Бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары



Дата23.02.2016
өлшемі263.92 Kb.
#7094
Қазақстан Республикасы Президентінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 151 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН



«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары

1. Жалпы ережелер
1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын осы арнайы біліктілік талаптары (бұдан әрі – Арнайы біліктілік талаптары) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының
3-тармағына сәйкес әзірленді және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.

2. Арнайы біліктілік талаптары:

1) білімі бойынша талаптарды;

2) жұмыс өтілі бойынша талаптарды;

3) кәсіптік білімі, Қазақстан Республикасының заңнамасын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптарды қамтиды.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бірінші және екінші санатқа бөлінеді.

4. «А» корпусының бірінші санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдары екі топқа бөлінеді:

1) бірінші санаттың бірінші тобы;

2) үш кіші топтан тұратын бірінші санаттың екінші тобы.

5. Бірінші санаттың бірінші тобына:

1) орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары;

2) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Кеңесі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы;

3) облыстар, астана және республикалық маңызы бар қала әкiмдерiнің аппарат басшылары;

4) жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары;

5) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы жатады.

6. Бірінші санаттың екінші тобы лауазымдардың функциялық бағыттарына және мемлекеттік басқарудың деңгейіне сәйкес кіші топтарға бөлінеді.

Бірінші кіші топқа сараптамалық-талдамалық сипаты басым функциялары бар лауазымдар жатады.

Екінші кіші топқа орталық мемлекеттік органдардағы және олардың аумақтық органдарындағы ұйымдастырушылық-өкімдік, әкiмшiлiк-шаруашылық және бақылаушылық сипаты басым функциялары бар лауазымдар жатады.

Үшінші кіші топқа жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардағы ұйымдастырушылық-өкімдік және әкiмшiлiк-шаруашылық сипаты басым функциялары бар лауазымдар жатады.

7. Бірінші кіші топ:

1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушілері;

2) Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппараттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымдарын қамтиды.

8. Екінші кіші топ:

1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының орынбасарлары;

2) орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары;

3) Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының басшысы және оның орынбасарлары лауазымдарын қамтиды.

9. Үшінші кіші топ облыстық маңызы бар қалалардың (облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдерін қоспағанда), облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері лауазымдарын қамтиды.

10. «А» корпусының екінші санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдары екі топқа бөлінеді.

Екінші санаттың бірінші тобына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының төрағалары лауазымдары жатады.

Екінші санаттың екінші тобына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының мүшелері лауазымдары жатады.
2. Білімі бойынша талаптар
11. «А» корпусының кадр резервіне алу және «А» корпусының бірінші санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін кандидаттардың жоғары білімінің болуы талап етіледі.

12. «А» корпусының кадр резервіне алу және «А» корпусының екінші санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін кандидаттардың мемлекеттік басқару, экономика, қаржы, құқық саласында жоғары білімінің болуы талап етіледі.



3. Жұмыс өтілі бойынша талаптар
13. Жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет өтілін және (немесе) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы жұмыс өтілін қамтиды.

14. Бірінші санаттың бірінші тобының лауазымдарына орналасу үшін:

1) кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік саяси лауазымдарда, не «А» корпусының лауазымдарында, не А-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың комитет төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

2) не кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 9-тармағының 1) тармақшасында аталған лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

3) не кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының атқарушы органдарының басшылары лауазымдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі талап етіледі.

15. Бірінші санаттың екінші тобының лауазымдарына орналасу үшін:

1) бірінші кіші топ үшін:

кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік саяси лауазымдарда, не «А» корпусының лауазымдарында, не А-2, В-2, С-2, D-2,


D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың комитет төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық органдары мен бөлімшелері басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 15-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацында аталған лауазымдарда кемінде бір жарым жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде жұмыскерлерiнiң жылдық орташа штат саны кемінде елу адам болатын мемлекеттік емес коммерциялық емес, ғылыми-зерттеу ұйымдары* басшыларының лауазымдарында, не жоғарғы оқу орындарының факультет басшыларынан немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда жоғарғы оқу орындарының кафедра меңгерушілерінен төмен емес лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі;

не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не жылдық орташа саны елу адамнан кем емес республикалық ұйымдардағы басшыларда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі талап етіледі;

2) екінші кіші топ үшін:

кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде саяси мемлекеттік лауазымдарда, не «А» корпусының лауазымдарында, не А-2, В-2, С-2, С-0-1, D-2, D-0-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың комитет төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқу бітірген жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 10-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацында аталған лауазымдарда кемінде бір жарым жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не жылдық орташа штат саны кемінде елу адам болатын республикалық ұйымдардың немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың** басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі талап етіледі;

3) үшінші кіші топ үшін:

кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде саяси мемлекеттік лауазымдарда, не «А» корпусының лауазымдарында, не A-3, В-3, С-3, C-R-1,


D-3, D-O-2, Е-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың басқарма басшыларынан, бірінші басшыларының көмекшілерінен, кеңесшілерінен төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басқарма басшыларынан (немесе оларға теңестірілген лауазымдардан) төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың аудандардағы, астана, республикалық маңызы бар қала аудандарындағы және облыстық маңызы бар қалалардағы бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқу бітірген жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 10-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацында аталған лауазымдарда кемінде бір жарым жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің департамент басшыларынан және оның филиалдары басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны кемінде елу адам болатын мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің (мемлекеттік органдардан басқа) немесе ірі немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың басшылары орынбасарларынан төмен емес лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі талап етіледі.

16. Екінші санаттың лауазымдарына орналасу үшін:

1) бірінші топ үшін – мемлекеттік басқару, экономика, қаржы, құқық салаларында кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік саяси лауазымдарда, не «А» корпусының лауазымдарында, не А-3, В-3, C-3, С-О-2, D-2, D-0-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, орталық мемлекеттік органдардың комитет төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларының орынбасарларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық органдары мен бөлімшелері басшыларының орынбасарларынан төмен емес лауазымдарда кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

2) екінші топ үшін – мемлекеттік басқару, экономика, қаржы, құқық салаларында кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүйесінде кемінде екі жыл.


4. Кәсіптік білімі, Қазақстан Республикасының заңнамасын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптар
17. «А» корпусының кадр резервіне алу және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін кандидаттарға кәсіптік білімі, Қазақстан Республикасының заңнамасын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптар қойылады.

18. Кәсіптік білімінің болуын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия кандидаттармен әңгімелесу өткізу кезінде айқындайды.

19. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі тест өткізу кезінде айқындалады.

Ескертпе. *«А» корпусының кадр резервіне алу үшін жұмыскерлерінің жылдық орташа штат саны туралы мәліметтерді кандидаттар тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан құжаттар ұсыну арқылы растайды.

**«А» корпусының кадр резервіне алу үшін ірі немесе орта кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтерді кандидаттар тиісті салық органдарынан құжаттар ұсыну арқылы растайды.
_______________________________

Қазақстан Республикасы Президентінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 151 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік

қызметінің кадр резервіне іріктеу

ҚАҒИДАЛАРЫ

1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 22-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін белгіленген басқа да талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтарын іріктеудің тәртібін айқындайды.

2. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуді (бұдан әрі – «А» корпусының кадр резерві) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) жүзеге асырады.

3. Өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және белгіленген арнайы біліктілік талаптарына сай келетін Парламент депутаттары, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттары, мемлекеттік саяси қызметшілер, судьялар «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кадр резервіне іріктеу және конкурстық іріктеу өткізілмей Ұлттық комиссияның шешімімен орналаса алады.

Қазақстан Республикасының Президенті осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларды ол кадр резервіне іріктеу өткізбей және Ұлттық комиссияның шешімінсіз тағайындауды жүзеге асыратын «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындауға құқылы.

4. «А» корпусының кадр резервіне іріктеу бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:

1) «А» корпусының кадр резервіне іріктеу өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

2) кандидаттардың құжаттарын қабылдау және олардың «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау;

3) кандидаттарды тесттен өткізу;

4) кандидаттармен әңгімелесу.

5. Азаматтар «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысу шығындарын өздерiнiң жеке қаражаты есебiнен жүргiзедi.

6. Ұлттық комиссияның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, «А» корпусының кадр резервіне іріктеу мемлекеттік органдардың «А» корпусының лауазымдарын атқару қажеттігі, «А» корпусының кадр резервіне алынған азаматтардың саны ескеріле отырып, екі жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.

7. Мемлекеттік органдар Ұлттық комиссияның жұмыс органына
«А» корпусының резервшілеріне қажеттігі туралы хаттар (өтінімдер) жолдайды.

8. «А» корпусының кадр резервіне алынатын адамдар санын Ұлттық комиссия «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервінде орналасқан адамдардың, бос лауазымдардың санын, мемлекеттік органдардың қажеттіктерін ескере отырып белгілейді.

9. «А» корпусының кадр резервіне іріктеу өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) интернет-ресурста және өзі айқындайтын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.

10. Хабарландыру мәтінінің үлгісі уәкілетті орган бекітеді және кандидаттарға қойылатын талаптарды, құжаттарды қабылдау мерзімін, құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар мен уәкілетті органның байланыс деректерін (пошта мекенжайы, телефон және факс нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы) қамтиды.

11. «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке куәлігінің көшірмесі;

2) уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариат не жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшiрмелерi;

4) нотариат немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша «А» корпусының кадр резервіне кандидаттың қызметтік тізімі;

6) «А» корпусының кадр резервіне кандидатты ұсынған лауазымды адамның немесе ол жұмыс істейтін ұйымның бланкісінде ресімделген, қолы қойылған күні, кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты, оның кәсіптік және жеке басының қасиеттері, танысу, қызметтес болу ұзақтығы мен жағдайлары жазылған мінездемесі көрсетілген ұсынымхат (кемінде біреу). Ұсынымхаттың қолданылу мерзімі оған қол қойылған күннен бастап үш айдан аспайды;

7) өмірбаян;

8) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органнан сотталғандығының жоқ (бар) екендігі туралы анықтама.

9) Ұлттық комиссияның шешімімен айқындалатын құжаттар.

12. Ұсынымхатты беру құқығына:

1) мемлекеттік саяси қызметшілер;

2) Қазақстан Республикасы Сенатының, Мәжілісінің депутаттары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихат хатшылары;

3) лауазымға осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес Ұлттық комиссияның шешімі бойынша не Ұлттық комиссия жасақтаған


«А» корпусының кадр резервінен тағайындалған және лауазымға тағайындау және босату құқығына ие «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері;

4) Қазақстан Республикасының Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысымен келісу бойынша тағайындалатын ұлттық компанияның, ұлттық холдингтің, ұлттық даму институтының басқарма төрағалары ие болады.

Лауазымға тағайындау және босату құқығына ие мемлекеттік орган басшылары мен саяси мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, осы тармақта көрсетілген адамдар «А» корпусының кадр резервіне бір іріктеудің шеңберінде «А» корпусы лауазымдарының бір санатына (тобына) бес үміткерден артық ұсына алмайды

13. Азаматтарға ұсынымхат бергеннен кейін оларға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, бұрын ұсынымхат берген адамның ұсынымхаты Ұлттық комиссия шешімі негізінде қарауға қабылданбайды.

14. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса немесе құжаттар қойылған талаптарға сәйкес келмесе, кандидатты «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатыстырудан бас тартылады.

15. Кандидаттардың көрінеу жалған ақпаратты және құжаттарды ұсыну фактілерінің анықталуы оларды «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің кез келген кезеңінде шығаруға негіз болып табылады.

16. Құжаттар «А» корпусының кадр резервіне іріктеу өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қолма-қол, поштамен немесе электрондық пошта арқылы қабылданады.

17. Құжаттар қабылданғанда кандидатқа олардың тіркелгені туралы қолхат, оның ішінде электрондық түрде беріледі. Құжаттар поштамен ұсынылғанда, оларды тіркеу туралы қолхат жіберушінің пошталық мекенжайына жолданады.

18. Құжаттар электрондық пошта арқылы жіберілген жағдайларда, кандидаттар құжаттардың түпнұсқаларын тест басталғанға дейінгі үш сағаттан кешіктірмей ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда кандидат тестке жіберілмейді.

19. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өтінішті және өзге де құжаттарды ұсынған кандидаттар тізімі уәкілетті органның интернет-ресурсында құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жарияланады.

20. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарын «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына, Заңның талаптарына сәйкестігін қарайды.

21. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері құжаттарды қарау қорытындылары бойынша бес жұмыс күні ішінде кандидаттарды тестке қатысуға жіберу не жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

22. Бас тартылған жағдайда кандидаттарға бес жұмыс күні ішінде дәлелді жауап беріледі. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттар кандидаттарға қайтарылады.

23. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің тестке жіберуден бас тарту туралы шешіміне кандидат уәкілетті органға кандидат тиісінше хабардар етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымдана алады.

24. Осы Қағидаларда тиісінше хабардар ету деп адамның өзіне немесе онымен бірге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне қолхатпен беру арқылы хатпен, тапсырыс хатпен не жеделхатпен табыс етілетін хабарландыру түсініледі.

25. Уәкілетті орган түскен шағымды түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарап, кандидатты тестке қатысуға жіберу не жіберуден бас тарту туралы тиісті шешім қабылдайды.

26. Кандидаттарды тестке жіберу туралы шешім уәкілетті органның басшысы бекітетін және оның интернет-ресурсында жарияланатын тізім түрінде ресімделеді.

27. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасатын кандидаттарға тест ұйымдастыру қағидаларын уәкілетті орган айқындайды.

28. Кандидаттар тесттен уәкілетті орган жасайтын кесте негізінде өтеді. Тест кестесі уәкілетті органның интернет-ресурсында тест өткізу басталатын күнге дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жарияланады.

29. Уәкілетті орган, тест аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тесттен оң нәтижелер алған кандидаттардың тізімін Ұлттық комиссияның жұмыс органына жолдайды.

30. Осы тізімге кандидаттардың құжаттары, олардың тест нәтижелері қоса беріледі.

31. Тесттің оң нәтижелері деп уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес нәтиже түсiнiледi.

32. Ұлттық комиссия әңгімелесу жүргізу кезінде мәліметтер тізімін және оларды ұсынуға жауапты мемлекеттік органдарды айқындайды.

33. Ұлттық комиссияның жұмыс органы осы Қағидалардың


11-тармағында аталған кандидаттардың құжаттарын және тест нәтижелерін алдын ала қарауды қамтамасыз етеді.

34. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша Ұлттық комиссияның жұмыс органы әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі мен әңгімелесу өткізу кестесін жасайды.

35. Әңгімелесуге жіберуден бас тартылған жағдайларда Ұлттық комиссияның жұмыс органы осы Қағидалардың 11 тармағында көрсетілген құжаттарды кандидаттарға қайтаратын уәкілетті органға жолдайды.

36. Заңның 16-тармағында көрсетілген талаптарға кандидаттардың сәйкес келмеуі оларды әңгімелесуге жіберуден бас тартуға негіз болып табылады.

37. Әңгімелесу өткізу кестесі уәкілетті органның интернет-ресурсында ол өткізілгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жарияланады.

38. Әңгімелесуді өткізу тәртібін Ұлттық комиссия айқындайды.

39. Ұлттық комиссия айқындайтын жағдайларда облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары әңгімелесу өткізеді және Ұлттық комиссияға ұсыныс енгізеді.

40. Қажет болған жағдайда Ұлттық комиссияның жұмыс органы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын әңгімелесуге құжаттарды және өзге материалдарды дайындау үшін тарта алады.

41. Ұлттық комиссия кандидаттардың құжаттарын, олардың тест нәтижелерін қарайды және әңгімелесу өткізеді.

42. Әңгімелесу өткізуді ұйымдастыруды Ұлттық комиссияның жұмыс органы қамтамасыз етеді.

43. Әңгімелесу қорытындысы бойынша кандидатты «А» корпусының кадр резервіне алу не алудан бас тарту туралы шешім көрсетілетін әңгімелесу парағы толтырылады. Әңгімелесу парағының нысанын уәкілетті орган бекітеді.

44. Ұлттық комиссия қорытынды отырыста үміткерлерді «А» корпусының кадр резервіне қабылдау туралы шешім шығарады.

45. Ұлттық комиссияның жұмыс органы Ұлттық комиссияның шешімін мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» корпусының кадр резервін қалыптастыру үшін уәкілетті органға жолдайды.
_______________________________

Қазақстан Республикасы Президентінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 151 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің

кадр резервін қалыптастыру

қағидалары
1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін қалыптастырудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін қалыптастыру тәртібін айқындайды.

2. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) ұсынымдары негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі – уәкілетті орган) қалыптастырады.

3. Ұлттық комиссия шешімімен азаматтар «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініштерінде өздері көрсеткен «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаты, санатындағы тобы бойынша «А» корпусының кадр резервіне алынады.

Ұлттық комиссия азаматтарды олардың келісімі болған және олар арнайы біліктілік талаптарына сай келген жағдайда «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының басқа санаты, санатындағы тобы бойынша кадр резервіне алу үшін ұсыным жасауға құқылы.

4. «А» корпусының кадр резервіне алынған адамдар тізімі уәкілетті органның интернет-ресурсында бес жұмыс күні ішінде жарияланады.

5. Лауазымынан босатылған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі, оның ішінде «А» корпусының лауазымы басқа лауазымға өзгеру нәтижесінде, босатылған күннен бастап Ұлттық комиссияның шешімі бойынша екі жылға кадр резервіне алынады.

Бұл үшін осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адам босатылған күнінен бастап бір ай мерзімде Ұлттық комиссияның жұмыс органына өтініш береді. Өтінішке қызметтік тізім және ұсынымхат қоса беріледі.

Ұлттық комиссияның жұмыс органы шешімнің жобасын әзірлейді және оны Ұлттық комиссияның қарауына енгізеді.

Ұлттық комиссия осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамды
«А» корпусының кадр резервіне алу туралы шешім қабылдайды.

6. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі кадр резервіне:



  1. жағымсыз себептермен;

  2. қызметті бағалау нәтижелері бойынша;

  3. Ұлттық комиссияның шешімі негізінде қабылданатын мемлекеттік лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды органның (адамның) шешімі бойынша лауазымнан босатылған адамдар алынбайды.

7. Лауазымдары «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына өзгертілген мемлекеттік қызметшілер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен осы мемлекеттік лауазымды ауыстырғанға дейін жұмыс істеуді жалғастырады.

8. «А» корпусының кадр резервінен шығару үшін:

1) «А» корпусының резервшісінің «А» корпусының кадр резервінен шығару туралы өтініш беруі;

2) «А» корпусының кадр резервінен «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу;

3) осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, «А» корпусының кадр резервіне алынған күнінен бастап екі жыл өтуі, сондай-ақ лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды органның (адамның) ұсынымы негізінде ол жетекшілік ететін санат (топ) бойынша «А» корпусының кадр резервінде болу мерзімін екі жылға ұзарту туралы Ұлттық комиссия шешімінің болуы. Мұндай шешімді адамның кадр резервінде болу мерзімінде Ұлттық комиссия қабылдауы тиіс;

4) «А» корпусы резервшiсінiң көрiнеу жалған мәлімет беру және құжаттарды бұрмалау фактiлерінің анықталуы;

5) «А» корпусының кадр резервiне алу туралы шешiм қабылдау сәтiнде беймәлiм болған немесе болмаған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың мемлекеттiк қызметте болуын шектейтiн негiздердің туындауы;

6) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің атқаратын лауазымнан теріс себептер бойынша босатылуы;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, оның ішінде тәртіптік істерді, мемлекеттік органдар өткізген бағалау материалдарын қарау нәтижелері бойынша Ұлттық комиссияның шешімдері;

8) «А» корпусының кадр резервіне алынған адамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы.

9) «А» корпусының кадр резервінде болу мерзімінде ұсынылған «А» корпусы лауазымының санатынан (тобынан) екі реттен артық бас тартуы негіз болып табылады.

9. Мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқу кезеңінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жолдауы бойынша халықаралық ұйымдарда жұмыс істеу кезеңінде «А» корпусының кадр резервінде болу мерзімі Ұлттық комиссияның шешімімен тоқтатыла тұруы мүмкін.

10. Уәкілетті орган «А» корпусының кадр резервінен резервшілерді шығару үшін жартыжылдық негізде мәліметтер мониторингін, оның ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органға сұрату жолдау арқылы жүргізеді және есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне дейін Ұлттық комиссияның жұмыс органына ақпарат енгізеді.

Осы ақпараттың негізінде уәкілетті орган Ұлттық комиссиясы төрағасының келісімі бойынша он жұмыс күні ішінде «А» корпусының резервшісін «А» корпусының кадр резервінен алып тастайды.


_______________________________

Қазақстан Республикасы Президентінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 151 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

ҚАҒИДАЛАРЫ

1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібін айқындайды.

2. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін конкурс өткізілуі мүмкін.

Бос немесе уақытша бос «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған азаматтардың қатарынан жүзеге асырылады.

«А» корпусының лауазымына конкурстық іріктеуді осы лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкілеттік берген лауазымды адам өткізеді.

Егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, тағайындауларды Қазақстан Республикасының Президенті жүзеге асыратын «А» корпусының лауазымдарына орналасуға конкурстық іріктеуді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі өткізеді.

Егер Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өзгеше белгілемесе, тағайындауларды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жүзеге асыратын «А» корпусының лауазымдарына орналасуға конкурстық іріктеуді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі өткізеді.

3. Мемлекеттік органнан жазбаша сұрату алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған адамдардың тізімін және олардың білімі, олар «А» корпусының кадр резервіне алынған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаты, санатындағы тобы, кадр резервіне алыну сәтіндегі атқаратын лауазымдары туралы мәліметтерді, сондай-ақ олардың еңбек қызметі туралы құжаттың электрондық нұсқасын ұсынады.

4. «А» корпусының лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу осы лауазымға тағайындау құқығы бар адамның шешімі бойынша осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау және/немесе әңгімелесу өткізу арқылы жүзеге асырылады.

«А» корпусының лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу


өткізетін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) кандидаттармен әңгімелесу өткізген жағдайда, кандидаттарға әңгімелесу
өткізілетін орны мен уақыты туралы ол өткізілетін күнге дейін үш жұмыс
күнінен кешіктірмей хабарлау, «А» корпусының осы лауазымының функциялық міндеттеріне сәйкес келетін сұрақтар тізбесін әзірлеу қамтамасыз етіледі.

Кандидаттармен әңгімелесуді осы лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адам немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам жүзеге асырады. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдарда әңгімелесуді осы мемлекеттік органдардың басшылары айқындайтын лауазымды адамдар өткізеді.

Әңгімелесуді алқалы түрде өткізу кезінде оның қорытындылары мен қабылданған шешім хаттамамен ресімделеді.

5. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына


«А» корпусының резервшілерін тағайындау, олар «А» корпусының кадр резервіне алынған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты, санатындағы тобы шегінде арнайы біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда және олардың келісімімен жүзеге асырылады.

«А» корпусының резервшілері «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының төменгі санатына, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бір санатындағы төменгі тобына арнайы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда және олардың келісімімен тағайындалуы мүмкін.

«А» корпусының резервшілері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның келісімімен
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының жоғары санатына,
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бір санатындағы жоғары тобына арнайы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда және олардың келісімімен тағайындалуы мүмкін.

6. «А» корпусының лауазымына тағайындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен белгіленген талаптар ескеріле отырып, осы лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адамның (органның) шешімімен жүзеге асырылады.

«А» корпусының лауазымына тағайындауды немесе «А» корпусының лауазымынан босатуды растайтын құжаттың көшірмесі лауазымға тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынылады.

7. «А» корпусы лауазымының міндеттерін екі айдан аспайтын кезеңге конкурстық іріктеуді өткізбей, «Б» корпусының мемлекеттік қызметшісіне уақытша жүктеуге жол беріледі.


___________________________

Қазақстан Республикасы Президентінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 151 Жарлығына

ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған

кейбір жарлықтарының

тізбесі
1. «Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 47, 524-құжат).

2. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 1362 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 21,


265-құжат).

3. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 1415 Жарлығының 1-тармағының


3) тармақшасы.

4. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 қаңтардағы № 1695 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 1, 1-құжат).

5. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 446 Жарлығының 1-тармағының 6) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43,
499-құжат).

6. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің


2008 жылғы 24 сәуірдегі № 576 Жарлығының 1-тармағының 13) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 182-құжат).

7. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы


12 қарашадағы № 689 Жарлығының 1-тармағының 8) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 42, 465-құжат).

8. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 524 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 321-құжат).

9. «Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы
22 наурыздағы № 525 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2013 ж., № 19, 322-құжат).

10. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 21 қарашадағы № 697 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 68, 905-құжат).

11. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 708 Жарлығы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 72, 944-құжат).

12. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы» 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 және «Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы


7 наурыздағы № 523 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 28 шілдедегі
№ 869 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 46-47, 460-құжат).

13. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің


2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 22-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 54, 532-құжат).
______________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет