Бекітемін Ұто директоры Қ. С.Әбдиев 2013 ж



Дата17.07.2016
өлшемі55.08 Kb.
Бекітемін

ҰТО директоры

___________________ Қ.С.Әбдиев

2013 ж. «____»_________

«5В070100-Биотехнология» мамандығына арналған

«Биотехнология негіздері» пәні бойынша

Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тестіге «Биотехнология негіздері» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.






Мазмұны

Тапсырмалар саны

1

Кіріспе. Өсімдіктер Биотехнологиясының қазіргі жағдайы және даму перспективалары

1

2

Өсімдік клеткалары мен ұлпаларын дақылдаудың типтік тәсілдері және ерекшеліктері. Дақылдау клеткаларының биологиясы. Қоректік орталарды оптимизациялау әдістері. Дақылдаудың үзіліссіз, жартылай үзіліссіз және мерзімді дақылдау әдістері. Иммобилизденген биообъектілерді алу ерекшеліктері және оларды биотехнологияда пайдалану. Морфогенез және in vitro регенерацияның молекулярлы – генетикалық механизмдерін реттеу.

2

3

Өсімдіктер биотехнологиясының әдістері: өсімдіктер клеткалық инженерия. Клеткалық инженерия және клеткалық реконструкция әдістер арқылы өсімдіктердің жаңа түрлерін және жаңа сорттарын алу. Өсімдік материалын сауықтыру әдістері және құнды және жойылып бара жатқан өсімдіктерді клондау әдістері. Өсімдіктерді in vitro ұрықтандыру (алшақ гибридизация кезінде прогамды сәйкессіздіктен өткізу). Өсімдік ұрығының жеке культурасы (эмбриокультура – түраралық гибридизация кезінде постгамды сәйкессіздіктен өткізу). Гаплоидты технология әдістерімен селекциялық үрдісті жылдамдату (андро- және гиногенез әдістері). Өсімдіктердің клеткалық селекция әдістері. Генофондты in vitro сақтау.

2

4

Рекомбинантты ДНҚ әдістері. Организм және жеке клеткалар деңгейіндегі генетикалық трансформация. Өсімдіктер клеткаларына бөтен ДНҚ – ны еңгізу.

1

5

Органикалық синтез негізінде өсімдік шикізаттан тағамдық биологиялық белсенді заттарды алу әдістері. Өсімдік биомассасынан тиімді азықтық препараттарды жасау.

2

6

Кіріспе. Жануарлар биотехнологиясының қазіргі жағдайы және даму перспективалары

1

7

Жануарлар клеткаларының типтік тәсілдері және дақылдау ерекшеліктері

1

8


Жануарлар биотехнологиясының әдістері: Эмбриоинженерия және химераларды алу әдістері. Жануарларды клондау әдістері. Трансплантация және эмбриондардың түраралық трансплантациясы. Жануарларда жасанды ұрықтандыру әдістері. Адамда және жануарларды жасанды ұрықтандырудың негізгі әдістері.

2

9

Рекомбинантты ДНҚ әдістері: Рекомбинантты ДНҚ әдістері және трансгенді жануарларды алу. Организм және жеке клеткалар деңгейіндегі генетикалық трансформация. Жануарлар клеткаларына бөтен ДНҚ – ны еңгізу және генетикалық өзгертілген клондарды бөліп алуда маркерлерді және селективты жүйелерді қолдану. Генетикалық модифицирленген көздерді алу спецификасы және қайта өңдеу. Биологиялық қауіпсіздігі. Рекомбинантты ДНҚ жұмыстарын бақылау. Биоэтика мәселесі.

2

10

Биотехнологиялық үрдістің кезеңдері және биотехнологиялық үрдісті іске асыру негіздері

1

11

Шикі заттың технико-экономикалық тиімділігі, өндірістік штамм микроорганизмдерінің технологиясы, соңғы өнімнің, асептикалық жағдайлардың және масштабтаудың технологиясы

2

12

Микроорганизмдер клеткаларының типтік тәсілдері және дақылдау ерекшеліктері

1

13

Микроорганизмдердегі биотехнология әдістері

1

14

Ферментация (биологиялық объектілерді дақылдау)

1

15

Продуценттерді құрастыру әдістері: селекция, рекомбинантты ДНҚ әдістері

1

16

Биомасса, аминқышқылдар, ферменттер, антибиотиктер, бакпрепараттарды алудың типтік сызба нұсқасы, органикалық қалдықтарды қайта өңдеу, ағын суларды тазалау

2

17

Тағам өнімдерінен микроорганизмдерді бөліп алу және таза дақылдарды алу. Микроорганизмдердің таза дақылдарын бөліп алуда әдістерді меңгеру. Биологиялық белсенді қосылыстарды бөліп алу, ағын суларды тазалау. Соңғы өнімді модификациялау

2




Тестінің бір нұсқасында тапсырмалар саны

25



4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмалары студенттердің биообъекттердi өсірудің теориялық негiздерi, тамақ өнеркәсiбі, ауыл шаруашылығы, медицина, мал шаруашылығы, экологиялық биотехнология және биоэнергетика сияқты салаларда қолданылатын түпкi өнiмдерді алу әдiстері мен технологиялары толық қарастыру, яғни биотехнология негіздері бойынша білімдерін анықтауға мүмкіндік береді.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Каталог: upload -> iblock
iblock -> Тест по географии для государственной аттестации общего среднего образования учащихся
iblock -> Бекітемін Ұто директоры Қ. C.Әбдиев 2014ж
iblock -> Л. Н. Гумилев атындағы
iblock -> Решением Президиума Общероссийской общественной спортивной организации «Союз танцевального спорта России»
iblock -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
iblock -> 007: Координаты «Скайфолл» Режиссер: Сэм Мендес в ролях: Дэниэл Крэйг, Хавьер Бардем, Джуди Денч, Райф Файнс, Бен Уишоу Премьера: 26 октября dvd/Blu-Ray: февраль «Куда мы едем?»


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет