Есептер:
1. Науқас Д, 75 жаста, зейнеткер. Үдемелі арықтауға, тәбетінің толық жойылуына, ет және балық тағамдарына деген жеркенгіштікке шағымданады. Ауырғанына 6 ай болған. Объективті: науқас азғын, іш пальпациясында эпигастрия аймағында айқын ауырсыну байқалады.
1. Қандай ауру туралы ойлауға болады?
2. «Шағын белгілер» синдромы деген не?
3. Осы синдром қандай ауруға тән?
4. «Вирхов темірі» деген не?
5. Іштің үйкеліс шуын қашан тыңдауға болады?
2. Науқас К, 26 жаста, жұмысшы. Стационарға тамақ ішкеннен кейін 2-3 сағаттан эпигастрий аймағында ауырсынуға, ас содасын ішкеннен кейін басылатын түнгі ауырсынуларға, қинайтын қыжылға, кекіруге, іш қатуға шағымданады. Анамнезінде ішімдік ішеді, темекі көп шегеді, тамақ ішу режимін сақтамайды. Тексергенде эпигастрия аймағында, әсіресе осы аймақта бұлшықеттің шамалы тітіркенуі, ауырсынуымен байқалады.
1. Қандай ауру туралы ойлауға болады?
2. Тамақ ішкеннен 2-3 сағаттан кейін пайда болатын ауырсыну неге тән?
3. Осы аурудың қауіп факторларын атаңыз?
4. Қыжыл деген не?
1) Тақырып: №11. Көкбауыр перкуссиясы және пальпациясының диагностикалық маңызы.
2) Мақсаты: Студенттерге науқастарға көкбауыр перкуссиясы және пальпациясы зерттеу әдістерін оқыту, көкбауыр аурулары кезінде негізгі синдромдарды анықтауды үйрету.
3) Тапсырма:
- СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиет таңдау (каталогтармен, журналдармен,
монографиялармен, сөздіктермен, оқу әдебиеттерімен, интернет мәліметтерімен жұмыс жасау)
- сабақ тақырыбы бойынша конспект, презентация, көрнекті құралдар (буклеттер, интеллект карта) құрастыру
тест тапсырмаларын шешу
берілген тақырып бойынша өз бетінше 4-5 тест құрастыру
4) Орындалу түрі:
- «кейс-стади»
- постерлік доклад
- тақырып бойынша эссе Кластерлер
- тақырып бойынша глоссарий
презентация
интеллект карта
Достарыңызбен бөлісу: |