Бекітемін: «Қр тжм казселденкорғау» мм –сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының Директоры Тәжібаев Т. А



бет4/5
Дата17.06.2016
өлшемі1.46 Mb.
#141798
1   2   3   4   5

9-қосымша
Байқауда сатып алу мәні балып табылатын, жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі қоса орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ, бас мердігер қосалқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлері

(конкурстың толық атауы көрсетілсін)



р/с

Заңды тұлғадағы – қосалқы мердігердің (қоса орындаушының) аты-жөні немечсе жеке тұлғадағы – қосалқы мердігердің (қоса орындаушының) өтінім иесінің аты-жөні

Қосалқы мердігердің (қоса орындаушының салық төлеушінің тіркеу нөмірі, оның заңды және пошталық мекенжайы, байланыс телефоны)

Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) атауы

Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ақшалай мәтіндегі көлемі

Техникалық ерекшелліктерге сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) пайыздық мәтіндегі көлемі












































Осы қосалқы мердігер (қоса орындаушы) бойынша көлемнің барлығы




теңге




көлем%








































Осы қосалқы мердігер (қоса орындаушы) бойынша көлемнің барлығы




теңге




көлем %

Осы қосалқы мердігер (қоса орындаушы) бойынша көлемнің барлығы




Теңге




көлем %

Осы қосалқы мердігер (қоса орындаушы) бойынша көлемнің жиынтығы




теңге




кө лем %

Осымен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрстеу қажет) қатысуға өтінім беретін әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігері (лері) (қоса орындаушысы (лары) ) байқау (байқаудың толық атауы көрсетілуі қажет) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысудың шарттары туралы өзінің хабардар екендігін білдіреді және өнім берушінің қосалқы мердігерлеріне (қоса орындаушыларына( қатысты бөлігінде байқау құжаттамасында көзделген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті өзіне алады.



Қосалқы мердігер (қоса орындаушы) – заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігер (қоса орындаушы) аты-жөні

Қосалқы мердігердің (қоса орындаушының) уәкілетті өкілінің аты-жөні

Қолы










Бас мердігердің қосалқы мердігерлеіне (қоса орындаушыларға) беретін орындалатын жұмыстар көлемі жалпы көлемнің үштен екі бөлігінен аспауы қажет
















Бас мердігердің қосалқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлері үштен екісінен аспау керек.
Бас мердігердің қосалқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлері үштен екісінен аспайтын мөлшерде:.

Жоспарлау, алаңды әзірлеу;

жер жұмыстары;


10-қосымша

Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу

туралы үлгі шарт
________________ ___________ жылдың «____» ___________

(Мекенжайы)


ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-нің филиалы «Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасы» атынан (мемлекеттік тіркемесі туралы куәлік 03.05.2005 жылғы №4-1907-05-Ф-л, код ОКПО 39001518, 05.01.2010 жылғы №01/05 бас сенімхатының және Ереже негізінде жұмыс жасайтын директор, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталады және «ҚР ТЖМ Қазселденқорғау» ММ-сі атынан 11.01.2011 жылғы №2 бұйрығының негізінде жұмыс жасайтын, бастықтың орынбасары бұдан әрі «Төлеуші» деп аталып бір жағынан, және «Өнім беруші» деп аталатын атынан ____________________________________________________

(өнім беруші – конкурс жеңімпазының толық атауы)

негізінде әрекет ететін ______________________________________________________

(Жарғының, Ереженің және т.б.)

_________________________________________________

(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) және мемлекеттік сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу тәсілімен) қорытындылары негізінде 2011 жылы___ _______ өткен осы Мем­ле­кеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына тө­мендегілер туралы келісімге келді:

1.Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы – (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетілсін) Тапсырыс беруші үшін мемлекттік сатып алуды (жұмыстардың қысқаша сипаттамасы) жариялайды және Мердігердің:

«Пайдалану учаскелеріндегі диспетчерлік және қызмет бөлмелерін жөндеу» бойынша жалпы сома – 18 871 000 (он сегіз миллион сегізжүз жетпіс бір мың) теңге (бұдан әрі-Шарттың бағасы) мөлшерінде жұмыстарды орындауға байқаулық өтінімін қабылдады.

2.Жұмыстар «Пайдалану учаскелеріндегі диспетчерлік және қызмет бөлмелерін жөндеу» бойынша Алматы облысының Қарасай және Жамбыл аудандарында орындалады.

3. Төменде санамаланған құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

1) осы Шарт;

2) сатып алынатын жұмыстардың тізбесі;

3) техникалық ерекшелік;

4) шарттың орындалуын қамтамассыз ету;

4) жоба-сметалы құжаттама / жұмыс сызбалары (сызбалардың нөмірі және күні көрсетілсін)


Құжат
Атауы
Нөмірі және күні

4. Ереженің 156-тармағында көрсетілген жағдайларда Өнім беруші Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде Шарттың орындалуын банктік кепілдік түрінде қам­та­масыз етуді енгізуге міндетті. Өнім беруші

5. Өнім беруші Шартта қарастырылған барлық жұмыс түрлерінің орындалуын қамтамассыз етуді міндетіне алады.

6. Шарт Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады.

Шартты төрелік сотта қарастыру қажеттілігі туған жағдайда, Шарттың ммемлекеттік немесе орыс тіліндегі данасы қарастиырылады. Тараптар алмасатын Шартқа байлвнысты барлық хаттар және басқа да құжаттамалар берілген шарттарға сәйкес жүргізілуі керек.

7. Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгертпеу шартымен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізуге:

1) егер мемлекеттік сатып алу туралы шартты атқару үдерісінде осыған ұқсас сатып алынатын жұмыстарға бағалар азаю жағына өзгерсе, тараптардың өзара келісімі бойынша жұмыстарға бағаның және осыған сәйкес шарттың бағасын азайту бөлігінде;

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттік сатып алу шарттарының және (немесе) өнім беруші таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін өзгерістерді Заңның 39-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негіздемелер бойынша енгізуге жол берілмейді.

8. Мердігер қосалқы мердігерлік ұйымдармен жұмыстардың жалпы көлемінің (мердігерлік бағасының) 2/3 бөлігінен аспайтын Шарт жасаса алады, және Тапсырыс берушінің жазбаша рұқсатынсыз Шартты үшінші тұлғаға бере алмайды. Қосалқы мердігерлердің болуы Тапсырыс беруші мен Мердігер арасындағы Шарттың талаптарын өзгертпейді.

9. Учаскеде қосалқы мердігерлер бар болса Мердігер өзінің жұмыстарын олармен үйлестіріп отыруы тиіс.

10.Мердігер негізгі қызметтерге біліктілігі туралы мәліметтерде көрсе­тілген қызметкерлерді жалдайды. Бұл адамдарды басқасына ауыстырған кезде Мердігер мұндай ауыстыруға Тапсырыс берушінің келісімін алуы тиіс. Жаңа қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтерде санамаланған қызмет­керлердің біліктілігіне тең немесе одан жоғары болуы тиіс.

11. Егер Тапсырыс беруші Мердігерден мердігердің немесе қосалқы мер­дігердің қызметкері болып табылатын адамды, себептерін көрсете отырып, Объектіде жұмыстарды орындаудан алыстатуды сұрайтын болса, Мердігер мұндай адамды 72 сағат ішінде құрылыс объектісінен кетіруге міндетті, одан кейін бұл адамның осы Шарт бойынша жұмыстарды орындаумен ешқандай байланысқа ие болмауы тиіс.

12. Мердігер Тапсырыс берушінің мүлкіне, меншігіне шығындар немесе залал келтірумен және өз қызметкерлерінің денсаулығына, сондай-ақ өз қыз­меткерлерінің мерт болуымен байланысты және Шартты орындау ағымында және салдарынан туындайтын барлық тәуекел үшін жауапты болады.

13. Тапсырыс беруші тәуекелдің ерекше түрлері, атап айтқанда: соғыс, көтеріліс, революция, азаматтық соғыс, бүліктер, тәртіпсіздіктер (егер онда Тапсырыс берушінің қызметкерлері қатысса) тәуекелі үшін жауапты болады. Сондай-ақ, Мердігер тапқан және конкурстық құжаттамада көрсетілмеген топырақтың уытты және жарылғыш нәрселермен улануы және егер осы табыл­ғандар жұмыстардың орындалуына тікелей әсер ететін болса да Тапсырыс берушінің тәуекелі болып табылады.

14. Мердігер ақауларды жою кезеңін қоса алғанда, жұмыстар басталған күннен жұмыстар толық аяқталғанға дейінгі кезеңге Тапсырыс берушінің атына сақтандырумен жабуды қамтамасыз етеді.

Сақтандыру объектілері және сомасы 

_________________________________________________

(жабдықтар беруді сақтандыру, адамдарды және т.б. сақтандыру)

15. Мердігер сақтандыру полистері мен сертификаттарын Тапсырыс берушіге жұмыстар басталатын Күнге дейін ұсынуы тиіс.

16. Егер Мердігер талап етілетін сертификаттарды ұсынбаса, Тапсырыс беруші Мердігердің қамтамасыз етуі тиіс сақтандыруды жүргізуі және осы шығыстарды Шарттың құнынан ұстауы мүмкін.

17. Мердігер Тапсырыс берушінің келісімінсіз сақтандыру шарттарын ешқандай өзгерте алмайды.

18. Екі тарап та сақтандыру полистерінің барлық шарттарын сақтауға тиіс.

19. Тараптардың әрқайсысы олардың бірлескен іс-қимылдары немесе кемшіліктерінің нәтижелері болып табылған шығындар бойынша шығындар, шығыстар және талап-арыздар, адамдардың денсаулығына залал келтіргені және өлімі үшін жауап береді және оларды басқа тарапқа өтейді.

20. Мердігер Объектідегі жұмыстар өндірісінің қауіпсіздік техникасы үшін толығымен жауап береді.

21. Тапсырыс беруші Мердігердің объектінің құрылысын салуға бөлінген Учаскенің барлығын пайдалануға рұқсат етеді. Егер құрылысқа берілген Учас­ке­нің бір бөлігі Учаске берілетін күнге берілмеген болса және осы себеппен жұ­мыстарды орындау кідіртілсе, онда бұл жағдайда Тапсырыс беруші жұ­мыс­тарды аяқтау мерзімін осы Учаскені беруді кідірткен мерзімге ұзартуы тиіс.

22. Тапсырыс беруші немесе оның уәкілетті тұлғасы, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманың әзірлеушілері Учаскеге немесе Шарт бойынша жұмыстар орындалып жатқан немесе орындалатын кез келген басқа орынға әрқашан рұқсаты болады.

23. Тапсырыс беруші мен Мердігер Шарт бойынша немесе соған бай­ланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дау­ларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.

24. Егер осындай ресми емес келіссөздер басталғанынан 21 (жиырма бір) күн ішінде Шарт бойынша дауды Тапсырыс беруші мен Өнім беруші бейбіт жолмен шеше алмайтын болса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап етуі мүмкін.

25. Егер мердігер Шарттық құжаттардың талаптарын бұзып, орындалған жұмыстарды түзету жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаса, сондай-ақ егер Мердігер жобалау-смета құжаттамасына сәйкес жұмысты соңына дейін орын­дауға қабілетсіз болып шықса, Тапсырыс беруші жазбаша нұсқамамен Мердігерге жұмыстарды тұтастай немесе тоқтап қалу себептерін жойғанға дейін жұмыстардың бір бөлігін тоқтату туралы өкім бере алады.

26. Егер Мердігер жұмысты түзете алмаса немесе түзеткісі келмесе (оны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестендіру) және тапсырыс берушіден бұл туралы жазбаша ескерту алғаннан кейін жеті күн ішінде жазбаша немесе әрекеттерімен жауап бермесе тапсырыс беруші көрсетілген жеті күн мерзім өткеннен кейін өзінің талабын қайталауға құқылы. Егер Мердігер келесі жеті күн мерзімі ішінде көрсетілген ақауларды түзетуге жағдайы болмаса, Тапсырыс беруші өзінің басқадай әсер ету әдістерін қолдану құқығынан бас тартпастан, осы жұмысты өз күшімен орындай алады. Мұндай жағдайларда негізінде Мердігерге төленуі тиіс болған сомадан Тапсырыс берушінің қосымша қызметтер үшін мәжбүрлі шығындары өтемін қоса алғанда, көрсетілген ақауларды түзету құны шегерілетін өзгерістер туралы тиісті бұйрық шығарылады. Егер Мердігерге төлеуге тиісті сома көрсетілген шығыстарды жабу үшін жеткіліксіз болса, Мердігер Тапсырыс берушіге айырманы өз қаражатынан төлеуге міндетті.

27. Мердігер 3 күндік мерзім ішінде Тапсырыс берушіге Объектінің құрылысын салу бойынша жұмыстарды орындау тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ Тапсырыс беруші тарапынан оның конкурстық өтініміне сәйкес төлемдерді жүргізу кестесі мазмұндалған жұмыстардың өндіріс кестесін бекітуге ұсынады.

28. Егер форс-мажорлық жағдайлар орын алса немесе ол ұсынған ауытқулар жұмыстарды орындау үшін қосымша мерзімдер талап етсе, сондай-ақ егер, жұмыстарды орындау үдерісінде қосымша еңбек шығындарын талап ететін жасырын ақаулар анықталған жағдайларда Тапсырыс беруші жұмыстарды орындау мерзімін ұзартады. Бұл ретте Мердігер азаматтық заңнамада көрсетілген рәсімге сәйкес Тапсырыс берушіні жазбаша хабардар етуі тиіс.

29. Мердігер білімін және қолда бар барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жұмысты бақылап және бағыттап отыруға міндетті. Мердігер құралдар, әдістер, техника, дәйектілік және жұмыстардың орындалу сапасын, сондай-ақ Шарт бойынша барлық жұмыстарды үйлестіру үшін толығымен жауапты және бақылауды жүзеге асырады.

30. Мердігер өз қызметкерлерінің, Қосалқы мердігердің (лердің) қызметкерлерімен сенім білдірілген адамдарының, сондай-ақ Мердігермен шарт негізінде Шарт шеңберіндегі жұмыстардың бір бөлігін орындайтын басқа да адамдардың іс-әрекеттері мен кемшіліктері үшін Тапсырыс беруші алдында жауапты болады.

31. Тапсырыс беруші табылған кез келген ақаулар туралы ақауларды түзету мерзімін көрсете отырып, Мердігерді жазбаша түрде хабардар етеді.

32. Мердігер ақаулар туралы хабарламаны алып, ақауды Тапсырыс беруші көрсеткен уақыт кезеңі ішінде жоюға міндетті.

33. Ақы төлеу нысаны___________________________________

(аудару, қолма-қол есептеу және т.б.)

34.Төлемдердің түрлері мен мерзімі: қаржыландыру жоспарына сәйкес.

35. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:________________

(шот-фактура немесе орындалған жұмыстарды қабылдап алу-беру актісі немесе т.с.с.)

36. Тапсырыс беруші Мердігерге_________ сомада аванстық төлем (алдын ала төлеу) жүргізуі мүмкін. Мердігер төленген авансты осы Шарт бойынша жұмыстарды орындау үшін талап етілетін материалдарға, жабдықтар мен еңбекақы төлеуге ғана пайдалануы тиіс.

37. Тапсырыс беруші аванстық төлемдерді жүзеге асырған жағдайда ай сайынғы төлемдерден________орындалған жұмыстардың көлеміне тепе-тең мөлшерде аванстық төлемдердің сомасын шегере отырып түзетіледі. Төлем мерзімі_________.

38. Егер Тапсырыс беруші Мердігерге тиесілі соманы Шартта көрсетілген мерзімде төлемесе, онда бұл жағдайда ол Мердігерге мерзімі өткен әрбір күн үшін________тиесілі сомасының _____________ 0,1 %-ы мөлшерінде кідіртілген төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын төлейді. Тұрақсыздық айыбы келесі төлеммен жүргізіледі. Тұрақсыздық айыбының пайызы төлем жүргізілуі тиіс болған күннен бастап есептеледі және соңғы төлем жүргізілген кездегі күнмен аяқталады.

39. Мынадай оқиғалар жұмыстардың ұзақтығы мерзімін өзгертуге немесе Мердігерге ақшалай өтемақы төлеуге алып келеді:

1) Тапсырыс беруші Объектінің барлық учаскелерін пайдалануға рұқсат етпесе, бұл жұмыстардың орындалуын кідіртеді. Бұл жағдайда Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша жұмыстардың орындалу мерзімін ұзартуға міндетті;

2) Тапсырыс беруші Мердігерге Шартта жоспарланбаған сынақтарды өткізу үшін жұмыстарды тоқтатуға нұсқама берсе. Егер осы сынақта қандай да бір ақауларға нұсқамаса, онда сынақ өткізу үшін жұмыстарды тоқтату уақыты жұмыстарды орындаудың шарттық мерзіміне қосылады;

3) аванстық төлем кешіктірілсе;

Үстемақы сомасы мердігермен келісіледі.

40. Ұсталған сома Мердігерге барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін және шалалықтар мен Ақаулар тізбесі жойылғаннан кейін ғана төленеді.

41. Мердігер Тапсырыс берушіге шарт бойынша жеткізіп берілетін материалдар мен жабдықтардың жақсы сапада және техникалық өзіндік ерекшеліктер және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес болуына, жұмыс оның сапасын жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді. Осы талаптарға сәйкес келмейтін, жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгертілген жұмыс ақаулы деп танылады. Мердігер (қосалқы Мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлінуі себебінен залалды өтеу немесе түзету Мердігер беретін кепілдіктерге кірмейді. Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Мердігер материалдар мен жабдықтардың сапасын куәландыратын құжаттарды беруге тиіс.

42. Егер басқа тарап Шартта көзделген қағидатты талаптардан айыратын Шарттың талаптарын едәуір бұзушылық жасаған болса, Тапсырыс беруші немесе Мердігер Шартта көрсетілген мерзімге дейін Шартты бұза алады.

43. Шарттың талаптарын едәуір бұзу мынаны қамтиды, бірақ санамаланғанмен шектеліп қалмайды:

1) егер Мердігер жұмыстар кестесін орындау мерзімін бірнеше рет бұзса, Тапсырыс беруші Шартты бұза алады;

2) Мердігер Тапсырыс берушінің тоқтатуға рұқсатын алмай мерзімі__________дейін жұмысты тоқтата тұрса;

3) Мердігер Тапсырыс беруші белгілеген негізді уақыт кезеңі ішінде Тапсырыс беруші көрсеткен Ақауларды жоймаса;

4) Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстар барысын кідіртуге нұсқама_______________ күн ішінде күшін жоймаса;

5) не Тапсырыс беруші, не Мердігер оның қайта ұйымдастырылуын немесе бірлесуін қоспағанда, банкротқа ұшыраса немесе қандай да бір себептермен таратылса;

6) Тапсырыс беруші Мердігерге Тапсырыс берушінің Техникалық бақылаушысы растаған соманы сома расталған күннен кейінгі күн ішінде төлемесе;

7) Мердігер жобалау құжаттамасында және шарттық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды жүргізу ережелерін, нұсқаулықтарын және ережелерін ескермейтін болса.

44. Егер Шарт Мердігердің Шартты едәуір бұзуы себебінен бұзылса, Тапсырыс беруші Тапсырыс берушінің жаңа Мердігерді таңдауына аванстар мен шығындарды шегере отырып, Мердігерге іс жүзінде орындалған жұмыстар үшін қалған соманы төлейді. Егер Тапсырыс берушінің Шартты бұзуға байланысты шығындарының жалпы сомасы Мердігерге тиесілі жалпы сомадан асып түссе, айырма Тапсырыс берушіге төленуге жататын борышты құрайды.

45. Тапсырыс беруші Мердігерге тиісті жазбаша хабарлама жіберіп, Шартты одан әрі орындаудың орынсыздығына байланысты оны кез келген уақытта бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетіледі, Шарттың күші жойылған жұмыстарының көлемі, сондай-ақ Шартты бұзудың күшіне енетін күні айтылады.

46. Мұндай жағдайларда Тапсырыс беруші барлық орындалған жұмыстардың құнын, сатып алынған жабдықтар үшін, Объектіден машиналар мен тетіктердің шығарылуына шығыстарды және Объектіні консервациялау құнын төлейді.

47. Жоғарыда санамаланған жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Мердігер Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.

48. Мына фактілердің бірі анықталған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы Шарт кез келген кезеңде бұзылады:

1) Заңның 6-бабында қарастырылған шектеулердің бұзылуы;

2) сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге Заңда қарас­тырылмаған ықпал етулер көрсетсе;

Егер Шарт бұзылса Мердігер дереу жұмысты тоқтатып, Объектіні кон­сервациялауды және белгіленген тәртіппен оны Тапсырыс беруші тапсыруды қамтамасыз етеді.

49. Егер Мердігердің Шарт талаптарын едәуір бұзуы себебінен Шарт бұзылатын болса, Объектідегі барлық материалдар мен Жабдық, сондай-ақ уақытша құрылымдар мен орындалған құрылыс жұмыстары Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады және Шартты бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешілгенге дейін оның билігінде болады.

50. Егер дүлей апат, әскери іс-қимылдар немесе Тапсырыс беруші немесе Мердігер бақылай алмайтын қандай басқа бір басқа форс-мажорлық оқиға Шарттың орындалуын бұзса, Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұруын куәландырады. Мердігер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және жұмысты тоқтатады. Тапсырыс беруші Мердігерге Объектіні тоқтатқан күнге дейін орындалған жұмыстардың барлық көлемі үшін және Объектіні консер­вациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлеуді жүргізеді.

51. Мердігер орындалған жұмыстарды және жұмыстарға байланысты барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты зиянның, зақымданудың, жойылудың барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. Мердігер өзінің жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бо­йынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті және оған тиесілі құрылыстарды қандай да бір зақымдану түрлерінен және жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және жылжымалы және жылжымайтын мүліктің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ, онымен шектеліп қой­май) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Мердігер жо­ғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындар Тапсырыс берушінің тарапынан қосымша өтелуге жатпайды.

52. Тапсырыс беруші Мердігердің жоғарыда айтылған себептермен оларды то­­лық аяқтағанға және қабылдағанға дейін жұмыстардың қандай да бір зияны не­­месе зақымдануы үшін жауапкершілік көтермейді және Мердігер қосымша өтеу­­сіз қандай да бір зиянды барлық түзетуді, қандай да бір зақымдануды жә­-не өзге де жоғары айтылғандар нәтижесінде өзге де ақауларды жүзеге асы­рады.

53. Мердігер өнім беруді ұйымдастыру, Мердігер беретін, Объектіге жеткізілуге тиіс барлық материалдар мен жабдықтарды тасымалдау, тиеу және сақтау үшін жауапты болады. Өнімді беру тек қана Мердігердің атына жүзеге асырылады. Ешқандай жағдайда да Тапсырыс беруші өнім беруге, өңдеуге, сақтауға және көлік құралдарының тоқтап тұруына ақы төлеуге байланысты шығыстар үшін жауап беруге тиіс емес. Ешқандай да өнім беру Тапсырыс берушінің атына жіберілмейді.

54. Мердігер Тапсырыс берушіге Учаскеде материалдар мен жабдықтар алу кестесін береді. Сақтау, төсеу немесе қатарлап жинау үшін Тапсырыс беруші рұқсат берген учаскелер ғана пайдаланылуы мүмкін. Егер Мердігер өзінің материалдары мен жабдықтарын тиеуді және сақтауды кідіртетін болса, және егер мұндай кідірту тұтастай алғанда жұмыстарды жүзеге асыруға зиян келтіретін болса, Тапсырыс беруші Мердігердің материалдары мен жабдық­тарын тиеу мен сақтауды Мердігердің есебінен жүзеге асыруы мүмкін (бірақ құны жасауға міндетті емес). Егер тиеуді немесе Тапсырыс жүзеге асыратын болса, жоғарыда айтылғанның зиянына немесе зақымдануына байланысты бүкіл тәуекелді Мердігер көтереді.

55. Тапсырыс беруші беретін материалдар мен жабдықтарды Тапсырыс беруші мен Мердігер бірлесіп қабылдайды және тексереді. Құрылыс алаңында тиеуді Мердігер жүзеге асырады. Мұндай қабылдау Мердігер дайындайтын қабылдау туралы жазбаша құжатпен куәландырылуға тиіс. Кез келген кем шығу немесе осындай материалдар мен жабдықтарға қолданылатын зақымдану қабылдау туралы жазбаша құжатта нақты белгіленуге тиіс. Осындай материалдар мен жабдықтарды қабылдағаннан кейін Мердігер осындай материалдар мен жабдықтардың өңделуі мен сақталуы үшін толық жауап береді және, жоғарыда көрсетілген жоғалған немесе зақымданған жағдайда толық жауап береді. Мердігер өзінің жұмыстарын аяқтағаннан кейін қалатын материалдардың немесе жабдықтардың кез келген артылғаны Тапсырыс берушіге қайтарылуға тиіс.

56. Егер Шартта Тапсырыс берушінің материалдарын немесе жабдықтарын беру көзделген болса, Мердігер Тапсырыс берушіні оларды беру үшін қажет болуы мүмкін мерзім туралы күні бұрын хабардар етуге тиіс. Бұл мерзімдер Мердігердің жұмыс кестесінде көзделген болуы тиіс.

57. Егер Шартқа сәйкес Тапсырыс беруші осы Шартта көзделген жұмыстарды орындау үшін негізді көлемде электр энергиясымен және сумен қамтамасыз етуге тиіс болса, Мердігер қосудың орындалуы үшін және су мен электр энергиясын Тапсырыс беруші белгілеген қосу нүктесінен бөлу үшін жауап береді. Осы қызметтермен қамтамасыз етудегі үзілістер жұмыстардың ұзақтығын өзгерту үшін негіз болып табылады.

58. Мердігер Учаскенің аумағын таза ұстайды. Мердігер Учаскеден барлық құрылыс қоқысын әкетуге және Учаскені жедел түрде тәртіпке келтіруге тиіс.

59. Егер Мердігер Учаскені осы Шарт талап ететіндей таза ұстауға жағдайы келмесе, Тапсырыс беруші шығыстарды Мердігердің есебіне жатқыза отырып, осы жұмысты орындауы мүмкін.

60. Мердігер Шартта айтылған барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Тапсырыс берушіге жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарлама жібереді. Тапсырыс беруші жеті күн мерзімнен кешіктірмей Шартқа сәйкес жұмыстардың аяқталуын бағалау жөніндегі комиссияны (Жұмыс комиссиясы) тағайындайды.

61. Жұмыс комиссиясы Мердігердің қатысуымен өткізіледі.

62. Жұмыс комиссиясы актісінің күні жұмыстар аяқталған күн болып саналады.

63. Жұмыс комиссиясы шалалықтардың тізбесін жасайды және оларды жою мерзімін көрсетеді. Шалалықтарды жою күні Шарттың аяқталған күні болып саналады. Барлық шалалықтарды жою фактісі Объектіні пайдалануға түпкілікті қабылдау актісімен (Мемлекеттік комиссия актісімен) анықталады.

64. Форс-мажорлық шарттарды қоспағанда, егер мердігер Шартта айтылған мерзімде жұмысты орындамаса Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде өзінің басқа құқықтарына зиянсыз Шарттың бағасынан әр бір мерзімі өткен күнге 0,1 пайыз сомасында тұрақсыздық айыбын есептеп шығарып отырады.

65. Осы Шарттың күніне енетін күні жұмыстардың басталған мерзімі болып саналады (не осы күн Шартта белгіленеді).

66. Мердігер осы Шарт бойынша жұмыстардың барлық түрлерін жұмыстар басталғаннан кейін (күн саны көрсетілген) күнтізбелік күннен кешіктірмей аяқтауды қамтамасыз етуге міндетті.

67. Өнім беруші (мердігер) конкурс өтініміне сәйкес, қазақстандық мазмұнды қамтамассыз етуді міндетіне алады. (егер ол бар болса)

68. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша орындалған көлем үшін осы Шартта айтылған соманы төлеуге міндеттенеді.

69. Мердігер орындаған жұмыстардың сомасынан ай сайын (немесе басқа кезең көрсетілсін) Тапсырыс беруші барлық жұмыстар орындалғаннан және шалағайлықтар мен ақаулар тізбесін жойғаннан кейін Мердігерге төленетін орындалған жұмыстар құнының 5%-ын ұстап қалады (бұдан әрі – Түпкілікті ақы төлеу).

70. Осы Шарт бойынша Мердігерге түпкілікті ақы төлеуді Тапсырыс беруші Мердігер осы Шарт бойынша міндеттемелерді және Ақауларды түзету жөніндегі өзінің барлық міндеттемелерін толық орындаған жағдайда жүргізеді.

71. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Мердігер белгіленген тәртіппен келіскен өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар көзделуі мүмкін.

72. Мердігер конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда Шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті (егер осындай қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада көзделсе).

73. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін (мемлекеттік органдар мен мекемелер үшін) және Мердігер Ереженің 156-тармағында көрсетілген жағдайларда Шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.

74. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:


Төлеуші: «ҚР ТЖМ Қазселденқорғау» ММ-сі


Бастықтың орынбасары __________________

Алматы қаласы, Ш.Қалдаяқов көшесі, 70

СТН 600900063535

ЖИК KZ92070101KSN0000000

Алматы қаласы бойынша Қазынашылық Департаментіне

БСК KKMFKZ2A

Кбе 11
М.О.

Өнім беруші: (толық атауы)

Бастық _____________ (Т.А.Ә.)

Мекенжайы ________________________________________

СТН ______________________________________________

ЖСК______________________________________________

Банк ______________________________________________

БСК ______________________________________________

Кбе ____
М.О.
«Тапсырыс беруші» «ҚР ТЖМ Қазселденқорғау» ММ-нің

филиалы «ААПТБ»-сы

Қарасай ауданы, Нұрлытау кенті 8-ші ГЭС

СТН 090500019391

Директоры ________________
М.О.
Аумақтық қазынашылық органында тіркелген күні (мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер үшін):_____________________

Осы Мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Тапсырыс берушінің жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы үдерісінде Тапсырыс беруші мен Мердігер арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Осы Шартты пайдалана отырып, Тапсырыс беруші конкурс қорытындылары негізінде жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттың өз жобасын әзірлеуге тиіс. Бұл ретте осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасына, Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Мердігердің конкурстық өтініміне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуы тиіс. Осы Шартта курсивпен бөліп көрсетілген түсіндірулерді Тапсырыс беруші толтыруға тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет