Кенеттен болған өлім.
Кенеттен өлім бұл қиналусыз өлім. Ол физиологиалық және психикалық қалыпты жағдайда жүрген адамның , ешқандай күдікті белгілерінсіз, алғашқы симтомдары басталғаннан 6 сағат ішінде қайтыс болуын айтады. Кенеттен болған коронарлы өлім деп күтпеген жерден болатын, симптомдарының дами бастаған уақытынан бастап, 1 сағат арасында болған өлімді айтады.
Негізгі себебіне жататындар : жүректің тәждік артерияларының атеросклерозы, кардиомиопатия ауруы, жүрек ақуалы, қолқаның жарылып кетуі. Қан ішілік тромбоэмболия ауруы, т.с. с.жүрек аурулары жатады.
Диагностикалық критерийлері. Есінің жоғалуы, ұйқы, шап артерияларында пульстің болмауы, соңынан тыныстың тоқтауы . Салыстырмалы диагноз. Қарыншалық фибрилляция /80-90 %/ симтомдары кенеттен мына кезекпен дамиды: ұйқы артериясында пульстің болмауы, есінің жоғалуы, бұлшықеттерінің бір рет тарылуы, тыныстың сиреуі және тоқтауы .
Жүрек - өкпе реанимациясының негізгі ережелері .
Науқасты тегіс жерге жатқызып, басын барынша шалқайтып, аяқ жағын көтерінкі етіп қою керек.
Массаж жасаушы адам алақандарын бірінің үстіне бірін қояды. Алақаннан негізі төс сүйегімен семсер тәрізді шеміршектің қиылысқан жерінен екі саусақ қиғаш жоғары тұру керек.
Қолды тік шынтақ буынында имей ұстап, дене салмағымен омыртқаға қарай 4-5 см ығыстырып, ырғақпен басады.
Төс сүйегін омыртқаға қарай жаншудың / компрессияның / ұзақтығы , жаншу аралығындағы уақытпен бірдей болуы тиіс , оның жиілігі минутына 90 рет. Массаж жасаушы қолын төстен алмауы керек.
Өкпені жасанды желдендіру / ӨЖЖ/ үшін Сафаридің үш әдісін қолданамыз, олар: науқастың басын барынша шалқайтып, астынғы жағын алға қарай жылжытып, аузын ашу. Науқастың ауыз қуысын толық қарап , жасанды тістері немесе бөгде заттар болса, саусақтармен алып тастау керек.
Науқастың аузына дем жіберу үшін , мұрнынан қысып, аузынан ауа үрлейді немесе АМБУ қапшығынан маска арқылы ауа жібереді. Әр 5 массаждық қимылға, ауа үрлеудің жиілігі минутына 1 реттен келеді.
Мүмкіндігінше 100% оттегіні қолдану керек және кеңірдек интубациясын жүргізу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |