Бекітемін: Күні: Сыныбы: 10. Пәні: География. Сабақтың тақырыбы



Дата01.07.2016
өлшемі66.79 Kb.
түріСабақ
Бекітемін:
Күні:

Сыныбы: 10.

Пәні: География.
1.Сабақтың тақырыбы: Жер туралы қысқаша мәліметтер.
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Жер туралы қысқаша мәліметтерді оқып-үйрену.
3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: жеке жұмыс,топтық жұмыс.

4.Сабақтың нәтижесі: Білу: Жердің Күн жүйесіндегі орны, пішіні мен параметрлері туралы біледі.

Түсіну: Жер қозғалыстарының қалай жүретінін және ол қозғалыстардың ғаламшар табиғатына қалай әсер ететінін түсінеді.

Қолдану: Жердің тәуліктік қозғалысы мен сағаттық белдеулер арасындағы байланысын және жергілікті уақыт пен белдеулік уақыт арасында қандай айырма бар екенін анықтай алады.

Талдау: Жер шарындағы жылу белдеулерін қандай белгілеріне қарап ажыратылатынын карта бойынша талдай алады.

5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: Белгіленген критерий бойынша бағалау.

6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.

7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер,суреттер.

Сабақ барысы

Уа-қыт

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

5 мин

Кіріспе

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды

2. Мұғалім оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты географиялық ұғымдар бойынша топтарға бөледі

1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.


10 мин

Тұсаукеср

1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2.Ортақ жұптық жұмыс. Тақырып айқындағаннан кейін осы тақырып туралы не білетінін жұппен анықтайды, Жердің өлшемдерін дәптерге жазып алуға тапсырма беріледі.

1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.

2.Дәптерге Жер туралы қысқаша мәліметтерді жазып алады.

25

мин

Негізгі

бөлім


1.Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді. Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс: Оқушылар топқа бөліне отырып Жердің Күн жүйесіндегі орны, пішіні, қозғалыстары, сағаттық және жылу белдеулері тақырыптары бойынша постер жасап қорғайды.

2. Глоссарий: бүгінгі сабақта кездескен жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды

3. Картамен жұптық жұмыс: карта бойынша жылу белдеулерінің таралу ерекшелігін талдау тапсырылады.

1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды.

2.Жеке жұмыс: оқушылар жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды.

Мысалы: Сфероид, Геоид Магниттік полюс, Афелий, Перигелий

Кориолис күші т.б.

3. Оқушылар жұптасып атлас немесе карта пайдалана отырып, жылу белдеулерінің ерекшеліктерін анықтайды. Поляр шеңбері мен тропик шеңберінің картаға түсірілу себептерін еске түсіреді.

5

мин

Қорытынды

1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.

2.Үйге тап-ма: 3 деңгейлік тапсырма түрінде беріледі.

1) А деңгей:§1 оқу

2) В деңгей: Қазақстан аумағы қандай жылу белдеуінде орналасқанын карта бойынша анықтау.

3) С деңгей: Өздерің тұрған жердің қандай сағаттық белдеуде орналасқанын және де Астана, Мәскеу, Лондон, Владивосток қалаларымен уақыт айырмашылығын анықтау.

1.Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

2.Оқушылар кері байланыс жасайды

Не ұнады:............................................

Не қиын болды: ................................

Тілегім: ...............................................



Бекітемін

Сыныбы: 10.

Күні:

Пәні: География.
1.Сабақтың тақырыбы: Жердің құрылысы.
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Жердің ішкі құрылысы туралы оқып-үйрену.
3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: рольдік ойын, жеке жұмыс, топтық жұмыс.

4.Сабақтың нәтижесі: Білу: Жердің ішкі құрылысы туралы ғылыми деректер қалай жинақталғанын біледі.

Түсіну: Жердің ішкі қойнауына өткен сайын қысым мен температура қалай өзгеретінін және ол қабаттардың заттық құрамына қалай әсер ететінін түсінеді.

Қолдану: Тау жыныстары мен минералдарды ажырата алады.

Талдау: Пайдалы қазбалардың магмалық, шөгінді, метаморфтық жолмен пайда болған түрлерін анықтап, олардың өмірде не үшін пайдаланылатынына мысал келтіреді.

5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: критерий бойынша оқушылардың бір-бірін бағалауы.

6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.

7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, тау жыныстарының үлгілері,суреттер, интернет материалдары.

Сабақ барысы

Уа-қыт

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

5 мин

Кіріспе

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды

2.Мұғалім үй тапсырмасын деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарай сұрайды.

3.Мұғалім бүгінгі сабақты ТВ шоу түрінде ұйымдастырады. Сыныпты 4-5 адамнан тұратын екі топқа бөледі, қалған оқушылар аудиториядағы көрермендердің ролін атқарады.

1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.

2.Оқушылар үй тапсырмасын деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарай өзара бір-бірін бағалайды.



10 мин

Тұсаукеср

1. Мұғалім оқушылармен бірге бүгінгі ТВ шоудың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2. Мұғалім екі топқа Жердің құрылысы және Тау жыныстары мен минералдар деген тақырыптармен танысып шығуға тапсырма береді. Ал аудиториядағы басқа оқушылар сұхбат кезінде сұрақ қоюға дайындалып отырады.

1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, жаңа тақырыппен танысып шығады.

25

мин

Негізгі

бөлім


1.Мұғалім тележүргізуші ретінде екі топтың бір-бір мүшелерінен сұхбат алады. Сұхбат кезінде оқушылар жауап бере алмай қалса адвокаттары көмектесуге болады.

2. Тележүргізуші сұхбат алып болған соң аудиториядағы көрермендер карта бойынша сұрақ қояды.

3. Тележүргізуші пайдалы қазбалардың магмалық, шөгінді, метаморфтық жолмен пайда болған түрлеріне мысал келтіріп, олардың өмірде не үшін пайдалануға болатынын сұрайды.

1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, Жердің ішкі құрылысы , тау жыныстары мен минералдар туралы мәлімет береді.

2. Көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап беруге тырысады.

3. Пайдалы қазбаларды өмірде не үшін пайдалануға болатынын анықтайды.

5

мин

Қорытынды

1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.

2.Үйге тап-ма:

1)§2 оқу

2) Өздерің тұратын жерде кездесетін минералдар мен тау жыныстарының түрлерін анықтау.

1.Оқушылар бірін-бірі критерий бойынша бағалайды.

2.Оқушылар смайликтер арқылы кері байланыс жасайды



Қосымша

Сұхбат кезінде берілетін сұрақтар

  1. Жердің ішкі құрылысы туралы ғылыми деректер қалай жинақталады?

  2. Мантия мен ядро қандай бөліктерден тұрады?

  3. Жер қабаттарының тереңдіктері мен шекаралары туралы не білесіз?

  4. Тау жыныстары және минерал деген не?

  5. Тау жыныстарын шығу тегі мен қалыптасу жағдайына қарай қалай топтастырады?

  6. Біздің студиямыздағы мына тау жыныстары туралы не айта аласыз? (Сипаттама беруге бірнеше тау жыныстарының үлгілері беріледі, Мысалы: құм, гранит, пемза, тұз, мәрмәр, әктас).



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет