Сұрақтар
(Қойылған сұрақтарға барлық оқушылар жауап беруге құқылы және толықтырып отыруға болады.)
СПИД ауруы туралы не білесіз?
ЖҚТБ жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі дегеніміз не,бұл ауру дүние жүзінде қай мекенде,қай жылы белгілі болды?
2) СПИД ауруы қорқынышты ма? Қалай ойлайсың?
ЖҚТБ ауруының қоздырғышы не,оның микробын қалай атайды,иммунитет дегеніміз не?
3) ЖҚТБ вирусын жұқтырған адамның ауру екендігін қандай жолмен анықтайды,дұрыс нәтиже
неше айдан кейін,неше дүркін тексерістен кейін болады?
4) ЖҚТБ вирусы неше түрге бөлінеді,олар сау адамға қалай жұғады?Жасырын кезең деген не,ол
қанша уақытқа созылады?
5) Осы аталған вирустар адамның тікелей қандай жасушаларын зақымдайды,адамның тұра
бойында қандай жұқпалы аурулар белең алады,вирустың тікелей көздейтін негізгі нысаны
қандай жүйе?
6) ЖҚТБ вирусының жұғу жолдарын атаңдар,тікелей жұғу жолы дегеніміз не?
7) Қандай жағдайда ЖҚТБ вирусы жұқпайды?
8) ЖҚТБ вирусының сыртқы орта жағдайларына төзімділігі және дәрігерлік жолмен қалай
дезинфекциялайды?
9) ЖҚТБ ауруын жұқтыруда есірткі шегушілердің тікелей қатысы бар дегенге қосыласыңдар ма?
10) Осы аурумен ауырған адам ССС- да алғаш қай жылы тіркелінді?
11) ЖҚТБ-мен ауырған адамдар Қазақстанда қай жылы белгілі болды,қандай жас
аралығындғылар ауырады?
12) Осы аурумен ауыратындардың және есірткі шегушілердің санынының өршу себебі неліктен
деп ойлайсындар,халықтың қанша %-ы,бұл аурудың ең көп тараған қалаларын атаңдар?
13) ЖҚТБ вирусын жұқтырмау үшін не істеу керек,не білу қажет,өмір сүрудің қандай
нормаларын орындау(қатаң)қажет?
14) ЖҚТБ вирусына қарсы егілетін дәрілердің атын атаңдар,олардың көмегі қандай дәрежеде?
15) Балалары бар ата-аналар осы аурудың алдын алу үшін не істеу керек, қандай мәліметтер
білуге тиісті?
Достарыңызбен бөлісу: |