Бекітемін «Өрлеу» баұО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ баи» директоры Е. Т. Исимбаев



Дата08.07.2016
өлшемі99.59 Kb.
#185460
Бекітемін

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

«Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»

директоры

________________ Е.Т.Исимбаев

«___» ақпан 2016 ж.
Жалпы ережелер

  • Сырттай облыстық байқау «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үздік қосымша білім беру бағдарламасы»  (бұдан әрі - Байқау) «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» өткізеді.


1. Байқаудың негізгі мақсаттары

1.1 Қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиешілерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.


2. Байқаудың негізгі міндеттері

    1. Мектепке дейінгі ұйымның қосымша білім беру педагогтерімен әзірленген бағдарламалардың сапасын арттыру.

    2. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қосымша білім беру бағдарламаларды әзірлеуде біртұтас тәсілдерді қолдану.

2.3 Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің үздік қосымша білім беру бағдарламаларын таратуда ақпараттық-әдістемелік ортаны құру.
3. Байқауға басшылық:

3.1. Байқауға басшылықты ұйымдастыру комитеті іске асырады;

3.2. Ұйымдастыру комитеті сайыс қатысушыларына кеңес жүргізіп, қазылар алқасының жұмысын ұйымдастырады;

3.3. Ұйымдастырушылар ұсынылған талапқа сай келмейтін және кешіктірілген жұмыстарды қарастырмауға құқылы.


4. Өткізу тәртібі
Байқау 3 кезеңде өткізіледі:

1 кезең – ұйымдастырушылық – 2016 жылдың 01 наурызынан 18 наурызына дейін   – байқау материалдарын қабылдау (өтінім, қосымша білім беру бағдарламалары)

2 кезең – 2016 жылдың 24 наурызынан  29 наурызына дейін – ұсынылған материалдардың сараптамасы, жоғары балл алған 2 кезеннің қорытындысы бойынша педагогтерді іріктеу.

3 кезең –  2016 жылдың 30 наурызы - Байқау қорытындысын жариялау


5. Байқау қатысушылары

Байқауға қатысуға шақырылады:
Байқауға Ақмола облысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, жалпы білім беретін орта мектептерінің жанындағы шағын орталықтар мен мектепалды даярлық сынып педагогтері қатысады.

6. Байқау мазмұны

6.1 Байқау бес номинация бойынша өткізіледі:

- Көркем-эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру бағдарламалары;

- Танымдық-тілдік бағыттағы қосымша білім беру бағдарламалары;

- Интеллектуалды-түзету бағыттағы қосымша білім беру бағдарламалары;

- Дене-сауықтыру бағыттағы қосымша білім беру бағдарламалары;

- Рухани-адамгершілік бағыттағы қосымша білім беру бағдарламалары;

6.2 Байқауға қатысу үшін ұйымдастырушы комитетіне келесі материалдарды тапсыру қажет:

-белгіленген ереже бойынша байқауға қатысу үшін өтінім (№1 қосымша);
-өтінімдегі қосымша білім беруді сипаттайтын ақпарат (негізгі мәтін көлемі-қосымша білім беру сипаттамасы келесі параметрлер бойынша 10 баспа беттен артық болмауы тиіс: жоғары жиектері – 2 см, төменгі жиек – 2 см, сол жиек – 2 см, оң жиек – 1 см, – Times New Roman биіктігі 14, аралық интервал – бірлік интервал).

- байқау барысын нақтылау және жұмыс нәтижесін қорытындылау үшін материалдарды ұсыну

а) практикалық жұмыстар:

- қосымша білім беру бағдарламасын және тұжырымдамасын;

- жұмыс бағытын растайтын қосымша білім беру бағдарламасының әдістемесін;

- күн тәртібіндегі тәрбиелік-білім беру шарасының әзірлемесін.

б) жұмыс тәжірибесін суреттеу ретінде «Шығармашылық серпін» бейнеролигін ұсыну

6.3 Байқаудың жұмыс тілдері: казақ, орыс


7.  Байқау материалдарының талаптары

7.1. Қосымша білім беру бағдарламасы әзірленген қосымша білім беру бағдарламасының құрылымымен сәйкес болу қажет (№2-қосымша)

7.2 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қосымша білім беру бағдарламасының бағалау критерийлері:

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қосымша білім беру бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес болуы (0-10 балл);

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қосымша білім беру бағдарламаларының құрылымдық компоненттерінің келісуі (мақсаты, міндеттері, мазмұны, үлгісі, тәсілдері, әдістері, іске асыру құралдары мен жоспарланған нәтижелері (0-10 балл);

- білім беру қажеттіліктері мен қызығушылықтарын жас ерекшеліктерді есепке ала отырып үлгілердің,тәсілдердің,әдістердің және құралдардың вариативтілігін іске асыру

(0-10 балл);

- білім беру қатынасының қатысушыларымен қалыптасқан бағдарлама бөліміне өңірлік компоненттерді қосу (білім беру әрекетін жүзеге асыратын ұлттық ерекшелік, әлеуметтік-мәдени және т.б. (0-10 балл);

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда педагогикалық технологияларды қолдану (0-10 балл);

- қосымша білім беру бағдарламалардың міндеттерін жүзеге асыруда ақпараттың ғылымилығы, қолайлығы мен ашықтығы (0-10 балл).



Максималды балл саны – -60 балл.
8.  «Шығармашылық серпін» бейнеролигіне талаптар

Бейнероликке тұсаукесер (7 минут). Білім беру мекемесі орналасқан орынды ұсынудан тұрады (50 сек), қосымша білім берудің заттық-дамытушы ортаның көрсетілімі (2 мин), білім беру үдерісінің үзінділері: сабақ, мереке, саяхат - (4 мин). Роликте мәтінді сүйемелдеу болуы мүмкін: шағын-сұхбат, музыкалық.
Сараптама және байқау қорытындысын жасау реті:

9.1. Номинациялар бойынша жұмыс жасайтын алқалық кеңес материалдарға сараптама жасайды.

9.2. Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды.

9.3. Бағалау критерийлерінің әр қайсысына 1 ден 10 балға дейін қойылады:

0-1 – критерийге мүлде сай емес;

2-5 – критерийге толық сай келмейді;

6-9 – критерийге жоғары деңгейге сай, бірақ әлі де толық емес;

10 – критерийге толық сай келеді.


9.4. Жеңімпаздар жинақталған ұпайлармен анықталады.

9.5. Жеңімпаз дипломмен марапатталады, үздік қосымша білім беру тұжырымдары жинаққа енеді.



10. Байқауға ұсынылған материалдардың тізбегі

-Электронды және қағаз нұсқадағы өтінім (№1-қосымша).

-Дайын бейнематериалдарды келесі түрде ұсыну:

  Жүктелген бейнематериалдарды байқаудың e-mail dop_progrdoo@mail.ru ғаламтор-ресурстарына сілтеме жазып ұсыну 



  • DVD нұсқада жазылған.

     «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үздік қосымша білім беру бағдарламалары» электронды түрдегі материалдары (CD-дискте) байқау қатысушының мәліметтерімен конвертте жапсырылады

(қатысушының Т.А.Ә., ұйым атауы, пед.өтілі, санаты, материал тақырыбы).

“Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үздік қосымша білім беру бағдарламасы” байқаудың материалдарын ұйымдастырушы алқасының мекенжайына ұсыну:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 71

Пошталық индекс: 020000

Байланыс телефондары: 25-69-42 ( қабылдау бөлмесі) , 25 – 48 – 97 ( МКД ППС кафедрасы)

Жауаптылар: Джакупова Шынар Сунгатовна, МКД ППС кафедрасының аға оқытушысы (ұялы тел: 87027763014);

Жалмуханова Жанылсын Утегеновна, МКД ППС кафедрасының аға оқытушысы (ұялы тел: 87011357895).

Электронды пошта: dop_progrdoo@mail.ru

Байқау материалдарына пікір берілмейді және қайтарылмайды.

 
10. Байқау қатысушыларын марапаттау

10.1 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үздік қосымша білім беру бағдарламаларының» облыстық байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелі Дипломдармен марапатталады.

10.2 Байқау қатысушылары қатысқаны үшін дипломдармен марапатталады (бағдарламалары байқау талаптарына сәйкес келмеген қатысушылардан басқа).

10.3 Байқау қорытындысы 2016 жылдың 31 наурызында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» akmol-orleu.kz сайтында жарияланады. 

10.4  Авторлық құқық.

Конкурсқа жұмысын ұсына отырып қатысушы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңын сақтауына кепіл береді

Байқауға өтінімді ұсына отырып, авторлар Байқау ұйымдастырушыларына жұмыстарды коммерциялық емес мақсатта авторлыққа сілтеме жасап (Ғаламторда орналастыру, баспада жариялау) қолдануға құқық береді.

 

1-қосымша.


Облыстық «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үздік қосымша білім беру бағдарламасы» байқауына

өтінімі
Толық аты-жөні______________________________________________________________________
Лауазымы ______________________________________________________________________
Мектепке дейінгі білім беру атауы

____________________________________________________________________________________________________________________________________________


Мектепке дейінгі білім беру ұйымының заңды және пошталық мекенжайы
____________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________


Қатысушының байланыс телефоны_____________
E-mail ______________________________________________________

Бейнематериалдың аннотациясы (тақырыбы, мақсаты, мазмұны)___________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________

Конкурс қатысушысы ұсынылған материалдардың авторы екенін растайды және байқау ұйымдастырушыларына akmol-orleu.kz сайтында орналастыруға құқық береді

__________________________________ (______________________)

(қолы) (Толық аты-жөні)


Күні « ____ » _______________ 2016 ж.

2-қосымша



Қосымша білім беру бағдарламаларын әзірлеу құрылымы

1. Кіріспе, түсінік хат

Курсты енгізу мен әзірлеу қажеттілігін негіздеу:

  • Балалардың жас, топтағы саны, жас және психологиялық ерекшеліктері;

  • Сабақ тәртібі (сабақтар саны мен сағаты аптасында, жылда);

  • Бағдарлама түрі, жүзеге асыру кезеңдері, педагог тұжырымдамасы (мазмұнының өзектілігі, жүзеге асыру саласы және т.б.);

  • Бағдарлама құрылымының негізгі ұстанымдары;

  • Аталған бағдарламалардың негізгі теориялық ойлары

2. Тақырыптық жоспарлау

  • Тақырып тізімі ретінде бағдарлама мазмұны;

  • Тақырыптардың бірізділігі, әр біреуіне сағат саны, теориялық және практикалық сабақтардың уақытпен сәйкестігі;

  • Балалардың дайындығын есепке ала отырып және материалдық техникалық базаның сәйкестігіне байланысты бағдарлама бөлімдерін педагогтерге ұсыну құқығы беріледі.

3.Бағдарлама мазмұны

Бағдарламаның мазмұндық сипаттамасы (немесе тақырыптық жоспарлаудың нақтылығы):

  • Курс бөлімдерінің тақырыптарының түрлері, білім беру үдерісін ұйымдастыру әдістерімен баяндау;

  • Әр тақырыпты оқып білуге қажетті сағат саны;

  • Бақылау және тексеру жұмыстары,шығармашылық және практикалық тапсырмалар, саяхаттар, көрме және концерттік әрекеттер және т.б.;

  • Білім саласын белгілеп пәнаралық байланысты белгілеу;

  • Ұсынылған әдебиеттер тізімін көрсету

4. Негізгі бағыттар мен іс-әрекет мазмұны

Бағдарламаны зерттеу технологиясы:

  • Оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыратын түрлері;

  • Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін орындауға бағытталған оқыту әдістері мен технология мазмұнын сипаттау.

5. Бағдарламаны жүзеге асыру жағдайлары

  • Әзірленген бағдарламалардың оқу, ғылыми-әдістемелік, дидактикалық және материалдық техникалық жабдықталуы

6. Тәрбиеленушілердің білімі мен білігі

  • Бағдарламаны зерттеу барысында тәрбиеленушінің ие болған білімі мен білігіне талаптар:

  • Үлгі бойынша орындалатын міндеттер мен тапсырмалар;

  • Шығармашылық сипаттағы міндеттер мен тапсырмалар;

  • Тестілік және бақылау тапсырмалар.

7. Алынған нәтижелердің бағалау механизмі

  • Білім, іскерлік түрлері;

  • Нәтиже, бағалаудың сапа түрлері;

  • Қиындықтар мен жайлылық әдістемесінің диагностикасы

8. Әдебиеттер

  • Курсты меңгеруге арналған әдебиеттер (педагогтер мен балалар үшін);

  • Қолданылған әдебиеттер тізімін сызба бойынша жасау: автор, әдебиет атауы, баспа орны мен жылы.

Бағдарламаға пікір

  • Ішкі (әдістемелік, білім ұйымының сараптама кеңесі);

  • Сыртқы (бағдарламаға сәйкес оқу мекемелері мен ұйымдары).


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет