Бекітемін ОӘКтөрағасы Б. Рскелдиев



бет1/3
Дата13.06.2016
өлшемі344 Kb.
#133183
  1   2   3



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



МСЖ құжат 3 деңгейлі

№ 1 басылым_______


Ф 042-05.1.10.03-2011-01

Элективті пән каталогы


Бекітемін

ОӘКтөрағасы_____Б.Рскелдиев

«____» ____ 20_ жыл


ЭЛЕКТИВТІ ПӘН КАТАЛОГЫ

5В080100 - “Агрономия” мамандығы

2012_ /2013_ оқу жылы



№ р/с

Пән

коды


Цикл және пәндер атауы

Пәннің қысқаша мазмұны



1

2

3

Жалпы оқу пәндері – кредита

1

AAK 0101

Ақша және ақша айналысының қазіргі концепциясы

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит

Пререквизит – жоқ

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Қазіргі ақша теориясының теориялық негіздерін оқыту. Студенттерге Маркстік кезеңнен кейінгі ақша доктринасының даму ерекшеліктерін практикалық тұрғыдан түсіндіру.

Қысқаша мазмұны: Маркстік ақша теорисы. Экономикалық доктрина ретіндегі ақшаның сандық теориясы және оның нұсқалары. Ақшаның сандық теориясының Кембридждік нұсқасы. Ақшаға сұраныстың Кейнсиандық теориясы. Ақшаның неоклассикалық сандық теориясы. Ақша теориясы және инфляция. Ақшаның қазіргі кезеңдегі теориясы және ақша-несиелік реттеу. Ақша базасы және ақша массасы құрылымы және оның көлемін реттеу.Ақша-несиелік реттеу жүйесіндегі ҚР Ұлттық Банкінің нормативті және заңдылық актілерінің ролі. Мемлекеттің ақша-несие саясатының негізгі концепциялары. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалай айналым. Экономиканы ақша-несиелік реттеу құралдары және әдістері. Ақшалай айналысты эмиссионды-касcалық реттеу. Дамыған нарықтық қатынастар жағдайында ақша-неселік реттеуді ұйымдастыру.



Күтілетін нәтижелер: Мемлекеттің ақша-несие саясатының негізгі концепцияларын меңгеру.

Білімі: Ақшаның қазіргі конценцияларын, сондай-ақ ақшалай айналыстың қызмет етуін ұйымдастырудың практикалық дағдыларын игереді. Студенттер ҚР ақша айналысының қызмет етуінің заңдылықтары және даму тенденцияларын оқиды.

Икемділік: Ақшаның қазіргі теориясын және ақша айналысын практикада қолана алады.



Дағды: ҚР нарықтық экономика жағдайында ақшаның қазіргі теориясын меңгереді. Ақша айналысы облысындағы түрлі қаржы-экономикалық есептерді шешеді.

Құзіреттілігі: Нарық жағдайында банктік секторға қажетті ақша және ақша айналысы теориясы облысында базалық білімді көрсетеді. Маманға қажетті ақша айналысының проблемалары жайлы ойларын еркін айта алады.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Есенгельдинова С.Ж.

2

EAEK HEK 0102

ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастар

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит

Пререквизит - Экономикалық теория

Постреквизит - жоқ

Оқытудың мақсаты: «ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастардың» теориялық мәселелерін, заңдылықтарын және тәжірибелік мәнін зерттеу болып табылады.

Қысқаша мазмұны: Еуразиялық экономикалық қауымдастық: мақсаттары, құрамы, құрылымы. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі еркін сауда режимі. ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын (КО) құру. ЕурАзЭҚ шеңберінде ортақ экономикалық кеңістік құру. Ортақ экономикалық кеңістік ұғымы. Өзара келісілген экономикалық саясат жүргізу. Экономиканың нақты секторындағы өзара әрекет. Энергетикалық нарықты қалыптастыру және бірлесіп дамыту. Агроөнеркәсіптік сектордағы өзара әрекет. Қызмет көрсетудің ортақ нарығын қалыптастыру. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық. ЕурАзЭқ және БҰҰ. ЕурАзЭҚ және Еуропалық одақ. ЕурАзЭҚ және Дүниежүзілік кеден ұйымы. ЕурАзЭҚ және Дүниежүзілік банк, Еуропалық даму және реконструкция банкі арасындағы қарым-қатынас. ЕурАзЭҚ және ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымы. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ғылыми ынтымақтастық. ЕурАзЭҚ елдерінің ғылыми ұйымдарының өзара әрекеті. Интеграциялық мәселелерді ғылыми–теориялық негіздеу. Интеграция мәселелері бойынша кадрлар дайындау.



Күтілетін нәтижелер: Энергетикалық нарықты қалыптастыру және бірлесіп дамыту.

Білімі: ЕурАзЭҚ идеясымен, оның іске асу барысымен, оған мүше елдерін, ЕурАзЭҚ шеңберіндегі әртүрлі салалар бойынша қарым-қатынас мәселелерін біледі. «ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастардың» негізгі теориялық тұжырымдамаларын және нормативті –құқықтық базасын біледі.

Икемділік: Өз бетімен экономикалық ойлау мен талдау қабілетіне ие болады, экономикалық саясаттың өзекті мәселелерін зерттеуге ұмтылады.

Дағды: Халықаралық экономикалық қатынастар аясында алған білімін тәжірибе жүзінде қолдануға дағдыланады.

Құзіреттілігі: Базалық және жалпы білімін , алған білімін тәжірибе жүзінде қолдану қабілеттілігін, халықаралық экономикалық қатынасты ұйымдастыру мен басқару мәселелерінде біліктілігін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы С.Қ. Жұмашбекова

3

PSI 0103

Психология

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит

Пререквизит - жоқ

Постреквизит - жоқ

Оқытудың мақсаты: Психологиядан негізгі орын алатын мәселер жөнінде студенттерде ой қалыптастыру: адамның психиқалық феномені, ойлы мен ойсыздықтың өзара қатынасы, психиқалық процестердің механизмдері мен заңдылығын, жағдайы, адамдық қарым-қатынастағы жеке тұлғаның мәселері.

Қысқаша мазмұны: Психологияның пәні, міндеттері және әдістері. Психологияның пәні, объектісі. Субъективтік және объективтің шындықтың өзара қатынасы. Қазіргі психологиялық қалыптасуы. Психология және басқа ғылымдар. Қызмет және танымдық процесстердің психологиясы: Жеке тұлғаның психолгиясы. Қабілеттер: Темперамент. Мінез. Эмоция және сезім. Мотивизация. Ерік-жігер.

Күтілетін нәтижелер: Тұлғаның өзін-өзі дамыту деңгейін, кәсіби дағдыларын жетілдіруде психологиялық зерттеу әдістерін меңгеру.

Білімі:

  • жалпы психололгияның негізгі түсініктерін;

  • психологиядағы бар әртүрлі бағыттар мен теориялардың мазмұнын;

  • бүгінгі психикалық процесстердің теориялық және қолданбалы ерекшеліктерін;

  • педагогикалық процесте тұлға мен ұжымды зерттейтін негізгі әдістерді білуі керек.

Икемділік:

  • окыту және тәрбиелеуге тікелей немесе жанама қатысы бар бір жүйеге келтірілген психология ғылымының жалпы ұғымдарын студенттер менгеруі керек;

  • психологиялық көріністі психологиялық зандылықтарға негіздей отырып талдау.

Дағды: Тұлғаның өзін-өзі дамыту деңгейін, кәсіби дағдыларын жетілдіруде психологиялық зерттеу әдістерін практикада пайдалану.

Құзіреттілігі: Студенттер өздігінен жұмыс істеу кабілеттерін арттырып, қажетті әдебиеттерді оқып үйреніп, өзіндік ептілігі мен білімін көрсетулері керек.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Бураханова А.Т.

4

OOT 0104

Өзін-өзі тану

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит

Пререквизит - жоқ

Постреквизит - жоқ

Оқытудың мақсаты: Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізу.

Қысқаша мазмұны: Бақыттың кілті өз қолыңда. Студенттік өмір қайталанбас сәт. Менің жан дүнием. Менің жүрек қалауым. Болашақ бүгінненн басталады. Адам тарих ағымында. Адами құндылықтар. Тілдесу мәдениеті. Өзара түсіністік. Ата-ананың қара шаңырағы. Махаббат шуағы. Мен және сен. Өмір әдебі. Әлем, неткен әсем ең.



Күтілетін нәтижелер: өзара адами қарым-қатынастарды тани алу және оны бағалай алу.

Білім: Адамгершілік құндылықтар және өмір, Отан, отбасы, намыс, абырой, сабыр, үміт, сенім, ынтымақ, жауапкершілік, парыз, арман, ақиқат туралы терең білімге ие болады;

Икемділік: Өзінің мінез-құлқын, физикалық және психикалық жағдайын еркін басқарады, эстетикалық талғамын, жақсы әдеттерін көрсете алады, күнделікті өмірде сұлулық заңдылықтарын пайдалана біледі, өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізе алады.

Дағды: Өмір құндылықтарының жалпыадамзаттық, рухани – адамгер-шіліктік мәнін түсіне отырып, өзара адами қарым - қатынастарды тани алу және оны бағалай алу дағдысы.

Құзіреттілігі: Нақты жағдаятты бағалай біледі, түрлі мәселелер шешіміне іздестіру жүргізе алады, қалыпты жағдайларда қалыптан тыс шешім таба біледі.

Бағдарлама жетекшісі: психология кафедрасының оқытушысы Кейкова Толқын Қызырбековна

5

Mad 0105

Мәдениеттану

Несие көлемі – 2(1+1+0), ECTS – 3 кредит.

Пререквизит - жоқ

Постреквизит - жоқ

Оқытудың мақсаты: Мәдениеттану категориясының теориялары, концепциялары, базалық ұғымдарының мазмұнын ашу. Мәдениеттану білімінің негізін құру.

Қысқаша мазмұны: Мәдениеттану пәні және әдістері, мәдениеттің мәні, адам әлемі- мәдениет ретінде. Алғашқы қауымдық мәдениет, Ерте Шығыс мәдениеті, Ерте Греция және Рим мәдениеті, ортағасыр мәдениеті, қайта өрлеу дәуірінің мәдениеті, жаңа дәуірдің Европалық мәдениеті, ХХ ғасыр мәдениеті. Қазақ мәдениеті, қазақтардың дәстүрлі мәдениеті, қазіргі кезеңдегі қазақ мәдениеті, Евразиялық мемлекет ретінде Қазақстанның әлеуметтік мәдени перспективалары.

Оқытудан кейінгі күтілетін нәтижелер: мәдениеттану білімінің негізін құру

Білімі: Мәдениеттанудың негізгі катеорияларын, ұғымдарын біледі.

Ептілік: Отандық және әлемдік қауымдастықта әлеуметтік мәдени өзгерістерге талдау жасай алады.

Дағды: Мәдениет және ұлтаралық қатынастар облысында практика-лық білімді қолдана алады.

Хабардарлығы: Басқа елдердің мәдениеті және дәстүрлерін салысты-ра отырып, мәдениеттану облысындағы базалық білімді көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы С. Кудратова

6

PED 0106

Педагогика

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит

Пререквизит - жоқ

Постреквизит - жоқ

Оқытудың мақсаты: Студенттерге кәсіби іс-әрекеттеріне қажетті педагогикалық білімнің негізін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Қоғамның әлеуметтік экономикалық жаңаруы кеңестік дәуірдің барлық саласына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Бұл білім беру саласына да әсерін тегізді. Аталған курс педагогиканың белгілі бір мәселелерін толықтырады. Дәріс курсы мүғалімнің кәсіби дайындағымен және педагогикалық іс-әрекетіне, ұстаздың педагогикалық процеске, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды шығармашылықпен және ізгілік демократиялық идеясымен тығыз байланыста жүзеге асады. Болашақ мұғалімдерді дайындаудың мазмұнына шығармашылық ізденісті күшейтуге, білім берудің жаңа технологиясын ендіруге қазіргі тенденция ескерілді.

Күтілетін нәтижелер: Педагогиканың заңдылықтары мен принциптерін білу.

Білімі: Педагогикалық ғылымдар жүйесі туралы, оның қағидалары, міндеттері мен құрылымы; педагогикалық зерттеу әдістерін; педагогика ғылымының категориялық құрылымын білуі керек.

Икемділік: Педагогикалық жағдайларға талдау жасай білу.

Дағды: Педагогиканың заңдылықтары мен принциптерін қолдана білу.

Құзіреттілігі: Педагогикалық білімін кәсіби әрекетінде қолдана алуы.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Бураханова А.Т.


7

MTIK 0107

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит

Пререквизит – жоқ

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні Қазақстан Республикасындағы «Тілдер туралы» (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттің бағдарламасы» (2011), «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (2011), т.б. да заңнамалық актілерді игеру мен жүзеге асыруға оқу – тәжірибелік негіз жасауды мақсат етеді.

Қысқаша мазмұны: Іс қағаздарын жүргізу тарихы және жіктемесі. Іс жүргізу технологиясы және құжат айналымын ұйымдастыру. Іс қағаздарының нақты түрлері. Құрылтай құжаттары. Ұйымдық құжат-тар. Бұйрық-жарлық құжаттары. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Еңбек қатынастарын құжаттау. Жеке құжаттар. Коммерциялық хат алмасу.

Күтілетін нәтижелер: мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді меңгеру

Білімі: Құжат, оның түрлері мен үлгілерін дұрыс толтыра білуді меңгереді

Икемділік: Маңызды нормативтік әдістемелік құжаттарды бірізге келтіру, стандарттау, рәсімдеу ерекшеліктері мен оларды қозғалысқа келтіру тәртібін игеру нәтижесінде құжаттама қызметінің құрылымын, міндеттерін, лауазымдық құрылымын іс қағаздарын толтыруда дұрыс жазуға икемділік қалыптасады.

Дағды: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін оқып, игеруге икемділік пен дағды қалыптасады.

Құзіреттілігі: Іс жүргізу қағаздарын атқарушы қызметкерге құжаттардың келіп түскенінен бастап, оның толық іске асуына дейінгі аралықтағы іс жүргізу жұмысының тәртібін орындаудың жолдарын үйренеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы, филол.ғ.к. Секей Ж.

8

Shak 0108

Шәкәрімтану

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит

Пререквизит – жоқ

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Шәкәрімтану пәні Абайдың ақын шәкірті, ойшыл, философ, композитор, тарихшы, шежіреші Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын таныту. Ақын мұрасының әлі ашылмай келе жатқан жаңа қырларын айқындай түсу. Шәкәрім шығармашылығындағы руханилылық мәселесіне ерекше зер салу. Қазақ әдебиетінің бас ақыны, ұлы тұлға Абаймен тамырластығы ой сабақтастығына назар аудару. Көптің бірі емес, бірегей ақынды танып қана қоймай, әлемдік деңгейде танытуға ынталандырып, талаптандыруды мақсат етеді.

Қысқаша мазмұны: Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы. Ақын шығармашылығының ХІХ-ХХ ғасырдағы әдеби процеспен үндестігі. Әдеби мұраларының тарихпен, әдебиетпен, руханиятпен байланысы.

Шәкәрім – ақын, философ. Ақынның қайраткерлігі. Шәкәрім туралы ой-пікірлер, көзқарастар. Шәкәрім шығармашылығының зерттелуі. Зерттеушілердің қозғаған басты тақырыптары, проблемалары. Ұлттық айшық, бейнелілік.



Күтілетін нәтижелер: Шәкәрімнің өмірі, көркем туындыларын, шығармашылық өмір жолын білу.

Білімі: Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы және көркем туынды-ларының мәтінімен танысып, олардағы көркемдік, эстетикалық, танымдық, әдеби-тарихи, т.б. да құндылықтарды меңгереді.

Икемділік: Шәкәрімнің дарыны мен нәр алған рухани өзегімен танысып, Шәкәрімтанудың тарихы, өзекті мәселелері мен салалары жайлы мағлұмат алады. Шәкәрімнің шығармашылық өмір жолын оқып білу арқылы зерттеушілік қабілеттері ашылады.

Дағды: Шәкәрімтанудың салаларын меңгеруге, әдебиет тарихындағы Шәкәрім мұраларының алар орнын жан-жақты оқып игеруге икемділік пен дағды қалыптасады.

Құзіреттілігі: Шәкәрімнің Абай дәстүрін жалғастырудағы және өзіндік әдеби тағылым қалыптастырудағы кемеңгердің әдебиетте алар орнын танып біледі. Теориялық білімді практикамен ұштастыруға үйреніп, әдеби-зерттеу жұмысын меңгереді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы, филол.ғ.к., доцент Ж. Әубәкір

Базалық пәндер- 44 кредит

Оқу траекториясы 1 «Көкөніс дақылдарының тұқым шаруашылығы және селекциясы»

1

Agroterm 0201

Агротерминология

Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизиттер-жоқ

Постреквизиттер-Экология, жеміс-көкөніс шаруашылығы, тұқымшаруашылығы.

Оқытудың мақсаты: Агрономияның негізін құрайтын топырақтану, агрономия, егін шаруашылығы мен өсімдіктер дүниесінің ғылыми сөздерін сонымен қатар ауыл шаруашылық мелиорациясы, көкеніс шаруашылығы, өсімдік қорғау т.б. салаларында кездесетін сөздермен терминдерді оқытып уйрету.

Қысқаша мазмұны: агротерминологияға кіріспе. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің атауларын жазылу үрдісін оқу. Ауылшаруашылық өсімдік дақылдарын күтіп –баптауда қолданылатын құрылғы атауларын латынша меңгере білуі қажет.

Күтілетін нәтижелер: Теориялық алған білімдерін студенттер өндірістік және оқу іс тәжірибелерінде біліктіліктері мен дағдыларын арттыра білулері керек.

Білімі: Агротерминологиялық терминдерді меңгере білуі керек.

Икемділік: Агротерминологиялық сөздікпен жұмыс жасай білуі керек.

Дағды: Студенттер алған білімдері арқылы теориялық дайындығын шыңдап, білік пен дағыдыларын іс жүзінде пайдалана білу қажет.

Құзіреттілігі:

Агрономияның негізін құрайтын топырақтану, егін шаруашылығы мен өсімдіктер дүниесінің ғылыми сөздері мен терминдерін, Қазақстанда көп тараған химиялық препараттардың атауларын меңгеру болып табылады.



Бағдарлама жетекшісі: профессор м.а.Сеилгазина С.М,

аға оқытушы Байгаринова Р.М



2

АSHCDZAK 0202

Ауыл шаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау

Кредит көлемі –3 (1+1+1), ECTS –5 кредит

Пререквизиттер- 65 кредит

Постреквизиттер- Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы, ауыл шаруашылық дақылдарының әдістемесі.

Оқытудың мақсаты: Агрономия салаларын жетік меңгере отырып, болашақта жүргізілетін іс-шаралаға агрономдық пән аралық байланыстарын жетілдіру

Қысқаша мазмұны: Бұл курста агрономия саласында ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуді, тәжірибе қою әдістерін меңгеру, сонымен қатар алынған нәтиже бойынша биометриялық өңдеу жасау, қорытындылар мен ұсыныстар шығаруды үйрену.

Күтілетін нәтижелер: Тәжірибе қоюды меңгеру, ғылыми жұмыстар жүргізу нәтижесі бойынша ғылыми мақалалар жариялап, дипломдық жұмыс жазу.

Білімі: Зерттеу жұмыстарын жасай білулері керек.

Икемділік: Тәжірибе жүргізуді ұйымдастыру және олардан нәтиже алу.

Дағды: Студенттер алған білімдері арқылы теориялық дайындығын шыңдап, білік пен дағыдыларын іс жүзінде пайдалана білу қажет

Құзіреттілігі: Өсімдік шаруашылығы бойынша барлық саланың ерекшеліктерін меңгере отырып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу мен олардан қорытындылар шығару.

Бағдарлама жетекшісі: профессор м.а. Сеилгазина С.М, аға оқытушы Каламов Б.Х., оқытушы Ахметова А.А.

3

AO 0203

Азық өндіру

Кредит көлемі –3 (1+0+2), ECTS –5 кредит

Пререквизиттер- ботаника, химия, физика,биология

Постреквизиттер- агрономия, агрохимия , мал азықтандыру, өсімдік селекциясы

Оқытудың мақсаты: «Мал азығын өндіру» пәнін оқытудың мақсаты: Қазақстанның негізгі азықтық өсімдіктерінің азықтық құнын бағалау. Өсімдіктердің әртүрлі өмір сүргіш орналасқан, жайылымға жарамды жер беті учаскесін жайылымдыққа жарамдылығын меңгеріп білу.

Қысқаша мазмұны: «Мал азығын өндіру» пәнінің мазмұны: еліміздің экономикасын өркендетуде ауыл шаруашылығынан алынатын өнімнің үлесі өте зор. Мал азығы өндірісінің теориясымен, түрлерімен дайындау технологиялары мен, негізгі өсімдіктермен, далалық түрлерімен және шабындық азықтық қасиеттерімен, өнімдерін көтеру жолдарымен таныстырады.

Дәрістер: Қазақстанның негізгі азықтық өсімдіктерінің азықтық құнын бағалау. Өсімдіктердің әртүрлі өмір сүргіш орналасқан, жайылымға жарамды жер беті учаскесін жайылымдыққа жарамдылығын меңгеріп білу.

Лабораториялық сабақтар: Мал азықтарына сипаттама.

Күтілетін нәтижелер: Студенттер алған білімдері арқылы теориялық дайындығын шыңдап, білік пен дағыдыларын іс жүзінде пайдалана білу қажет. Өсімдіктердің өсіп-өну кезеңдері және тіршілігінің ұзақтығы. Өсімдіктердің топырақ пен суға қатынасы. Топырақтың механикалық құрамы.

Білімі: Мал азығының жіктелуін меңгере отырып

-ең арзан мал азығын дайындауды ұйымдастыруды білу;

-табиғи жайылымдар мен шалғындықтарды жақсарту үшін істелінетін жұмыстарды дер кезінде ұйымдастыруды білу;

Икемділік: мал азығы өндірісінің теориясымен, түрлерімен, дайындау технологиясымен, негізгі өсімдіктермен, далалық түрлерімен және шабындық азықтардың түрлерімен, оның биологиялық ерекшеліктерімен, азықтық қасиеттерімен, өнімдерін көтеру жолдарын жетік білулері қажет.

Дағды: -азықты малға әзірлеп беруді ұйымдастыру;

-бір жыл ішінде бір жерден екі рет өнім алу әдістерін өндіріске енгізу жолдарын білуге дағдылану керек.



Құзіреттілігі: Студенттер мал азығы өндірісінің, ауыл шаруашылығына мал азығын дайындау және тағы басқа технологияларын меңгереді.

Бағдарлама жетекшісі: доцент м.а. Ахметова Б.С., аға оқытушы Байгаринова Р.М.

4

TSH 0204

Тұқым шаруашылығы

Кредит көлемі –3 (1+1+1), ECTS –5 кредит

Пререквизиттер- 65 кредит

Постреквизиттер- Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы, ауыл шаруашылық дақылдарының әдістемесі.

Оқыту мақсаты- Студенттер сорт шығару олардың дамуы, сұрыптау түрлерін сараптама жасау т.б. тұқым шаруашылығы ауыл шаруашылық дақылдарының аудандастырылған сорттарымен будандарының жоғары сапалы сорттық тұқымын көбейтіп, шаруашылықтарды қамтамасыз етумен қатар, тұқымдық дәннің сорттық, биологиялық және өнім беру қасиеттерінің сақталуын қадағалап отыратын ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бір саласын қалыптастыра және ұйымдастыра білулері қажет.

Қысқаша мазмұны: Тұқым шаруашылығы пәні бойынша ауыл шаруашылық дақылдарының жоғары сапалы сорттық тұқымдарын іріктеу, сүрыптау және мол өнім беретін, тұрақты сорттарды пайдаланып, өсімдік шаруашылығында мол өнім алу болып табылады.

Дәрістер: Тұқымтану. Тұқым тобы туралы түсінік. Жеке дақылдарды өсіріп-баптау технологиясының әдістері және оқыту жолдары. Тұқым жаңарту негізгі элита болып табылады. Элита француз тілінен аударғанда өте жақсы деген мағананы білдіреді. Бұл дегеніміз сорттың ең жақсы сұрыпталып алынған өсімдіктерінің ұрпағы. Шет мемлекеттегі тұқым шаруашылығының ғылыми әдістемелік негізгі барлық мемлекеттерде бірдей. Бірақ ұйымдастыру негізі мен тұқым шаруашылығы құрамының элементтері айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Ауыл шаруашылық дақылдарының тұқым сапасын анықтау әдісі мен техникасы. Жеке дақылдарды арнайы апробациядан өткізу.

Тәжірибелік сабақтар: сорттану, бидай дақылының сортануы, бидайдың түрлері,бидайдың сорттық белгілері,аудандастырылған жаңа сорттар,арпаның сорттық белгілері,картоп дақылдарын биотехнологиялық жолмен сауықтырылған элита тұқымдарын алу. Картоп дақылдарының апробациясы. Бидай тұқымын өндірудің экономикалық тиімділігін анықтау. Тұқымға деген егістің көлемін есептеу.

Күтілетін нәтижелер: Селекция сұрыптау жұмыстарын жете түсінігі, сорт шығару әдістемесіне жете баға беру жұмыстарын ұйымдастра білулері қажет.

Білімі: Селекциядағы сұрыптау жұмысына сараптама жасауды білулері керек.

Икемділік: Ауыл шаруашылық дақылдарының тұқым сапасын анықтау әдісі мен техникасын игере білуі керек.

Дағды: Студенттер алған білімдері арқылы теориялық дайындығын шыңдап, білік пен дағыдыларын іс жүзінде пайдалана білу қажет.

Құзіреттілігі: Сорт шығару олардың дамуы, сұрыптау түрлерін сараптама жасау т.б.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Мухаметжанова О.Т

Аға оқытушы Байгаринова Р.М



5

ASHD 0205

Ауыл шаруашылық дақылдары

Кредит көлемі –3 (1+2+0), ECTS –5 кредит

Пререквизиттер- 31 кредит

Постреквизиттер-өсімдік шаруашылығы,

Оқытудың мақсаты: Мамандарды дайындауда пәнді оқыту мақсаты ауыл шаруашылық дақылдарының сапасын, ілімдік теориялық негіздерін қалыптастыру болып табылады.

Қысқаша мазмұны: Студенттер пәнді оқу барысында дақылдардың сапасын ғылыми және оқу пәнін, зерттеу әдістерін, биоклиматтық көрсеткіштерді және дақылдар мен сорттардың әр түрлі пісу топтарын өсіру мүмкіншілігін бағалау. Өнім мөлшерін фитосинтетикалық белсенді радияция кірісімен анықтау. Танаптық дақылдар егістіктерінің ылғалмен қамтамасыз етілуі және нақты мүмкін өнім деңгейін анықтау. Күтілетін нәтижелер:Ауыл шаруашылық дақылдарының сапалық қасиеттерін арттыру

Білімі: Студенттер дақылды себудің амал тәсілдерін, мал азықтық дақылдарының тұқым себуін, тұқым себу мөлшерлерін есептеу әдімтемелері бойынша білімдерін жан-жақты жетілдірулері керек.

Икемділік: Студенттер тұқымды бағалау алдындағы қолайлы сабақ жилігіне әсер ететін жағдайлардына толықтай икемді болулары керек.

Дағды: Дақыл түрлерінің жіктелу жолдарын дағдылы түрде игере білулері керек.

Құзіреттілігі: Дақыл түрлерінің өсуі мен дамуын, дақылдар егістіктерінің қажетті уақытында реттелетін қоршаған орта факторларымен қамтамасыз ету арқылы қалыптасуын, танаптық жағдайда реттелмейтін факторларды тиімді пайдаланатын ғылым ретінде құзіретті түрде қарастырған жөн.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Каламов Б.Х, аға оқытушы Мухаметжанова О.Т.

6

ASHMP 0206

Ауыл шаруашылық машина пайдалану

Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS – 5 кредит

Переквизиттер-65 кредит

Постреквизиттер-«Агрохимия»,«Өсімдік шаруашылығы», «Егіншілік», «Агрономия негіздері» «Өсімдікті қорғау»

Оқытудың мақсаты: Пәнді оқыту мақсаты ауыл шаруашылық өндірісінде технологиялық үрдістерді механикаландыру турасында студенттердің білім алуы және өндірістік машықты өту болып табылады.

Қысқаша мазмұны: Ауыл шаруашылқ машиналарының қазіргі заманғы технологияларды ескере отырып шығарылған маркаларымен танысып, оларды пайдалана білу.

Дәрістер: Тракторлар мен автомобильдер, ауыл шаруашылық машиналары, ауыл шаруашылығында машина пайдалану, топырақ өңдеуге арналған машиналарды, тыңайтқыш шашқыш машиналарды. Қазақстан республикасы,тшетел жағдайында ауыл шаруашылық өндірісін механикаландыру-ауыл шаруашылық өнімі өзіндік құнына төмендеу және еңбек өнімділігін арттыру негізі. Қазақстан республикасының аграрлық өндірісі тиімділігін арттыруда машина және машина пайдаланудың маңызы.



Білімі: Болашақ мамандар білуі керек операция сапасын бақылауды, машина-трактор агрегатын тиімді құрауды, өндірістік бағдарлама орындау мақсатында қажетті материалдық және техникалық құралдар қажеттілігін есептеуді меңгерулері керек.

Икемділік: Студенттер пәнді игеру нәтижесінде тракторлар мен автомобильдер құрлысын, құраушы агрегаттар мен механизмдерінің жұмыс істеу принципін, технологиялық үрдістерін және олардың реттелулерін, агрегаттарды есептеуді, құрауды, реттеуді, ауыл шаруашылық дақылдарын өндіруде операциялық интенсивті технологиясының инженерлік негіздерін, ауыл шаруашылық жағдайда техниканы пайдаланудың ұйымдық түрін игере білулері керек.

Дағды: Пәнді толықтай меңгерген студенттертрактормен автомобилдердің жалпы құрлысымен жұмыс жасай білуге дағдыланулары керек.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Каламов Б.Х, оқытушы Ахметова А.А.

7

OI 0207

Оранжерея ісі

Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизиттер–101 кредит

Постреквизиттер –бақша екпелері, әсемдік өсімдік шаруашылығы, гүл шаруашылығы, бақ-саябақ шаруашылығы және басқалары.

Зерттеудің мақсаты: студенттерді екпелердің агротехникасына сәйкес декоративті-бақ өсірушілік сұрақтардың шешімін таба білуге дайындау.

Қысқаша мазмұны: Оранжерея- гүл жылыжайы, қыс айларында жылу бөлінетін, оңтүстікке қаратылып шынымен жабылған, әр елдің гұл түрлерін өсіретін мекеме. Бақша екпелерін өсіру технологиясын өңдеу және мекемені көгалдандыру бойынша кешендік жұмыстарды шешуге бағытталған зерттеулер және өңдеулермен айналысатын ғылым.

Зерттеуден күтілетін нәтижелер: бақты гүлдендіру әдістері мен тәсілдерін меңгеру.

Білімі: жеміс түрлерін өсіру агротехникасы әдістерін біледі.

Икемділік: бақ-саябақ ландшафтарын көгалдандыру және эксплуатациялауды жобалау негізін пайдалана алады.

Дағдылары:бақша өсіру ісіне дағдыланған.

Құзіреті: өз еркімен жұмыс жасау қабiлеттiлiгін, біліктілігін көрсете алады.

Бағдарлама жетекшілері: Аға оқытушы Мухаметжанова О.Т, аға оқытушы Байгаринова Р.М

Базалық пәндер- 44 кредитов

Оқу траекториясы 2. Фитосанитарлық диагностика және болжау

8

FDB 0208

Фитосанитарлық диагностика және болжау

Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS – 6 кредит

Пререквизиттер- 101 кредит

Постреквизиттер--«Агрохимия»,«Өсімдік шаруашылығы», «Егіншілік», «Агрономия негіздері» «Өсімдікті қорғау»

Оқытудың мақсаты: Ауылшарушылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларының тур құрамы және олардың биологиялық негізде зияндылығын азайту.

Қысқаша мазмұны:

Дәріс.(Диагностика жасау үшін егістікті әдістеме бойынша зерттеу. Материалдар жинақтау, гидрометрологиялық ақпарат, зиянды организмдердің шоғырлануы, даму фазасы және зерттеу жұмыстардың әдістиері мен мерзімдерін жинақтап күрес шараларын жоспарлау.

Материалдарды жинақтап өңдеу, агротехникалық өңдеу, тексеру жұмыстарының әдістері мен мерзімдері, көп жылдық болжамдар жасау, жылдық болжам, маусымдық болжам, қысқа мерзімдік болжам, хабар беру және болжамдар жасау жұмыстарын ұйымдастыру.

Күтілетін нәтижелер: Студенттер тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті анықтайтын оқу құралдарын пайдалана алу қажет.

Білімі: Теориялық білімен қаруланып және практикалық іскерілген арттыра білуі.

Икемділік: Студенттерге ауылшаруашылық зиянкестерімен күресу шараларын ұйымдастыра білуін қамтамасыз ету керек.

Дағды: Материалдарды жинақтап өңдеу, агротехникалық өңдеу, тексеру жұмыстарының әдістері мен мерзімдері, көп жылдық болжамдар жасау, жылдық болжам, маусымдық болжам, қысқа мерзімдік болжам, хабар беру және болжамдар жасау жұмыстарын ұйымдастыруға дағдыландыру.

Құзіреттілігі: ауыл шаруашылық дақылдарын зиянкестерден , арамшөптерден ауырулардан қорғау мақсатында тиімді күрес шароасын жоспарлау үшін осы зиянкестерді алдын ала егіс тараптарында зерттеп аз жылдық және көп жылдық мерзімдерге болжам жасау қажет.

Зертханалық жұмыс. Зертханаларда мәліметтерді өңдеу, зиянды организмдердің түр құрамын анықтау, жылдық есеп беру және өңдеу.



Бағдарлама жетекшісі:.аға оқытушы Каламов Б.Х, доцент Лавриненко Г.Е.

9

ASHF 0209

Ауыл шаруашылық фитопотологиясы

Кредит көлемі – 3 (1+1+1), ECTS – 5 кредит

Пререквизиттер – 31 кредит

Постреквизиттер-«Агрохимия»,«Өсімдік шаруашылығы», «Егіншілік», «Агрономия негіздері» «Өсімдікті қорғау»

Оқытудың мақсаты: Өсімдікті қорғау фитопотологияда биологиялық және техникалық ғылым табыстарын қолданып, аурулардың емдеу шараларын дамыту.

Қысқаша мазмұны: Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің көп тараған ауруларын анықтау

Дәрістер: Кіріспе Ауыл шаруашылық фитопотологиясы негіздері. Пәннің маңызы. Фитопотология туралы түсінік.Ауыл шаруашылық дақылдарының ауруларының түрлері. Фитопотогенді саңырауқұлақтар,бактериялар,вирустар,микоплазмалар,актиномицеттер және т.б. ауру қоздырғыштарға сипаттама. Ауыл шаруашылық дақылдарды аурулардан қорғау.Дәнді дақылдардың аурулары және қорғау шараларының жүйесі.Бидай,қара бидай,арпа,сұлы және тарының қара күйелері.Қара күйе ауруларынан қорғау шараларының жүйесі.

Бидай,қара бидай,арпа,сұлының тат аурулары.Дәнді дақылдарды тат аурулары-нан қорғау шаралары.Дәнді дақылдардың өзге аурулары. Ақ ұнтақ,Қастауыш. Гельминтоспориоз. Фузариоздар. Тамыр шіріктер. Қызылша аурулары(қанттық,тағамдық және азықтық).Тамыр жегі.Церкоспороз. Пероспороз. Ақ ұнтақ.Тат.Фомоз.Тамыр шіріктері.Бактериялы дақ.Рак.Туберкулез. Ризомания.Мозайка.Сары ауру.Қағат шірігі.Қызылшаны аурулардан жүйелі қорғау шаралары. Картоп аурулары.Фитофтороз. Макроспориоз. Рак.Ризоктиниоз.Фомоз.Таз түрлері.Вертициллезді және фузариозды солу.Қара мойнақ.Сақиналы шірік.Мозайка түрлері.Көкөніс,бақша дақылдарының аурулары және алдын алу шараларынң рөлі. Қырыққабат аурулары.Қара мойнақ.Кила. Фомоз. Пероноспороз. Физариоз.Альтернариоз. Түтікті және шырышты бактериоздар.

Өсімдіктердің ауруларға төзімділігі. Иммундық қасиетінің жоғарлауына әсер ететін факторлар.

Лабораториялық сабақтар: Препаратты әзірлеу техникасы Дәнді дақылдар аурулары. Астықтын қоңыр даты, астықтың гельмин тоспориозы Дәнді дақылдар аурулары. Астықтың сызықшасы даты, бидай сабағының қара күйесі Дәнді дақылдар аурулары. Арпаның тозаңды қара күйесі, жүгерінің көпіршік қара күйесі. Дәнді бұршақ тұқымдастар аурулары. Үрме бұршақтың антракнозы, бұршақтың аскохитозы Көпжылдық бұршақ шөптерінің аурулары. Мақта аурулары Қызылшаның аурулары Асқабақ тұқымдас аурулары Картоп аурулары Орамжапырақ аурулары Пиязбен сарымсақ аурулары Алма-алмұрт аурулары Сүйекті-жеміс аурулары

Жидек аурулары.



Күтілетін нәтижелер: Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің көп тараған ауруларын болдырмау

Білімі:Фитопотогенді саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар, микоплазмалар, актиномицеттер және т.б. ауру қоздырғыштарға сипаттама. Ауыл шаруашылық дақылдарды аурулардан қорғау. Дәнді дақылдардың аурулары және қорғау шараларының жүйесін дұрыс зерттей білуі керек.

Икемділік:Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен қоздырғыштарыны мен зертханада күресу жолдарын ұсына білу керек.

Дағды: Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен қоздырғыштарымен күресу жолдарын үйрету.

Құзіреттілігі:Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен қоздырғыштарының жаратылысын, пайда болу себептерін зерттеу – ауылшаруашылық фитопотология негізі болып саналады.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Мухаметжанова О.Т, аға оқытушы Байгаринова Р.М.

10

TOBM 0210

Трансгенді өсімдіктердің биоқауіпсіздік мәселеcі

Кредит көлемі – 3 (1+0+2), ECTS – 5 кредит

Пререквизиттер- 65 кредит

Постреквизиттер- Ауыл шаруашылық фитопотологиясы, тұқымшаруашылығы, көкөніс дақылдарын сақтау және өндіру.

Оқытудың мақсаты: биотехнологиялық жолмен алынатын өнімдерді өсімдік клеткаларынан культивирлеу арқылы алу жолдарымен студентердің білімін көтеру.

Қысқаша мазмұны: Трансгенді өсімдіктердің даму жолдары, Гендердің өсімдіктерге тасымалдануы және олардың эксперсиясы, Гендік инженерияның мүмкіндіктерімен даму болашағы. Басқа организмге тасымалданатын қажетті гендерді бөліп алу.

Гендерді тасымалдайтын векторлар. Стрестік жағдайларға өсімдіктертің төзімділігін арттыру.

Трансгенді өсімдіктер арқылы биологиялық молекулалық азотты сіңірудің тиімділігін арттыру

Күтілетін нәтижелер: Биотехнологиялық әдістерді көмегімен селекция процессін жүргізілуге ежелден қолданылып келе жатқан тәсілдерді едәуір жеңілдетуге, тездетуге болады. Гендік инженерия молекулалық және клеткалық инженерияның қолданбалы саласы бұл әдіспен организмдегі генетикалық информацияны көздеген мақсатқа сай өзгертіп, олардың геномдарын белгіленген жоспармен қайта құруға болады.

Білімі: Гербициттерге төзімді өсімдіктер алу. Трансгенді өсімдіктерді қолданып фотосинтездің тиімділігін арттыру

Икемділік: Болашақта гендік инженерлік салада жұмыс жасау жолдарын арттыру.

Дағды: Болашақ мамандарды теориялық және тәжірибелік білімен қамтамасыз ету.

Құзіреттілігі: Трансгенді өсімдіктер арқылы өсімдік өнімдерінің дәмі мен түсін өзгерту, Трансгенді өсімдіктерден вакцина алу жолдары, Трансгенді өсімдіктерді қорғаудығы экологиялық іс шараларын меңгеру.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Мухаметжанова О.Т, аға оқытушы Байгаринова Р.М.


11

OK 0211

Өсімдіктер қоректену

Кредит көлемі –3 (1+2+0), ECTS –5 кредит

Переквизиттер-65 кредит

Постреквизиттер- «Өсімдік шаруашылығы», «Егіншілік», «Агрономия негіздері» «Өсімдікті қорғау»

Оқытудың мақсаты: пәнді оқытудың негізгі мақсаты студенттерге өсімдік қоректенуіне жақсы жағдай жасау тәсілдерін, олардың топырақпен әрекеттесу ерекшеліктерін, шаруашылықта жекелеген дақылдарға тыңайтқыш қолдану, ауыспалы егісті дұрыс құруды үйрету.

Қысқаша мазмұны: Өсмідіктің өсуіне әсер ететін барлық факторларды ескере отырып, өсімдіктің қоректенуін жақсарту.

Дәрістер: Ауыл шаруашылық дақылдарының түсімін жоғарлатуда әрі өнім сапасын жақсартуда және топырақ құнарлығын арттыруда органикалық минералдық тыңайтқыштардың маңызы. «Өсімдіктер қоректену» пәнінің міндеттері мен тәсілдерін. Өсімдіктерді қоректендіруде қолданылатын зерттеу әдістері. Тыңайтқыш қолданудың экологиялық аспектісі. Өсімдікте нитраттың жиналуы. Жоғары сапалы өнім жинау- агрохимияның нарықты экономика жағдайындағы басты міндеті. Өсімдіктің тамыры арқылы қоректенуі мен тыңайтқыш қолдану мәселелері.



Білімі: Пәнді оқыған студент білуге міндетті, өсімдіктің химиялық құрамын және олардың қоректену ерекшеліктерін. Тыңайтқыш қолдануға байланысты әр түрлі топырақ тиіптерінің агрохимиялық қасиеттерін, тыңайтқыштардың химиялық құрамы мен қасиеттерін, ауыл шаруашылық дақылдарынан жоспарланған өнім алу үшін тыңайтқыш қолданудың тиімді жағдайларын. Дақылдардың тыңайтқышқа қажеттілігін анықтайтын қазіргі әдістерін, өсімдік пен топыраққа химиялық талдаулар жүргізу әдістерін. Эксперименттік мәліметтерді өңдеудің математикалық-статистикалық әдістерін,

Икемділік: Курсты аяқтаған студенттер талдаулар үшін топырақ және өсімдік үлгілерін алу, топырақ өсімдік және тыңайтқыштарға талдау жүргізу әдістерін, топырақ және өсімдік диагностикасын жүргізуді иегере білулері керек.

Дағды: Болашақ мамандар дақыл өнімділігін арттыру мен топырақ құнарлығын жоғарлату жолдарын үйреніп тәжірибеде дағдыланулары керек.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Каламов Б.Х, доцент Лавриненко Г.Е.


12

SE 0212

Суармалы егіншілік

Кредит көлемі –2 (1+0+1), ECTS –3 кредит

Пререквизиттер- 101 кредит

Постреквизиттер- Өсімдік қорғау, Агрохимия, ауыл шаруашылық өсімдіктерін сақтау және өңдеу технологиясы.

Оқыту мақсаты: Студентерді суармалы егіншілікте суарудың әр түрлі әдіс тәсілдерімен егін суаруға пайдаланатын техникалармен таныстырып оқыту.

Қысқаша мазмұны: Суармалы жер туралы негізгі түсінік. Суару жүйелері. Суару тәсілдері. Ауыл шаруашылық дақылдарын тамшылатып суару. Көлдетіп суару. Жаңбырлатып суару. Тағы басқа әдістерімен суару.

Күтілетін нәтижелер:Қазақстан аймақтарына байланысты сауару жүйелерінің тиімді тәсілдерін меңгеру.

Білімі: Болашақ мамандар суармалы егіншілікте ауыл шаруашылық дақылдарынан мол өнім алып егіншілікті тиімді пайдалана блуі керек;

Икемділік: Әр түрлі ауыл шаруашылық дақылдарын вегетециялық өсу кезеңінде өсімдіктің суға қоятын талаптарын ескере отырып суарудың әр қилы тәсілдерін игере білулері керек;

Дағды: Суармалы егіншілік әдіс-тәсілдеріне студенттер алған білімдерін тәжірибеге асыруға дағдыланулары керек.

Құзіреттілігі: Студенттер суармалы егіншілік әдіс-тәсілдеріне құзіретті болулары керек;

Бағдарлама жетекшісі: аға жетекші Каламов Б.Х, оқытушы Ахметова А.А.

13

TE 0213

Тәлімі егіншілік

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит

Пререквизиттер- 65 кредит

Постреквизиттер- Ауыл шаруашылық фитопатологиясы, ауыл шаруашылқ өсімдіктерін өңдеу және сақтау технологиясы.

Оқыту мақсаты: Студенттерді тәлімі жер жағдайында егіншілік жүйесін құру ауыспалы егіс жүйесін топырақ климат жағдайына байланысты суарылмайтын алқаптарға орналастыру және игеру.

Қысқаша мазмұны: тәлімі жер жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алу үшін ауыспалы егіс жүйесін топырақ өңдеу жүйесін және арамшөптермен тиімді күрес шараларын жүргізу жүйесін жете меңгеру жаңа технологияларды енгізу

Күтілетін нәтижелер:Қазақстан аймақтары бойынша тәлім жерлерді игеруді үйрену.

Білімі: Студенттер тәлімі жерге ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің технологияларын жетік меңгеру керек;

Икемділік: Ғылымға негізделген тәлімі жер жағдайына бейімді ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру, топырақ өңдеу жүйесіне игере білулері керек.

Дағды: Тәлімі жер топырағының жер ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді пайдалануға студенттерді дағдыландыру.

Құзіреттілігі: Тәлімі жер жағдайында ауыл шаруашылық дақылдарына мол өнім алуға студенттердің теориялық білімдерін тәжірибеге асыруына құзіреттілігін арттыру.

Бағдарлама жетекшісі:аға оқытушы Каламов Б.Х, доцент Лавриненко Г.Е.

14

LESGH 0214

Ландшафтық егіншілік жүйесі

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит

Пререквизиттер- 101 кредит

Постреквизиттер- Өсімдік қорғау, Агрохимия, ауыл шарушылық өсімдіктерін сақтау және өндіру технологиясы.

Оқыту мақсаты: Болашақ мамандарды ландшафтық егіншілік жүйесі туралы түсінік пен олардың жіктелуі мен құрылымын, ландшафт классификациясы туралы тереңірек оқытуды меңгере білулері керек.

Қысқаша мазмұны: Агроландшафтық жүйе- қазіргі заман егіншілік негізі. Ланшафтық жағдайда келесі факторлар еске алынуы тиіс:

1. Қоғамның ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарықтағы сұранысы;

2. Ауыл шаруашылық дақылдарының агроэкологиялық факторларға талабы;

3. Өндірісті қарқындандыру шаралары;

4.Табиғат қорғаудың экологиялық факторлары;

5. Шаруашылықтың негізгі бағыттары. Климаттық және ландшафттық жағдайлардың байланысы. Суару туралы негізгі мәліметтер. Суару жүйесі және оның элементтері. Суару түрлері. Ауыл шаруашылық дақылдарына тыңайтқыш беру жүйесі, топырақ өндеу жүйесі және алдынғы қатарлы селекция жетістіктерін негізге ала отырып жоғары сапалы ауыл шаруашылық дақылдарының сорттарын өндіріске енгізу.

Күтілетін нәтижелер:Ландшафтық егіншілік жүйесін құруды үйрену.

Білімі: Ландшафтық егіншілік жүйесінен жалпы мағлұмат алу, осы заманға егіншілік жүйесін өндіріске енгізуді жаңа технологияларды игеруді үйрену. Ландшафтық егіншілік жүйесін өндіріске енгізу арқылы табиғи ландшафтарды сақтап ауыл шаруашылығы дақылдарын өндірудің жаңа технологияларын пайдалана отырып мол және сапалы ауыл шаруашылық дақылдарын өндіру.

Икемділік: Ғылымға негізделген ландшафтық егіншілік жүйесін өндіріске енгізуді және осы арқылы ауыл шаруашылық дақылдарынан сұранысқа ие жоғары сапалы ауыл шаруашылық дақылдарынан мол өнім алуды, агроэкологиялық ортаны қатаң түрде сақтауды білу керек.

Дағды: Шаруашылықтарда егіншіліктің барлық жүйелерімен бірге ландшафтық егіншілік жүйесін өндіріске енгізуге дағдылану.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Каламов Б.Х, доцент Лавриненко Г.Е.


1,2 траектория бойынша оқу үшін қосымша жалпы пәндер

15

Ж Mat 0215

Мамандыққа кіріспе

Кредит көлемі –3 (1+2+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизиттер -жоқ

Постреквизиттер- «Агрохимия»,«Өсімдік шаруашылығы», «Егіншілік», «Агрономия негіздері» «Өсімдікті қорғау»

Оқытудың мақсаты:

Агрономиялық жұмыстарда топырақты өңдеу жүйелері мен технологиялық операциялары, процестері.



Қысқаша мазмұны:

Дәрістер: Жалпы мәліметтер топырақтану және агрохимия мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы.Кіріспе. Университет структурасы Халық шаруашылығындағы ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызы. Ауылшаруашылық ғылымының негізгі зерттеу нысаны. Агрономия ж»не Топырақтану және агрохимия мамандығы бойынша бакалаврдың негізгі қызметіне қойылатын талаптар.



Күтілетін нәтижелер: агрономия мамандығын алғаннан кейін өз мамандығын толық түсініп, бәсекеге қабілетті мамандар дайындауға көмектеседі.

Оқу бітірушілердің білім деңгейіне қойылатын талаптар. Білім берудің негізгі жалпыұлттық мақсаттары және пән циклдары бойынша мақсаттары. Жалпы білімділікке, әлеуметтік-этикалық құзіреттілігіне, кәсіби-экономикалық және ұйымдастыру-басқарушылық құзіреттілігіне, кәсіби құзіреттілігіне, әлеуметтік, экономикалық, кәсіби жағдайлардың өзгерісіне, өтпелілік пен белгісіздік жағдайларының үдей түсуі жағдайында географиялық және әлеуметтік жұмылдыруға дайын болуға қойылатын талаптар.



Білімі:Студенттер алған білімдері арқылы теориялық дайындығын шыңдап, білік пен дағыдыларын іс жүзінде пайдалана білу қажет.

Икемділік: Кәсіби қызметінің саласы, объектілері, пәні, түрлері, функциясы, типтік міндеттері, бағыттары, мазмұнын игере білу.

Дағды: Топырақты өңдеу жүйелері мен технологиялық операциялары, процестері. Кәсіби қызметінің саласы, объектілері, пәні, түрлері, функциясы, типтік міндеттері, бағыттары, мазмұны.

Құзіреттілігі: Кәсіби қызметінің саласы, объектілері, пәні, түрлері, функциясы, типтік міндеттері, бағыттары, мазмұны. Агрономия және Топырақтану және агрохимия мамандығы бойынша бакалаврдың негізгі қызметіне қойылатын талаптар.

Бағдарлама жетекшісі: доцент Сеилгазина С.М, аға оқытушы Байгаринова Р.М.

16

EK 0216

Еңбек қорғау

Кредит көлемі –2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит

Пререквизиттер- 65 кредит

Постреквизиттер- Ауыл шаруашылығында машина пайдалану,Суармалы егіншілік, Өсімдіктерді химиялық қорғау, Өсімдіктің ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау және қайта өндіру технологиясы.

Оқытудың мақсаты: Агрономия саласы бойынша жұмыс істегенде өндірістік қауіптіліктен және зияндылығынан сақтау мен алдын алу шараларын меңгеру.

Қысқаша мазмұны: Еңбек жағдайын жақсарту, жарақтаттануды азайту, еңбек өнімділігін жоғарылату еңбек қауіпсіздігі жағдайларын талдау, жазатайым жағдайлардын алдын алу.

Күтілетін нәтижелер: Өндірісте болатын барлық қауіпсіздік шараларымен таныстырып, барлық өндірісте кездесетін жазатайым жағдайларды болдырмау мен алдын алуды меңгеру.

Икемділік: Еңбек қауіпсіздігі шараларын меңгеру.

Дағды: Студенттер алған білімдері арқылы теориялық дайындығын шыңдап, білік пен дағыдыларын іс жүзінде пайдалана білу қажет

Құзіреттілігі: Өсімдік шаруашылығы бойынша барлық саланың ерекшеліктерін меңгере отырып, еңбек қорғау шараларын сақтау.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Бейсебаев Ш.Т.

17

EM 0217

Экономика және менеджмент

Кредит көлемі –3 (1+2+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизиттер- 65 кредит

Постреквизиттер- Ауыл шаруашылығында машина пайдалану,Суармалы егіншілік, Өсімдіктерді химиялық қорғау, Өсімдіктің ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау және қайта өндіру технологиясы.

Оқытудың мақсаты: аграрлық салада тауарлық ақша қатынасын реттеуді, өнімнің өзіндік құнын есептеуді үйретеді.

Қысқаша мазмұны: Агроменеджментмазмұны мен негізгі түсініктері. Шет елдердегі менеджмент ерекшеліктері. Әлеуметтік жауапкершілік. Басқару қызметтері: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау жұмыстарын үйрету.

Күтілетін нәтижелер: Шаруашылықты басқаруды, негізгі операциялық міндеттерді атқару мен құруды үйрету.

Икемділік: ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекеттік реттей білу.

Дағды: Студенттер алған білімдері арқылы теориялық дайындығын шыңдап, білік пен дағыдыларын іс жүзінде пайдалана білу қажет

Құзіреттілігі: Өсімдік шаруашылығы бойынша барлық саланың ерекшеліктерін меңгере отырып, аграрлық өнімнің экономикалық тиімділігін арттыру.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Қуантқан Б.Қ.

18

ASHE 0218

Ауыл шаруашылық энтомологиясы

Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS – 10 кредит

Пререквизиттер- 31 кредит

Постреквизиттер-«Агрохимия»,«Өсімдік шаруашылығы», «Егіншілік», «Агрономия негіздері» «Өсімдікті қорғау»

Оқытудың мақсаты: Студенттерге ауылшаруашылық зиянды насекомдар мен оның салдарынан болатын ауыл шаруашылық дақылдарың, шығынның мөлшері тек қана өсімдіктердің зиянкестік әрекетіне ғана тәуелді емес, сонымен қатар сорт ерекшелігіне, агротехника дәрежесіне, егіннің орналасу тәртібіне және тағы басқа шараларға сәйкес өсімдіктің зиянкестерге төзімділігіне байланысты болатындығын студенттерге оқыту болып табылады.



Қысқаша мазмұны: «Ауыл шаруашылық энтомологияcы» пәні студенттерді ауыл шаруашылық дақылдарын зиянды организмдердің түр құрамымен таныстырып, олардың биологиялық ерекшеліктерін, олардың жаппай көбеюімен таралуын себептерін ескере отырып өсімдіктерді қорғау шараларының жүйелерін дұрыс жүргізудіжоспарлау.

Дәрістер: Ауыр шаруашылық дақылдары зиянкестерінің негізгі топтарына жалпы сипаттама. Насекомдар құрлысының негізгі белгілері. Насекомдардың дамуы көбеюі және тіршілік циклі. Насекомдардың систематикасы мен класификациясы. Нематодтар кенелер, жалаңаш шырыштылардың сыртқы ,ішкі құрлыс ерекшеліктері және систематика негіздері. Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерінің экологиясы. Зиянкестермен күресу тәсілдері. Техникалық және майлы дақылдардың зиянкестері. Жеміс және жидек дақылдарының зиянкестері. Астық және басқа ауыл шаруашылық өнімдері қорының зиянкестері. Зиянкес кеміргіштер.



Күтілетін нәтижелер: Организмдердің зиянкестігі салдарынан туатын шығынның экономикалық салдарын болдырмау болып табылады.

Білімі: сорт ерекшелігіне, агротехника дәрежесіне, егіннің орналасу тәртібіне және тағы басқа шараларға сәйкес өсімдіктің зиянкестерге төзімділігіне байланысты болатындығын студенттерге оқыту кеерек.

Икемділік: Студенттерге ауылшаруашылық зиянкестерімен күресу шараларын ұйымдастыра білуін қамтамасыз ету керек.

Дағды: Студенттерді ауылшаруашылық өсімдік өнімдерінің сапалық құрамын арттыруға дағдыландыру керек.

Құзіреттілігі: Студенттер алған білімдері арқылы теориялық дайындығын шыңдап, білік пен дағыдыларын іс жүзінде пайдалана білу қажет.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Каламов Б.Х, доцент Лавриненко Г.Е.

19

Agrohim 0219

Агрохимия

Кредит көлемі –3 (1+0+2), ECTS –5 кредит

Переквизиттер-65 кредит

Постреквизиттер- «Өсімдік шаруашылығы», «Егіншілік», «Агрономия негіздері» «Өсімдікті қорғау»

Оқытудың мақсаты: пәнді оқытудың негізгі мақсаты студенттерге тыңайтқыш көмегімен өсімдік қоректенуіне жақсы жағдай жасау тәсілдерін, олардың топырақпен әрекеттесу ерекшеліктерін, шаруашылықта жекелеген дақылдарға тыңайтқыш қолдану, ауыспалы егісті дұрыс құруды үйрету.

Қысқаша мазмұны:

Дәрістер: Ауыл шаруашылық дақылдарының түсімін жоғарлатуда әрі өнім сапасын жақсартуда және топырақ құнарлығын арттыруда органикалық минералдық тыңайтқыштардың маңызы. Агрохимия пәнінің міндеттері мен тәсілдерін. Агрохимияда қолданылатын зерттеу әдістері. Тыңайтқыш қолданудың экологиялық аспектісі. Өсімдікте нитраттың жиналуы. Жоғары сапалы өнім жинау- агрохимияның нарықты экономика жағдайындағы басты міндеті. Агрохимия ғылымының даму тарихы. Өсімдіктің тамыры арқылы қоректенуі мен тыңайтқыш қолдану мәселелері.



Білімі: Пәнді оқыған студент білуге міндетті, өсімдіктің химиялық құрамын және олардың қоректену ерекшеліктерін. Тыңайтқыш қолдануға байланысты әр түрлі топырақ тиіптерінің агрохимиялық қасиеттерін, тыңайтқыштардың химиялық құрамы мен қасиеттерін, ауыл шаруашылық дақылдарынан жоспарланған өнім алу үшін тыңайтқыш қолданудың тиімді жағдайларын. Дақылдардың тыңайтқышқа қажеттілігін анықтайтын қазіргі әдістерін, өсімдік пен топыраққа химиялық талдаулар жүргізу әдістерін. Эксперименттік мәліметтерді өңдеудің математикалық-статистикалық әдістерін,

Икемділік: Курсты аяқтаған студенттер талдаулар үшін топырақ және өсімдік үлгілерін алу, топырақ өсімдік және тыңайтқыштарға талдау жүргізу әдістерін, топырақ және өсімдік диагностикасын жүргізуді иегере білулері керек.

Дағды: Болашақ мамандар дақыл өнімділігін арттыру мен топырақ құнарлығын жоғарлату жолдарын үйреніп тәжірибеде дағдыланулары керек.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Каламов Б.Х, оқытушы Ахметова А.А.

20

ShSh

0320


Шалғындық шаруашылығы

Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизиттер-31

Постреквизиттер- Өсімдік шаруашылығы, егіншілік, топырақтану

Оқытудың мақсаты: шалғындық шаруашылығын ғылыми негізі ретінде шалғындық өсімдіктердің өсіп, даму заңдылықтарын зерттеп анықтау.

Қысқаша мазмұны: Шалғынтану өсімдік қауымдастығы қалыптасатын заңдылықтарды зерттейді. Шалғын шаруашылығы мезофильді өсімдіктер өсетін шалғындық жерлерді жақсарту жолдары

Күтілетін нәтижелер: Өсімдіктің өсуі мен даму ерекшеліктерін жақсарту.

Білімі: студенттерге теориялық білім берумен қатар, егістік дақылдардан жоғары өнім алу тәжірибесіне дағдыланған, ауыл шаруашылығы өндірісінің іссаналық мәселелерін теориялық жолмен шешуге жағдай жасау болып табылады.

Икемділік: Студенттерге ауылшаруашылық дақылдарын ғылыми негізде өсіру технологиясын қолдану арқылы жоғары өнім алу жолдарын үйрету және дайындалатын мамандарды теориялық біліммен қаруландыру және практикалық іскерлігін арттыру.

Дағды: Өсімдік шаруашылық мамандардың агрономиялық ойларын қалыптастырып олардың тәжірибесіндегі ғылыми негізделген шаралар жиынтығын өндірісте білгірлікпен қолдануға жағдайлар жасап, аймақтық және егін шаруашылығын басқа да жүйелері негіздерін жасауға жол ашады.

Құзіреттілігі: Шалғындықты өсімдіктерді өсіруге және жоғары өнім алуға қажетті топырақтың оңтайлы параметрі жоғарғы құнарлылығын жасау және жерді экономикалық, экологиялық, технологиялық тұрғыдан тиімді пайдалану.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет