Бекітілді «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі 2015 жылғы «19» қарашадағы №21 хаттама мақҰлданды



жүктеу 299.01 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі299.01 Kb.


БЕКІТІЛДІ

«ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі

2015 жылғы «19» қарашадағы № 21 хаттама
МАҚҰЛДАНДЫ

«ҮМЗ» АҚ басқармасының шешімі

2015 жылғы «15» қыркүйектегі

№ 38/917 хаттама

«ҮМЗ» АҚ

тәуекелдерді басқару

САЯСАТЫ

ӘЗІРЛЕГЕН


БӘБ бастығы
________Л.И. Мордвинова
«___» 2015ж.

Мазмұны




1.Мақсаты 3

2.Қолданылу аясы 3

3.Құжатта пайдаланылатын терминдер мен негізгі түсініктер 3

4.Жалпы қағидалар 4

5.ТБЖ мақсаттары мен міндеттері 5

6.Тәуекелдерді басқару бойынша негізгі қағидаттар 5

7.ТБЖ ұйымдастырушылық құрылымы 6

8.ТБЖ қатысушылардың қызметтері 7

9.ТБЖ жұмыс істеу үдерісі 11

10.Ішкі және сыртқы орта 12

11. Тәуекел-тәбетті және Қоғамның басты тәуекелдеріне төзімділік деңгейлерін анықтау 12

12.Тәуекелдерді сәйкестендіру 13

13.Тәуекелдерді бағалау 13

14.Тәуекелдерді басқару 13

15.Бақылау әрекеттері 14

16.Ақпарат алмасу 14

17.Мониторинг 15

18.Стратегиялық жоспарлау мен операциялық қызмет, бюджеттеу мен уәждеу үдерістерінің тәуекелдерді басқару үдерісімен өзара байланысы 15

19.Тәуекелдер туралы ақпараттың құпиялығына қойылатын талаптар 17

20.ТБЖ тиімділігінің критерийлері 17




  1. Мақсаты

«ҮМЗ» АҚ тәуекелдерді басқару саясаты (бұдан әрі – Саясат) тәуекелдерді басқару жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін белгілейді, тәуекелдерді басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымын және оған қатысушылардың функцияларын айқындайды және «ҮМЗ» АҚ-да тәуекелдерді басқарудың негізгі үдерістерін сипаттайды.



  1. Қолданылу аясы

Саясаттың әрекет етуі «ҮМЗ» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) барлық қызмет түрлеріне таралады және Қоғамның тәуекелдерді басқару жүйесіне қатысатын барлық құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің қолдануы үшін міндетті болып табылады.



  1. Құжатта пайдаланылатын терминдер мен негізгі түсініктер





  • Қоғам – «Үлбі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамы;

  • ЕҰҚоғамның еншілес ұйымдары;

  • Тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) – бірыңғай үдеріске біріктірілген өзара байланысты элементтердің тізбегі, оның шеңберінде Директорлар кеңесі, Басқарма, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және қызметкерлер, әрбіреуі өз деңгейінде, Қоғамның қызметіне әсер ете алатын әлеуетті оқиғаларды анықтауға, сондай-ақ акционерлер үшін қолайлы тәуекелдерді басқару шеңберінде осы оқиғаларды басқаруға қатысады.

  • Тәуекел иесі – белгілі тәуекелді басқарудың барлық аспектілері, атап айтқанда, тәуекелдің жүзеге асырылу ықтималдығын азайтуға және/немесе Қоғамға тәуекелдің жүзеге асырылу салдарын азайту үшін жауапты тұлға (қызметкер/құрылымдық бөлімше/алқалық орган);

  • Инвестициялық тәуекел сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен туындайтын жоба тиімділігінің қорытынды көрсеткіштерінің болжалды нашарлауы;

  • Тәуекелдер картасы – әлеуетті әсері мен жүзеге асырылу ықтималдығына байланысты Қоғам тәуекелдерінің графикалық бейнеленуі;

  • Сапалық бағалау ішкі критерийлерге сәйкес Қоғамның қызметіне әсер ету дәрежесін анықтау және ұжымдық және сараптамалық бағаға негізделген тәуекел ықтималдылығы;

  • Тәуекелдер жіктелімі – белгілі стратегиялық мақсаттар бойынша бөлінген тәуекелдер санатының тізбесі;

  • Басты тәуекелдік көрсеткіш (БТК) қызметтің түрлі салаларындағы тәуекел факторларының өзгеруінің ерте сигналын білдіретін алғашқы индикаторлар. БТК әлеуетті тәуекелдерді анықтауға және тәуекел оқиғалардың болуына жол бермеу бойынша алдын ала шараларды қабылдауға немесе олардың Қоғамның қызметіне әсерін төмендетуге мүмкіндік береді;

  • Қоғамның басты тәуекелдері – бағалау қорытындылары бойынша Қоғамның тәуекелдер картасындағы қызыл және қызғылт сары аймақта орналасатын тәуекелдер және басшылықтың/тәуекел иесінің/тәуекел менеджерінің пікірі бойынша Қоғамның өз қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарына қол жеткізуіне айтарлықтай кері әсерін тигізуі мүмкін басқа аймақтардағы тәуекелдер;

  • Сандық бағалау – математикалық болжам және тәуекелдердің жүзеге асырылу ықтималдығын, сондай-ақ тәуекелдің әлеуеттік материалдық залалын есептеу;

  • Операциялық тәуекел – қызметкерлердің тарапынан жол берілген, ақпараттық жүйелер мен технологиялардың жұмыс істеуінен, өндірістік қауіпсіздік, сондай-ақ сыртқы оқиғалардың салдарынан болған кемшіліктердің немесе ішкі үдерістерді іске асыру барысындағы қателіктердің нәтижесінде залалдың, өндірістегі жазатайым оқиғалардың туындау тәуекелі;

  • Құқықтық тәуекел – Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен қарым-қатынас жасау кезінде – басқа мемлекеттердің заңнамаларын, сондай-ақ ішкі ережелер мен рәсімдерді қадағаламау салдарынан шығасылардың туындау тәуекелі;

  • Алдын алу іс-шаралары – тәуекелдердің жүзеге асырылу себептеріне шұғыл әсер ету мақсатында тәуекелдер жүзеге асырылғанға дейін өткізілетін тәуекелдер иелерінің/ іс-шаралар иелерінің ағымдағы іс-әрекеттері;

  • Реактивтік іс-шаралар – тәуекел жүзеге асырылғаннан кейін шұғыл әрекет ету және тәуекелдің жүзеге асырылу нәтижесіндегі кері салдарды төмендету мақсатында жүргізілетін тәуекел иелерінің/іс-шаралар иелерінің жоспарланатын іс-әрекеттері;

  • Тәуекелдер тіркелімі – Қоғам өз қызметінде тап болуы мүмкін тәуекелдер тізбесі;

  • Тәуекел – жүзеге асырылған жағдайда, Қоғамның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттарына қол жеткізуге кері әсерін тигізуі мүмкін әлеуетті оқиғаны (немесе түрлі жағдайлардың тоғысуын) көрсетеді;

  • Тәуекел-тәбеті – бұл Қоғамның өз мақсаттарына жету үдерісінде өзіне тиімді болатын тәуекелдің дәрежесі;

  • Тәуекел-менеджер – Қоғамның тәуекелдерін басқарумен байланысты мәселелерге жетекшілік ететін Қоғам басшылығының ішінен лауазымды тұлға. Қоғамның ішкі құжатымен тағайындалады;

  • Стратегиялық тәуекел – қызмет және даму стратегиясын белгілеу және жүзеге асыру, саяси ортаның, өңірлік конъюнктураның өзгеруі, саланың құлдырауы кезінде және басқа да жүйелі сипаттағы сыртқы факторлар кезінде өзгерістер мен қателіктердің (кемшіліктердің) салдарынан залалдың туындау тәуекелі;

  • Төзімділік деңгейі (тәуекелөзімділік) – бұл нақты мақсатқа жетуге қатысты ауытқушылықтың тиімді деңгейі. Төзімділік деңгейі тиімді мониторингті жүргізуге және тәуекел-тәбеті деңгейінің жоғарылауын болдырмауға мүмкіндік береді;

  • Қаржылық тәуекел – капиталдың құрылымымен және қаржылық пайдалылықтың төмендеуімен байланысты тәуекел. Қаржылық тәуекелдерге нарықтық тәуекелдер (пайыздық және валюталық мөлшерлемелердің ауытқулары, табиғи ресурстарға бағалардың ауытқулары), өтімділік тәуекелдері, кредит тәуекелі (корпоративтік контрагенттер, екінші деңгейлі банктер және басқа елдердегі талаптар бойынша) кіреді.

Осы Саясатта пайдаланылатын өзге терминдер СТ 20.0007-де белгіленген мәндерге ие болады.
  1. Жалпы қағидалар


    1. Осы Саясат «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тәуекелдерді басқару саясатына сәйкес әзірленген.

    2. Осы Саясаттың мақсаты Қоғамға Қоғам үшін қолайлы тәуекелдер деңгейін қамтамасыз ету және мұндай салымдардан тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару және мониторингі есебінен барынша көп қайтарым алу үшін ресурстарды тиімді басқару және басымды бағыттар бойынша бөліге мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдау болып табылады.

    3. Тәуекелдерді басқару Қоғамның ЕҰ-на ТБЖ енгізу жолымен шоғырландырылған негізде іске асырылады.

    4. Қоғамның ЕҰ-на ТБЖ енгізу үдерісінде Қоғам әдістемелік, кеңес берушілік қолдау көрсетеді, сондай-ақ ТБЖ дамыту және жетілдіру бойынша қызметті үйлестіреді.

    5. ТБЖ саласындағы реттеуші құжаттар (осы Саясатты қоса алғанда) қажет болған кезде, олардың Қоғам қызметінің мақсаттарына, ауқымына және ерекшелігіне сәйкестігін қамтамасыз ету, тәуекел-менеджменттің озық тәжірибесі мен жинақталған тәжірибені ескеру, сондай-ақ тәуекел-менеджменттің жаңа реттеуші талаптарын, тәжірибесі мен стандарттарын ескеру үшін қайта қаралады.

    6. Саясат Қоғамның сыртқы және ішкі сайттарында орналастырылады. Тәуекелдерді басқару саласындағы басқа да құжаттар қол жеткізу құқықтары шегінде Қоғамның ішкі сайтында Қоғамның барлық қызметкерлеріне және лауазымды тұлғаларына қолжетімді. ТБЖ өзгерістер Қоғамның ішкі сайтында өзекті ақпаратты орналастыру арқылы Қоғамның барлық қызметкерлеріне және лауазымды тұлғаларына жеткізіледі.


  1. ТБЖ мақсаттары мен міндеттері


    1. Қауіптер мен мүмкіндіктерді басқару тиімділігін арттыру ТБЖ негізгі мақсаты болып табылады, бұл Қоғамды капиталдандыруды арттыру үдерісіне қолдау көрсетуге тиіс. Даму стратегиясына сәйкес ТБЖ алдына мына мақсаттарды қояды:

    • Қоғамның Жалғыз акционерінің мүдделерін қорғау;

    • Қоғамның стратегиялық және оперативтік тұрақтылығын қамтамасыз ету;

    • Қоғамда ол үшін қолайсыз тәуекелдер туындағанда шығасыларды төмендету;

    • Қоғамның тәуекелдерін анықтау, бағалау және басқаруға біркелкі және бірізді тәсілдемелерді әзірлеу және қолдану, тігінен (басқару) және көлденеңінен (тәжірибе алмасу) тәуекелдер туралы ақпаратпен алмасу рәсімдерін оңайлату.

    1. ТБЖ негізгі міндеттері мыналар:

    • стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізуге қауіп төндіретін оқиғалардың туындауын ескерту, егер олар орын алса, олардың әсерін қолайлы деңгейге дейін қысқарту;

    • күтпеген оқиғаларға тиімді әрекет ету және оларды басқару;

    • тиімді ішкі бақылаушы ортаны қамтамасыз етудің жалпы үдерісінің бір бөлігі болып табылатын тәуекелдерді басқарудың жүйелі үдерісін қолдау;

    • мүдделі тараптарға Қоғам тәуекелдерді тиімді басқаратыны туралы орынды кепілдемелер ұсыну.


  1. Тәуекелдерді басқару бойынша негізгі қағидаттар


Қоғам тәуекелдерді басқарудың мына негізгі қағидаттарын белгілейді:

    • Тұтастық – ТБЖ бөлігінде Қоғамның және оның кәсіпорындарының жиынтық тәуекелі элементтерін қарастыру;

    • Ашықтық – ТБЖ автономды немесе ерекшеленген деп қарастыруға тыйым салу;

    • Құрылымдылық – тәуекелдерді басқарудың кешенді жүйесі нақты құрылымға ие;

    • Ақпараттылық – тәуекелдерді басқару объективті, дұрыс әрі өзекті ақпараттың болуымен жалғасады;

    • Үздіксіздік – тәуекелдерді басқару үдерісі тұрақты негізде жүзеге асырылады;

    • Циклдылық – тәуекелдерді басқару үдерісі оның негізгі құрауыштарының тұрақты қайталанатын түзілген циклынан тұрады;

    • Үздіксіз жетілдіру – стратегиялық міндеттер, сыртқы ортадағы өзгерістер, тәуекелдерді басқарудың әлемдік тәжірибесіндегі жаңалықтарды ескере отырып, ақпараттық жүйелер, рәсімдер мен технологияларды қоса, тәуекелдерді басқару бойынша жұмысты жетілдіру.
  1. ТБЖ ұйымдастырушылық құрылымы


    1. ТБЖ ұйымдастырушылық құрылымы Қоғамда тігінен және көлденеңінен ақпарат ағынын қамтамасыз етеді.

    2. Тігінен төменнен жоғары келетін ақпарат Жалғыз акционерді, Директорлар кеңесін, Қоғам Басқармасын мынадай мәліметтермен қамтамасыз етеді: ағымдағы қызмет туралы, қызмет барысында қабылданған тәуекелдер, оларды бағалау, бақылау, ықпал ету әдістері мен оларды басқару деңгейі туралы.

    3. Жоғарыдан төмен қарай бағытталатын шешімдер Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің, Қоғам Басқармасының шешімдерді қабылдау, сондай-ақ Қоғамның тәуекелдерін басқару бойынша құжаттарды бекіту жолымен мақсаттарды, стратегиялар мен қойылған міндеттерді Қоғамға және оның ЕҰ-на жеткізуді қамтамасыз етеді.

    4. Көлденең бойынша ақпаратты беру Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің және оның тәуекелдерді басқару бойынша қызметті ұйымдастыру үшін жауапты қызметкерлерінің өзара іс-қимылын білдіреді.

    5. Қоғамның ТБЖ құрылымы Қоғамның келесі органдары мен бөлімшелерін тарта отырып, бірнеше деңгеймен берілген (1-сурет):





1-сурет. ТБЖ ұйымдастырушылық құрылымы

  1. ТБЖ қатысушылардың қызметтері


    1. Жалғыз акционер Қоғамның тәуекелдерін басқару мақсатында Директорлар кеңесі, Қоғам Басқармасы ұсынған ақпараттың негізінде стратегиялық шешім қабылдайды.

    2. Қоғамның Директорлар кеңесі ТБЖ-ны қадағалауды іске асыруда маңызды рөл атқарады және тәуекелдерді басқару саласында мына қызметтерді іске асырады:

    • Қоғамның тәуекелдерді басқару саясатын бекіту;

    • Қоғамның тәуекелдерді басқару саласындағы басқа ішкі құжаттарын және Қоғамның тәуекелдерді басқару құрылымын (Қоғам Жарғысымен белгіленген) бекіту;

    • Қоғамның тәуекелдерді басқару ережелерін және рәсімдерін бекіту;

    • Қоғамның мақсаттарын (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) белгілеу;

    • тәуекелдерді басқару жөніндегі есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін айқындау;

    • тәуекелдерді басқару туралы тоқсан сайынғы есептерді бекіту;

    • Қоғамның қаржылық көрсеткіштерін талдау және бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қаржылық және басқарушылық есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін айқындау;

    • ТБЖ бағалау үшін тиімділік көрсеткіштерін бекіту;

    • ТБЖ тиімділігін бағалау көрсеткіштерін айқындайтын әдістемені бекіту;

    • ТБЖ тиімділігін бағалау мәселесіне арналған отырысты жыл сайынғы негізде өткізе отырып, Қоғамның Ішкі аудит қызметі дайындаған ТБЖ тиімділігі жөніндегі есептерді қарау;

    • сыртқы аудиторлардың ішкі бақылауды жақсарту және тәуекелдерді басқару жөніндегі қорытындыларына және Ішкі аудит қызметінің тексеру нәтижелеріне талдау жасау;

    • банктерге үстеме лимиттерді бекіту;

    • Қоғамның тәуекел-тәбетінің деңгейін шоғырландырылған деңгейде бекіту;

    • Қоғамның Тәуекелдер тірекелімі мен картасын бекіту;

    1. Қоғам Басқармасы тиімді ТБЖ ұйымдастыру үшін жауапты болады және мына қызметтерді іске асырады:

    • осы Саясатты жүзеге асыру және оның қағидалары мен тәуекелдерді басқару жөніндегі басқа да құжаттардың қадағалануын қамтамасыз ету;

    • шоғырланған негізде Қоғамның тәуекелдерді басқару жөніндегі есептерін қарастыру және мақұлдау және өз құзыреті шеңберінде тиісті шаралар қабылдау;

    • тәуекелдерді басқару жүйесі жұмысының тиімділігі жөніндегі есептерді қарау және ТБЖ тиімділігі жөніндегі растауларды Директорлар кеңесіне ұсыну;

    • Қоғамның Директорлар кеңесінің құзыретіне жатпайтын Қоғамның тәуекелдерін басқару жөніндегі құжаттарды бекіту;

    • банктерге үстеме лимиттерді және Қоғамның уақытша бос ақшасы орналастырылуы мүмкін депозиттері бар банктер тізімін бекіту;

    • тәуекелдерді басқару саласындағы ішкі рәсімдер мен регламенттерді жетілдіру.

    1. Қоғам Басқармасының жанындағы Тәуекелдерді басқару жөніндегі комитет мына қызметтерді іске асырады:

    • Қоғамның тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі (соның ішінде Саясат пен Тәуекелдерді басқару жөніндегі қағида) және өзге де құжаттардың жобаларын қарау және алдын ала мақұлдау;

    • тәуекелдерді басқару жөніндегі бекітілген құжаттарды кезең-кезеңмен жаңарту және жетілдіруге, сондай-ақ Қоғамның басшылары мен қызметкерлерін осы құжаттардың талаптары мен аспектілеріне жүйелі оқытуды ұйымдастыруға бақылау жасау;

    • тәуекелдерді басқару әдістерін келісу;

    • тәуекелдердің жай-күйіне, Қоғамның тәуекел бойынша барынша жол берілетін лимиттерді қадағалуына және Қоғам бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі құжаттарды орындауына бақылау жасау және мониторингілеуді іске асыру нәтижелерін қарастыру және ұсыныстар дайындау;

    • тәуекелдерді басқару бойынша автоматтандырылған ақпараттық жүйеге қойылатын функционалдық талаптарды қарастыру;

    • қолайсыз әсерлер туындаған (соның ішінде қоршаған ортаға, нарықтық жағдайлардың өзгеруі, форс-мажорлық мән-жайлардың болуы және т.б.) кезде іс-шараларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарастыру және дайындау;

    • Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару үдерісінде өзара іс-қимыл жасауын үйлестіруді іске асыру;

    • Басқармаға тәуекелдерді басқару жөніндегі есепті ұсыну;

    • тәуекел-тәбетті қарастыру және мақұлдау;

    • банктерге лимиттерді және уақытша бос ақша орналастырылуы мүмкін депозиттері бар екінші деңгейлі банктер тізімін (қажет болса) қарастыру және мақұлдау;

    • тәуекелдерді төмендету жөніндегі іс-шаралармен қоса, тәуекелдер тіркелімін және оған тәуекелдер картасын қарастыру және мақұлдау;

    • тиімді ТБЖ ұйымдастыру және қолдау жөніндегі ұсыныстар дайындау;

    • сыртқы аудиторлардың, кеңесшілер мен тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі аудит қызметінің ұсыныстарын қарастыру, Қоғамның бөлімшелері сыртқы аудиторлар, кеңесшілер мен тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі аудит қызметі анықтаған мәселелерді шешу бойынша қабылдаған шараларының тиімділігін қарастыру;

    • Комитет қызметінің нәтижелері туралы есепті Басқармаға ұсыну.

    1. Қоғамның тәуекелдерді басқару бойынша қызметін ұйымдастыру үшін жауапты құрылымдық бөлімшесі мына қызметтерді іске асырады:

    • Қоғамда және ЕҰ-да тәуекелдерді басқару үдерісін үйлестіру және жетілдіру;

    • тәуекелдерді басқарудың басқа бизнес-үдерістерге шоғырланушылығын қамтамасыз ету және Қоғам мен ЕҰ-да тәуекел-мәдениетін дамыту;

    • Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің ТБЖ жөніндегі ішкі құжаттарды орындауына бақылау жасау;

    • тәуекелдердің иелерін тағайындау жөніндегі ұсыныстарды жасау;

    • негізгі тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау үдерісін ұйымдастыру және үйлестіру;

    • тәуекелдердің иелерімен бірлесіп Қоғамның Тәуекелдер тіркелімі мен картасын жасау;

    • тәуекелдерді басқару жөніндегі шоғырландырылған есептерді жасау және тоқсан сайынғы негізде Қоғамның Басқарамасы мен Директорлар кеңесіне ұсыну;

    • Қоғамның ЕҰ ТБЖ кезең-кезеңмен бағалауын ұйымдастыруға қатысу, корпоративтік басқаруды диагностикалау шеңберінде «Тәуекелдерді басқару» кіші компонентін бағалау жөніндегі ұсыныстар мен Қоғам мен ЕҰ-да ТБЖ даму деңгейін диагностикалау әдістемесі жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

    • тәуекелдер жөніндегі ақпараттың ашылуының толықтығы мен талдау жасау бөлігінде (Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес) Қоғамның стратегиялық инвестициялық жобаларын келісу;

    • Қоғамның тәуекелдерді басқару жөніндегі құжаттарын әзірлеу, енгізу және жетілдіру (жаңарту);

    • Қоғамның басқармасы мен Директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару үдерістеріндегі айтарлықтай ауытқулар туралы хабарлау;

    • жүзеге асырылған тәуекелдер жөніндегі деректер базасын құру және жүргізу;

    • Қоғамның құрылымдық бөлімшелері/ЕҰ қызметкерлеріне әдістемелік және консультациялық қолдау көрсету;

    • ТБЖ талдау жасау нәтижелері бойынша ЕҰ-ға нұсқаулар әзірлеу;

    • ішкі аудит жоспарын жасау, ақпарат алмасы, аудиторлық тексерулердің нәтижелерін талқылау, білім және әдістемелермен алмасу бөлігінде Қоғамның Ішкі аудит қызметімен өзара іс-қимыл жасау;

    • Қоғамның қызметкерлеріне арналған тәуекелдерді басқару бойынша оқыту семинарлары мен тренингтер өткізу бөлігінде ұсыныстар жасау;

    • Қоғамның анықталған және әлеуетті тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау мәселелері, сондай-ақ осы тәуекелдерді басқару әдістері жөнінде Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кеңестер, жұмыс кездесулер ұйымдастыру және өткізу;

    • Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің/ЕҰ-ның жүзеге асырылған тәуекелдері жөніндегі есептерді қарау және талдау жасау;

    • Қоғамның Басқармасы жанындағы Тәуекелдерді басқару жөніндегі комитеттің отырыстарына қатысу, онда қабылданған шешімдер туралы хаттамалар дайындау және оларды Қоғамның басшылары мен қызметкерлерінің қажетті шеңберінің назарына жеткізу;

    • Қоғамның Басқармасы жанындағы Тәуекелдерді басқару жөніндегі комитет үшін тәуекел-тәбеттің шамасына және негізгі тәуекелдіктер бойынша төзімділік деңгейіне қатысты ұсыныстарды жасау;

    • негізгі тәуекелдік көрсеткіштерді әзірлеуді ұйымдастыру және негізгі тәуекелдік көрсеткіштерді қалыптастыру;

    • Қоғамның Басқармасы жанындағы Тәуекелдерді басқару жөніндегі комитетке тәуекелдерді төмендету жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есептілікті (Тәуекелдер тіркелімі шеңберінде) ұсыну;

    • негізгі тәуекелдік көрсеткіштері бойынша ағымдағы мәртебені мониторингілеу және осы ақпараттың негізінде Қоғамның Басқармасы жанындағы Тәуекелдерді басқару жөніндегі комитетке есептерді жасау.

    1. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (тәуекелдердің иелері) тәуекелдерді басқару үдерісінде негізгі рөлге ие. Тәуекелдердің иелері төмендегілер үшін жеке жауапты болады:

- өз қызметі саласындағы айтарлықтай тәуекелдерді уақтылы анықтау және олар туралы хабарлау,

- іс-шаралар жоспарына қосу үшін тәуекелдерді басқару жөнінде ұсыныстар беру,

- тәуекелдерді төмендету бойынша бекітілген іс-шараларды орындау және іс-шараларға қатысушылардың іс-әрекетін үйлестіру,

- барлық жүзеге асырылған тәуекелдер туралы ақпаратты Қоғамның тәуекелдерді басқару қызметін ұйымдастыру үшін жауапты құрылымдық бөлімшеге уақтылы ұсыну.



Тәуекелдерді басқару үдерісіндегі тәуекелдер иелерінің негізгі қызметі төмендегілер болып табылады:

    • Тоқсан сайынғы қайта қараумен жыл сайынғы негізде тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау (қажет болса);

    • тәуекелдерді басқару туралы, тәуекелдерді төмендету жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы және нәтижелері туралы есептілікті уақтылы жасау және оны шоғырландыру үшін Қоғамның тәуекелдерді басқару жөніндегі қызметін ұйымдастыру үшін жауапты құрылымдық бөлімшесіне ұсыну;

    • әдістемелік және нормативтік құжаттаманы әзірлеуге қатысу және өз құзыреті шеңберінде тәуекелдерді басқару әдістері мен тәсілдері жөніндегі ұсыныстар қалыптастыру;

    • оларды жүзеге асырудың негізгі кезеңдерін және жауапты тұлғаларды нақты көрсете отырып, тәуекелдерді төмендету жөніндегі ағымдағы іс-шаралардың тиімділігін бағалау негізінде немесе ағымдағы іс-шаралардың болмауы жағдайында тәуекелдерді төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

    • тәуекелдерді төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарының мазмұнын тәуекелдер иелері мен басқа мүдделі тұлғалардың назарына уақтылы жеткізу;

    • бекітілген тәуекелдерді төмендету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, олардың орындалуына бақылау жасау;

    • жүзеге асырылған тәуекелдерге уақтылы іс-әрекет жасау, тәуекел оқиғасына соңынан ықпал ету бойынша тиісті іс-шаралардың орындалу үдерісін басқару және ақпаратты Қоғам басшылығына жеткізу;

    • тәуекелдерді бағалаудың бұрынғы нәтижелерінің өзгеруіне әлеуетті әкеліп соғуы ықтимал сыртқы/ішкі факторларға бақылау жасауды іске асыру, тиісті ақпаратты Қоғамның тәуекелдерді басқару жөніндегі қызметін ұйымдастыру үшін жауапты құрылымдық бөлімшесіне беру;

    • Қоғамдағы тәуекел-мәдениетті дамыту үдерісіне қолдау көрсету.



    1. Қоғамның Ішкі аудит қызметі тәуекелдерді басқару үдерісінде мына негізгі қызметтерді іске асырады:

    • тәуекелдерді басқару рәсімдері мен тәуекелдерді бағалау әдістемесін аудиттеу, сондай-ақ Қоғамның тәуекелдерді басқару рәсімдерінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу;

    • Директорлар кеңесі үшін ТБЖ тиімділігін бағалау жөніндегі есепті, соның ішінде үш жылда кемінде бір рет ТБЖ тиімділігін тәуелсіз бағалау жөніндегі есепті ұсыну;

    • бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес өзге де функциялар.


  1. ТБЖ жұмыс істеу үдерісі





    1. Тәуекелдерді басқару тұрақты, қарқынды, үздіксіз және циклды үдеріс болып табылады, оның шеңберінде ТБЖ қатысушыларының арасында ақпарат алмасу және қарым-қатынас жасау болады. ТБЖ жұмыс істеу үдерісі № 2 суретке сәйкес кезеңдерден тұрады:


полотно 24
2 сурет «Тәуекелдерді басқару үдерісі»

    1. Қоғамның мақсаттарын айқындау ТБЖ шеңберіндегі негізгі элемент болып табылады. Мақсаттар Қоғам басшылығы оларға қол қол жеткізуге әлеуетті кері ықпалын тигізуі мүмкін оқиғаларды анықтап бастау сәтіне дейін айқындалуға тиіс. Мақсаттарға қол жеткізу Қоғамның қызметін қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге дұрыс стратегиялық жоспарлау арқылы іске асырылады. Бұл мақсаттар үшін Қоғамның басшылығы бизнес-жоспарлар, даму, дамудың стратегиялық бағыттарын және ұзақ мерзімді стратегия жоспарларын әзірлейді.
  1. Ішкі және сыртқы орта





    1. Ішкі орта Қоғамның тәуекелдерге жалпы қатынасын, оның қызметкерлерінің тәуекелдерді қалай қарастыратындығын және ықпал ететіндігін айқындайды. Ішкі орта ТБЖ барлық басқа құрауыштары үшін негіз болып табылады, тәуекел-менеджмент философиясын, тәуекел-тәбетін, басқару органдары тарапынан бақылауды, этикалық құндылықтарды, қызметкерлердің құзыреті мен жауапкершілігін, Қоғамның құрылымын, оның адами, қаржылық және басқа да ресурстармен айқындалатын мүмкіндіктерін қамтиды.

    2. Қоғамның қызметі қызметкерлердің тәуекелдерді түсінуін арттыратын және олардың тәуекелдерді басқару үшін жауапкершілігін арттыратын ішкі ортаны құруға бағытталған. Ішкі орта Қоғам қызметінің мынадай қағидаттарын ұстануы қажет:

    • шешімдер қабылдаған кезде тәуекелдердің барлық нысандарын сәйкестендіру және қарастыру және Қоғам басшылығының тәуекелдерді кешенді көруін қолдау;

    • тәуекелдер үшін меншіктілікті және жауапкершілікті сезіну және басқару иерархиясының тиісті деңгейлерінде (Қоғам, құрылымдық бөлімшелер және т.б.) тәуекелдерді басқару;

    • қызметкерлердің қызметінің Қоғамның ішкі саясаты мен рәсімдеріне сәйкестікті бақылау;

    • маңызды тәуекелдер және тәуекелдерді басқару жүйесінің кемшіліктері туралы уақытылы ақпарат беру;

    • саясат пен тәуекелдерді басқару рәсімдері міндетті болып табылатындығын түсіну.

10.3. Қоғамның ішкі ортамен (бизнес құрылымдармен, әлеуметтік, реттеуші, басқа да мемлекеттік және қаржылық органдармен) өзара қатынастары ішкі ортада өз көрінісін табады және оның қалыптасуына әсер етеді. Қоғамның ішкі ортасы өз құрылымы бойынша күрделі болып табылады және өзара байланысқан салалардың түрлі аспектілерін қамтиды.

11. Тәуекел-тәбетті және Қоғамның басты тәуекелдеріне төзімділік деңгейлерін анықтау


    1. Қоғам алға қойылған стратегиялық мақсаттарға (қызметтің стратегиялық бағыттары) қол жеткізуде жарамды болып табылатын тәуекел-тәбетті айқындайды. Тәуекел-тәбеті ресурстарды таратуға, үдерістерді ұйымдастыруға және ұйым ішінде тәуекелдерді тиімді мониторингілеу және ықпал ету үшін қажетті инфрақұрылымды құруға әсер етеді.

    2. Қоғамның тәуекел-тәбетін шоғырландырылған негізде анықтауды тәуекелдерді басқару жөніндегі қызметті ұйымдастыру үшін жауапты құрылымдық бөлімше жүргізеді және Қоғамның Директорлар кеңесінің бекітуіне шығарылады.

    3. Тәуекел-тәбетті тиімді мониторингілеу және деңгейінің артуына жол бермеу мақсатында Қоғамда негізгі тәуекелдерге төзімділіктің деңгейлері қолданылады.

    4. Тәуекел-тәбетті және негізгі тәуекелдерге төзімділік деңгейлерін айқындау үдерісі тәсілдемелердің сипаттамасымен қоса «Тәуекел-тәбетті және «ҮМЗ» АҚ негізгі тәуекелдеріне төзімділік деңгейлерін, «ҮМЗ» АҚ негізгі тәуекелдік көрсеткіштерін анықтау және мониторингілеу» Нұсқаулығымен реттелген.
  1. Тәуекелдерді сәйкестендіру


    1. Тәуекелдерді сәйкестендіру – бұл шоғырланған және жекелеген негізде туындауы жоспарланған мақсаттарға қол жеткізу және қойылған міндеттерді жүзеге асыру қабілеттеріне кері әсер етуі мүмкін оқиғалар ықпалына Қоғамның бейімдігін айқындау, сондай-ақ тәуекелдерді басқару бағыты мен үдерісін жетілдіру қажеттілігін айқындау.

    2. Тәуекелдерді сәйкестендіру үшін алға қойылған мақсаттар мен міндеттердің, салалық және халықаралық салыстырулардың, семинарлар мен талқылаулардың, сұхбаттасудың, сауалнаманың, SWOT-талдау, ой-талқының, аудиторлық және басқа да тексерулердің нәтижелері бойынша есептерді талдаудың, Near Miss талдаудың, жүзеге асырылған тәуекелдер бойынша деректер базасының және т.б. негізінде тәуекелдерді сәйкестендіру сияқты түрлі әдістемелер мен аспаптардың құрамасы пайдаланылады.

    3. Қоғамдағы тәуекелдерді жіктеу үшін тәуекелдерді төмендегі санаттар бойынша топтастыру пайдаланылады:

      • стратегиялық тәуекелдер;

      • қаржылық тәуекелдер;

      • құқықтық тәуекелдер;

      • операциялық тәуекелдер;

      • инвестициялық тәуекелдер.

    1. Қоғам өз қызметінде тап болатын сәйкестендірілген тәуекелдер тәуекелдер тіркелімі үлгісінде жүйелендіріледі, оған сондай-ақ аталған тәуекелдерді ықтимал жүзеге асырудың түрлі сценарийлері кіреді. Жылына бір рет тәуекелдерді анықтау және тіркелімін жасау үдерісін Қоғамның тәуекелдерді басқару жөніндегі қызметін ұйымдастыру үшін жауапты құрылымдық бөлімшесі бастамалайды. Аталған рәсім «ҮМЗ» АҚ тәуекелдерді басқару жөніндегі қағидасында толығырақ сипатталған.
  1. Тәуекелдерді бағалау


    1. Тәуекелдерді бағалау үдерісі Қоғамның қызметіне және стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге теріс әсер етуі мүмкін аса маңызды негізгі тәуекелдерді бөлу мақсатымен жүргізіледі. Бұл тәуекелдер Қоғамның Директорлар кеңесіне шығарылуы қажет, Директорлар кеңесі осы тәуекелдер бойынша басқару және бақылау туралы шешімдер қабылдауы қажет.

    2. Тәуекелдерді бағалау Қоғамның барлық деңгейлерінде жыл сайынғы негізде іске асырылады. Қажет боса, Қоғамның қызметінің айтарлықтай өзгеруі және қоршаған ортаның өзгеруі жағдайында бұдан да жиірек бағалау жүргізілуге тиіс, бұл Қоғамның өзекті тәуекелдік бейінін қамтамасыз ету үшін қажет.

    3. Бастапқыда тәуекелдердің иелерінің тәуекелдерді бағалауы сапалық негізде жүргізіледі, содан кейін есептеу мүмкін болса, сандық негізде бағалау да жүргізілуі мүмкін.

    4. Барлық сәйкестендірілген және бағаланған тәуекелдер тәуекелдер картасында бейнеленеді.

    5. Тәуекелдерді сапалық және сандық бағалауды жүргізу «ҮМЗ» АҚ тәуекелдерді басқару жөніндегі қағидасында сипатталған.
  1. Тәуекелдерді басқару


    1. Тәуекелдерді басқару бекітілген стратегиялардан, даму жоспарлары мен басқа да ішкі құжаттардан туындайтын айқындалған мақсаттардың, Қоғамның алдына қойылған міндеттердің контекстінде жүргізілуге тиіс. Қоғам кемінде жылына бір рет тәуекел-тәбетті айқындауға және тәуекелдер тіркелімін қалыптастыруға тиіс.

    2. Қоғам тәуекелге ықпал ету әдістерін айқындайды және негізгі тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды (тәуекелдер тіркелімі шегінде) жыл сайын әзірлейді, оларды барлық құрылымдық бөлімшелер орындауға міндетті.

    3. Тәуекелдерді басқару жөніндегі алдын алу іс-шараларының орындалуы үшін тәуекелдердің иелері жауапты болады.

    4. Тәуекелдерді басқару әдістерін айқындау кезінде Қоғам төмендегілерді таңдауға әсерін тигізетін негізгі факторларды ескеруге тиіс:

    • тәуекел-тәбет;

    • тәуекелдерді басқарудың сол немесе басқа әдісімен байланысты ұсталымдар мен пайдаға талдау жасау.

    1. Қалдық тәуекелдің қолайлы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерге ықпал ету әдістерін таңдау және тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, оған мына ықпал ету стратегиялары кіреді:

      • тәуекелді азайту;

      • тәуекелді қаржыландыру;

      • тәуекелді қабылдау;

      • тәуекелден жалтару.

    1. Тәуекелдерді басқару әдістері мен іс-шаралар жоспарлары жөніндегі егжей-тегжейлі ақпарат «ҮМЗ» АҚ тәуекелдерін басқару жөніндегі қағидада берілген.
  1. Бақылау әрекеттері





    1. Бақылау әрекеттері – бұл тәуекелдерді басқару бойынша шараларды орындауды қамтамасыз етуге көмектесетін саясаттар мен рәсімдер. Бақылау әрекеттері Қоғамның барлық деңгейлеріндегі бизнес-үдерістерге енгізілген. Бақылау әрекеттері мақұлдау, авторландыру, тексеру, келісу, операциялар жүргізуді талдау, активтердің қауіпсіздігі және міндеттерді тарату сияқты шаралардың кең шоғырын қамтиды.

    2. Бизнес-үдерістерге талдау жүргізу және қосымша бақылау әрекеттерін енгізу қажеттігі мен дұрыстығын айқындау үшін жауапкершілік бизнес-үдерістердің иелері – Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына артылады.

    3. Тәуекелдер жөніндегі тұрақты есептілік негізінде Қоғамда ағымдағы тәуекелдерді және тәуекелдерге ықпал ету шараларының орындалуына бақылау жүргізіледі.

    4. Қоғамның қызметкерлері мен лауазымды тұлғалары Қоғамның Директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару немесе ішкі бақылау немесе басқа саясаттар рәсімдерінің бұзылуы немесе қате орындалуы, сондай-ақ алаяқтық, ҚР заңнамасын бұзушылық жағдайлары туралы құпия хабарлауға құқылы.

    5. Ішкі бақылау туралы бұдан толығырақ ақпарат «ҮМЗ» АҚ ішкі бақылау жүйесі туралы қағидада берілген.
  1. Ақпарат алмасу





    1. Тәуекелдерді басқару құрылымы Қоғамда дұрыс ақпарат ағынын – тігінен және көлденеңінен қамтамасыз етеді. Қоғамда тәуекелдер туралы ақпаратпен тұрақты алмасу үдерісінің мақсаттары төмендегілерден құралады:

      • сол немесе басқа маңызды тәуекелдерді басқару үшін жеке жауапкершілікті тәуекелдердің иелеріне бекіту;

      • Қоғамның Директорлар кеңесіне басқаруды Қоғамның тиісті деңгейінде іске асыру қажет болатын барлық тәуекелдер туралы ақпаратты уақытылы жеткізу;

      • тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды орындаушыларға тиісті іс-шараларды (күтілетін нәтижені, мерзімдерді, ресурстарды және басқаларын қоса алғанда) орындағаны үшін олардың жеке жауапкершілігі туралы уақтылы жеткізу;

      • Қоғамның кросс-функционалдық тәуекелдерін басқару барысы туралы ақпаратпен тиімді алмасуды қамтамасыз ету.

    1. Қоғам серіктестерге, кредиторларға, сыртқы аудиторларға, рейтинг агенттіктеріне және басқа мүдделі тараптарға тәуекелдерді басқару жөніндегі ақпаратты хабарлайды, бұл ретте ашылатын ақпаратты бөлшектеу дәрежесінің Қоғам қызметінің сипаты мен ауқымына сәйкес болуын қамтамасыз етеді.

    1. Қоғамда тәуекелдіктер туралы ақпараттың алудың екі көзі бар: бөлімшелер қалыптастыратын есептілік және Қоғам қалыптастыратын есептілік. Тәуекелдіктер жөніндегі есептердің мазмұнына қойылатын талаптар және есептерді ұсыну мерзімдері «ҮМЗ» АҚ тәуекелдерді басқару жөніндегі қағидасында берілген.
  1. Мониторинг


    1. Қоғамда ТБЖ тиімділігін мониторингілеу (тәуекелдерді басқару әдістері және бақылау құралдарын қоса алғанда), және, қажеттілігіне қарай, оны түрлендіру және жетілдіру жүзеге асырылады. Мониторинг жылына бір реттен сирек емес уақытта тұрақты негізде жүргізіледі.

    2. ТБЖ мониторингілеу бүкіл бизнес-үдерістің маңызды бөлігі болып табылады және мұндай жүйенің болуын, сондай-ақ оның құрауыштарының жүзеге асырылуын бағалайды. Мониторингілеу тәуекелдерді басқару жүйесінің және нысаналы тексерістер саясатын, рәсімдерін және іс-шараларын орындауды тұрақты қадағалап отыру жолымен жүзеге асырылады. Нысаналы тексерістердің ауқымы мен жиілігі тұрақты мониторинг тиімділігі мен тәуекелдерін бағалауға байланысты. ТБЖ кемшіліктері Қоғамның Директорлар кеңесіне және Басқармасына жеткізілуі қажет.

    3. Тәуекелдерді және тәуекел-факторларды мониторингілеудің басты аспаптарының бірі негізгі тәуекелдік көрсеткіштер болып табылады. НТК әлеуетті тәуекелдерді табуға және тәуекелдік оқиғалардың орын алуын болдырмау немесе олардың ұйым қызметіне әсерін азайту үшін алдын ала шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.




    1. НТК анықтау үдерісінің жан-жақты сипаттамасы, мысалдар және үлгілермен қоса, «Тәуекел-тәбетті және «ҮМЗ» АҚ негізгі тәуекелдеріне төзімділік деңгейлерін, «ҮМЗ» АҚ негізгі тәуекелдік көрсеткіштерін анықтау және мониторингілеу» Нұсқаулығында реттелген.



  1. Стратегиялық жоспарлау мен операциялық қызмет, бюджеттеу мен уәждеу үдерістерінің тәуекелдерді басқару үдерісімен өзара байланысы





    1. Қоғам қызметінің мақсаттары стратегиялық негізде айқындалады және операциялық мақсаттарды әзірлеу үшін негіз орнатады. Қоғам сыртқы және ішкі көздердің тәуекелдерінің әрекетіне бейім, және тәуекелдерді басқару әдістерін тиімді сәйкестендірудің, бағалаудың және әзірлеудің негізгі шарты мақсат қою болып табылады.

    2. Қоғамның мақсаттары оларға қол жеткізуге теріс әсер етуі мүмкін әлеуетті тәуекелдерді сәйкестендіргенге дейін анықталады. ТБЖ Қоғамда миссиямен келісілген мақсаттар мен міндеттерді айқындау үдерісі бар екендігіне және Қоғамның тәуекел-тәбетіне сай келетіндігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді.

    3. Қоғам жыл сайын немесе қажеттілігіне қарай өз мақсаттарына қол жеткізудің баламалы жолдарын белгілейді және мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етуі мүмкін тәуекелдерді айқындайды.

    4. Тәуекелдерді басқару үдерісі Қоғамның негізгі бизнес-үдерістерімен өзара іс-қимылға негізделеді.

    5. Тәуекелдерді басқару үдерісінің стратегиялық жоспарлау үдерісімен өзара байланысы төмендегіні қамтиды (төмендегілермен шектелмеуі мүмкін):

    • стратегиялық жоспарларды әзірлеу үдерісі қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге әсер етуге қабілетті тәуекелдерді анықтауды және талдауды көздеуі қажет;

    • Қоғамның стратегиялық жоспарлары жоспарланған стратегиялық бастамаларды жүзеге асырумен байланысты тәуекелдерді азайтуға бағытталған шаралар кешенін қарастыруы қажет.

    1. Тәуекелдерді басқару үдерісінің операциялық қызметтің үдерісімен өзара байланысы төмендегіні қамтиды (төмендегілермен шектелмеуі мүмкін):

    • тәуекел иесі ол ұсынып отырған тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін қажетті уақыттық және әкімшілік ресурстарды объективті бағалауы және алынған бағаны тәуекел туралы тиісті есепте көрсетуі қажет;

    • құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды орындау үшін қажетті уақыттық және әкімшілік ресурстар бөлінген болуы керек;

    • Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері жүзеге асырылған тәуекелдер жөнінде есепті ұсынады.

    1. Тәуекелдерді басқару үдерісінің инвестициялық қызметтің және несиелік қызметтің үдерісімен өзара байланысы (несие, қаржылық көмек және қаржылық кепілдіктер алған, берген кезде) төмендегіні қамтиды (төмендегілермен шектелмеуі мүмкін):

  • экономикалық пайда алуға әкелетін және ТЭН әзірлеу қажет болатын инвестициялық жобалардың бастамашылары инвестициялық жобаны жүзеге асыруға және қойылған мақсаттарына қол жеткізуге әсер етуге қабілетті тәуекелдерді анықтауды және талдауды көздеуі қажет. Сондай-ақ жобаны іске асырумен байланысты негізгі тәуекелдердің әлеуетті қолайсыз әсерін азайтуға бағытталған шаралар кешенін қарастыруы қажет;

  • несиені алу/беру (қарыз қаражатты тарту/беру) үдерісінің бастамашылары Қоғамның Басқармасы, сыртқы кредиторлар (егер бар болса) белгілеген нормативтерді ұстануға әсер талдауын қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, Қоғамның қарызды және қаржылық орнықтылықты басқару саясаты бойынша Қоғамның қаржылық орнықтылығына арналған тәуекелдер талдауын қамтуы керек;



  • контрагенттерге несие (қарыз) және қаржылық кепілдіктерді беру үдерісінің бастамашылары Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес несиелік тәуекел талдауын қамтуы қажет.

    1. Тәуекелдерді басқару үдерісінің бюджеттеу үдерісімен өзара байланысы:

  • Қоғамның Басқармасы/Директорлар кеңесі Тәуекелдер тіркелімін бекітер алдында, тәуекелдер иелері тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін қажетті қаржылық ресурстарды көздеуі және аталған мәселені бюджеттеу үшін жауапты құрылымдық бөлімшемен пысықтауы керек;

  • «Қоғамның еншілес ұйымдарының дамыту жоспарларын әзірлеу, келісу, бекіту, түзету, орындау және орындалуын мониторингілеу қағидаларына» сәйкес Даму жоспарларының тәуекелдері мен факторлары кестесін толтыру бекітілген Қоғамның Тәуекелдер тіркелімі негізінде іске асырылады.

    1. Тәуекелдерді басқару үдерісінің персоналды уәждеу үдерісімен өзара байланысы төмендегіні қамтиды (төмендегілермен шектелмеуі мүмкін):

  • олар үшін жүйемен көзделген барлық рәсімдерді орындау бойынша ТБЖ қатысушысының міндеттері Қоғамның ішкі құжаттарында белгіленуге тиіс;

  • сондай-ақ Қоғам басшылары мен қызметкерлерін белгіленген мерзімдерге және нысаналы көрсеткіштерге сәйкес тиісті түрде ТБЖ аясында әрекет етуге уәждеуге арналған марапаттау тетіктерін қарастыру ұсынылады.


  1. Тәуекелдер туралы ақпараттың құпиялығына қойылатын талаптар


    1. Құрамында құпиялы ақпарат бар тәуекелдер туралы құжаттар және мәліметтермен жұмыс істеу тәртібі ИП 18.0027 және ИП 18.0028 сәйкес іске асырылады.


  1. ТБЖ тиімділігінің критерийлері


    1. ТБЖ жұмысын ұйымдастырудың тиімді болуы үшін Қоғамның құрылымдық бөлімшесінде жауапты адам тағайындалады, оның міндетіне өз құрылымдық бөлімшесінде тәуекелдерді басқару бойынша жұмысты ұйымдастыру және ТБЖ рәсімдерін жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде Қоғамда тәуекелдерді басқару жөніндегі қызметті ұйымдастыру үшін жауапты құрылымдық бөлімшемен ынтымақтастық жасау кіреді. Тәуекел-мәдениетті қолдау және арттыру үшін Қоғамда қажеттілік бойынша Қоғамның қызметкерлерін оқыту жүргізіледі.

    2. ТБЖ тиімділігі ішкі және/немесе сыртқы аудиторлар не тәуелсіз сарапшылар жүргізген тәуелсіз тексерулердің нәтижелерімен расталады.

    3. ТБЖ бағалау «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ТБЖ тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.

Перевод: Дюсупова А.А.







©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет