«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет86/230
Дата31.05.2024
өлшемі3.7 Mb.
#502171
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   230
pr vn bol sd kz

Көкірек қуысының формасы
Рахиттік – көкірек қуысы көкіректің алды тарма сияқты болып еңкейіп турады, сондықтанда ол тауық кеуде деп те айтылады. Сонымен бірге жасында рахитпен ауырғанда қабырға мен шеміршектің қосылған жері көтеріліп толып тұрады – оны рахиттік белгісі дейді.
Ладья тәрізді көкірек қуысы – көкірегі ішке қарай кіріп кетеді. Бұл арқада ми ауруларынан болады /сирингомиелия/.
Зақымданған кеуде қуысы омыртқа конфигурациясының өзгерісіне әкеледі.
Кифоз – омыртқаның қисаюы арқасында томпайып турады. Бұл жағдай омыртқа туберкулезінде кездеседі.
Сколиоз – омыртқаның бір жағына қисаюы. Бұндай қисаю оқушиларда кездеседі.
Кифосколиоз – екеуінің қосылып болған жағдай кездеседі.
Лордоз – омыртқаның алға томпайып шығуынан болады.
Тыныс түрі: кеуде тынысы, ішпен дем алу болып бөлінеді. Кеуде тынысы дем алғанда қабырғааралық еттердің жиырылу арқасында көкірек қуысы кеңейеді.
Ішпен дем алу – көкірек қуысының кеңеюіне диафрагма қатысады, бұл кезде демді ішке тартқанда іштің дем алуға білінер білінбес ішке қарай жоғарғы жағы тартылады. Кеуде тынысы әйелдерге қатысты, ал ішпен дем алу ерлерге қатысты.
Тыныс алу жиілігін анықтау – көзбенен көкірегіне қарап тұрып қанша ерт тыныс алғанын есептеуге болады, минутына ересек адам 16-20 рет тыныс алады. Тыныс алу тез /тахипноэ/, жай /брадипноэ/ болады.
Тыныс алу тереңдегі – тыныс алу жиілігінің өзгеруімен тыныс алу тереңдегі мен бірге болады. Жиі тыныс алу жоғарыдан көрінеді. Сирек тыныс алу төменнен болады.
Тыныс ырғағы – дені сау адамның тыныс ырғақты болады. Ауыр ауруларда тыныс орталығының қан айналымының бұзылуына немесе бастың миы зақымданғанда тыныс ырғағы бұзылады. Ырғақтың ауыр бұзылуы - дембіл-дембіл тыныс алып, тыныс алудың арасы үзіліп тұрады /апноэ/. Ырғақтың бұзылуының 2 түрі болады:

  1. Чейн-Стокс тынысы

  2. Биота тынысы

Пальпация
Пальпацияның - сипап зерттеу тәсілінің дене мүшелерінің физикалық қасиеттері мен сезімталдығын анықтаудағы маңызы өте зор. Қолдың сипап сезу қасиеті медицинада ерте кезден қолданылған. Сипап зерттеу тәсілі жайлі мәлімет Гиппократтың еңбектерінде жазылған. Бұрын бұл тәсіл сыртқы мүшелерді (теріні, сүйектерді, буындарды, сыртқы ісіктерді, тамырлардың соғуын) зерттеуге ғана қолданылса, кейін оның ішкі ағзалардың да өлшемін, пішінін, мөлшерін, тағы басқа қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретіні белгілі болды. ХХ ғасырдың орта шетінде Лаэннек, Пиорри және Шкода тыныс жолдарында немесе жүрек ұшы туындатқан дыбыс дірілін сипап анықтауға болатындығын айқындаса, осы ғасырдың соңғы жылдарында орыс ғалымдары С.П.Боткин, В.П.Образцов, Н.Д.Стражеско оны іш қуысындағы ағзаларды зерттеу үшін жетілдіре түсті.
Сипап зерттеу тәсілі қол мен зерттелетін ағзаның арасындағы кедергінің тығыздық айырмашылығынан туындайтын сезімге негізделген. Зерттелетін ағзаның физикалық қасиеттері мен онда пайда болған өзгерістерді зерттеу объектісін төңірегіндегі қатты құрылымдарға дәрігердің өкінші қолының алақанына немесе жамбас сүйегіне, т.б. тірей қысып барып сезуге, сөйтіп анықтауға болады.
Зерттеудің мақсатына, ағзаның ерекшеліктеріне, т.б. көптеген жағдайларға қарай сипап зерттеу тәсілін жүргізу жолдары да, реті де, оған қойылатын талап та түрліше. Айталық, терінің қалындығы мән серпімділігін бармақпен қапсыра қысып, ал оның ылғалдылығын сипап білуге болады. Дененің қызуы алақанды дененің әр жеріне жай ғана тигізу арқылы анықталса, кеуде қуысында туындаған дірілді, қалқанша бездер мен лимфа түйіндерінің көлемін, іш қуысындағы ағзаларды зерттеу үшін оларды қолмен басып сезу керек. Сөйтіп, сипап зерттеу тәсілінің бірнеше түрі бар: үстірін және терең: қос қолды: түрте сипау: қадай сипау: үстірін сырғыта сипау:
Алақанмен үстірін сипап зерттегенде ағзаның, ісіктің көлемі, ауырсыну-ауырсынбау, бұлшықеттің жиырылып қорғануы сезіледі. Тереңдете сипап зерттегенде ағзаның, ісіктің, басқа құрылымдардың шекарасы, бетінің бедері, қимылды-қимылсыздығы, қатты-жұмсақтығы байқалады. Ол үшін саусақтардың жұмсақ бетімен теріні зерттеу бағытына қарсы көріп барып, біртіндеп тереңдете басып зерттелетін ағзаны қозғалтуға тырысу керек. Осы әдіспен лимфа түйіндері де зерттеледі. Бірақ олардың топографиялық ерекшеліктерін ескеріп, мысалы жақ асты түйіндерін сипап зерттегенде иекті кеудеге жақындатқан, қолтық бездерін байқағанда қолды алдымен көтеріп, басар кезде төмен түсірген жөн. Кеуденің серпімділігін сезуге мүмкіндік береді. Кеуденің дауыс дірілін оның өткізгіштігі бірдей екі жағына екі алақанды бірден қойып анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   230




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет