«Бекітемін» Жұмыс оқу жоспарларымен бағдарламалар комитетінің төрағасы



Дата25.06.2016
өлшемі218.38 Kb.
#157885
«Бекітемін»

Жұмыс оқу жоспарларымен

бағдарламалар комитетінің төрағасы

________________________________

«____» «________________» 20__ж.

Элективті пәндер тізімі

2011-2012 оқу жылы
Факультет: Физика-математика

Кафедра: «Информатика және ИОӘ»

Мамандықтың шифрі мен атауы: 5В060200 (050602)- Информатика
Элективті пәндер (таңдау бойынша)



Циклы

ТК №

Пәндердің атауы



Кредит саны

Семестр

1 курс

1

БП

1

а) Информатиканың теориялық негіздері

б) Ақпараттық технологиялар



3

2

2

БП

2

а) Программалау

б) Алгоритмдер және деректер структурасы



3

2

3

БП

3

а) Дискретті математика

б) Динамикалық программалау негіздері



3

2



1а Пәннің атауы: Информатиканың теориялық негіздері

Пререквизиттер: Компьютер сәулеті, Есептеуіш жүйелерінің сәулеті

Постреквизиттер: Соңғы автоматтар

Игеруі тиіс: Ақпараттар теориясы, цифрлы автоматтар, алгоритмдер және т.с.с тараулардың фундаментальды ұғымдарымен білу; алгоритмдердiң күрделiлiгi және тиiмдiлiгiн бағалау әдiстерiн үйрену; ақпараттық модельдеу методологиясын меңгеру.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Есептеуіш машиналар және желілер. ЭЕМ-нің типтік схемалары. Оперативті жады. Командалар мен берілгендер. ЭЕМ-нің орталық процессоры. Регистрлер, кодтар. Жадты басқару.

Бағдарламаның жетекшілері: Жүсіпбек Б.К.
1б. Пәннің атауы: Ақпараттық технологиялар

Пререквизиттер: Информатика, Операциялық жүйелер, ДЭЕМ-дегі практикум, Компьютер сәулеті

Постреквизиттер: Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі

Игеруі тиіс: Қолданбалы және сервистік программалармен жұмыс істеу; графикалық интерфейсті меңгеру; негізгі және перифериялық жұмысты меңгеру; жаңа мультимедия технологиялардың жұмыс принципін меңгеру.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Ақпараттық технологиялардың инструментальді негіздері. Ақпараттық технологиялардың жадылары. Ақпараттық технологиялардың ішкі және сыртқы байланыс орнату, қамсыздандыру құралдары. Компьютерлік вирустармен күресудің автоматтандырылған жолдары. Антивирустар және олардың түрлері. Архиватор-программалар және олардың түрлері. Ақпаратты енгізудің автоматтандырылған жолдары. Графикалық ақпаратты өңдеудің принциптері. Компьютерлік жүйелер және ақпаратты қорғау. Операциялық жүйенің реестрі және дискінің бейнесі ұғымдары. Компьютерлік технологиялар және ақпараттың бейнеленуі. USB- универсалды тізбекті шина, инфрақызыл порт- IrDA. Bluetootth- технологиясы. Интерактивті тақтаның негізгі түсініктері, жұмыс істеу принципі. ACTIVstudio-ның аспаптар тақтасы мен функционалдық мүмкіндіктері. ACTIVstudio-да жұмыс жасау.

Бағдарламаның жетекшілері: Жарменова Б.Қ.


2а. Пәннің атауы: Программалау

Пререквизиттер: Информатика

Постреквизиттер: Программалау технологиясы және тілдер, Қолданбалы программалық қамсыздандыру.

Игеруі тиіс: ақпаратты сипаттау және өңдеу, оның құрылымы мен түрлерiн талдау әдiстерiн бiлуi тиiс; басқарушылық сипаттағы есептердi компьютер көмегiмен шешудiң алгоритмдерi мен программаларын жасау әдiстерiн меңгеруi тиiс; дербес компьютермен, операциялық жүйелермен, түрлi редакторлармен, кестелiк процессорлармен, деректер қоймасын басқару жүйелерiмен, қолданбалы программалар пакетiмен жұмыс iстеу дағдыларын қалыптастыруға және компьютерлiк желi қызметiн қолдана бiлуге тиiс; деректер қоймаларын, ақпараттық жүйелерiн жобалау және жасауды үйрену.

Бағдарламаның қысқаша курсы:

Паскаль программалау тiлi. Стандартты функцияларды пайдаланып арифметикалық өрнектердi Паскаль тiлiнде жазу. Тармақталу командасы. Процедура. Функция. Сызықтық массивтер. Массив элементтерiн iздеу, сорттау. Матрицалармен жұмыс. Матрицаларды қосу. Графикалық режим. Түстер. Негiзгi операторлар. Графикалық режим. Суреттер салу. Қозғалту. Жолдық тұрақтылармен жұмыс.Салыстыру. Реттеу. Программалар құру

Бағдарламаның жетекшілері: Мукеева Г.И.
2б. Пәннің атауы: Алгоритмдер және деректер структурасы

Пререквизиттер: Информатика, Берілгендер қоры

Постреквизиттер: Web- дизайн, Қолданбалы программалық қамсыздандыру

Игеруі тиіс: Алгоритмдік проблемалар технологиясы туралы түсінік болуы; программалау тілдерінің парагматикасы туралы түсінік болуы; формальдау проблемалары туралы түсінік болуы; алгоритмдердің күрделілігі тиімділігін бағалай білу; граматикалар, граматикаларды классификациялауды білу; бағдарлама өнімдерін құру кезеңдері туралы түсінік болу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Алгоритмдер. Программаларды өңдеу технологиялары және оларды алгоритмдік тілдерде қолдану. Ақпараттық технологиялар негізінде есептерді шешу. Сорттау процедурасы. Берілгендерді, өрнектерді, функциялар мен процедураларды бейнелеу.

Бағдарламаның жетекшілері: Ибрагимова Н.Ж.

3а. Пәннің атауы: Дискретті математика

Пререквизиттер: Математикалық талдау, Алгебра, Физика, Программалау тілдері

Постреквизиттер: Алгоритмдер теориясы, Логикалық бағдарламалау, Алгоритмдер теориясы, Информатиканың теориялық негіздері, Жасанды интеллект.

Игеруі тиіс: Дискреттi математиканың, комбинаториканың әдiстерiн меңгеру; графтар мен құпиялар теориясының ұғымдарын білу; формальды қорыту және дәлелдеу әдiстерiмен танысу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Жиындар және олардың берілу тәсілдері. Жиындарға қолданылатын амалдар. Қатынастар және функциялар. Арнайы бинарлық қатынастар. Пiкiрлер логикасының формулалары және алфавитi. Формулалардың тең күштiлiгi. Формулалардың қалыпты түрi. Дизъюнктивтi қалыпты форма. Конъюнктивтi қалыпты форма. Графтар және оларды беру түрлері. Графтар теориясының негiзгi анықтамалары және негiзгi ұғымдары. Транзитті тұйықталу. Тікелей және кері транзитті тұйықталу. Графтардың қол жетімділігі. Графтардағы жолдар мен циклдар.Графтардағы маршрут іздеу. Тэрри алгоритмі.



Бағдарламаның жетекшілері: Жарменова Б.
3б. Пәннің атауы: Динамикалық программалау негіздері

Пререквизиттер: Программалау, Информатика.

Постреквизиттер: Программалау технологиясы және тілдер, Қолданбалы программалық қамсыздандыру.

Игеруі тиіс: àºïàðàòòû ñèïàòòàó æ¸íå ¼»äåó, îíû» º½ðûëûìû ìåí ò¾ðëåðií òàëäàó ¸äiñòåðií áiëói òèiñ; áàñºàðóøûëûº ñèïàòòà¹û åñåïòåðäi êîìïüþòåð ê¼ìåãiìåí øåøóäi» àëãîðèòìäåði ìåí ïðîãðàììàëàðûí æàñàó ¸äiñòåðií ìå»ãåðói òèiñ.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Дербес компьютердің программалық қамтамасыздандыруы туралы түсінік. Программалауды автоматтандырудың құралдары. Алгоритмдік тілдер және оларға қойылатын талаптар. Процедуралық бағытталған тілдер мен объектіге бағдарлы программалау туралы түсінік. Пайдаланушы мен ДК-дің арасындағы қарым-қатынасын ұйымдастыратын тәсілдер. Программалаудың интегралданған орталары. Алгоритм туралы түсінік. Алгоритмді бейнелеу тәсілдері. Алгоритм сұлбаларын құру тәртібі. Алгоритмдер құрылымдарының түрлері. Сызықты және тармақталған құрылымды алгоритмдер. Циклдік құрылымдар. Циклдік құрылымды алгоритмді ұйымдастыру. Қайталау саны берілген циклдік құрылымдарының алгоритмдері. Тармақталған құрылымды алгоритмдерді программалау. Циклдік құрылымды алгоритмдерді программалау. Ішкі циклдерді құрастыру (сандық массивтерді өңдеу, массив элементтерін өңдеу есептерінің мысалдары негізінде). Жолдық мәліметтер. Жолдық және жазбалар түрінде мәліметтерді өңдеу есептерін программалау. Ішкі программаларды анықтау
тәсілдері және оларды программа құрамында пайдалану.

Бағдарламаның жетекшілері: Шамсиева Н.





Циклы

ТК №

Пәндердің атауы



Кредит саны

Семестр

2 курс

1

ЖББП

1

а)Адам өмірі қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау

б)Еңбекті қорғаудың ұйымдастыру мәселелері



1

3

2

БП

1

а) Autocad және кредо негіздері

б) Эксперттік жүйелер



2,1

3,4

3

БП

2

а) Дербес ЭЕМ-гі практикум

б) Компьютерлік математика



3

4

4

КП

1

а) Анимациялық технологиялар негіздері

б) Автоматтандырылған жобалаудың инструментальді құралдары



3

4



1а. Пәннің атауы: Адам өмірі қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау (ЖББП цикліне қараңыз)

Пререквизиттер:

Постреквизиттер:

Бағдарламаның қысқаша курсы:

Бағдарламаның жетекшілері: Нурымова Р.
1б. Пәннің атауы: Еңбек қорғаудың ұйымдастыру мәселелері (ЖББП цикліне қараңыз)

Пререквизиттер:

Постреквизиттер:

Бағдарламаның қысқаша курсы:

Бағдарламаның жетекшілері: Нурымова Р.
2а. Пәннің атауы: AutoCad негіздері

Пререквизиттер: Информатика, Компьютерлік графика

Постреквизиттер: Web- дизайн, Қолданбалы программалық қамсыздандыру, Анимациялық технология негіздері, Электрондық оқу кешендерін құру технологияларын меңгеру.

Игеруі тиіс: Сызбаларды құруды, сызуды және план түрдегі сызба нәтижесін АutoCAD бағдарламасында оңай жасауды үйрену. AutoCAD бағдарламасын үйрену барысында мамандар болашақта жедел жобалауды үйренедi және сызбалар, жобаларды электрондық почтамен интернет жүйесi арқылы алыстағы орындаушыларға жiберiп, нақты объектiлердi жобалаудың орындалу мерзiмiн тездетедi.

Бағдарламаның қысқаша курсы: САПР-дың қазіргі жағдайы. Поляр координата жүйесі. Ығысу әдісі. Бақылау әдісі. Обьектілерді таңдау және байланыстыру. Өңдеу командалары. Қабаттар және олармен жұмыс. өлшемдерді берудің негізгі әдістері. Үшөлшемді модельдермен жұмыс жасау, үшөлшемді модельдерді баспаға жіберу.

Бағдарламаның жетекшілері: Балмаханов А.
2б. Пәннің атауы: Эксперттік жүйелер

Пререквизиттер: Жасанды интеллект негіздері

Постреквизиттер: Роботтық техника

Игеруі тиіс: Пролог тілін меңгеру; роботтық техника негіздерін білу; эксперттік жүйелердің қарапайым есептерін шешу; эксперттік жүйелердің білім қорын модельдеуді үйрену.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Жасанды интеллект жүйелерінің негіздері. Эксперттік жүйелерді құру және қолдану әдістері. Жаңа ақпараттық технологиялар әдістері мен құрылғылары. Жасанды интеллект жүйелерінің программалық және аппараттық құрылғылары. Эксперттік жүйелердің білім қорын модельдеу. Эексперттік жүйелер классификацялары. Эксперттік жүйелерді дайындау этаптары. Шешім қабылдауға қабілетті жүйе әзірлеу жолдары.

Бағдарламаның жетекшілері: Аубакирова Ж.Қ
3а. Пәннің атауы: Дербес ЭЕМ-дегі практикум

Пререквизиттер: Информатика, Математикалық анализ, Алгебра, Компьютерлік математика.

Постреквизиттер: Сандық әдістер, Тиімділік әдістері.

Игеруі тиіс: Логикалық және алгоритмдік ойлауды жетілдіру; математикалық есептеулерді шешу мен зерттеудің негізгі әдістерін меңгеру; нақтылы шындықты математикалық әдістерін меңгеру; математикалық білімін өздігінен жетілдіруді қамтамасыз ету және қолданбалы есептерге математикалық талдауды жүргізуге дағдыландыру.

Бағдарламаның қысқаша курсы: MATLAB интерфейсінің негіздері. Сандар векторлар және матрицаларға қолданылатын қарапайым амалдар. Арнайы есептеулер. Математикалық функцияларды есептеу. Векторлар мен матрицалар алгебрасы. Есептеудің визуалдануы. Үш өлшемді графика. Екі айнымалы функцияның визуалдануы. Беттерді тұрғызу. Контурлы графиктерді құру. Нүктенің траектория бойымен қозғалуы. Графиктерді интерактивті редактрлеу. Теңдеулерді шешудің алгоритмі мен технологиялары. Дифференциалдық теңдеулерді шешу. Интегралдарды есептеу. Интерполяцияның әдістері мен компьютерлік технологиясы. Басқару есептері. MATLAB – тағы m-файлдар.

Бағдарламаның жетекшілері: Жүсіпбек Б.
3б. Пәннің атауы: Компьютерлік математика

Пререквизиттер: Алгебра. Математикалық талдау. Дискретті математика. Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика. Программалау тілдері.

Постреквизиттер: Сандық әдістер. Тиімділік әдістері. Операцияны зерттеу.

Игеруі тиіс:Арифметикалық есептер жүргізу және айнымалылары бар өрнектердің мәнін есептеуді білу; функция мәндерінің таблицасын жасауды үйрену; функцияның графиктерін тұрғызуды білу; векторлар мен матрицаларға амалдар қолдануды, функциялардың туындыларын табуды, шектер мен интегралдарды есептеуді, дифференциалдық теңдеулерді шешу;

Бағдарламаның қысқаша курсы: Компьютерлік матаматикаға кіріспе. Maple жүйесінің интерфейсі, сұхбат режимінде жұмыс істеу, программа терезесі, математикалық өрнектердің форматы, символды есептеулер, график сызу құралдары. Операторлар мен операндалар түрлері, математикалық функциялар, векторлар, матрицалар, қатарлар, берілгендермен жұмыс, қолданушы функциясы мен процедурасын жасау, шартты операторлар, циклдармен жұмыс, модулдар мен макростар. Математикалық талдау. Қосындыны есептеу, туындыны табу, функция дифференциалы мен интегралын есептеу, теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу, функция шегін табу, қатарларға жіктеу, мат.статистика есептерін шешу, есептерді сандық әдіспен шешу жолдары. График салу. Екі өлшемді графиктер салу, бірнеше функция графигін бір координата осіне салу, үш өлшемді графиктер салу, графиктердің кеңейтілген құралдарын қолдану, анимация жасау. Математикалық пакеттер. Maple-дің негізгі пакеттері, интегралды есептеу пакеттері, сызықты алгебра пакеті. Ғылыми-техникалық есептер. Күрделі функцияларды есептеу, физикалық құбылыстарды модельдеу, электронда схемаларды моделдеу және сандық есептеулер жүргізу.

Бағдарламаның жетекшілері: Аубакирова Ж.Қ.
4а. Пәннің атауы: Анимациялық технологиялар негіздері

Пререквизиттер: Сызу, Информатика, Компьютерлік графика.

Постреквизиттер: Барлық арнайы пәндер

2 және 3 өлшемді графикамен жұмыс істеу дағдыларын кеңейтіп, олармен түрлі анимациялық әрекеттер орындауды жүзеге асыра білу; компьютерлік анимация облысының негізгі принциптері мен жұмыс істеу негіздерін меңгеру; компьютерлік анимацияда жиі пайдаланылатын дағдыларын қалыптастыру.



Игеруі тиіс:

- Сцена құру;

-Программа интерфейсімен жұмыс жасай білу;

- Проекция терезесімен жұмыс жасай білу;

- Обьектілермен жұмыс жасай білу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Модельдеу этаптары. 3ds max прпограммасы. Программа интерфейсі, қарапайым элементтері. Файлдармен жұмыс. Терезе түрлері және олармен жұмыс. Обьектілермен жұмыс жасау. Қарапайым және күрделі примитивтер. Сплайн түріндегі формаларды жасау. Торлармен жұмыс жасау. Трансформациялар және олардың түрлері. Модификаторлармен жұмыс. Сплайндармен жұмыс жасау. Торлы обьектілермен жұмыс.

Бағдарламаның жетекшілері: Кенесары А.Б.
4б. Пәннің атауы: Автоматтандырылған жобалаудың инструменталдық құралдары

Пререквизиттер: AutoCad, Информатика.

Постреквизиттер: Қолданбалы программалық қамсыздандыру.

Игеруі тиіс:Автоматтандырылған жобалау жүйелерін құру негіздерін білу; автожобалаудың әдістерін меңгеру.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Автоматтандырылған жобалау жүйелері, автожобалаудың әдістері. Автоматтандырылған жобалау жүйелерінің инструменталдық, қолданбалы және программалық құралдары. Автожобалаудың негізгі түрлері. Қолданбалы программалардың ерекшеліктері.

Бағдарламаның жетекшілері: Құлмырзаев Н




Циклы

ТК №

Пәндердің атауы



Кредит саны

Семестр

4 курс

1

БП

8

а) Қазіргі сандық технологиялар

б) HTML-технологиялар



2

7

2

БП

9

а) Символдық математика

б) Графтар теориясы



2

7

3

БП

10

а) Компьютерлік жүйелерде ақпаратты қорғау

б) Берілгендер қорының теориясы



2

7

4

КП

5

а) Жүйелерді имитациялық модельдеу

б) Оқытудағы инновациялық әдістер мен технологиялар



2

7

5

КП

6

а) Компьютерлік графика

б) Мультимедиалық оқыту программалары



2

7


1а. Пәннің атауы: Қазіргі сандық технологиялар

Пререквизиттер: Информатика, Компьютер сәулеті, Ақпараттық технологиялар

Постреквизиттер: Баспа жүйелері

Игеруі тиіс: Сандық аппаратураның функцияларын білу; сандық аппаратураның жұмысың ұйымдастыру технологиясын білу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Сандық технологияның дамуы. Әртүрлі деңгейлі ИТ есептерін жасау. Сандық білім ресурстары. Сандық аппараттура. Сандық фотография. Мультимедиадағы сандық технологиялар. Сандық технологиялардың қауіпсіздігі. Сандық 3Д-технологиялар.

Бағдарламаның жетекшілері: Айтимов М.Ж.
1б. Пәннің атауы: HTML-технологиялар

Пререквизиттер: Информатика, Компьютерлік желілер

Постреквизиттер: Web- дизайн, Қолданбалы программалық қамсыздандыру, Анимациялық технология негіздері, Электрондық оқу кешендерін құру технологиялары.

Игеруі тиіс:HTML –құжаттың негізгі құрылымын білу; тегтерді дұрыс пайдалана білу; браузерге арналған құжат дайындау жолдарын меңгеру; стильдік кестелерді пайдалана білу; Web-беттерді жобалаудың жаңа технологияларымен танысу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Ақпараттық жүйелер және ақпараттық технологиялар. Ақпаратты желілік технологиялар. Каналдар коммутациясының желілері, хабарлар, пакеттер коммутациясы. Электронды почта. Почталық серверлер. HTML- базалық технология. Өлшеуіш тегтер. Фреймдер. Гипермәтіндік технологиялар. Ақпараттарды көрсету әдістері. Мультимедиа технологиялар. Мультимедиа- акселератор. Мәліметтерді қорғаудың базалық технологиялары.

Бағдарламаның жетекшілері: Жарменова Б.Қ.
2а. Пәннің атауы: Символдық математика

Пререквизиттер: Сандық әдістер, Тиімділік әдістері, Компьютерлік математика

Постреквизиттер: Барлық арнайы пәндер

Игеруі тиіс: Математикалық модельдеу әдіс-тәсілдерін білу; математикалық модельдеу және компьютерлік эксперимент, ғылыми-инженерлік зерттеулер және олары визуализациялау жасау алу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Компьютерлік математика немесе компьютерлік алгебра деп те аталады. Математикалық модельдеу әдіс-тәсілдері. Автоматтырылған жобалаудың инженерлік жүйелері: CAD — Computer Aided Design, CAM — Computer Aided Manufacturing, CAE — Computer Aided Engeneering. Аналитикалық жолмен жүргізілетін есептеулер мен зерттеулер негіздері, математикалық модельдеу және компьютерлік эксперимент, ғылыми-инженерлік зерттеулер және олары визуализациялау.

Бағдарламаның жетекшілері: Альменаева Р.Ө
2б. Пәннің атауы: Графтар теориясы

Пререквизиттер: Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика

Постреквизиттер: Математикалық логика, Дискреттік математика

Игеруі тиіс: Жазық графтар қасиеттерін , ашық графтар қасиеттерін білу; Эйлер графтарымен қолды үзбей сызу есептерін шығару жолдарын меңгеру..

Бағдарламаның қысқаша курсы: Қарапайым ұғымдар (түсініктер) мен анықтамалар. Көбейту мен қосу қағидасы ( принципі). Орын ауыстыру, орналастыру мен үйлестіру. Графтар дәрежесінің қасиеттері. Эйлер теориясы Бағытталған графтар. Графтардын ең қарапайым қасиеттері. Ашық (дерево) және тұйық (цикл) графтар ұғымы. Жазық графтар қасиеттері. Ашық графтар қасиеттері. Эйлер графтарымен қолды үзбей сызу есептері.

Бағдарламаның жетекшілері: Жарменова Б.Қ.
3а. Пәннің атауы: Компьютерлік жүйелерде ақпараттарды қорғау

Пререквизиттер: Графтар теориясы. ЭЕМ архитектурасы, Компьютерлік желілер, Программалау.

Постреквизиттер: Ақпаратты қорғау негізінде криптография элементтерін пайдалану.

Игеруі тиіс: Қазіргі заман ақпараттарды қорғау құралдарына: криптографиялық, алгоритмдік және протоколдық талдау жасау; симметриялы және симметриялы емес кілттеріне негізделген белгілі криптография стандарттарын меңгеру; қазіргі заман криптография әдістерін қолдана отырып идентификация құралдары мен әдістерін білу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Антивирустық программалар. Архивтеу программалары. Ақпаратты қорғау тәсілдері. Файлдық жүйелер. Windows NT қолданылатын жүйелік ресурстар. Ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Деректердің жоғалуын алдын алу. Ақпараттың құрылғылары. Ақпаратты жариялау, әдістері. Ақпаратты құқықтық және қаржылық тұрғыдан қарау. Қорғау обьектілері. Қауіп түрлері. Ақпаратты қорғаудың жаңа әдістерін шолу. Ақпаратты қорғау концепциясын дамыту. Ақпаратты қорғаудың элементар, көпсатылы және көпмүшелі моделі.

Бағдарламаның жетекшілері: Алибаева Н.Е.
3б. Пәннің атауы Берілгендер қорының теориясы

Пререквизиттер: Информатика, ЭЕМ архитектурасы.

Постреквизиттер: Барлық арнайы пәндер

Игеруі тиіс: Деректер қорын құру теориялық негіздерін, қазіргі кездегі деректер қорын басқару жүйелерінің мүмкіндігін, компьютерлік жүйелерде ақпаратты қолдану, өңдеу және пайдалану технологиясын меңгеру; деректер қорын басқару жүйелерінің негізгі құралдарымен , дербес деректер қорын құру технологиясын, таралған деректер қорының клиенттік бөліктерінің көмегімен Microsoft Access97/2000, Microsoft SQL.

Бағдарламаның қысқаша курсы: БҚ негізгі құраушылары. Қазіргі заманғы басқыру жүйесінің көрінісі. БҚ көрсету деңгейлері. Схема және ішкі схема ұғымдары. БҚ модельдері. Схема қатынастары. Деректердерді манипуляциялау. БҚ құру және модификациялау. БҚ қорғау. БҚ тұтастығын қамтамасыз ету

Бағдарламаның жетекшілері: Жүсіпбек Б.К.
4а. Пәннің атауы: Жүйелерді имитациялық модельдеу

Пререквизиттер: Операциялық жүйелер, Ықтималдар теориясы, Математикалық модельдеу, Ақпараттық технологиялар.

Постреквизиттер: Типтiк динамикалық құрылымдарды модельдеу. Тиiмдi басқару есептерiн шешу, Жүйелік программалау.

Игеруі тиіс:ААЖ-ны (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) модельдеудi білу; модельдеу әдiстерін меңгеру білу; БАЖ-нiң құрылымдық-функционалдық ерекшелiктерiн айыра білу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Модельдеу-тану әдiсi ретiнде. Жүйенi модельдеудегi негiзгi түсiнiктер. ААЖ-ны (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) зерттеуде және жобалауда модельдеудi пайдалану. Модельдеудегi жүйелiк әдiс. БАЖ (басқарудың автоматтандырылған жүйелерi)-нiң жүйелiк анализi. БАЖ-нiң сыртқы бөлiгi және ортасы. БАЖ-нiң құрылымдық-функционалдық ерекшелiктерi. Псевдокездейсоқ сандар және олардың машиналық жүзеге асырылу процедурасы. Аппараттық, кестелiк, алгоритмдiк, орта квадраттар, мультипликативті, аралас әдiстерi. Жүйе модельдерiнiң негiзiнде машиналық эксперименттi жобалау. Машиналық эксперименттердi тактикалық жобалау. Функционалдық модель. Жүйелердi модельдеудiң программалық және техникалық құралдары. Жүйенi модельдеудiң қолданбалы программалар пакетi.

Бағдарламаның жетекшілері: Айтимов М.Ж.
4б. Пәннің атауы: Оқытудағы инновациялық әдістер мен технологиялар

Пререквизиттер: Информатика, Қолданбалы программалық қамсыздандыру, Web- дизайн.

Постреквизиттер: Барлық арнайы пәндер

Игеруі тиіс: Болашақ мұғалiмдердi информатиканы оқыту проблемаларын шешуге шығармашылық тұрғыдан қарауды баулуы, жаңа техника негiзiнде оларды оқыту процесiн өзiнше талдай бiлу икемдiлігімен дағдыларын қалыптастыруы, мектепте оқытуды қазiргi оқу-әдiстемелiк тұрғыдан қамтамасыз ету құралдарын өзiнше құрастырудың негiздерiн үйрету Бағдарламаның қысқаша курсы: Электрондық оқулықтарды құру ерекшеліктері мен қажеттілігі, қойылатын негізгі талаптар. Электрондық оқулықтың құрамы мен мазмұны, негізгі функциялары, классификациясы. Оқу материалын компьютерлік дайындау. Мәтін. Мәтіннің құрылымдық элементтері. Мәтіндік материалдарға қойылатын талаптар. Оқытудың көрнекі құралдар классификациясы. Кесте. Схемамен жұмыс. Сілтеме, гипермәтін және гипермедиа жүйелерін қалыптастыру.

Бағдарламаның жетекшілері: Досжанов Б.А.
5а. Пәннің атауы: Компьютерлік графика

Пререквизиттер: Информатика

Постреквизиттер: Барлық арнайы пәндер

Игеруі тиіс: Графикалық редакторлардың жұмыс принциптарын білу; векторлық және растрлық графиканы өңдеу әдістерін меңгеру; графикалық редакторлардың интерфейстарын білу; фильтрлер мен эффектілерді қолдана білу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Графикалық мәлiметтердi бейнелеу негiздерi. Графикалық бейнелердi өңдеудiң негiзгi бағыттары. Компьютерлiк графика туралы жалпы түсiнiк. Компьютерлiк графиканың түрлерi.Компьютерлiк графика түрлерi. Растрлық графика. Баспа бейнесiн рұқсат ету және линиатура түсiнiгi. Растрлық бейнелердi масштабтау. Динамикалық диапазон. Бейнелер параметрлерiмен файл өлшемi арасындағы байланыс. Векторлық графика. Фрактальдық графика. Фрактальдың жiктелуi. Геометриялық фракталь. Алгебралық фрактальдар. Мандельбрат көпмүшесi. Стохастикалық фрактальдар. Итерациялайтын функциялар жүйесi. Үш өлшемдi графиктiң негiзгi түсiнiктерi. Үш өлшемдi графиканы өңдеудiң программалық жабдықтары. Ландшафты 3D Studio Max жабдықтарымен үш өлшемдi модельдеу. Графикалық деректер көрiнiсi. Графикалық деректер форматы.

Бағдарламаның жетекшілері: Аубакирова Ж.Қ.
5б. Пәннің атауы: Мультимедиалық оқыту программалары

Пререквизиттер: Информатика, Ақпараттық технологиялар

Постреквизиттер: Барлығы арнайы пәндер

Игеруі тиіс: Қарапайым мультимедиалық өнім дайындау программаларын білу; мультимедиалық технологиялардың әдістемелік, ұйымдастырушылық, техникалық, психологиялық және педагогикалық мумкіндіктерін білу; мультимедиалық оқыту программаларын дайындау және пайдаланудағы басшылыққа алатын принциптер мен қойылатын талаптарды анықтау; Macromedia Dreamweaver программасының мүмкіндіктерін игеру.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Мультимедиа түсінігі. Компьютердің мультимедиалық құрамы. Мультимедиалық оқыту программаларының ерекшеліктері. Оқыту программаларына қойылатын талаптар. Оқыту программаларын әзірлеу принциптері мен технологиясы. Гиперсілтемелік әдіс негізінде оқыту программаларын жасау.

Бағдарламаның жетекшілері: Альменаева Р.Ө.


“Информатика және ИОӘ” кафедрасының

меңгерушісі : А.Ж.Сейтмұратов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет