жай сөйлемнің күрделену жолдары. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары мен түрлері. Көп құрамды құрмаластар, олардың түрлері, жасалу жолдары. Салалас құрмалас сөйлемдер. Мағыналық түрлері. Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Мағыналық түрлері. Құрмалас сөйлем мәселелері жайындағы пікірлер. С.Аманжоловтың «Қазақ әдеби тіл синтаксисінің қысқаша курсы» атты ғылыми зерттеу жұмысының қазақ тілі синтаксисіндегі маңызы.

Фольклор. Фольклор мен әдебиет: ортақ мәселелері мен өзгешеліктері.Фольклор мұралары мен әдебиет шығармаларының көркемөнерінің салаларымен байланысы.

Фольклорды тегі мен жанрына жіктеу, тарихи зерттеу принциптері.Әлем халықтары мен қазақ фольклоры мұраларының ұқсастықтары.



Әдебиет теориясы. Қазақ фольклорының зерттелу тарихы. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түсінік. Көркем шығарманың тақырыбы. Көркем шығарманың идеясы. Көркем бейне, оған қойылатын талаптар. Көркем бейненің жасалуында қолданылатын негізгі суреттеу тәсілдері.Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті. Композицияның сюжеттен тыс элементтері: пролог, эпилог. Көркем шығарманың тілі.

Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиет (УІ-ХУғғ.). Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиеттің көп ғасырлық тарихындағы үш кезеңі. ҮІ-ІХғғ. Көне түркі әдебиеті ескерткіштері: «Күлтегін», «Тоныкөк», «Қорқыт ата кітабы», «Оғыз наме», Әл-Фарабидің әдеби мұралары. Х-ХПғғ.әдебиет мұралары.(М.Қашқари, Жүсіп Баласағұн, ахмет Иүгінеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. шығармалары. ХШ-ХІУғғ. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет мұралары. «Рабғузи қиссалары, «Кодекс Куманикус», «Мұхаббат наме», «Хұсрау Шырын», «Гүлистан бит-түрки», «Жүсіп-Зылиха», «Түрік шежіресі», «Шежірелер жинағы, «Бабыр-наме», т.б. шығармалар.

Қазақ әдебиетінің тарихы. Жыраулар поэзиясы.Қазақ хандығы мемлекетінің қалыптасуы мен дамуындағы жыраулар поэзиясының тарихи-әлеуметтік, шығармашылық қызметі. Жырау мен жыршы.

Жыраулар поэзиясының өзіндік қалыптасу кезеңіндегі жыраулар мұралары. ХУ-ХУПғғ. жыраулар (Қазтуған, Асан Қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа). ХУШ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ақын-жыраулар мұралары. (Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар, Көтеш, Шал).

Қазақ хандығы дәуірі әдебиетінің ұлттық әдеби үдерістегі маңызы.ХІХғ. қазақ әдебиеті дамуының мазмұнындағы романтизм, реализм көркемдік әдістерінің көріністері.Дәстүрлі әдебиет өкілдерінің мұрасы, жанрлары (ХІХғ.) ХІХ ғасыр дәстүрлі әдебиетіндегі лирикалық-дидактикалық өлеңдер мен эпикалық шығармалар. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі зар заман ақындары поэзиясы. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі ақындар айтыстары.ХІХ ғасырдағы жаңа реалистік жазба әдебиет жанрлары: лирикалық, сатиралық өлеңдер, поэмалар, прозалық туындылар.

Абайдың лирикалық өлеңдері.Абайдың поэмалары. Абайдың көркем аудармалары.Абай қарасөздерінің жанрлық түрлері, тілі, стилі.Абайтану ғылымының қалыптасу, даму тарихы. Хакім Абайдың ақындық айналасы, мектебі.



ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктері.ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драматургия жанры қалыптасуындағы алғашқы қадамдар

ХХ ғасыр басындағы әдеби сын, аударма үрдісінің, көсемсөз жанрының пайда болуы, дамуы.ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық бағыттағы ақындар. ХХ ғасыр басындағы ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар.1916 жылғы ұлттық-азаттық қозғалысына байланысты туған әдебиет. ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі роман жанры шығармаларының поэтикалық ерекшеліктері. ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі романтизм, сыншыл реализм көркемдік әдістері көріністері.



Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеті. 1917-1940 жылдардағы қазақ әдебиеті. Қазақ әдебиетіндегі А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов негізін салған прогресшіл бағыт. Шығармалары.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ әдебиеті (1941-1945). Ж.Жабаевтың, Ә.Тәжібаевтың, Қ.Аманжоловтың, Ә.Сәрсенбаевтың шығармалары.1946-1960 жылдардағы қазақ әдебиеті. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, А.Шамкенов, Ә.Ахметов, І.Мәмбетов, Т.Бердияров т.б. шығармалары.1960-1990 жылдардағы әдебиет. М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы, Т.Ахтанов, Қ.Қайсенов, Ә.Нұршайықов, М.Мағауин, Д.Исабеков, Ә.Кекілбаев шығармаларындағы жанрлық, стильдік ізденістер.20ғ. 90-жылдардағы қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктері. (Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті).

Қазақстан Республикасындағы «Мәдени мұра» бағдарламасы және оның қазақ әдебиетін дамытудағы ықпалы.
Пайданылатын әдебиеттер:
1.Аханов .Тіл білімінің негіздері. А., 1993.

2.Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А.,1996.

3.Әуезов М. Әдебиет тарихы. – А., 1991.

4.Әшірбеков М. Сөздегі дыбыстардың қарм-қатынасы. –А., 1975.

5.Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ.К. Жалпы тіл білімі. А.,2004.

6.Қордабаев Т. Тіл білімінің мәселелері. – А., 1991.

7.Балақаев М.,Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А.,1974.

8.Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1982.

9.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. – А., 1993.

10.Нұрғали Р. Әдебиет теориясы. Астана, 2003

11.Ысқақов А. Қазаіргі қазақ тілі. – А., 1971.

12.Хасенов К. Тіл білімі теориясы мен практикалық мәселелері. – А., 1992.

13.ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясы. – А., 1987

14. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. А.,1997.

15.Сүйіншәлиев ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – А., 1989

16.Сыдықов Қ. Көркемдік өрнектер. – А., 1992



6М020500 филология

мамандығына магистратураға қабылдау емтиханының

сұрақтары
Бағдарлама сұрақтары кәсіби пәндердің міндетті компоненттеріне енетін «Тіл біліміне кіріспе», «Жалпы тіл білімі», «Қазіргі қазақ тілі» және «Әдебиеттануға кіріспе», «Қазақ әдебиетінің тарихы» пәндерінің типтік бағдарламаларының негізінде жасалды. Бағдарлама сұрақтары міндетті пәндердің негізгі мазмұнын қамтиды, қазақ тіл білімінің жаңа бағыттарын, қазақ әдебиетінің тарихы мен әдебиет теориясын, қазіргі ғылыми парадигмасын және филологиялық термин-түсініктердің анықтамалық ережелерін тірек етіп алады. Филология мамандығына магистратураға түсушілердің білім деңгейін және ғылыми дайындығын анықтауға мүмкіндік береді.


  1. А.Байтұрсыновтың лингвистикалық мұрасы.

  2. Қ. Жұбановтың лингвистикалық, әдістемелік мұрасы.

  3. С. Аманжолов. Құрмалас сөйлем мәселелері жайындағы пікірлер.

  4. Қазақ тілінің лексикология саласының ғылыми негізін қалаудағы Ғ.Мұсабаевтың атқарған қызметі.

  5. А. Ысқақов – қазақ тілінің ғылыми морфологиясының негізін салушы ғалым.

  6. М. Балақаевтың ғылыми синтаксис жүйесін дамытудағы ролі

  7. К. Ахановтың «Грамматика теориясының негіздері» атты еңбегі

  8. А. Қайдаров еңбектеріне талдау

  9. Р. Сыздықова және қазақ әдеби тіл тарихы мәселелері.

  10. Н. Оралбаева. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары.

  11. Тілдердің генеологиялық және типологиялық классификациясы.

  12. Тіл дамуының ішкі және сыртқы факторлары. Тілдің шығуы жайлы теориялар. Тілдің даму кезеңдері.

  13. Тілдер семьясы, оның түрлері. Тіл біліміндегі структурализм, тілдің функционалдық қызметі.

  14. Тілдің құрылымдық және функционалдық қызметі

  15. Тілдің танымдық және коммуникативтік қызметі

  16. Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ тілі грамматикасының нұсқалары.

  17. Дыбыс және фонема, олардың ортақ жақтары мен айырмасы.

  18. Дауысты дыбыстар (вокализм), олардың жіктелуі. Дауыссыз дыбыстар (консонантизм), олардың жіктелуі.

  19. Сөз және мағына. Сөз мағынасының түрлері.

  20. Негізгі сөздік қор, оның басты белгілері, сөздік құраммен ара қатынасы. Сөздік құрамның тарихи арналары.

  21. Тұрақты тіркестердің басты белгілері, олардың жеке сөздерге ұқсастығы және олардан айырмашылығы. Тұрақты тіркестердің түрлері

  22. І.Кеңесбаевтың фразеологизмдер жөніндегі зерттеулері.

  23. Қазақ лексикографиясы, зерттелуі. Қазақ тіліне қатысты сөздіктер және оның түрлері.

  24. Кәсіби лексика

  25. Сөзжасамдық тәсілдер. Сөзжасамдық мағына және түрлері.

  26. Сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық саты, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық жұп.

  27. Күрделі сөз. Күрделі сөз құрылымы. Күрделі сөзге тән басты белгілер.

  28. Нөлдік тұлға. Сөздің нөлдік тұлғасы жайлы қазақ тіл біліміндегі көзқарастар.

  29. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық ұғымдардың бірлігі, арақатысы.

  30. Қазақ тіліндегі сөздерді таптастырудың принциптері (А.Ысқақов, т.б.).

  31. Сөз таптарының шығуы мен дамуы

  32. Зат есімнің категориялары

  33. Сын есімнің шырай категориясы туралу пікірлер

  34. Етістіктің категориялары

  35. Сөйлемнің сөз тіркесінен ажырамайтын белгісі.

  36. Синтаксистік байланыс: түрлері, тәсілдері, формалары.

  37. Жай сөйлем синтаксисінің қазақ тіл білімінде зерттелуі.

  38. Салалас құрмалас сөйлемдер. Мағыналық түрлері.

  39. Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Мағыналық түрлері.

  40. Көп құрамды құрмаластар, олардың түрлері, жасалу жолдары.

  41. Әдеби тіл және норма. Әдеби тіл және ұлттық мәдениет.

  42. Стилистика ғылымының қалыптасу, даму тарихы.

  43. Фольклор мен әдебиет: ортақ мәселелері мен өзгешеліктері.

  44. Әдебиеттің көркемөнер салаларымен байланысы.

  45. Фольклорды тегі мен жанрына жіктеу, тарихи зерттеу принциптері.

  46. Әлем халықтары мен қазақ фольклоры мұраларының ұқсастықтары.

  47. Қазақ фольклорының зерттелу тарихы.

  48. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түсінік.

  49. Көркем шығарманың тақырыбы.

  50. Көркем шығарманың идеясы.

  51. Көркем бейне, оған қойылатын талаптар.

  52. Көркем бейненің жасалуында қолданылатын негізгі суреттеу тәсілдері.

  53. Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті.

  54. Композицияның сюжеттен тыс элементтері: пролог, эпилог.

  55. Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиет (УІ-ХУғғ.).

  56. Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиеттің көп ғасырлық тарихындағы үш кезеңі.

  57. ҮІ-ІХғғ. Көне түркі әдебиеті ескерткіштері: «Күлтегін», «Тоныкөк», «Қорқыт ата кітабы», «Оғыз наме», Әл-Фарабидің әдеби мұралары.

  58. Х-ХПғғ.әдебиет мұралары.(М.Қашқари, Жүсіп Баласағұн, ахмет Иүгінеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. шығармалары.

  59. ХШ-ХІУғғ. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет мұралары. «Рабғузи қиссалары, «Кодекс Куманикус», «Мұхаббат наме», «Хұсрау Шырын», «Гүлистан бит-түрки», «Жүсіп-Зылиха», «Түрік шежіресі», «Шежірелер жинағы, «Бабыр-наме», т.б. шығармалар.

  60. Қазақ хандығы мемлекетінің қалыптасуы мен дамуындағы жыраулар поэзиясының тарихи-әлеуметтік, шығармашылық қызметі. Жырау мен жыршы.

  61. Жыраулар поэзиясының өзіндік қалыптасу кезеңіндегі жыраулар мұралары.

  62. ХУ-ХУПғғ. жыраулар (Қазтуған, Асан Қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа).

  63. ХУШ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ақын-жыраулар мұралары. (Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар, Көтеш, Шал).

  64. Қазақ хандығы дәуірі әдебиетінің ұлттық әдеби үдерістегі маңызы.

  65. ХІХғ. қазақ әдебиеті дамуының мазмұнындағы романтизм, реализм көркемдік әдістерінің көріністері.

  66. Дәстүрлі әдебиет өкілдерінің мұрасы, жанрлары (ХІХғ.)

  67. ХІХ ғасыр дәстүрлі әдебиетіндегі лирикалық-дидактикалық өлеңдер мен эпикалық шығармалар.

  68. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі зар заман ақындары поэзиясы.

  69. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі ақындар айтыстары

  70. ХІХ ғасырдағы жаңа реалистік жазба әдебиет жанрлары: лирикалық, сатиралық өлеңдер, поэмалар, прозалық туындылар.

  71. Абайдың лирикалық өлеңдері мен поэмалары

  72. Абайдың көркем аудармалары

  73. Абай қарасөздерінің жанрлық түрлері, тілі, стилі.

  74. Абайтану ғылымының қалыптасу, даму тарихы.

  75. Хакім Абайдың ақындық айналасы, мектебі.

  76. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктері

  77. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драматургия жанры қалыптасуындағы алғашқы қадамдар

  78. ХХ ғасыр басындағы әдеби сын, аударма үрдісінің, көсемсөз жанрының пайда болуы, дамуы.

  79. ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық бағыттағы ақындар

  80. ХХ ғасыр басындағы ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар.

  81. 1916 жылғы ұлттық-азаттық қозғалысына байланысты туған әдебиет.

  82. ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі роман жанры шығармаларының поэтикалық ерекшеліктері.

  83. ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі романтизм, сыншыл реализм көркемдік әдістері көріністері.

  84. Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеті. 1917-1940 жылдардағы қазақ әдебиеті

  85. Қазақ әдебиетіндегі А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов негізін салған прогресшіл бағыт. Шығармалары.

  86. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ әдебиеті (1941-1945). Ж.Жабаевтың, Ә.Тәжібаевтың, Қ.Аманжоловтың, Ә.Сәрсенбаевтың шығармалары.

  87. 1946-1960 жылдардағы қазақ әдебиеті. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, А.Шамкенов, Ә.Ахметов, І.Мәмбетов, Т.Бердияров т.б. шығармалары.

  88. 1960-1990 жылдардағы әдебиет. М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы, Т.Ахтанов, Қ.Қайсенов, Ә.Нұршайықов, М.Мағауин, Д.Исабеков, Ә.Кекілбаев шығармаларындағы жанрлық, стильдік ізденістер.

  89. 20ғ. 90-жылдардағы қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктері. (Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті).

  90. Қазіргі қазақ прозасы мен поэзиясы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет