Бекітемін: Тәрбие сағатына қысқа мерзімді жоспар



бет17/19
Дата20.05.2024
өлшемі3.4 Mb.
#501504
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Білімім Отаныма жинақталған тәрбие сағаты

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан - сенің туған елің, туған жерің, дос - жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Осы үлкен Отанның ішінде әр адамның өзі туған, өзіне өте жақын ауылы, қаласы, көшесі бар. Әрбір адам үшін туған ел, туған жер әр уақытта да қымбат. Өйткені, сен туған өлке, саған алтын бесік - атамекен болып саналады. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Осы орайда ең бірінші жас ұрпақ білімді болу мақсат тұту керек. 1. Біздің елімізде бірде - бір бала мектептен тыс қалмайды. Жалпыға бірдей білім беру туралы мемлекеттік маңызы бар «Білім туралы» заң қабылданған.
2. Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған. Адамдар кітап болатын, әріп теретін машиналар ойлап тапты. Қазіргі кезде кітап болып шығару ісі жолға қойылған.
3. Елімізде кітап шығаруға, оны безендіруге көп көңіл бөлінеді. Оған қыруар қаржы жұмсалады. Қазіргі кезде барлық мектеп оқушыларына оқулықтар тегін берілуде.
4. Оқулықты бүктеп, жыртып бүлдіруге болмайды. Өйткені, әр кітап – Отан байлығы, аға - апаларымыз бен әже - аталарымыздың маңдай тері.

«Өрмекші торы» жаттығуы (8 мин.)


Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.
Мақсаты: Бұл тамаша жаттығу оқушылар арасындағы жақсы қатынастың дамуына ықпал жасайды. Кейбір балалар өзінің эмоцияларын еркін көрсете алады, ал бұл кейбіреулер үшін үлкен мәселе. Бұл ойында барлық қатысушылар осы маңызды дағдыны дамытудың шынайы мүмкіндігін алады. “Өрмекші торы” өзара қатынастың ахуалын жақсартады.
Қажетті құрал: түрлі-түсті жіп орамы.
ІІ. Негізгі бөлім: (30 мин)
Білім жетілдіру: Адам өмірінің көп жағдайы өмірдің бағытына байланысты екенін ескерсек, әр адам өз өмірінің бағытын анықтауға тиісті екенін ұғынамыз. Ол үшін адам алдына мақсат қоя білу керек. Біз бүгін мақсатқа, жетістікке жету жолдарын анықтаймыз. Осы орайда сіздермен келесі сұрақтардың мәнін ашып көрейікші …
II-топқа бөлу. Әр топқа сұрақтар беру талқылау.
1. Сіздер қалай ойлайсыздар өмірдегі басты міндет білім алума?
2. Мектепке келудегі мақсаттарың қандай? Сіздерді не үшін оқытып жатыр?
3. Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткізгіңіз келеді?
4. Дәл қазіргі кезде қандай мақсатты көздер отырсыз?
Дұрыс айтасыңдар өмірде білімсіз есеюдің, өсудің қажеті жоқ екенін және де қазіргі кезде білімімізді жетілдірудің түрлі жолдары өте көп.



Оқушылардың пікірі сұралады.


Даналардың білім туралы ойларынан
1. Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген. (Әл - Фараби)
2. Адамның ұқпағаны – бойына жұқпағаны. (И. Гете)
3. Білім мен даналық - адам көркі. (Ә. Науаи)
4. Білмеген масқара емес, білгісі келмеген ұяттырақ. (Сократ)
5. Білім дегеніміз – күш, күш дегеніміз – білім. (Ф. Бэкон)
6. Көп білген емес, ең керектісін білген адам ақылды. Адамның білгені аз болған сайын көп білетіндей болып көрінеді.(Ж. Ж. Руссо)
7. Білім мақсат емес, білім – қару. (Л. Толстой)
8. Білім жолы – даналық жол. (А. Байтұрсынов)
9. Білім – дүниенің кілті. (Абай)




презентация



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет