Бекниязова Ферузаның «Абай лирикасы және оны оқыту»



бет1/4
Дата10.06.2016
өлшемі398.5 Kb.
#126202
  1   2   3   4


ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚҚА БІЛІМ БЕРУ УӘЗІРЛІГІ
ӘЖІНИЯЗ АТЫНДАҒЫ НӨКІС МЕМЛЕКЕТТІК

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

5141300 – Қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша

4 курс бітірушісі
Бекниязова Ферузаның
«Абай лирикасы және оны оқыту»

тақырыбындағы



БІТІРУ МАМАНДЫҚ ЖҰМЫСЫ

Нөкіс- 2011 ж

Бітіру мамандық жұмысы Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының 2011-жыл «_30_» ___04____ дағы №_9_ протоколымен қорғауға ұсынылды.


Филология факультетінің деканы: ф.ғ.к. К.Ташанов


Кафедра меңгерушісі: ф.ғ.к. Ш.Кудьярова

Ғылыми жетекші: ф.ғ.к. ф.ғ.к. Қ.Аралбаев.


Бекниязова Ферузаның «Абай лирикасы және оны оқыту» тақырыбындағы бітіру мамандық жұмысына мемлекеттік аттестация комиссиясы қарарымен «____» балл ( « ____» %) қойылсын.

«______»________ 2011-жыл


МАК хаткері: Ы.Құттымұратова


Жоспары
Автордың аннотациясы

І Кіріспе

І тарау


Абай шығармаларының тәрбиелік үлгісі

1 Абай шығармаларын оқытудың педагогикалық және психологиялық негіздері

2 Өнер, білім, ғылым тақырыбындағы Абай өлеңдерін оқыту.

ІІ тарау


Абайдың табиғат лирикасын оқыту

1 Абайдың «Күз» өлеңін әңгіме-сұхбат түрінде оқыту.

2 Абайдың «Күз» және «Қыс» өлеңдерін оқытуда Веен диаграммасынан пайдалану.

III. Қорытынды


IV Пайдаланылған әдебиеттер

АВТОРДЫҢ АННОТАЦИЯСЫ
Тақырыптың актуальдығы: Қазiргi кезде мектептерде әдебиет пәнiн оқытуды түбегейлi жақсарту, жетiлдiру және жаңа педагогикалық технологияларды сабақ процесiнде қолдану мәселесiне ерекше көңiл бөлiнiп отыр. Осыған байланысты әдебиет сабақтарында көркем шығармаларды жанрлық ерекшелiктерi бойынша оқытудың танымдық та, эстетикалық та маңызы зор екендiгi ақиқат.

Бұл мамандық жұмысы – «Абай лирикасы және оны оқыту» тақырыбына арналады. Абай лирикасы мектеп оқушыларына ең көп оқытылатын және оқушылардың көркем әдебиеттен нәр алуына, олардың сана сезімі, дүниетанымының қалыптасуына ерекше әсер ететін болғандықтан, ол өлеңдердің ерекшеліктерін, тақырыптық, идеялық, сюжет пен композициялық тараптарын таныту iсi әдiстемеден жетекшi орын алады. Мiне, мамандық жұмысы орта мектепте, атап айтқанда 5-8 сыныптарда өтiлетiн Абай лирикасының жанрын, көремдік-идеялық ерекшелiктерiн қалай таныту мәселесiн жан-жақты қарастыруы – оның маңыздылығынан, қажеттiлiгiнен дерек бередi.



Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Мамандық жұмысының басты мақсаты – 5-8 сыныптарда бағдарламаға енген Абайдың лирикалық өлеңдерін оқыту процесiнде оларды оқушыларға тереңiрек таныстыру, әдебиеттi сүюге, оны дұрыс түсiнуге баулу болып табылады.

Жұмыста ақын лирикасының жанрлық ерекшелiктерi, оның көркемдік бітімі, эстетикалық мәні т.б. тараптарын оқушыларға таныту арқылы, оларды Абай шығармаларына қызықтыру, қөркем әдебиеттi сүйетiн, әрi түсiне бiлетiн азаматтар етiп тәрбиелеу болып есептеледi.

Лириканы өтуде, түсіндіруде – ол өлеңнің қандай заман шындығына арналғанын анықтап алып, түсiндiру аса қажет. Жұмыста бұл жағынан жiтi қөңiл бөлiнген.

Абай лирикасының тақырыптары, олардағы замана шындығы т.б. дұрыс та, нақты түсiнуi мәселесiнде әр алуан әдiстемелiк тәсiлдердi қолданудың тиiмдiлiгi қөрсетiлген.



Зерттеудің обьектісі мен предметі: Зерттеу обьектісі – «Абай лирикасы және оны оқыту». Жұмыста әрбiр сыныпта бағдарлама бойынша Абайдың қайсы өлеңі өтiлетiндiгi, оларды түсiндiруде қандай әдiс-тәсiлдер қолдану тиiмдiлiгi жан-жақты баяндалады.

Негiзгi нысан – көбiнесе классик ақынымыз ұлы Абайдың лирикалық туындыларын оқытудың әдiстемесi. Себебi – поэзиямызды мазмұн, идея және көркемдік тұрғыдан биікке көтерген ақын лирикасы оқушыларға танымдық та, тәрбиелiк те, эстетикалық жақтан да жақсы бiлiм болады. Сондай-ақ

5 - сыныпқа қарағанда 8 - сыныпта оқыту процесiнiң күрделі ерекшелiктерi де қөрсетiледi.

Зерттеу әдістері: Бұл салада Өзбекстан Республикасының мәдениет және әдебиеттi дамыту саласындағы қаулы-қарарлары, Президентiмiз И.А.Каримовтың сөйлеген сөздерi, «Юксак маьнавият – енгилмас куч» атты еңбектерi басшылыққа алынды. Ұлттық идеологияны қалыптастырудағы жүргiзiлiп жатқан жұмыстар, «Миллий ғарезсизлик» идеясы» курсы материалдары ескерiлдi.

Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңызы, ұсыныстар: Жұмыста 5-8 сыныптарда Абайдың лирикалық өлеңдерінің жанрлық ерекшелiктерiн (сатиралық, табиғат, қоғамдық, көңіл-күй т.б.) оқыту практикалық та, теориялық та маңызға ие. Мектеп бағдарламасында лириканың жанрлық ерекшелiктерiн, тақырыптық, идеялық-қөркемдiгiн оқытудың әдiстерi сан алуан. Жұмыста осылардың бiрнешеуiне арнайы тоқталған.

Жұмысты зерттеу нәтижесінде төмендегілер ұсыныс ретiнде көрсетілді:

– Абай лирикасының сипаты жағынан өзінен бұрынғы ақындар өлеңдерінен өзгешелігі, ақынның шыншылдығы мен шеберлігі, лирикалық шығармалардың нақты реалистiк белгiлерiн түсiндiруде әдебиет теориясынан тиiмдi пайдалану;

– лирикалық өлеңдердегі дәуір қайшылығын таныту, эстетикалық талғамын, танымдық өзгешелiктерiн танытуда көрнекiлiктерден тиiмдi пайдалану;

– Абай өлеңдерін өткенде кiрiспе әңгіменің қажеттігі, яғни оқушының өлеңдерінің айтпақ ойды, оның идеясын түсінуде қызығушылығын оятуға жете көңiл бөлу;

Жұмысты орта және жоғарғы оқу орындары студенттерi теориялық және практикалық бiлiм алуда, оқу процесiнде, курс жұмыстарын жазуда пайдалануына жарайды.



Жұмыстың құрылысы, ізбе-ізділігі: Аталған жұмыс кіріспе, қорытынды және үлкен екi тараудан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың мақсаты, міндеттері, бұл тақырып бойынша жазылған еңбектер, жұмыстың актуальдығы жөнінде сөз болады.

Негізгі тарауларда «Абай өлеңдерінің тәрбиелік, танымдық сипаттары туралы» және «Ақынның өнер, білім, табиғат т.б. тақырыптардағы лирикасын оқыту» мәселелерi сөз етiледi. Бұларда қазіргі заман талабына сай интерактив әдiс-тәсiлдердiң қайсысын қалай қолдану керектiгi де айтылған. Сыныптан тыс оқуға берiлген ақын өлеңдерінің әдiстемелерi туралы пiкiрлер берiлген.

Жұмыстың қорытындысында негiзгi бөлiмдерде қарастырылған мәселелерге нақты тұжырымдар жасалады

Ғылыми басшы: доцент, ф.ғ.к. Аралбаев Қайыржан.

Студент: Бекниязова Феруза.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет