«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет227/230
Дата31.05.2024
өлшемі3.7 Mb.
#502171
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   230
pr vn bol sd kz

Есептер:
1. Науқас 33 жаста, салмағы 72 кг, бойы 160 см, ашқарында қандағы қант мөлшері 6,2 ммоль/л. Оған қант пен аз мөлшерде су берілген,әр 30 минут сайын 3 сағат арасында қандағы қант мөлшерін анықтап тұрды. Алынған мәліметтер: 6,8 – 8,8 – 14,2 – 12,6 – 10,4 – 8,9 – 7,8 ммоль/л.
А. Берілген сынама қалай аталады?
Б. Науқасқа қанша қант берілді?
В. Осы нәтижелер дұрыс па? Егер патология болса, ол немен білінеді?
Г. Жоғарыдағыларды негізге ала отырып науқасқа қандай диагноз қоюға болады?
2. Науқас 45 жаста, аузының құрғауына, полидипсияға, полиурияға, терісінің себепсіз қышуына, әсіресе гениталия аймағында шағымданады. Бұрын ешқандай аурумен ауырмаған. Обьективті: дене салмағы жоғары. Сөйлескен кезде ауыз қуысының құрғақтығы байқалады. Теріде пиодермия іздері. Өкпеде везикулярлық тыныс. Пульсі және ЖЖЖ 76 рет 1 минутта. Бауыр қабырға доғасында. Көкбауыр ұлғаймаған.
А. Алдын-ала диагноз қойып, негіздеңіз.
Б. Бұл науқастың қан және зәр анализінде қандай өзгерістер бар?

1) Тақырып: №30. Аралық бақылау: коллоквиум 15-ші апта «Буын аурулары науқастарын күту және процедураларға дайындау (қыздырма компресстерді қою). Буын аурулары кезіндегі мейірбикелік әрекетті ұйымдастыру».


2) Мақсаты: Буын аурулары науқастарын күту және прцедураларға дайындауды, буын аурулары кезіндегі мейірбикелік әрекетті ұйымдастыруды үйрету.
3) Тапсырма:
- СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиет таңдау (каталогтармен, журналдармен,
монографиялармен, сөздіктермен, оқу әдебиеттерімен, интернет мәліметтерімен жұмыс жасау)
- сабақ тақырыбы бойынша конспект, презентация, көрнекті құралдар (буклеттер, интеллект карта) құрастыру

  • тест тапсырмаларын шешу

  • берілген тақырып бойынша өз бетінше 4-5 тест құрастыру

4) Орындалу түрі:

  • тәжірибелік дағдыларды жасау

  • тест сұрақтарын жауап

5) Орындалу критерилері.
1. Презентация –өз бетінше орындалуы керек, белгіленген уақытта, көлемі кемінде 20 слайд және кемінде 5 әдебиет көзі болуы керек. Слайдтар мазмұнды және қөркемді болуы керек. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша тереңірек білімін демонстрациялауы қажет, талқылау кезінде сұрақтарға жауап бергенде қателіктер жібермеуі керек. Слайдтардың мазмұны толық және көркем, тақырып бойынша өз ойымен интегрирленген мәлімет болуы керек.
2. Интеллект карта және буклет жинақы орындалған және белгіленген уақытында өткізілген болуы керек. Өз бетінше кемінде 5 әдебиет қолданылуы керек. Сызбалар, кестелер және суреттер болуы керек.
3.Студенттердің жеке сұхбатының жазбасы және, немесе дәрігердің пациентпен сұхбатының видеоаудио таспасын таңдау.
4.Меңгерген тәжірибелік дағдылары жазылған күнделік арнау
5.Әр тақырып бойынша өзінің индивидуалды ой қатынасын суреттеу
6.Рөлдік ойындар қою


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   230




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет