Бекітілді «kegoc» АҚ Басқармасының



Дата29.02.2016
өлшемі191 Kb.
#30682


«ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚазаҚстан компанияСЫ» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АкционерЛІК ҚОҒАМЫ










БЕКІТІЛДІ

«KEGOC» АҚ Басқармасының

20__ жылғы «____» _____ күнгі № ___ хаттамасы

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРС ӨТКІЗУ

ЕРЕЖЕЛЕРІ

Ер KEGOC АД-514-12-ЕР
_____дана
1-басылым
Енгізілген күні _______ ж.

Астана

1 Қолданылу аясы
1.1 Осы ережелер «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамында (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ) Қазақстан Республикасында аккредитацияланған бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі - БАҚ) қызметкерлері (бұдан әрі – журналистер) арасында Қазақстанның электр энергетикалық саласы дамуының өзекті мәселелері мен жетістіктерін жария етудегі үздіктерді анықтауға арналған шығармашылық конкурсты (одан әрі – Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

1.2 Осы ережелер «KEGOC» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерінде қолданылады және біріктірілген менеджмент жүйесінің (бұдан әрі – БМЖ) құжаттама құрамына енеді.

1.3 Осы ережелер «KEGOC» АҚ-ның ішкі нормативтік құжаты болып табылады және мүдделі тараптарға ұсынылады.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы ережелерде мынадай нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылады:

«KEGOC» АҚ-ның ақпараттық саясаты;

СТ KEGOC 00-101-10 Ұйым стандарты. Құжаттаманы басқару.

Пр KEGOC 00-103-08 «KEGOC» АҚ-да өкімгерлік құжаттарды даярлау тәртібі.


3 Белгілеулер мен қысқартулар
Осы ережелерде мынадай қысқартулар қолданылады:

«KEGOC» АҚ – «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы;

БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары;

Конкурс – БАҚ қызметерлері арасындағы шығармашылық конкурс;

журналистер – Қазақстан Республикасында аккредитациядан өткен БАҚ қызметкерлері.

ЖББ – «KEGOC» АҚ Корпоративтік даму депаратаментінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімі.

Ақпараттық материалдар – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және іс-әрекет ететін мерзімді және электрондық БАҚ-та жарияланған немесе таралған электронды немесе баспа нысанындағы мақалалар, жаңалықтар таспасының хабарламалары, жарияланымдар, репортаждар, телебейнелік бағдарламалар.

Электронды БАҚ – ҚР заңнамасына сәйкес әрекет жасайтын телебейнелік, радио арналар, ақпараттық агенттіктер, интернет-басылымдар.

ҰЭТ – ұлттық электр торабы.

3 Жауапкершілік және уәкілеттіктер

3.1 Осы ережелер «KEGOC» АҚ Басқармасының шешімімен бекітіледі.

3.2 Осы ережелерде көрсетілген талаптардың енгізілуіне бақылауды Басқарма төрағасының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.

3.3 Осы ережелерде көрсетілген талаптардың енгізілуіне жауапкершілікті Корпоративтік даму депаратаментінің директоры атқарады.



    1. Осы ережелерді басқару жауапкершілігіне ЖББ бас менеджері ие.


4 Жалпы ережелер
4.1 Конкурс жыл сайын Энергетиктер күнін мерекелеу қарсаңында өткізіледі.

4.2 Конкурсты өткізу мақсаты БАҚ-тың саланы дамыту мәселелеріне назарын ынталандыру және көтермелеу, ағымдық және келешек энергетикалық жобалар туралы материалдар сапасын арттыру, сондай-ақ «KEGOC» АҚ Ақпарат саясатына сәйкес «KEGOC» АҚ-ның ақпараттық ашықтығын қолдау болып табылады.

4.3 Конкурсқа жалпы басшылықты, конкурсқа қатысушылар қатарынан жеңімпаздарды айқындауды Конкурстық Комиссия (одан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.
5 Конкурсты өткізу тәртбі мен шарттары
5.1 Конкурс жылына 1 рет өткізіледі. «KEGOC» АҚ дамуының өзекті мәселелерін және Қазақстан ҰЭТ мен электр энергетикалық саласын тұтастай дамыту жөніндегі жетістіктерді сипаттайтын ақпараттық материалдар Конкурстың мәні болып табылады.

5.2 Корпоративтік даму департаменті Конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.

Конкурсқа қатысушы болып «KEGOC» АҚ қызметкерлерінен басқа журналистер, тәуелсіз авторлар мен республикалық, өңірлік БАҚ редакциялары өтінім бере алады.

5.3 Конкурсқа қатысуға Конкурс өткізілетін жылдың 1 қаңтары мен 1 желтоқсаны аралығында мемлекеттік және орыс тілінде жарияланған немесе эфирге шыққан ақпараттық материалдар қабылданады.

5.4 Конкурсқа қатысуға Конкурсты өткізудің белгіленген мерзімінен бұрын не кейінірек жарияланған материалдар, сондай-ақ бұрын жарияланған материалдардың қайта басылғандары қабылданбайды. Коммерциялық негізде жарнама және PR шартында жарияланған материалдар қарауға жатпайды.

5.5 Конкурсқа ұсынылған электронды БАҚ-тың ақпараттық материалдары басылым редакциясымен ресми куәландырылуы тиіс (эфирлік анықтама, электрондық сілтеме). Конкурсқа жіберілетін материалдарға қойылатын талаптар:

1) баспалық – газеттердің (журналдардың) түпнұсқалары түрінде;

2) ақпараттық агенттіктер – материалдың шығу (таралу) күні көрсетіле отырып қағаз тасымалдағышта;

3) бейнелік – мекен-жайы және автор (лар) туралы ақпарат көрсетіле отырып AVI, MPEG4 пішіміндегі цифрлы CD, DVD тасымалдағыштарда. Эфирлік анықтама немесе редакцияның ілеспе хаты құпталады;

4) радио – Мp3 пішіміндегі цифрлы CD, DVD тасымалдағыштарда, эфирлік анықтама қоса тіркеліп және мекен-жайы мен автор (лар) туралы ақпарат көрсетіле отырып;

5) фото – ақ-қара, түрлі-түсті негативтер мен слайдтар түрінде, биіктігі кемінде 18 см, бірақ ені 45 см аспайтын мөлшердегі ақ-қара, түрлі-түсті фотосуреттер. Фотосуреттің келесі бетінде түсірілген орны, уақыты, автор туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.

Осы тармақта аталған шарттар сақталмаған жағдайда тапсырылған жұмыстар қаралмайды.

5.6 Конкурсқа қатысуға келіп түскен материалдарға пікір берілмейді және қайтарылмайды.

5.7 Аталымда жеңімпаз болып танылған БАҚ өкілдері естелік дипломымен және бағалы жүлделермен марапатталады. Бағалық жүлденің (сыйақының) сипаты «KEGOC» АҚ Басқармасы төрағасының Конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бұйрығымен анықталады және әлеуетті қатысушылар қаперіне ақпаратты веб-сайттағы тиісті «БАҚ үшін конкурс туралы» бөлімінде орналастыру, БАҚ-қа жөнелту, аптасына кемінде үш рет және таралымы ең кемі 90 000 дана болып шығатын әрі Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзімдік басылымда ресми хабарламаны міндетті түрде жариялау арқылы жеткізіледі.

5.8 Конкурсты жариялау және оның нәтижелерін қорытындылау туралы ақпарат «KEGOC» АҚ-ның корпоративтік сайтында орналастырылады.
6 Конкурстық комиссия жұмысының тәртібі
6.1 Конкурстық комиссия құрамына Атқарушы дирекция құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері және қажет болған жағдайда тәуелсіз сарапшылар тартылады. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Конкурстық комиссия Төрағасы болып табылады. Комиссия мүшелерінң саны кемінде 6 (алты) адам болуы тиіс. Конкурстық комиссия құрамы «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

6.2 Конкурсқа ұсынылған материалдарды шынайы қарау және қатысушылар арасынан жеңімпаздарды айқындау Конкурстық комиссияның негізгі міндеттері болып табылады.

6.3 Қорытынды шығарылардан бір ай бұрын Конкурстық комиссия Конкурсқа ұсынылған материалдарды қарап және дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтайды. Әрбір комиссия мүшесі бір дауысқа ие. Комиссия шешімі оның жалпы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең түскен кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

6.4 Конкурс жеңімпаздары мынадай өлшемдер бойынша айқындалады :

– ұсынылған жұмыстардың Конкурс тақырыбына сәйкестігі;

– жарияланымдардың саны мен сапасы (тұжырымдар, цифрлар, фактілер дәлдігі);

кәсіби деңгейі;

– тақырыпты ашу тереңдігі;

– материалдың қоғамдық өзектілігі мен құндылығы.

6.5 Конкурс бойынша жалпы аталымдар саны 10 (он) бірліктен аспауы тиіс, олардың 50% (жартысы) мынадай міндетті аталымдардан тұрады:

– «Үздік көсемсөз»

– «Үздік талдама материал»

– «Үздік ТВ-ілестіру»

– «Үздік интернет-басылым»

– «Үздік фотосуретші/фото»

Қалған аталымдардың тәртібі мен тұжырымын Конкурстың комиссия мүшелері анықтайды.

6.6 Аталым жеңімпазын «KEGOC» АҚ-ның еңбеккерлері ішкі сайтта/интранет-порталда дауыс беру арқылы анықталатын аталымды (біреу) белгілеуге болады.
7 Конкурс нәтижелерін қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
7.1 Конкурстық комиссия нәтижелерді қарау жөніндегі хаттамада аталымдар мен жеңімпаздар санын, марапаттау салтанатын өткізу уақыты мен орнын айқындайды.

Хаттама нысаны Ер KEGOC 00-103-08 қағидасында келтірілген.

7.2 Конкурс нәтижелерін қорытындылау кестесінің нысаны осы ережелердің 1-қосымшасында келтірілген.

7.3 Конкурс нәтижелерін Конкурстық комиссия жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілгенге дейін, 7 күннен кешіктірмей жылдың 31 желтоқсанына дейін қорытындылауы тиіс.

7.4 Конкурс ұйымдастырушысы Конкурс нәтижелері жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелі күн ішінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы және ақшалай жүлделер беруді қамтамасыз етеді.

7.5 Конкурсты өткізу жөніндегі шығындарға өзге ұйымдардан тартылған сарапшыға (Комиссия мүшесіне) қаламақы төлеу, жеңімпаздардың жүлделік қоры, Конкурс туралы ресми жарияланым беру шығыны, дипломдардың дизайны мен даярлау шығындары, марапаттау салтанатын ұйымдастыру мен өткізу шығындары жатады.

7.6 Конкурсты қаржыландыру «KEGOC» АҚ-ның тиісті қаржылық жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат есебінен және соның шегінде жүзеге асырылады.
8 Осы ережелерді басқару
8.1 Осы ережелерді басқару СТ KEGOC 00-101-10 стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

8.2 Осы ережелерді келісу Басқарма төрағасының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары, «KEGOC» АҚ-ның БМЖ жөніндегі төрағасымен, экономика жөніндегі басқарушы директормен, жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшімен, Заң департаментінің директорымен, Корпоративтік даму департаментінің директорымен «Келісім парағында» жазба енгізу (2-қосымша) арқылы жүзеге асырылады.

8.3 Осы ережелермен танысу ҰЭТ дамыту жөніндегі басқарушы директор, Жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесші, КДД қызметкерлері үшін міндетті.
Әзірлегендер:
КДД ЖББ бас менеджері ________________ М. Мұхамедсалиев
КДД ЖББ бас маманы ________________ А. Жакеева

Журналистердің жыл сайынғы шығармашылық конкурсын өткізу ережелеріне 1-қосымша
Конкурс нәтижелерін қорытындылау кестесінің нысаны

Ф. Пр KEGOC 00-514-01


Журналистердің 20___ ж. конкурс нәтижелерін қорытындылау кестесі




Материалдар (жұмыстар, автор, басылым) атауы

Бағасы

Орны

Аталым














































































Конкурстық комиссия мүшелері: _____________ _______________

(қолы) (Аты-жөні)

_____________ _______________

(қолы) (Аты-жөні)

_____________ _______________

(қолы) (Аты-жөні)






Журналистердің жыл сайынғы шығармашылық конкурсын өткізу ережелеріне 2-қосымша

Ф. СТ KEGOC 00-101-01


Келісім парағы



Лауазымы

    Аты-жөні

Күні

Қолы

    Басқарма төрағасының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары, «KEGOC» АҚ-ның БМЖ жөніндегі төрағасы

Бексары Ж.М.







    Экономика жөніндегі басқарушы директор

Ботабеков А.Т.







    Төрағаның жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшісі

Айменов Х.А.







    Заң департаментінің директоры

Сафуани Т. Е.







Корпоративтік даму департаментінің директоры

Ахметов Е.К.




































































































































































Журналистердің жыл сайынғы шығармашылық конкурсын өткізу ережелеріне 3-қосымша

Ф. СТ KEGOC 00-101-02



Таныстыру парағы


Лауазымы

Аты-жөні

Күні

Қолы























































































































































































































































Журналистердің жыл сайынғы шығармашылық конкурсын өткізу ережелеріне 4-қосымша
Ф. СТ KEGOC 00-101-03

Өзгерістерді тіркеу парағы



Соның негізінде өзгеріс енгізілген хабарлама №

Парақ нөмірлері

Өзгеріс енгізген адамның аты-жөні

Өзгеріс енгізген адамның қолы

Өзгеріс тер енгізілген күні


өзгертілген

алмастырылған

жаңа

жойылған

1

2

3

4

5

6

7

8




















































































































































































































































Журналистердің жыл сайынғы шығармашылық конкурсын өткізу ережелеріне 5-қосымша
Ф. СТ KEGOC 00-101-04

Кезеңдік тексеруді есепке алу парағы



Тексеру күні

Тексерген адамның аты-жөні

Тексерген адамның қолты

Ескертулер

тұжырымдары










































































































































































































































Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет