«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие


Эзофагитті анықтайтын зерттеу әдістері



бет22/43
Дата30.06.2016
өлшемі3.7 Mb.
#168051
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43

Эзофагитті анықтайтын зерттеу әдістері.


Рентгендік зерттеумен диагфрагманың өңештік тесігінің жарығы, өңештің стриктуралары, спастикалық тарылулары, жаралары және ісігі анықталады.

Рефлюкс-эзофагиттің эндоскопиялық көрінісінде кілегей қабықтың гиперемиясы, ісінуі, бүрмелерінің қалыңдауы және өңештің ішкі бетінің ақшыл шөгіндімен тапталуы анықталады. Кейбір аймақтарда ақшыл шөгіндінің астынан алқызыл жолақтарға ұқсайтын өңештің кілегей қабығы көрінеді. Эндоскопиялық көрінісіне қарай- рефлюкс-эзофагиттің келесі аурулық дәрежелерін айырады.

І.дәрежесі-асқазан-өңеш қосындысының деңгейінде кілегей қабықтың қызаруы, жылтырының жойылу;

ІІ.-дәрежесі-өңеш кілегей қабығы бүрмелерінің бетіндегі бір немесе бірнеше беткей эрозиялар; эрозиялар көбіне сызықша тәрізінде, экссудатты немесе экссудатсыз;зақымданулардың жалпы аумағы өңештің дистальды сегментінің, сфинктерден жоғары, бес сантиметрлік бөліктің 10%-дан кемін қамтыған.;

ІІІ дәрежесі- бір –біріне ұласқан, беті экссудатпен немесе некроздық қабықпен қапталған эрозиялар; бірақ эрозиялар циркулярлы таралмаған зақымданудың жалпы аумағы аталған сегменттің 50%-ынқамтиды;

IV дәрежесі циркулярлы орналасқа, бір-бірімен ұласқан эрозиялар;зақымдану процесі бес сантиметрлік зонаны толыққамтиды және өңештің дистальді бөлігіне тарайды;

V дәрежесі-өңештің әртүрлі бөліктерінің терең эрозиялары мен жаралары, өңештің стриктуралары және қабырғасының фиброзы;өңештің қысқаруы.

Дәрмектік ем: Ем тактикасы рефлюкс эзофагиттің ауырлық дәрежесіне тәуелді.

Рефлюкс - эзофагиттің І және ІІ дәрежелеріне жалпы ем шараларымен қатар 4-6 апта ранитидин (зантак)150мг күніне 2 рет немесе фамотидин (гастросидин,квамател, ульфамид және т.б синоним)20 мг күніне 2рет беріледі.

Н2-гистаминоблокаторларды қолдану үстінде аурудың қандай болса да белгісі сақталса, антацидтік дәрмектің біреуін(маалокс, фосфадюгель ремагель және т.б)тәулігіне ең кемінде 3 ретішкізеді. Ремиссияға түскен соң дәрмектерді тоқтатады, бірақ науқас жалпы ем шараларын өмір бойы үзбеуі тиіс.

Рефлюкс- эзофагиттің белгілері қайтадан біліне бастаса- антицидтерді қолданады, ал олардың бір өзі айтарлықтай көмектеспеседе, 5-7 күн Н2-блоктарды (ранитінді 150 мг немесе фамотидинді 20мгкүніне 2рет) ішкізеді-«сұранысқа қарай ем». Егерде 6 апталық емнің аяқталу кезінде ремиссияға түсу байқалмаса –Н2-блоктарға прокинетиктің біреуін –домперидон (вентер)қосады (065-1,0 г тәулігіне 4 рет). Емді осылайша 8 аптаға созады.

Сегіз апталық ем курсы аяқталу шағында рефлюкс- эзофагиттің белгілері толық жойылмаса, омепразолға (лосек,зероцид)көшеді, 20мг күніне 2 реттен 4 апта.

Рефлюкс- эзофагиттің ІІІ дәрежесінде Н2 –блоктарды (ранитидин, фамотидин) прокинетикпен (мотилиум, координакс) және сукральфатпен көрсетілген дозаларда бірге қолданды. Ем курсы 6 апта. Егер аталған мерзімде ремиссия болмаса,науқас Н2 –блоктарды сүйемелдеу дозада үзбей қолдану тиіс, мәселен ранитинді 150мг/тәулік немесе фамотинді 20мг/тәул, кешкі тамақтан 1 сағат кейін(19-20 сағ).

Рефлюкс-эзофагиттің IV дәрежесінде емді бірден омепразолдан (20мг/тәул 2рет) прокинетикпен және сукуральфатпен қосып бастаған жөн. Емнің ұзақтығы 6-8 апта.

Рефлюкс-эзофагиттің V – дәрежесінде консерватиктік ем хирургиялық емнің алдында жүргізілетін қосымша ем болып табылады. Оның принциптері ІV – дәрежелері рефлюкс-эзофагиттің емімен бірдей.

Оңеш кілегей қабығының кардийден 2,5см бері асқазандық метоплазиясы (Баррет өңеші аталатын) және оңештің жазылмайтын жаралары бар науқастарға комплекстік емді (омепразол+прокинетик+ сукральфат) қолданады.


ГАСТРИТТЕР


Гастрит (gastritis) — асқазанның кілегей қабатының қабыну үдерісімен сипатталатын ауру. Клиникалық және морфологиялық ерекшеліктерге қарай олар жіті және созылмалы болып бөлінеді.

Жедел гастрит


Жіті гастрит (gastritis acuta) түрлері: жай гастрит, коррозивті, эрозивті және флегмонозды гастрит болып бөлінеді.

Этиологиясы мен патогенезі. Жедел гастритгің туындауына әкелетін экзогенді себептерге қатты, ыстық тағамды, арақ-шарапты және оның суррогатгарын, сапасыз тағамды, кейбір дәрі-дәрмектерді (ацеталсалицил қышқылы, индометацин, кортикостероидты гормондар) қолдану жатады. Кейбір тағамға аллергиялық жауап жедел гастритгі тудырады. Жедел және созылмалы жұқпалы аурулар да кейде асқазанның жіті қабынуын тудырады (тымау, қызылша, скарлатина).

Коррозивті гастрит (gastritis corrosiva) байқаусызда немесе басын өлімге байлап қышқылдардың, я негіздердің ертінділерін ішуден және асқазанға құрамында мырыш, фосфор, йод бар заттардың ішке түсуінен пайда болады.

Флегмонозды гастрит (gastritis phlegmonosa) өте сирек кездеседі. Қатар жатқан ағзалардың іріңді аурулары, сол сияқты асқазанның қабырғасын бөгде бір заттың зақымдалуынан осы ауруға шалдығады.

Жедел гастриттердің ішінде эрозивті гастриттің орны бөлек. Бұл ауру кейде себепсіз басталады, не болмаса жоғарыда айтылған сапасыз, қатты тағамдар, дәрі-дәрмектер, әсіресе аспирин, стероидты емес қабынуларға қарсы препараттар қабылдағаннан кейін пайда болады. Аспирин асқазанның ішкі кілегей қабаты арқылы сіңірілуі кезінде оны зақымдайды, ал ол қабынуға қарсы дәрі - дәрмектер простагландиндердің әсерін азайтады. Сондай-ақ эрозивті гастритгі пайда болуына арақ-шарап ішу, жарақаттану, қан құю, операциялар кезіндегі стрестер, өкпелік, бауырлық жене бүйректік жетіспеушіліктер әсер етеді.



Клиникалық көріністері. Жедел гастрит кезінде патогенді себеп – шарттардың әсерінен соң 6—8 сағат уақыт өткенде аурудың алғашқы белгілері пайда болады: жүрек айнуы, запыран құсу, асқазанның жоғарғы тұсының ауырсынуы, субфебрилді температура, әлсіздік. Сырқат инфекцияның себептермен байланысты болған шақта дене қызуы қатты көтеріледі (39°С және оданда жоғары), улану, организмінің сусыздануының белгілері байқалады. Науқасты қараған кезде терісі құрғақтау, бозғылт, аузынан жағымсыз иіс шығады, іш кебуі, пальпация кезінде асқазан аумағы ауырады. Егер асқынбаса бірнеше күннен соң науқас өзінен өзі сауығады.

Жедел коррозивті гастритте улы заттар қабылдаған сәтте бірден ауызда, кеңірдекте, өңештің бойында, асқазан үсті аймағында қатты ауырсыну сезімі пайда болады, қайта-қайта қан аралас құсады. Бұл гастрит түрінің даму барысы қатаңырақ келеді.

Флегмонозды гастритгің көріністері: дене қалтырауы, қайта-қайта құсу, ауыру сезіну, іш пердесінің тітіркенгенін дәлелдейтін белгілердің пайда болуы. Мұндай гастрит асқазанның тесілуіне (перфорация) соқтырып, іш қуысында тағам қалдықтары, сұйықтық және іріңнің жиналуы мүмкін.

Эрозивті гастрит асқазанның ойық жарасының клиникалық көріністерін беруі мүмкін. Бұл ауруда әр түрлі мөлшерде қан кетеді.

Жедел гастрит диагаозы эндоскопиялық әдіспен қойылады. Емдеу жаралары асқазанның кілегей қабатын зақымдайтын препараттарды бергізбеуге, негізгі ауруды емдеуге бағытталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет