Бекқожаева әлия серікқызы орта мектептің физика курсында экологиялық білім және тәрбие берудің әдістемелік негіздері



Дата25.02.2016
өлшемі425.48 Kb.
#24818
түріДиссертация
ӘОЖ 371.3:001.9:53373.5 Қолжазба құқығында

БЕКҚОЖАЕВА әЛИЯ СЕРІКҚЫЗЫ

Орта мектептің физика курсында экологиялық білім және тәрбие берудің әдістемелік негіздері

6М011000 – Физика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның



РЕФЕРАТЫ

Қызылорда 2013 ж.


Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің гуманитарлық-педагогикалық институтының «Физика және математика» кафедрасында орындалған.

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының кандидаты,


профессор Т.Р.Жайсаңбаев

Ресми оппонент: техника ғылымдарының докторы,


Абай атындағы Алматы Қазақ
Ұлттық педагогикалық университетінің
профессоры Бисембаев Қуатбай.

Диссертация 2013 жылы «_____» ______Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетітің 6-оқу ғимаратында (120014 Қызылорда қаласы, Жақаев көшесі 75) қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында (120014, Қызылорда қаласы, Байсейітова көшесі 100) танысуға болады.

Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының хатшысы: А.Алмағанбетова



Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі. Техникалық үдерістің, экономиканың, жалпы адамның шаруашылык іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптарды қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.

Біз табиғаттың өмір сүру және даму заңдарын толық білмейінше, жұмсаған бар күш–жігерімізді табиғат пен адам арасындағы қайшылықтарды туғызған себептермен емес, оның зардаптарымен күресуге жұмсайтымызды естен шығарып аламыз.

Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жас ұрпақты ізгілікке, эстетикаға, отансүйгіштікке баулитын экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Себебі, "табиғат-қоғам-адам" жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің бекіткен "Білім туралы" Заңы (1999), "Айналадағы ортаны қорғау туралы" Заңы (1997), "Қазақстан Республикасы стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 бағдарламасы" (1996), "Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы"(1997), "Қазақстан Республикасы экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы"(1998), "Экологиялық білім бағдарламасы"(1999), "Қазақстан Республикасы орта білім берудің мемлекеттік стандарттары"(1998), "Қазақстан Республикасы 2004-2015жж. арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасы" (2004) және т.б. құжаттары қабылданды.

Экологиялық білім беру мен тәрбие беру мәселесін шешуде Ә.Бейсенова, Н.Бекенова, Ж.Бұламбаев, Ж.Жатқанбаев, Ғ.Ділімбетова, З.Конурова, А.Кушенов, М.Лигай, Г.Мұқышева, Ө.Өмірәлиев, К.Сарманова, Н.Сарыбеков, М.Сарыбеков, Г.Смирнова, С.Шалғынбаев, Ж.Шілдебаев, В.Фурсов және т.б. ғалымдар еңбектерінің құндылығы зор.

Табиғатты қорғау мен экологиялық түсініктердің қалыптасуы жайындағы сұрақтарды қарастыруда, оқушылардың биоэкологиялық білімін игеруге бағытталған Я.Габеев, С.Дерябо, Т.Кучер, В.Иоганзен, Э.Тұрдықұлов т.б. жұмыстарын атап өту керек.

Адамның қоршаған ортамен байланысы А.Захлебныйдың, И.Зверевтің, И.Суравегинаның және т.б. зерттеулерінде көрініс тапса, табиғатты тәрбие факторы ретінде М.Верзилин, Н.Рыков т.б. дәлелдеген.

Экологиялық білім беру мәселесін мәдениеттану ғылымы саласы бойынша Э.Гирусов, Ж.Тлепов, В.Шинкарук қарастырған.

Экологиялық мәдениет пен оның қалыптасу процесі Б.Лихачев, Д.Урсул, Е.Никанорова, Ж.Тастанбекованың және т.б. зерттеулерінде әдіснамалық тұрғыдан негізделсе, болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жолдары С.Алексеев, Г.Вахромова, Г.Иванов, И.Сафронов, А.Миронов және т.б. ғалымдар еңбектерінде ғылыми-практикалық тұрғыда шешімін тапқан.

Экологиялық тәрбие берудің педагогикалық алғышарттары А.Егенисова Ф.Жұмабекова, А.Манкеш, Г.Сәбденалиева, Г.Тұрабаева еңбектерінде қарастырылған.

Экологиялық білім мен тәрбие беруді пән сабақтарында жүзеге асыру да көптеген ғалымдардың зерттеу пәні болды. Мәселен, қазақ тілі мен әдебиеті (Ә.Дайырова, Қ.Құрманбаева, Ө.Танабаев), химия (Қ.Шайхеслямова), математика(Қ.Сарыбекова), табиғаттану (Д.Жангелдина), ағылшын тілі (Ж.Базарбекова, Ж.Тілешова) пәндерін оқытуда экологиялық білім беру мен тәрбие мәселері жан-жақты қарастырылған.

Мектеп жағдайында және жоғары оқу орындарында физика пәнінен экологиялық білім берудің теориялық және әдіснамалық негіздерін талдауда педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Т.Р.Жайсаңбаев, педагогика ғылымдарының кандидаты, Ресей Федерациясы Жаратылыстану академиясы профессоры Ұ.З.Ешимова және де Р.С.Басекеева, У.Қ.Тоқбергенова еңбектері арналған.

Мектепке дейінгі балабақша балаларына және бастауыш мектептегі оқушыларына дүниетанудан қарапайым экологиялық білім негізін Қ.Аймағамбетова, табиғаттанудың мазмұны, құрылымы, оны оқытудың әдістемесіне Ә.Бірмағанбетов, Қ.Жүнісова, сондай-ақ этнопедагогика негізінде табиғатқа деген адамгершілік қасиетке тәрбиелеу мәселелеріне М.Сарыбеков, Н.Сайлауова, Д.Жангельдина т.б. еңбектері зор.

Химия пәнінен экологиялық тәрбие мен білім беруге үлкен үлесін қосқандар: Ж.Шоқыбаев, И.Нұғыманов, С.Жайлау, Н.Нұрахметов, У.Маканов, О. Шайхеслямова, сонымен қатар С.Еримбетова, Г.Мукушева, Р.Абекова, А.Болтаев, Ж.Қуанышева  оқушыларда экологиялық білім беруді қалыптастырудың практикалық-әдістемелік мәселелерімен айналысқан [6].

Қазіргі кезде мектептегі экологиялық білім беру саласында себептен гөрі салдарға көңіл бөлінетіні айқын болып отыр. Нәтижесінде, табиғат пен қоғамда орын алатын күрделі байланыстарды талдаудың орнына, адамзат бар күшін табиғатты ұтымды пайдаланбаудың жағымсыз салдарларын жоюға жұмсауда.

Ғылыми-техникалық прогресті қазіргі экологиялық дағдарыстың себепшісі деп санайтын көзқарастың бар екендігі белгілі. Екінші жағынан, ғылыми-техникалық прогресс адамдарды табиғи ортаға әсер етудің кең ауқымды мүмкіндіктері және құралдарымен жарақтандырып қана қоймай, сонымен бірге қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтірудің тәсілдерімен жолдарын көрсетіп береді. Ал, ғылыми-техникалық прогрестің негізі физика екені белгілі, себебі, бұл ғылымның және онымен шектес пәндердің табыстары бүгінгі күні жаңа техника мен технология құрудың негізінде жатыр. Екінші жағынан, экологиялық білімнің негізі алдымен физикалық білім екенін түсіне білуіміз қажет.

Сонымен, өткен XX ғасырдың соңында физика шын мәнісінде адамзаттың өмір сүруіне қажетті ғылымға айналды. Оның экологияға енуі, оны табиғатты қорғап қалатын ғылымға айналады.

Демек, осыдан физиканың жалпы білім беретін пәндер ортасында сәйкес орны болуы керек екендігі, оның оқытылуы, оқу материалының іріктелуі, оның құрылымы мен мазмұнын, оқылатын тақырыптардың экологиялық аспектілеріне ескеру қажет екендігі шығады.

Біз бұл диссертациялық жұмыста осы көрсетілген мәселелердің барлығын шеше алмаймыз, дегенмен олардың көкейкесті мәселелер екенін көрсете отырып, физиканың барлық сыныптарындағы кейбір тақырыптарды оқыту және сыныптан тыс жұмыс жүргізу барысында бүгінгі кезде қандай экологиялық сұрақтарға назар аудару қажет екендігін және оны қалай оқытуды анықтауды міндет етіп отырмыз.

Осы айтылған себептер біздің диссертациялық жұмысымыздың тақырыбын “Орта мектептің физика курсында оқушыларға экологиялық білім және тәрбие берудің әдістемелік негіздері” деп атауымызға мүмкіндік жасайды.

Зерттеу мақсаты: оқу процесін нәтижеге бағыттау жағдайында физика курсы тақырыптарындағы экологиялық мәселелерді пайдаланып сабақтарды өткізудің ортақ дидактикалық жүйесін жасау үшін оның тиімді әдіс, тәсілдерін және талаптарын негіздеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектепте физика курсы тақырыптарын оқушылардың әрбір сыныптағы жас ерекшеліктерін ескере отырып дайындалған, экологиялық элементтері бар сабақтар тұрақты түрде өткізіліп тұрса, онда оқушылардың сол пәннен алған білім сапасы мен пәнге деген қызығушылығы артады.

Зерттеу нысаны: жалпы орта білім беретін орта мектептегі оқу процесі.

Зерттеу пәні: оқушылардың физика курсы бойынша алатын экологиялық білім жүйесі.

Зерттеудің міндеттері:


  • оқушыларға қазақ халқының дәстүрлері мен педагогикалық тәжірибе арқылы экологиялық білім мен тәрбие беруге болашақ мұғалімдерді даярлау;

  • физика курсы тақырыптарының экологиялық элементтері ендірілген сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстардың қорын жасау;

  • оқушылардың экологиялық білім мен тәрбие берудің принциптері орындалуын және оны ұйымдастыруын қадағалау;

  • оқушыларға физика курсы бойынша экологиялық білім берудің әдістемелік мәселелеріне шолу жасау;

  • физика курсы тақырыптарындағы экологиялық мәселелері пайдаланылған сабақтарға қойылатын дидактикалық талаптарды анықтау;

  • сабақ өткізу барысында мұғалім мен оқушылардың іс әрекеттерін анықтап белгілеу.

Зерттеу әдістері:

  • ғылыми-философиялық, психологиялық-педагогикалық және экологиялық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық тұрғыдан талдау жасау;

  • физика пәні арқылы экологиялық білім беру мүмкіндіктерін анықтау үшін бағдарламаларды, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, оқулықтарды, оқу құралдарын талдау;

  • оқушылардың экологиялық білімін анықтайтын сауалнамалар, бақылау, тест тапсырмаларын дайындау;

  • экологиялық мазмұндағы тапсырмалар жүйесін жасау;

  • тәжірибелік-эксперимент жұмысын ұйымдастыру және нәтижесіне баға беру, қорыту.

Зерттеу көздері:

- мемлекеттік ресми құжаттар (Білім беру туралы заңы, экология және қоршаған орта туралы заң, мемлекеттік стандарттар,), тұжырымдамалар, нұсқаулар, бағдарламалар, т.б.;

- зерттеліп отырған мәселе бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, тарихи деректер, мерзімдік басылым ақпараттары;

- шетелдік және еліміздің оқулық авторлары, ағартушы ғалымдар, көрнекті әдіскер-педагогтарының еңбектері;

- оқу бағдарламалары, оқулықтар және жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдердің іс-тәжірибелері.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:


  • экологиялық білім мен тәрбие беру түсінігі халық педагогикасы тұрғысынан талданып, қарастырылып отырған мәселенің төңірегінде нақтыланды және оқушылардың экологиялық тәрбиесін қалыптастыруда қазақ халық педагогикасының мүмкіндіктері анықталды;

  • орта мектеп физика курсына экологиялық білім мен тәрбие беру туралы теориялық және әдістемелік негізі сараланды;

  • мектептегі физика курсына экология элементтерін енгізудің әдістемелік мәселелері сараланды;

  • зерттеу жұмысына байланысты ұйымдастырылған педагогикалық эксперименттің қорытындысы жасалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Физиканы оқыту үрдісінде оқушылардың оқу әрекеттеріне негізделген экологиялық білім берудің мүмкіндіктері және оны жүзеге асырудың жолдары мен әдістері орта мектептегі физиканы оқытуда, мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстарында және педагогикалық практика барысында кеңінен пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылған қағидалар:

  • орта мектепте физика курсын экология элементтерін енгізіп оқытудың теориялық негізі;

  • мектеп физика курсы сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарында экологиялық тәрбие мен білім берудің мүмкіндігі;

  • физика сабақтарында экологиялық тәрбие мен білім беруді оқытудың әдістемесі ;

  • ұсынылған әдістемелік жүйедегі педагогикалық эксперименттің нәтижесі.

Зерттеу нәтижесінің дәлелділігі және негізділігі: диссертацияның мазмұны теориялық-әдістемелік тұрғыда дәйекті дәлелденуімен, зерттеу тақырыбына сай тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалануымен, орта мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздерімен, орта мектеп оқушыларына экологиялық білім беру үдерісінде экологиялық тәрбиелі іс-әрекетті ұйымдастыру маңыздылығымен, білім мазмұнынан құндылықтарды іріктеудің мәнімен, орта мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруді іс-әрекет арқылы даму үлгісімен қамтамасыз етілді.

Жұмыстың апробациясы:

Зерттеу қорытындылары Әли Мүслімов 70 жылдығына арналған «Сапалы білім беру- Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізі» республикалық ғылыми-тәжірибелік және «Жоғары кәсіптік білім берудің инновациялық дамуы: тәжірибесі, мәселесі және келешегі» конференцияда , “Шоқан тағылымы-17” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің гуманитарлық-педагогикалық институтының «Физика және математика» кафедрасы мәжілісінде талқыланды.

Магистрлік диссертация кіріспеден, 3 тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Диссертацияның негізгі бөлімі

Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі анықталып, мақсаты мен міндеті айқындалды. Жұмыстың нысаны мен болжамдары анықталды, зерттеу жұмысының жаңалығы көрсетілді, практикалық маңыздылығы баяндалды.

1 тарау. Оқушыларға экологиялық білім және тәрбие берудің негіздері

1.1 Экологиялық білім мен тәрбие берудің халық педогогикасы және қазіргі кездегі қаралу бағыттары. Халқымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі және оны көзінің қарашығындай сақтап келуі жайында қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық дана ұғымдар, мақал-мәтелдер, нақыл сөз, аңыз әңгімелер арқылы жетіп отырған. Сондықтан әрбір ұстаз, тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысында халықтық педогогиканың асыл маржанына үнемі көңіл бөліп, тиімді пайдалана білуі тиіс.

Қазақ халқы ғасырлар бойы қоршаған ортаның тәрбиелік әлеуеті зор екенін, оның жеке тұлғаны барлық жағынан дамытуға- денсаулығын нығайтуға, ақыл-ойын, адамгершілігін, еңбексүйгіштігін, әсемдікті сезінуін жетілдіруге ықпал ететінін жақсы білген; табиғи фактор физикалық және моральдық тұрғыдағы ұрпақтар сабақтастығы ретінде қарастырылды. Қазақтардың халықтық педагогикасы табиғатқа және адамға жақын, ол табиғатпен үйлесімді, табиғи қалыпта қабылданады. Табиғатпен үйлесімділік дегенді халықтық педагогикада өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың өмірінде бірдей сипатта көрінетін табиғат заңдылықтарын анықтау және ұғыну деп түсінеді. Адамды табиғаттың бөлшегі ретінде қарастыру барлық іс-әрекетті табиғатпен үйлесімді жағдайға келтіруді; табиғатқа құрметпен қарауды, бас июді, сүюді, қамқорлықпен қарауды талап етеді. Академик Г.Н.Волков экологиялық мәдениет, экологиялық тәрбие- халықтық педагогиканың түпкі мәні дегенді айтады[1].

Халықтық педагогикада экологиялық тәрбие беру үдерісінің табиғилығы жас ұрпақтың еңбекке араласуына байланысты. Бұрынғы уақытта балалар үй жануарларын күтуге, шаруашылық жұмыстарына ерте қатыстырылып. Соның нәтижесінде табиғатқа, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне, адамдарға ойлы көзбен, ұқыпты қарауға бейімделген. Тәрбие үдерісін айналадағы табиғатқа рухани-тәжірибелік қарым-қатынасқа бағыттау экологиялық тәрбие жүйесінде маңызды рөл атқарады. Оқушылар табиғат қорғау ісіне белсенді қатысқан кезде ғана жанды және жансыз табиғат обьектілеріне қамқорлықпен, аялай қарау қасиеті қалыптасады[2].

Бүгінгі жер тағдыры- ел тағдыры болып отырған кезде, табиғатта болып жатқан дағдарыстан туған зардаптар әбден асқынған уақытта біз өзіміз қаласақ та, қаламасақ та ата-бабаларымыздың атамекен, туған жер топырағы туралы түсініктеріне, таным-талғамдарына ой жүгіртеріміз сөзсіз. Халқымыздың қасиетті, қастерлі жер-сулары «Әулие бұлақ, әулие ағаш», дегендей құрметтеп, қорғап, көздің қарашығындай сақтай білген, әсіресе, «Бұлақ көрсен көзін аш», «Суын ішкен құдыққа түкірме» сияқты ұлағатты сөздер немесе «Қаратауларың бұзылмасын, саялы ағашың сынбасын, қанаттарың қайырылмасын»-деген туған жерін, елін, табиғатын аялау жайлы айтқан қасиеттері сөздер жас өспірімдерді тәрбиелеудегі алатын орны ерекше. Халық даналығы балабақшадан бастау алып, табиғат туралы өнегелі, ұлағатты аталы сөздер, жыр-аңыздар айтыстарда айтылған ойлы пікірлер, қысқа айтқанда халықтың рухани мол мұраларын жастарға экологиялық тәрбие берумен экологиялық мәдениеттерін тәрбиелеуде тұғырлы негіз болады[3] .



1.2 Экологиялық білімді қалыптастырудың негізгі принциптері және білім беруді ұйымдастыру. Экологиялық білім беру дегеніміз–адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлестігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру[4]. Экологиялық білімді жүзеге асыруда білім беру аспектілерімен қатар оның негізгі дидактикалық ұстанымын сақтау керек. Олар экологиялық білім берудің негізгі принциптері:

Ғылымилық принципі- негізінен, оқушыларға білім беруде фактілер, құбылыстар мен процестер, адамның табиғатқа әсері, табиғат қорғау жұмыстары және экологиялық апаттылық жағдайлардың нәтижелері ғылыми тұрғыда дәлелденген материалдар негізінде берілуі және пайдалануы тиіс.

Байланыстылық принципі- негізінен табиғатты тірі және өлі табиғат пен орта (топырақ, ауа, су, өсімдіктер мен жануарлар) арасында тығыз байланыстың бар екенін ұғыну.

Тепе-теңдік принципі- табиғаттағы биоценоздар, экожүйелер арасындағы тепе-теңдік сақтаумалы және олардағы бір компоненттің өзгеруінен табиғи тепе-теңдік бұзылуына әкеліп соғатынын түсіндіру.

Қызығушылық принципі– оқушылардың бойында еліміздің қайталанбас сұлу табиғатына деген қызығушылық сезімін оятып, туған өлкесін оның табиғи байлықтарын суюге, аялауға тәрбиелеу.

Үздіксіз принципі- оқушылардың білім қорын балабақшадағы сәбилік кезінен бастап, бастауыш сынып, одан жоғары сыныптарға көтерілу деңгейлеріне үйлестіре отырып дамыту.

Интеграциялау принципі- экологиялық білім беруде жаратылыстану пәндері (география, биология, физика, математика, т.б.) мен гуманитарлық пәндер (әдебиет, тарих, қоғамтану, т.б.) арқылы оқушыларға берілетін білім негіздерін жеке адам деңгейінен қоғамдық деңгейге көтеру.

Көрнекілік принципі- оқушыларға экологиялық білім беруде оқу процесінде көрнекі құралдар, диафильмдер, киносюжеттер, кеппешөптер, коллекциялар, бейнекөріністер, биоиндикаторлар пайдалану.

Қабылдаушылық принципі- негізінен мұғалімнің экология ғылымының мазмұнын оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жоспарлауы, экологиялық терминдердің түсініктілігін, ұғымдар мен заңдарды қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып жатық әрі түсінікті тілмен берілуі.

Өлкелік принципі-экологиялық білім беруде тұрмыстық салт-дәстүрлерді, қала немесе ауылдық жерлерде тұру жағдайларын ескеру. Мүмкіндігінше жергілікті, аймақтық мәселелерді көтеру оған оқушылардың араласуын, туған өлкесіне деген патриоттық сана сезімін ояту[5:175].

Республикамызда экологиялық білім берудің ең ұтымды әрі экономикалық жағынан тиімді жолдарын іздестіру міндеті тұр. Сондықтан, экология пәнін 1-11 сыныптарға түгелдей енгізу мүмкін емес. Бізде жинақтаған тәжірибелер экологиялық білім берудің пәнаралық байланыстар және пәндерді экологияландыру, факультативтік сабақтар, одан соң жеке пән түрінде біртіндеп енгізу өміршең екендігін көрсетіп отыр. Пәндерді экологияландыру республикамыздың 2000-2001 жылы жарық көріп жатқан жаңа буын байқау оқулықтарында көрініс тапқан Әсіресе, жаңа буын байқау оқулықтарының география, биология, химия мазмұнында (әрбір тақырыпта) экологиялық мәселелер беріледі. Онда еліміздің экологиясына арналған материалдар мол. Экологиялық оқу бағдарламасын жасауда екі мәселені басшылыққа алу көзделген. Бірінші: пәндерді экологияландыру нәтижесінде экологиялық мәселелерді баяндауды интеграциялау, екінші– арнайы экологиялық білім беру мәселелерін шешетін жеке экология пәнін қалыптастыру.



1.3 Экологиялық тәрбие және оқушылардың экологиялық көзқарасын қалыптастыру. Экологиялық тәрбие– ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Экологиялық тәрбие мақсаты– оқушыларда табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын, экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, қарым-қатынасын қалыптастыру.

Экологиялық тербиенің міндеттері:

– жас ұрпақ пен барлық тұрғындардың жоғарғы экологиялық мәдениетін бірізді дамыту;

– табиғатқа қоғам дамуының материалды және рухани күштердің қайнар көзі ретінде карап, оның тағдыры үшін жауапкершілікті сезіну;

– адамдардың санасы мен іс-әрекеттерінде табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып, оларды сақтау кағидаларын бекіту;

– қоршаған ортаға зиян келтірмей кейбір шаруашылық-экономикалық мәселелерді шешетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру.

Ең басты міндеттердің бірі - оқушыларды табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру.
2 тарау. Оқушыларға физика курсы бойынша экологиялық білім берудің әдістемелік мәселелері.

2.1 Ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кезеңдегі экологиялық мәселелері. Адамның табиғи күшті өзгертудегі техникалық мүмкіндіктері өте жылдам өсіп, ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) кезеңдерінде өзінің ең жоғарғы шектеріне жетеді. Адамның кешегі күндері армандай да алмайтын, табиғи ортаны түлетуге байланысты жобаларды іске асыру қабілетіне бүгінгі күндері күмән келтіруге болмайды.

Ендігі жерде адам баласының табиғатқа тәуелділігі азайып, оны өзінің мақсаттарына, талаптарына сай өзгеріп, ықпалына бағындыра алатындай болған сиякты. Дегенмен осы кездерде «табиғатты қорғау», «экологиялық дағдарыс», «экологиялық апат» және т.б. сөздер көптеп айтылып жүр. Демек, адам құдіретінің артуы, табиғат үшін зиянды, түпкілікті келгенде адамның өмір сүруі мен қызметіне қауіпті болатын әсерлерді туғызатынын енді ғана түсініп жатқанымызды айтуға болады[6].

1945 жылы адам баласының бұрын болмаған жаңа мүмкіншіліктері бар екендігін дәлелдейтін атом бомбасы жасалды. Сол атом бомбасының Хиросима және Нагасакидегі жарылысының әкелген бүлікшілігі мен адам қырғаны, оның қазіргі жағдайы және келешектегі зиянды әсері туралы көп айтуға болады. Ал, 1986 жылы Чернобыль атомдық электр станциясында атомды адам баласына қызмет еткізу барысында, Жер тарихындағы ең ірі техногендік апат болды. Чернобыль апаты 7 миллионнан астам адамға әсерін тигізді, келешекте көптеген, оның ішінде әлі де өмірге келмеген бірнеше ұрпаққа зиянды әсерін тигізетіні ақиқат. Жапонияда 2011 жылғы 11 наурызда «Фукусима-1» АЭС-ның үшінші энергоблогында сенбі күні жарылыс болып, салқындату жүйесі істен шыққан. Содан кейін тағы жарылыс болып, атом электр станциясы цунамиден де үлкен қауіп төндірді, бірнеше жерасты дүмпуі болып, оның ең күштісінің тербелісі 9 баллды құрады. Осы жер сілкінісін кесірінен жердің айналу осі 10-15 см жылжып кетті. Атом электр станциясындағы жарылыс әсерінен атмосфераға, теңіздерге зиянды радиоактивті элементтер тарап кетті.

Тағы бір орасан зор аймақтық масштабтағы экологиялық апатқа Арал теңізі акваториясының азаюы жатады. Осыдан 50-60 жыл бұрын теңіз өз ернеуіне симай жатқан кезде, енди біраз уақыттан кейін Арал экологиялық ахуалға килігеді деген сөзге сенбеушілік болғаны да рас.

КСРО заманында Қазақстан аумағында 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларда кемтар балалар көбейді.

Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарына жататын ғарышты игерудің ғылымға қосар үлесі орасан, бірақ оның космодром айналасына орналасқан Қазақстанның бірнеше облысының табиғатына, халқына тигізетін экологиялық зардабы да жеткілікті. Оның үстіне қазіргі кезде Ресей, басқа мемлекеттердің сұранысы бойынша коммерциялық ұшырылымдар жасап қыруар ақша табуда, экологиялық зардапты арттыруда, ал оның есесін қайтаратын түсім Қазақстанға беріліп жатқан да жоқ. Қызылорда облысының халқы Байқоңыр ғарыш айлағының арендалық төлемінен өздері шеккен экологиялық зардаптың әсерлерін мүмкін болғанынша қайтаратын жәрдемді де жеткілікті түрде көріп жатпағаны аян.

Сонымен, ғылыми-техникалық прогрестің кез келген саласындағы жобалардың, жаңалықтардың тәжірибеге енгізілуіне, жаңа өндіріс орындарының іске қосылуына, міндетті түрде экологиялық бақылау арқылы өтуі қажет [6].

2.2 Экологиялық білім берудегі физика курсының орны және маңызы. Оқушыларды физикаға оқыту барысында таныстыруға тиісті экологиялық білімнің мазмұнын таңдап алуда мынадай мәселелер ескерілуі керек:


  1. Экологиялық сұрақтарды оқылатын оқу материалының мазмұнымен органикалық түрде байланысты болу керек;

  2. Олар ақпараттық бағытта беріліп, 5-6 минуттан аспағаны дұрыс. Оларды оқушылардың қызығушылығын тудыру үшін пайдалану керек (сабақта проблемалық ситуация құру үшін);

  3. Оқушыларды экологиялық мәселелермен таныстыру барысында олардың басқа пәндерден алған білімдерін көрнекі және техникалық құралдары кең қолданылуы керек.

Оқушыларды таныстыратын экологиялық білімнің мазмұнын іріктеу барысында мыналар ескеріледі:

  1. Экологиялық мәліметтердің пайдаланылуы, физикалық білімді нақтылауды және тереңдетуге бағытталады;

  2. Қаралатын экологиялық материал ғылымилық принципті қамтамасыз етуі керек;

  3. Оқылатын сұрақтар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, олардың түсінуіне жеткілікті болып ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік жасау керек.

Физика курсын оқыту барысында оқушыларға экологиялық білім беру үшін табиғи ортаның мынадай негізгі физикалық факторлары мен параметрлерін бөліп көрсетуге болады. Оларға ауырлық күші, қысым, температура, жылу сыйымдылығы, меншікті жылу сыйымдылығы, ауаның абсолюттік және салыстырмалы ылғалдылығы, сұйықтың беттік керілуі, электр өрісі (кернеулік, потенциал), магнит өрісі (магнит индукциясы), вибрация (жиілік, интенсивтілік, дыбыс (амплитуда, жиілік, интенсивтілік), әртүрлі жиіліктегі электромагниттік сәулелер (толқын ұзындығы, сәуле ағының тығыздығы), радиоактивтілік (энергиясы, жартылай ыдырау периоды, сәуле дозасы).

2.3 Физика курсын оқыту барысында экологиялық материалды іріктеп алу принциптері. Экологиялық материалды іріктеп аларда, экологияның сұрақтары талап ететін пәннiң ұстанымын бұрмаламауы мен ғылыми тілде жазылуын қадағалайтын, басты дидактикалық қағиданың бiрi– ғылымилылық принципін ұмытпаған жөн. Ары қарай, экологиялық материалдар, теориялар, әдiстер және алынған мәлiметтер (ғылыми айғақтар, ұғым, заңдылық) экологияның қазiргi дамуы деңгейіне байланысты реттелу керек. Мұны физиканың мектеп бағытының сұрақтарына мен пәнаралық байланыстарды есепке ала отырып, экологиялық материалдар оқу жылына, бөлімдеріне, тақырыптарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жасалуы тиіс.

Қазіргі заманғы ғылымдар арасында биосфераны, қоршаған ортаның ластануы мен адам қоғамының оған зияны туралы біртұтас динамикалық жүйе екеніне түсінік беретін басты ғылымдардың бірі физика екенін белгілі, сондықтан мектеп физика курсы оқушыларға осы экологиялық проблемаларды түсіну үшін қажетті экологиялық білім беруі керек. Сонымен қатар жаратылыстану бағытындағы физика-экологиялық білім талаптарға сай, жүйелі және кешенді түрде жасалыну қажет.

Мектептегі ғылыми жаратылыстану цикл пәндеріндегі экологиялық материалдарды негізгі 3 бағыт бойынша топтау керек:


  1. Табиғи орта;

  2. Табиғатты қорғау;

  3. Табиғат қорын тиімді пайдалану.

Физика курсы бойынша 7-9 сыныптарда мына сұрақтарды оқыту дұрыс болады:

1. Табиғи орта туралы түсінік

а) ортаның физикалық факторлары (қысым, температура т.б);

ә) табиғи ортаның жер, су, ауа, ғарыштың физикалық сипаттамалары;

б) табиғаттағы су айналымы.

2. Табиғатты қорғау туралы түсінік

а) ортаның физикалық параметрлері және олардағы өзгерістердің тірі табиғат өнімдерінің өмір сүруіне әсері;

ә)табиғи ортаның ең көп таралған ластану түрлерінің физикалық сипаттамалары;

б) табиғатты физикалық ластанудан қорғау.

3. Табиғат қорын тиімді пайдалану туралы түсінік

а) су электр станциялары;

ә) жылулық электр станциялары;

б) энергияның қайта өніп тұратын көздерін пайдалану (күн және жел).

Физика курсы бойынша 10-11 сыныптарда мына сұрақтарды оқыту дұрыс болады:

1. Табиғи орта туралы түсінік

а)Гидросфера, литосфера, жер қойнауы, биосфера, ғарыштың физикалық сипаттамалары;

ә)табиғи ортаның маңызды физикалық факторлары (жарықтылық, температура, ылғалдылық және т.б.);

б)физикалық факторлардың биосферадағы физикалық және биологиялық процестердегі рөлі және өзгерісі;

г)табиғаттағы зат айналымы және физикалық құбылыстар.

2. Табиғатты қорғау туралы түсінік

а)табиғи ортаның физикалық параметрлері және олардағы өзгерістердің адам тiршiлiк әрекетiне әсері;

ә)биосфераның қалыпты қызмет етуi үшiн физикалық параметрлердің мәні;

б)табиғи ортаның әртүрлі физикалық ластау түрлері және олардан қорғану.

3. Табиғи қорларды тиiмдi пайдалану

а)ауа, су, топырақ, жер қойнауы мен ғарышты тиiмдi пайдалану;

ә)- гидро -, жылу -, электр энергиясын тиімді пайдалану; теңiздің тасуы және тартылуы қуаттын, ядролық және термоядролық энергия пайдалану;

б)ҒТП жағдайында табиғи ортаны жақсарту және сақтау (ауыл шаруашылығын кешенді түрде механикаландыруы және автоматтандыру. Қалдықсыз технология жасау.Экологиялық тиімді энергия көздерін іздеу) [7].


3 тарау. Орта мектептің физика курсын оқыту барысында экологиялық білім беру және оны қалыптастыру.

Кесте 1. 7 сыныпқа арналған физика курсының тақырыптары мен

тақырыпқа байланысты айтылатын экологиялық мәселелер.

Физика курсының тақырыбы мен сұрақтары

Оқу процесінде пайдаланылатын экологиялық білімнің элементтері

1

2

Физика- табиғат туралы ғылым. Физикалық түсініктер.


Табиғаттағы және өнеркәсіптегі заттардың айналымы. өндірістік қалдықтар проблемасы. Шаруашылық іс-әрекеттің қоршаған ортаға әсері. Табиғат пен адамзат қоғамының өзара байланысы.

Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Дене температурасының молекулалар жылдамдығына тәуелділігі.

Диффузия және конвекция жолымен өндірістік кәсіпорындардан шығарылған зиянды заттардың таралуы. Минералды тыңайтқыштарды дұрыс қолданбау және сақталмаудың қауіптіліктері. Атмосфера, су, топырактың ластанудан қорғау.


Заттың күйлері және оларды молекула-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.

Табиғаттағы судың айналымы. Атмосфераның түрлі қоспалармен ластануы және оның қоршаған ортаға, адамзатқа әсерлері.


1

2

Инерция

Ауаны инерциалдық газ фильтрінің көмегімен тазарту.

Деформация.


Ауылшаруашылық машиналарымен топырақ-тың құнарлы қабатының деформациялануы.

Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші.

Атмосферадан жер бетіне шаң мен түтіннің зиянды бөлшектерінің түсу құбылысы және оның әртүрлі зардаптары.

Үйкеліс күші. Техникадағы үйкеліс күші.


Құмды тұзды қоспаның жерге себілуінің зиянды әсері (көкөністің жойылуы, автомобиль шинасы, металл едені, сыртқы корпусының желінуі, су мен мұнай құбырының коррозияға ұшырауы )

Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.

Тракторлардың топыраққа қысымы. Біртұтас әлемдік су мен ауа бассейндері, желдер және ағыстар, әуе және су жолдарымен ластанудың таралуы

Қатынас ыдыстар.

Құрғату жүйелерінің құрылысы, су және топырақ ресурстарын тиімді пайдалану, шлюзбен пластинаның жұмысы, балықтардың қозғалысы.

Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі.

Атмосфера құрамына қазіргі заманғы техника мен технологиялардың әсері.

Архимед күші.

Су бетінде мұнай пленкасының пайда болуы және оны жою әдістері. Ағашты өзендермен ағызудың экологиялық аспектісі.

Денелердің жүзуі шарттары.


Кеме жүргізу соған байланысты туындайтын аспектісі. Кеме жүргізу, соған байланысты туындайтын суды қорғау мәселелері. Ауа транспортының атмосфера құрамына әсері.

Энергия. Потенциалдық және кинетикалық энергия.


Энергияның қалдықсыз және қайтадан бастайтын көздерін пайдалану болашағы.

Аэро және гидроэнергияны экология тұрғысынан қарау. Гидроресурсты тиімді пайдалану. Су электр станциясына қойылатын экологиялық талаптар. Гидроэнергетиканың даму болашағы. Жел қондырғыларының артықшылықтары мен кемшіліктер, оларды пайдалану болашағы.



(Бұл рефератта тек 7-сыныпқа байланысты кестені ұсындық, қалған сыныптарға арналған кестелерді диссертация жұмысының 3.1; 3.2; 3.3 - тармақтарында таныса аласыздар).

3.4 Экологиялық мазмұнды есептер шығару. Физика сабағында көбіне есеп шығаруға басты назар аударады. Сондықтан физикалық есептерді экологиялық мазмұнмен толықтыратын болсақ, онда оқушыларды қазіргі қоршаған ортадағы, еліміздегі, өнеркәсіп пен транспорттағы, ауылшаруашы-лығындағы, табиғат ресурстарындағы экологиялық проблемаларды талқылауға назарларын аударамыз.

Экологиялық мазмұндағы есептерді мұғалім- сабақта, факультатив сабақтарда, сәйкесінше мектептің курстық бөлімінде, сабақтан тыс іс-шараларда қолдануы мүмкін. Бұл тапсырмалар оқушылардың табиғатқа деген қарым-қатынасын жақсартуға, тәрбиеленуіне, танымдық қасиетін арттыруға, жоғарғы моральдық қасиеттерінің жан-жақты дамуына ықпал жасайды (диссертация жұмысында экологиялық есептерге мысалдар көрсетілген).



3.5 Экологиялық мәселелердің физиканың сыныптан тыс сабақтарында қаралуы. Экологиялық материалдарды оқушыларды физика курсын оқыту барысында ғана емес, сыныптан тыс сабақтарында тиімді пайдалану мүмкіндігі бар.

Факультатив. Факультатив курсының қандай экологиялық мәселені таңдап алуына байланысты нақты аттары болады. Бұл курстың әрқайсысы кешенді мәселені қамтығандықтан олардың мазмұны физикалық білімінің жетекшілігімен жаратылыстану және техникалық ғылымдардың арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Факультатив мынадай міндеттерді атқара алады:

а) Табиғаттағы басты заңдылықтарды көрсете отырып, сондай нақты материалдар негізінде оқушылардың экологияның ғылыми негізін ұғынуға мүмкіндік жасайды

ә) Оқушылардың табиғатты түсінуіне, олардың табиғи құбылыстар мен процесті бақылау ептілігі мен қабілетінің дамуына жағдай жасайды.

б) Жүйелі түрде теория мен практика арасындағы байланысты оқушыларды экологиялық бағыттағы жұмыстарды жасауға үйрете отырып, іске асырады.



в) Оқушыларды табиғат қорын тиімді және әсерлі пайдалану қорғау әдістері және жолдарымен таныстырады[5].

Физика-экологиялық экскурсиялар. Жан-жақты ойластырып және экологияның практикалық мәселелерімен таныстыру мақсатында өнеркәсіптік және ауылшаруашылық обьектісіне әдістік тұрғыдан дұрыс ұйымдастыратын экскурсия, экологиялық білім берудің басты мәселелерінің бірі- оқушылардың қазіргі заманғы өндірістің ғылыми негізін түсінуіне көмектеседі. Мұндай экскурсия оқушыларға қазіргі өндірістегі ғылыми білімнің үлкен ролін, ҒТП-тің негізгі бағыттарымен, белгілі бір кәсіпорынның нақты жағдайда таныстырады. Оқушылар өнертапқыштар, жаңа техниканы жасаушылар мен техникалық процесті басқарушы инженерлермен кездеседі. Бұл кездесулердің оқушыларға орасан зор тәрбиелік әсерін тигізетіні сөзсіз. Бір оқу жылы көлемінде оқу пәні бойынша екі экскурсиядан кем өткізбеуді белгілігендіктен, оқушыны шаршатпай, барынша жақсы педогогикалық тиімді болу үшін, мүмкіндігінше біріккен «пәнаралық» экскурсиялар өткізгені дұрыс, себебі техникалық процестің өзі әртүрлі физикалық, химиялық, биологиялық құбылыстар негізінде жан-жақты түсіндіріледі. 2-кестеде өнеркәсіп обьектілеріндегі «пәнаралық» экскурсиялардың өткізілу жоспарын көрсетсек:

Кесте 2.

Экскурсия обьектісі

Сынып

Оқу пәндері

Экскурсияның негізгі экологиялық мазмұны

Жылу электр станциясы



VII, X сынып


Физика, химия, география

Жылу электр станциясының жұмысына байланысты экологиялық проблемалар

Телеортаның және трансформаторлық станция

XI сынып


Физика, биология



Электромагниттік толқындар мен шудан қорғау, электр энергиясын ұтымды пайдалану

Трансформаторлық станция

XI сынып

Физика

Электр энергиясын тиімді әдіспен жеткізу, оны ұтымды пайдалану

Экологиялық мазмұндағы физикалық апталықтар мен кештер. Апталықтың нақты бағдарламасын мектептің материалдық мүмкіндігі және мұғалімнің жинақтаған материалдарды кітапханадағы әдебиеттергесүйенип жасау керек. Апталық, физика үйірмесі және факультативтік курсқа қатысушының күшімен дайындалады. Кеш көбінесе апталықтың соңғы күні сенбіде өткізіледі. Экологиялық физиканың негіздері бойынша өткізілетін конференциялар мен семинарлар.

Конференция дайындығын мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

  1. Конференцияда қаралатын сұрақтар мен өткізілетін уақытын белгілеу.

  2. Конференция тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысу

  3. Баяндама мен тапсырмаларды конференцияға қатысушылар арасында

бөліп беру.

  1. Баяндамалар дайындау барысында ақыл-кеңес беру.

  2. Баяндамалар мен хабарламалардың дайындығын тексеру

Мектепте жүргізілетін физиканың экологиялық мазмұндағы апталығына

жасалған бағдарламаның бір нұсқасын ұсынсақ.



Апталық бағдарламасы:

  1. «Атом физикасы» тарауына өтілген «Бізге АЭС қажетпе?» атты пікір

талас

  1. Жер және басқа планеталардың магнит өрісі. Интеграцияланған конференция сабақ

  2. Жылу двигательдері, транспорт және қоршаған ортаны қорғау сабағы

  3. «Жердің озондық экраны» тақырыбына газет-журнал тілшілерімен кездесу

  4. Қызылорда гидрометереялогиялық және қоршаған ортаны маниторингтеу орталығындағы экскурсия сабағы.

  5. «Атмосфералық ауа физикасы және экология» атты физикалық кеш (диссертация жұмысынан толық жоспарын көре аласыздар).


3.6 Орта мектеп физика курсында экологиялық білім мен тәрбие беруде оқушылардың білім сапасын арттыруға байланысты жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және олардың нәтижесі.

Тақырыптық зерттелуіне байланысты тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды үш кезеңде жүргіздік.

Бірінші кезең мектепте физиканы оқытудың даму тарихы және оның өзекті мәселелеріне байланысты психологиялық, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер зерттеледі. Ресей, Кеңес одағы және Қазақстанда физика курсын оқытудың құрылымы, оқулықтар, мектептер мен мұғалімдердің алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелер, оқу бағдарламалары зерттеліп, талданды, мектепте физиканы оқыту үдерісін бақылау, іс-тәжірибелерді белгілеу нәтижелеріне байланысты зерттеудің негізгі бағыттары қалыптастырылды.

Бұл кезеңдегі экспериментінің негізгі мақсаты:

- оқушылардың экологиялық мәселелерге қызығушылығы, оның себебін, салдарын түсінуге ұмтылысы, физикалық-экологиялық және экологиялық ұғымдар негізінде білімінің болуы және оны пайдаланудағы іс-әрекеттерінің нәтижесін бағалау;

-мектеп мұғалімдерінің зерттеліп отырған проблемаларға деген көзқарастарын анықтау;

- мұғалімдердің мұндай жұмысты жүргізуде кездестіретін қиыншылықтарды зерттеу;

- орта мектепте физика сабақтарында экологиялық білім мен тәрбие беруді оқытып, ондағы теориялық мазмұнын енгізудің әдістемелік ерекшеліктерін зерттеу және талдау.

Эксперименттің бұл кезеңінде сауалнама, бақылау, құжаттарды талдау мен тестілеу әдістері пайдаланылды .

Тест тапсырмаларын орындаудың нәтижесінде мына жағдайлар байқалды:

- оқушылардың басқа жаратылыстану пәндеріндегі экологиялық ұғымдарды ойда сақтау дәрежесінің төмендігі;

- ластаушылардың физикалық әсерінің оның қасиеттерімен және табиғи ортадағы заңдылықтармен байланыстылығын түсінбейтіндігі;

- экологиялық мәселелерді ғылыми тұрғыдан талдай алмайтындығы;.

Тәжірибелік-сынақ жұмыстары барысында педагогикалық іс-тәжірибесіне байланысты физикалық–экологиялық және экологиялық ұғымдар негізінде білім үрдісін белсендіруде мұғалімдер тарапынан кездесетін кемшіліктер де анықталды. Бұл біріншіден, экологиялық білім қалыптастыруға байланысты мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдың жоқтығы. Екіншіден, мұғалімдердің экологиялық білімді қалыптастыруды жүзеге асыру барысында қолданылатын белсенді әдістерді іріктеп сабақ барысында және сабақтан тыс жұмыстар барысында пайдалану шеберліктерінің жетіспеушілігі. Үшіншіден, физикада экологиялық тәрбие мен білі беру мүмкіндіктерінің жүзеге аспай отырғандығы. Төртіншіден, сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттыруға аз көңіл бөлінетіндігі және оқушының дербес өзіндік әрекетін ұйымдастырудың жеткіліксіздігі. Бесіншіден, практикалық жұмыстар орындатуда экологиялық бағытына аз көңіл бөлінетіндігі. Алтыншыдан, бақылауды ұйымдастырып, оның нәтижесін сабақта пайдалану тұстарының төмендігі.

Осы жоғарыда көрсетілген жағдайларды ескере отырып, орта мектеп оқушыларына физика сабағында экологиялық тәрбие мен білім беру қалыптастыруда мынадай жұмыстар жүргізілді:


  • іс-тәжірибенің өз деңгейінде өтуі үшін физика тақырыптарында экологиялық мазмұнды, сабақтас тақырыптарын іріктей, топтастыра отырып бағдарлама жасалды;

  • енгізілген теориялық материалдарды оқытуды физика курсы бойынша жүзеге асырудың формалары анықталды;

  • оқушылардың экологиялық білімін шығармашылық деңгейге көтеретін өздік тапсырмалар және сыныптан тыс жұмыс құрастырылды;

  • экологиялық мазмұнды есептер мен тапсырмалар жасалды;

  • мұғалімдерге арналған экологиялық мазмұнды физика апталығының бағдарламасы дайындалды;

  • мұғалімдерге арналған көмекші құрал әзірленді.

Екінші кезеңде орта мектептің 7 сыныптарында физика курсынан өткізілуге тиісті сабақтардың тақырыптары, жоспары мен мазмұндары, көрнекілігі, сыныптан тыс жұмыстарының бағдарламасы, яғни эксперименттік базасы дайындалды. Сонымен қатар зерттеу барысында пайдалануға қажет болатын мынадай құжаттар дайындалды. Олар:

  • бақылау және эксперименттік сыныптардың психологиялық-педагогикалық сипаттамалары;

  • эксперименттік сабақтардың конспектілері және оларға арналған әдістемелік нұсқаулар;

  • оқушылардың пән бойынша білімін бақылау көрсеткіштерін есепке алатын статистикалық парақтары;

  • бақылау жұмыстарына тапсырмалар және тест сұрақтары;

Үшінші кезеңде 2013 жылдың 3 тоқсанында бақылаушы эксперимент жүргізілді, оның барысында, зерттеудің ұсынылған ғылыми болжамы тексерілуі тиіс. Педагогикалық эксперименттің материалдық базасы ретінде Қызылорда қаласындағы №6 орта мектебі мен №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектеп алынды. Тәжірибеге 79 оқушы қатысты. Олардан эксперименттік және бақылау топтары құрылды.

Педагогикалық экспериментті қою үшін мектепті таңдау кезінде мынадай критерийлерді ұстанымға алдық:



  • бақылау және эксперименттік сыныптардағы оқушылар білім деңгейінің

бірдейлігі;

  • мұғалімнің педагогикалық шеберлігі;

  • мектептің материалдық базасының жеткілікті болуы;

  • бақылаушы және эксперименттік сыныптарда сабақ беруді мүмкіндігінше

бір мұғалімге берілуі.

Кесте 3. Эксперимент жүргізілетін мектеп,сыныптар, ондағы оқушылар, сабақ беретін мұғалімдер туралы мәліметтер:


Мектептің аты

Физика пәні мұғалімдерінің аты, тегі


Еңбек өтілі

7а сынып

7б сынып

Оқушылар саны

№233

Нұржанова Қалжан

22жыл

17

21

№136

Баймаханов Бекбол

2 жыл

19

22

Таңдап алынған №6 орта мектебі мен №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектептің физика кабинетінің материалдық базасы талапқа сай жабдықталған, көрсетілген сыныптардағы оқушылар үлгірімі шамамен бірдей деңгейде. Эксперименттік сыныптарда сабақ жүргізілетін мұғалімдер өз пәндерін жеткілікті дәрежеде игерген және оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізген.

Оқушылардың үлгірім деңгейін тексеру үшін, оларға 2012-2013 оқу жылының ІІ-тоқсанында өтілген сабақ тақырыптарына байланысты тест сұрақтары дайындалып берілді. Тест сұрақтары теориялық және орташа қияндықтағы есептер түрінде берілді.

Тест сұрақтары мен ауызша сұрау нәтижелерінің көрсетуінше Т.Жүргенов атындағы №6 орта мектебінің 7а және 7б, сынып оқушыларының білім деңгейлері шамалас екендігін көрсетті, атап айтқанда 7а сыныпта орташа балл-3,64 балл болса, 7б-сыныпта- 3,75 балл болды, ал №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектептің 7а және 7б, сынып оқушыларының білім деңгейлері шамалас екендігін көрсетті, атап айтқанда 7а- сыныпта орташа балл-3,78 балл болса, 7б сыныпта- 3,50 балл болды

Оқушылардың білімі жүйеленбеген, заңдылықтар мен құбылыстардың физикалық мәнін жеткілікті дәрежеде түсінбейтіні, тест сұрақтарының жауабын ойланбай таңдай салу жағдайлары анықталды, кемшіліктерді жоюға бағытталған оқыту экспериментіне тақырыптар, сабақ жоспарлары және қажетті оқу матеиалдары дайындалды.

Эксперименттік оқытуға негізгі мектептің 7-сыныбының «Қысым» және «Жұмыс. Қуат. Энергия.» тарауының материалдары алынды. Ондағы тақырыптар бойынша сабақтардың өткізілуіне арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге беріліп, қосымша кеңестер берілді. Таңдалған сабақтарға көрнекіліктер, көрсетілімдер, кестелер, схемалар дайындалды.

Сонымен эксперименттік сыныптағы оқу үдерісі біздің ұсынған әдістемеге сәйкес құрылса, бақылау сыныбында бағдарламалық материал дәстүрлі түрде, яғни барлық көрсетілімдерді, дидактикалық материалдыпайдаланып оқытылды. Осындай оқыту эксперименті барысында бақылау экспериментіне дайындық қатар жүргізілді, яғни өтілетін тараудың әр тақырыбы бойынша бақылау жұмыстары, тест сұрақтары, өздігінше орындайтын тапсырмалар және сыныптан тыс жұмыстар дайындалды. Оқушылардың білімі әр тақырыптан кейін жүйелі түрде тексеріліп отырды.

Оқушыларда сапалы физикалық білімнің қалыптасуын бағалаудың критерийлері есебінде мынадай іскерліктердің болуы қабылданды:

а) зерттелетін құбылыстың, заңнаң мәнін талдай білу;

ә) жеке құбылыстар, денелер, құралдар және т.б. салыстыру арқылы оларды топтау және жалпылау, оларда ұқсастық пен айырмашылықтарды табу;

б) қаралып отырған құбылыстың экологиялық жағдаймен сабақтастығын табу;

в) алынған білімде экологиялық материалды енгізіп пайдалану;

г) физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды оқытуда оқушыларға экологиялық тәрбие мен білім беру деңгейін анықтау;

д) оқыту үдерісінде экологиялық білім мен тәрбие беріп оқушылардың білім сапасы деңгейін жоғарылатуда ұсыныстар жасау.

Бақылау жұмысының әр сұрағы бойынша оқушылардың білімін бағалау бес балдық жүйемен жүргізілді. Үлгірімнің орта балын мына формуламен анықталды:



K═M/n·p

Мұндағы: М-балдардың жалпы қосындысы; p-бақылау жұмысындағы сұрақтардың саны; n-оқушылар саны.

Үлгірімнің салыстырмалы жақсаруын айқындау эксперименті кезіндегі бақылау және эксперименттік сыныптардағы орташа баллдың пайыздық айырымы мен бақылау экспериментіндегі пайыздық айырмашылықты салыстырып табуға болады(4-кестеде бақылау нәтижелері келтірілген).

Көрсетілген сыныптардағы айқындау эксперименттің нәтижелері экспериментальдық оқытуға дейін бақылау және эксперименттік сыныптардағы оқушылардың білім деңгейі бір-бірімен шамалас екенін көруге болады, яғни үлгірімдердің орташаланған айырымы 2,40 және 2,26 болып тұр, демек өте бір елеулі емес. Экспериментальдық әдістеме бойынша оқытйдың нәтижелері оқушылардың білім деңгейінде елеулі айырмашылық-7,56% және 7,63 пайда болғанына көз жеткізуге болады. Бұл жерде біздің зерттеу болжамымыздың расталғанын білеміз.


Кесте 4. №6 орта мектеп

Сыныбы

Айқындау эксперименті

Бақылау эксперименті

Орта балл

Айырымы

Орта балл

Айырымы

Бақылау сыныбы

Экспери

мент

сыныбы

Балл

бойынша


%

Бақылау сыныбы

Экспери

мент

сыныбы

Балл

бойынша



%



3,64

-







3,67

-









-

3,75







-

3,97










3,64

3,75

0,11

2,40

3,67

3,97

0,30

7,56



Кесте 5. №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектеп

Сыныбы

Айқындау эксперименті

Бақылау эксперименті

Орта балл

Айырымы

Орта балл

Айырымы

Бақылау сыныбы

Экспери

мент

сыныбы

Балл

бойынша

%

Бақылау сыныбы

Экспери

мент

сыныбы

Балл

бойынша

%



3,78

-







3,63

-









-

3,50







-

3,89










3,78

3,50

0,18

2,26

3,63

3,89

0,30

7,63


ҚОРЫТЫНДЫ

Экология мәселелерін терең зерттеу ғылымдар жүйесінде ең беделді орын алатынына күмән келтіруге болмас. Бұл мәселелер адамзатқа өзін қоршаған ортамен ортақтасып, табиғаттың сырын, өзіндік ара қатынасын зерттеп, оның жан-дүниеде болған әсерін сезіп байқап, мүмкін болатын экологиялық зардаптардың мөлшерін, таралған аумағын экономикаға келтірер зиянын, жер бетіндегі тірі тіршілікке тигізетін қолайсыз құбылыстарын аңғарып біліп, оған қарсы пәрменді күрес жүргізу үлкен мәселе. Табиғатты қорғау мемлекеттің басты міндеті, адамзаттың абзал ісі. Туған табиғатты сүю, өз Отанына деген шын сүйіспеншіліктің белгісі.

Адам өміріне келетін ауруларды, қауіпті оқиғаларды азайту жолында зиянсыз жана технологияны енгізу ісінде, халықтың саяси-әлеуметтік өміріне жәрдемдесетін сынақтар өткізу әлбетте керек, әрі қолайлы. Ал қуатты мемлекеттердің өрескел үстемдігімен, қаражатының күшімен, шовинистік идеологиясымен, тек өз қамының төңірегіндегі тоғышарлықпен адам өмірінің жан-жануар, өсімдік дүниесінің өркендеуіне кедергі болатын сынақтар өткізу ешқандай адамгершілік сипатқа жатпаса керек.

Бүгінгі таңда адамзатты ерекше алаңдатып отырған зор мәселенің бірі - қоршаған табиғат ортаның бүгінгі жай-күйі. Табиғат тіршілік атаулының анасы, адамның өмір сүруінің бірден-бір кепілі. Табиғатта бар дүние бір-бірімен өте тығыз байланысты да, өзара тәуелді болып жаралған. Даму ырғағы бір-бірімен үйлесімді байланысты болғанда ғана табиғат заңдылығы бұзылмайды.

Қорыта айтқанда, қоршаған табиғи ортаға қамқорлық жасау, оның бар байлығын адам игiлiгi үшiн мейлiнше ұтымды пайдалану, қорғау және көркейту iсi бүгiнгi күн талабына сай туындап отырған мәселе. Дархан табиғат қаншама бай болғанымен, оның сан алуан ресурстарының қай-қайсысы болмасын шексiз емес екендiгiн күнделiктi өмiрдiң өзi дәлелдеп отырған тұста экологиялық үздiксiз бiлiм берудi заңдастыру ұстанымы мен қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында экология кодексiн қабылдау ұсынысы еңжарлыққа бой алдырмай, көзi қарақты, ойы ұшқыр азаматтардың қолдауын күтетiн қоғамдық тұжырым деп бiлемiз.

Ал, бұл тәжірибе халықтың жаппай экологиялық мәдениетiн көрсететiн белсендiлiк қабiлетiнсiз мүмкiн емес. Сондықтан да экологиялық бiлiм мен тәрбие қоғамның әрбiр мүшесiне табиғатты қорғауға немқұрайдылықпен қарамауды үйретiп, қоғам мүшесiн әрқашанда қоршаған ортаны қорғауға дағдыландыруды көздейдi.

Диссертациялық жұмыстың тақырыбына байланысты зерттеу барысында мынадай қорытынды жасауға болады:


  1. VII-XI сыныптарда физиканы оқыту барысында әрбір тақырыптан экологиялық білім және тәрбие берудің халық педагогикасы элементтерін және экологиялық білімді қалыптастырудың педагогикалық принциптерін пайдаланған дұрыс.

  2. Оқушылардың экологиялық көзқарасын қалыптастыру үшін әрбір сабақтың және сыныптан тыс жұмыстардың мүмкіншіліктерін тұрақты түрде пайдалану керек.

  3. Физика заңдылықтары мен заңдарының орындалуын көрсету барысында, оларға сәйкес келетін ғылыми-техникалық прогрестің бағыттарын мысалдарын көрсетілуі қажет.

  4. VII-XI сынып оқущылардың экологиялық білімін қалыптастыру үшін, жаңа материалды өту барысында экологиялық мазмұнды мысалдар, есептер, тәжірибелер және тест сұрақтары кең көлемде кешенді түрде пайдаланған дұрыс.

  5. Экологиялық материалдарды оқушыларды физика курсын оқыту барысында ғана емес, сыныптан тыс сабақтарында тиімді пайдалануы керек.

Диссертацияның негізгі мазмұны автордың келесі басылымдарында көрсетілген:

1. Жайсаңбаев Т.Р, Бекқожаева Ә.С. Радиациялық қауіпсіздік және иондаушы сәулемен ластану.// Әли Мүслімов 70 жылдығына арналған «Сапалы білім беру- Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция.- Қызылорда, 2011. −184-188б.

2. Бекқожаева Ә.С., Жайсаңбаев Т.Р «Физика және астрономия» курсы бойынша 7-сынып оқушыларына экологиялық білім беру туралы.// “Шоқан тағылымы-17” халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Көкшетау,2013.-10т. −28-32б.

3. Бекқожаева Ә.С., Жайсаңбаев Т.Р Физика сабақтарының экологиялық білім және тәрбие беру мүмкіндіктері// Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының хабаршысы.-Қызылорда,2013. -№1 (33)-2 (34). −52-56б.

4. Бекқожаева Ә.С. Физика сабақтарында экологиялық мазмұнды есептер шығару// «Приорететы науки, техники и образования» материалы международной научно-практической конференции.-Киев-Кызылорда.-2013. −200-202б.
Пайдаланылған әдебиет:


  1. Волков Г.Н. Современная функционирование народной педагогики как

феномена демократии и гуманизма в сфере воспитания.- Чебоксары:Чуваш.РИПКРНО,1993.

  1. Қалыбекова А. Қазақ тәрбиесінің асыл мұрасы.-Алматы:БАУР, 2011.

  2. А.Саттарбекқызы. Бастауыш сынып оқушыларына этнопедагогика

негізінде экологиялық білім беру. Педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Қызылорда, 2012.

  1. Зверев И.Д. и др. Концепция и программа деятельности

общеобразовательной школы по экологическому образованию-М., 1991.

  1. Бейсенова Ә.С, Шілдебаева Ж.Б. Экология -Алматы:АлМУ,1999.

  2. Жайсаңбаев Т.Р. Ғылыми-техникалық прогресс және оның экологиялық

задаптары//Ізденіс-поиск.-2002.-№2. −94-99б.

  1. Турдикулов Э.А. Экологическое образование и воспитание учащихся в процессе обучения физике.-М.:Просвещение,1988. −23-33с.


РЕЗЮМЕ

Беккожаева Алия Сериковна

Реферат диссертации на соискание магистерской степени по специальности

6М011000-Физика

Тема магистрской диссертации: «Методические основы экологического образования и воспитания в обучении учащихся курса физики средней школы»

Актуальность: Физика– это наука о природе, и в связи с возрастающим потенциалом технического прогресса и развитием технологий, несущих экологическую катастрофу, необходимо систематически рассматривать проблему экологии и охраны окружающей среды в обучении физики.

Цель исследования: для получения конечного результата с использовании экологического материала при изучении физики и создания общедидактической системы поведении уроков, внеурочных мероприятий, обоснование оптимальных методов и требовании к ним.

Объект исследования: учебно-воспитательный процесс общеобразовательной школы.

Предмет исследования: система экологического образования учащихся по курсу физики.

Научная гипотеза исследования: если при изучении тем курса физики средней школы будут подготовлены и систематически проведены уроки физики с элементами экологии и с учетом возрастных особенности учащихся, то качество знании по физике и интерес учащихся к предмету будут повышены.

Задача исследования:


  • подготовить будущих учителей к экологическому образованию и воспитания учащихся через традиций казахского народа и педагогического опыта;

  • создать базу уроков курса физики и внеклассных работ внедрением с экологических элементов экологии;

  • проконтролировать соблюдения принципов и организации экологического образования и воспитания учащихся;

  • сделать обзор методических проблем экологического образования учащихся по курсу физики;

  • определение дидактических требований к урокам физики с экологическим содержанием;

  • определение действий учащихся и преподавателя при проведении урока физики.

Научная новизна и теоретическая значимость исследования:

  • анализированы понятие «экологическое образование и воспитание» в контексте народной педагогики, конкретизирован в сфере рассматриваемой проблемы, определены возможности казахской народной педагогики в формиравании экологического воспитания учащихся;

  • анализированы теорические и методические основы экологического воспитания и образования в курсах физики общеобразовательных школ;

  • разработаны методика внедрения включения элементов экологии в курсе физики в средней школе;

  • определены итоги педагогического эксперимента организованного при проведения исследовательской работы.

Структура работы: Исследовательская работа состоит из введения, 3 глав, заключения, списка использованной литературы и приложения.
SUMMARY

Bekkozhaeva Aliya Serikkyzy

Report of dissertation about obtaining the master’s degree in a specialty

6M011000-Physics

Master's thesis topic: "Methodological foundations of environmental education in the training of students of high school physics course"

Actuality: Physics is the science of nature, and in view of the increasing potential of technological progress and the development of technology, supporting an environmental catastrophe, it is necessary to systematically address the issue of ecology and environment in teaching physics.

Objective: to obtain the final result with the use of environment-friendly material in the study of physics and create obschedidakticheskie system behavior classes, extracurricular activities, the rationale for best practices and the demand for them.

The object of study: the educational process of a comprehensive school.

Subject of research: a system of ecological education of students on the course of physics.

Scientific research hypothesis: if the study of the course of high school physics will be prepared and carried out systematically physics lessons with elements of environment and age-appropriate students, the quality of the knowledge of physics and students' interest in the subject will be raised.

The research problem:

- To prepare future teachers for environmental education and education of students through the traditions of Kazakh people and teaching experience;

- Create a course in physics lessons and extra-curricular activities with the introduction of the environmental elements of ecology;

- Monitor compliance with the principles and organization of environmental education and training of students;

- To review the methodological problems of environmental education of students in physics course;

- The definition of didactic requirements for the lessons of physics with ecological content;

- Define what the students and the teacher during the lesson of physics.

Scientific novelty and theoretical significance of the research:

- To analyze the concept of "environmental education" in the context of folk pedagogy, fleshed out in the field of the problem, identify opportunities Kazakh folk pedagogy in formiravanii environmental education of students;

- Analyzed teoricheskie and methodological foundations of environmental education in secondary schools physics courses;

- The technique of introducing incorporating elements of the environment in a physics course in high school;

- Determined the outcome of the pedagogical experiment organized by conducting research.

Structure: The research work consists of an introduction, three chapters, conclusion, bibliography and appendices. The total work is 94 pages, bibliography includes 89 references.









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет