«бекітемін» Мектеп директоры: №200 орта мектебі бойынша қосымша білім беру педагогының жылдық жұмыс жоспары


ІІІ.ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГІ ҚЫЗМЕТІ



бет2/4
Дата21.09.2023
өлшемі55.95 Kb.
#478184
1   2   3   4
2022-2023 жоспар пдо — копия

ІІІ.ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГІ ҚЫЗМЕТІ
Лауазымдық міндеттері: Қосымша білім беру саласындағы білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) әртүрлі шығармашылыққызметін ұйымдастырады, қамтамасыз етеді. Қосымша білім беру бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, оның сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Үйірме, секция, студия, клубтық және басқа бірлестіктерге балаларды жинақтайды, оқу мерзімінің соңына дейін сол құрамды сақтауға жағдай туғызады. Психофизиологиялық мақсаттан туындайтын педагогикаға негізделген жұмыс формаларымен, құралдарымен және әдістерімен қамтамасыз етеді. Балалардың шығармашылыққабілеттерін анықтайды, оны дамытуға, кәсіби қызығушылығының тұрақты қалыптасуына, тәрбиеленушілердің тұлғалық рухани-адамгершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Дарынды және талантты білім алушылармен (тәрбиеленушілермен) қатар, мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуына қолдау көрсетеді. Оқушылардың мәдени-көпшілік шараларына қатысуын ұйымдастырады. Еңбекті қорғау, өрттен сақтану мен қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Оқу үрдісінде балалардыңөмірі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Өзінің кәсіби біліктілігін жетілдіреді. Ата-аналарға, оларды алмастырушыларға, сол сияқты педагог қызметкелерге қажетті кеңес береді. Әдістемелік бірлестік және басқа да әдістемелік жұмыстарға қатысады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланыңқұқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, білім беруге байланысты басқа да құқықтық нормативтік актілерді; педагогика, психология теориясын, жас физиологиясын, мектеп гигиенасын, пәнді оқыту әдістемесін; тәрбие жұмысыныңәдістерін, бағдарламалар мен оқулықтарды; пән кабинетінің жабдықталуына қойылатын талаптарды; оқыту құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; педагогика ғылымының даму бағыттарын; тәрбиеленушілердің сұранысы мен қызығушылығының даму ерекшелігін, олардың шығармашылықәрекетінің негіздерін; талантарды іздеу және қолдау әдістерін; ойын-сауық және демалысты, спорттық-сауықтыру және бос уақытты ұйымдастырудыңғылыми-техникалық, эстетикалықәрекетінің мазмұны мен әдістерін меңгеру, үйірме, клуб, секция, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламаларын; балалар ұжымы, ұйымдары және қауымдастығы әрекетінің негіздерін, еңбек туралы заңнаманың негіздерін білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет