«бекітемін» Жұмыс оқу жоспарлары және


Әскери және қорғаныс обьектілеріне, әскери қызметтерге қойылатын экологиялық талаптар



бет31/68
Дата02.01.2022
өлшемі1.4 Mb.
#453433
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68
УМК нормалау

Әскери және қорғаныс обьектілеріне, әскери қызметтерге қойылатын экологиялық талаптар.

ҚР заңында бекітілген экологиялық талаптар тек Қазақстан Республикасының заңына сәйкес төтенше жағдайлардан басқа уақытта әскери және қорғаныс обьектілеріне де, әскери қызметтеріне де толықтай қатысты. ҚР-ның заңдарына сәйкес басқа органдар сияқты, әскери органдар да қоршаған орта мен адам денсаулығына зиян келтіретін әсерлерді келтірмеуі тиіс. Ал болған күнде оның зардаптарын жою, оны қалпына келтіруі қажет.



Жердің озон қабаты мен климатын қорғауға қойылатын талаптар.

Бұл талаптар жобалау кезінде орындалуымен қатар шаруашылық қызметі кезінде де орындалуы қажет. Олардың орындалуы төмендегілермен қамтамасыз етіледі: климаттың күйінің өзгеруін есепке алу, бақылау, шаруашылық қызмет пен басқа процестердің озон қабатының өзгерістеріне әсерін белгілеу; зиянды заттардың қоршаған ортаға шығарылуы мен ағызылуының нормативтерінің белгіленуі және орындалуының озон қабаты мен климатқа әсері; өнеркәсіп не тұрмыста озон қабатының жұқаруына әсер ететін химиялық заттардың өндірісін реттеу, бұл атап өтілген талаптарды бұзушыларға қойылатын жауапкершіліктің арттырылуы.

Жердің озон қабаты мен климатты қорғау ҚР-ның заңдарында және халықаралық келісім шарттарға сәйкес, әрі Қазақстан Республикасы тарапынан бекітілген (ратификацияланған) құжаттарға сәйкес орындалады.

Халықаралық келісім-шарттар бойынша министрліктер мен ведомствалар, мекемелер озон қабатына зиянды әсер ететін химиялық заттардың өндірісі мен қолданылуын азайтуды жоспарлап, ал содан соң түгелдей тоқтатуы қажет. Жердің озон қабатына зиянды әсер ететін химиялық заттар тізімі ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті органдары тарапынан жасалып бекітіліп, барлық тиісті органдарға хабарландырылады. Озон қабатына зиянды әсер ететін химиялық заттарды өндіру немесе қолдануда белгіленген тәртіппен шарттарды бұзу, ол өндіріс орының немесе обьектінің мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізген соң ҚР мемлекеттік өкілетті органдары тарапынан технологиялық тізбектердің, цехтардың, агрегаттар мен қондырғылардың жобалануы, немесе қызметінің уақытша тоқтатылуы, немесе түгелдей тоқтатылуы туралы шешім қабылданады.

Сонымен, қоршаған ортаға, елеулі әсер ететін жобаларды зерттеу және іске асыруға қойылатын талаптар экологиылық сараптаманы жүргізуде жалпы және маңызды экологиялық талаптар болып табылады.

Бұл талаптар бойынша қоршаған табиғи орта мен адам денсаулығына қайтымсыз зардаптар шектіре алатын, өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық қорын жоя алатын. Жердің озон қабаты мен климатқа зиянды өзгерістер келтіретін, табиғаттағы жоғары өнімді экологиялық жүйелердің табиға тепе-теңдігінің бұзылуына немесе қирауына жол беретін салаларды зерттеуге немесе іске асыруға қатаң түрде тиым салынады.

Жоғарыда аталған экологиялық талаптардың барлығы нормативтер жүйесіне негізделіп, ҚР қоршаған ортаны қорғау заңының VIII тарауының 35-42 баптарында қарастырылған, және қоршаған ортаның сапасын өзгертетін нормативтер шекті мөлшерлік концентрация ШМК (ПДК), шекті мөлшерлік деңгей ШМД (ПДВ), зиянды әсерлердің шектік нормативтері, шекті мөлшерлік шығарылым ШМШ (ПДВ), мейлінше шектелген ағызылым МША (ПДС), табиғатқа мейлінше мүмкін болатын шекті жүктеме ММБШЖ (ПДН) және т.б. шығарылымдар мен ағызылымдарды және басқа да қоршаған ортаға әсерлерді жоспарлау мен іске асырылулар, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілуі нәтижесіне қарай шектелуі, азаюы немесе ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті органдар және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан тоқтатылуы да мүмкін.

Бұл нормаларға зиянды заттардың шекті мөлшерлік концентрация (37-бап) шекті мөлшерлік деңгей, физикалық әсерлер, шу, тербеліс, магнит өрісі (39-бап), радиациялық әсер (40-бап), ауыл шаруашылығында қолданылатын химиялық заттар (41-бап), азық –түлік құрамында болатын химиялық заттардың артық мөлшері және т.б. жатады.

Нормалардың әрбір өндіріс түріне қарай ауыл шаруашылығында мелиорация, өнеркәсіпте – энергетика, радиоактивтілік қызметте халық шаруашылығында қолданылатын химиялық және биологиялық заттар, зиянды физикалық әсерлері бар обьектілер, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтар көздері, әскери және қорғаныс обьектілері болып жіктеледі.

Экологиялық сараптама кезінде ескерілетін барлық экологиялық талаптар нормативті-құқықтық құжаттар сарапталатын обьектінің өрбу сатысына сәйкес келетіндей топталады. Оларға нормативті құжатты зеттеу дайындау (жоба алды жұмыстар обьектінің орналасу орыны) жобалау құжаттарындағы негіздемелер, техникаға, сертификатты негіздеме, технологиялар мен материалдарға негіздемелер, рұқсат лицензияларға негіздемелер әртүрлі қызмет түрлеріне келісімдер және т.б.

Экологиялық талаптардың негіздеме құжаттарын дайындау қажетті құжаттар шаруашылық және басқа қызметтердің экологиялық негіздемелері нұсқауында (инструкциясында) келтірілген (ҚР жобаларды және жобалауда мемлекеттік экологиялық сараптам жұмыстарын жүргізу нұсқауы, 12.02.1997жыл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет