Бектасова айгерим шардарбекқызы қаратау бентониттерінен алынған сорбенттердің Қасиеттерін зерттеу және технологиясын жасау



бет1/2
Дата14.06.2016
өлшемі462.86 Kb.
#135306
түріДиссертация
  1   2


ӘОЖ 66.091:66.014:66.011:543.06 Қолжазба құқығында

БЕКТАСОВА АЙГЕРИМ ШАРДАРБЕКҚЫЗЫ

ҚАРАТАУ БЕНТОНИТТЕРІНЕН АЛЫНҒАН СОРБЕНТТЕРДІҢ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ

6M072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның




РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2012


Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Химия және химияны оқыту әдістемесі» кафедрасында және «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханада орындалды.

Ғылыми жетекші: техника ғылымдарының кандидаты,

доцент Р.А.Нарманова

Ресми оппонент: химия ғылымдарының докторы,

доцент К.А.Кадирбеков

Диссертация 2012 жылы «____» маусымда сағат ___ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде қорғалады (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Аманкелді көшесі, 66, 9 оқу ғимараты, жаратылыстану факультеті, « » аудитория).

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында (120014, Қызылорда қаласы, Байсейітова көшесі 100) танысуға болады.

Мемлекеттік Аттестациялау

комиссиясының хатшысы К.Арынова
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі

Табиғи сорбенттердің маңызды ерекшеліктерінің бірі – оларды әртүрлі өңдеу әдістерін қолдану арқылы модификациялау және белсендіру. Мысалы: термиялық, қышқылдық, тұзды және т.б. әдістерді айтуға болады. Қышқылдық, сілтілік және тұзды өңдеу әдістерінде процесc сорбенттің микроқұрылымын әлсіретуге, кеуектілігін және меншікті беттік қабатын үлкейтуге бағытталған. Сонымен қатар химиялық өңдеу кристалды құрылымдағы ерекшеліктерді өзгертуге, ауыспалы катиондардың құрамынының өзгеруіне сәйкес ион алмасу қасиеттерінің жоғарылауына және жаңа белсенді орталықтардың пайда болуына әсер етеді.

Қазіргі уақытта табиғи сорбенттер ретінде Қазақстанның бентонит сазды топырағы, цеолиттер, шунгиттер кең түрде қолданылуда. Бентонит сазды топырағы маңызды металеместік пайдалы қазбаға жатады және әртүрлі өндіріс орындарында, ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Дүние жүзінде соңғы жылдарда бентонит сазды топырағының өндірілуі жыл сайын шамамен 10 млн. т құрайды.

Табиғи сазды топырақты және одан алынған өнімдердің негізгі тұтынушысы ретінде металлургия, химия, мұнай химиясы, мұнай өндіру компаниялары, құрылыс, керамикалық, тағам, фармацевтикалық, техникалық экология және т.б. өнеркәсіптері жатады. Тұтынушының мүмкіндігіне сәйкес 25% бентониттер әлемде формаланатын заттар жасау үшін 60%-ға дейін – адсорбенттер дайындауға, мұнай өндіруге ерітінділер дайындау үшін, темір-кенді күйдірілген шекем тастар жасау үшін қолданылады.

Соңғы кездері үлкен қоры бар және төменгі бағадағы бентониттерді қолдануға ерекше көңіл бөлінуде. Осыған байланысты, Қазақстанның оңтүстіктігіндегі қоры үлкен бентониттердің бар болуы олардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеу арқылы бұл шикізат негізінде мұнай өнімдерін тазалауға қолданылатын ұтымды адсорбенттер дайындау, сонымен қатар мұнайды крекингілеуге арналған арзан катализаторлар дайындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Зерттеу нысаны

Бұл жұмыста Қаратау бассейні бентониттерінің 3 түрлі үлгісінің физика-химиялық қасиеттері зерттелген.



Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

Қаратау бассейні сазды топырағының физика-химиялық қасиеттерін зерттеу арқылы бұл шикізат негізінде мұнай өнімдерін тазалауға қолданылатын ұтымды адсорбенттер және мұнайды крекингілеуге пайдаланылатын арзан катализатор дайындау.

Қойылған мақсатқа сәйкес төмендегі міндеттерді шешу анықталған:


  • сазды топырақ үлгілерінің минералды негізін анықтау;

  • сазды топырақ үлгісінің катион алмасу қасиетін анықтау;

  • сазды топырақ үлгісін қышқылды әдіспен белсендендірудің әдісін игеру және жүргізу қондырғысын жинақтау;

  • сазды топырақты қышқылды әдіспен белсендендірудің оның химиялық құрамына әсерін зерттеу;

  • сазды топырақты қышқылды әдіспен белсендендірудің оның фазалық құрамына әсерін зерттеу;

  • табиғи және белсендендірілген сазды топырақтың құрылымдық қасиеттерін, яғни кеуектіліктің жалпы көлемін, кеуектің радиусын, меншікті беттік қабатын анықтау;

  • табиғи және белсендендірілген сазды топырақпен дизель отынын тазалауды жүргізу;

  • белсендендірілген сазды топырақты мұнай дистиллятын крекингілеуде катализатор ретінде қолдану және реакция өнімдеріне анализ жүргізу.

Алынған нәтижелердің ғылымилығы

  • ИҚ-спектрометриялық, химиялық және термогравиметриялық әдістерді қолдану арқылы Қаратау бассейні бентониттерінің химия-минералогиялық құрамы анықталған;

  • тәжірибелік зерттеулер нәтижесінде Қаратау бассейні бентониттерінің құрамындағы монтмориллониттің адсорбциялық белсенділігінің және тазалау қабілетінің жоғарылығы оның қышқылдық қасиеттерімен байланысты екендігі анықталған, яғни монтмориллониттің беткі қабатындағы теріс зарядтардың орнын Н+ және Al3+ иондарының басуымен түсіндірілген;

  • монтмориллонитті қышқылдық белсендендірудің әсері оның беттік қабатының химиялық табиғаты, шамасы мен кеуектілігінің өзгеруіне алып келетін бос силикагельдің бөлінуімен қатар жүретін кристалдық құрылысының бұзылуында екендігі табылды;

  • алғаш рет Қаратау бентониттерінен дизельді отынды тазалайтын белсенді адсорбенттер алынды.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы

Аз мөлшерде (10 салм.%) белсендендірілген саздарды пайдалану тазалаудың қышқылды-сілтілік әдісінде қол жетпейтін дизельді отынды тазартудың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді. Ұсынылған адсорбентпен дизельді отынды тазартқанда оның түсі, тотығуға қарсы тұрақтылығы жақсарады, кокс саны, эмульсиялаушы мүмкіндігі төмендейді және т.б.



Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар

  • Қаратау бассейні бентониттерінің химия-минералогиялық құрамын зерттеу нәтижелері;

  • саздардың адсорбциялық белсенділігін тәжірибелік зерттеу нәтижесі;

  • табиғи және белсендендірілген саздардың құрылымдық сипаттарын (бетік меншігі, кеуектердің жалпы көлемі және кеуектердің орташа радиусы) зерттеу нәтижелері;

  • саз үлгілерін дизельді отындарды тазартуда адсорбент ретінде және мұнай дистилляттарын крекингілегенде катализаторлар ретінде зерттеу нәтижелері.

Автордың жеке қосқан үлесі – жұмыстың тәжірибелік бөлімін орындау, алынған нәтижелерді өңдеу, интерпретациялау және байланыстыру.

Жұмыстың апробациялануы

Жұмыстың нәтижелері «Органикалық химия мен биологиялық белсенді қосылыстар технологиясы, мұнай көмірсутектерін, көмір және өсімдік заттарын өңдеудің жетістіктері мен даму перспективалары» Халықаралық ғылыми конференциясы (Алматы, 2012 ж.), «Ғылым. Технология. Өндіріс» студенттер, аспиранттар және жас ғалымдар ЖОО аралық ғылыми-техникалық конференциясына (Салават, 2012 ж.) ұсынылды және талқыланды.



Жарияланымдар

Жұмыс нәтижелері бойынша 2 ғылыми жарияланымдар жарық көрді.



Жұмыстың құрылымы мен көлемі

Диссертация кіріспе, негізгі бөлім (диссертация тақырыбы бойынша әдеби шолудан, алынған нәтижелерді талқылау және тәжірибелік бөлімнен тұрады), қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен (60 дереккөз) тұрады. Жұмыс 85 беттен, 17 кесте мен 27 суреттен тұрады.


Жұмыстың негізгі мазмұны

Кіріспеде диссертация тақырыбының өзектілігі дәлелденді, зерттеулердің мақсаты мен міндеттері тұжырымдалды, жұмыстың тәжірибелік құндылығы мен ғылыми жаңалығы көрсетілді.

Бірінші тарауда табиғи және модифицирлеген сорбенттердің физико-химиялық қасиеттері жайында мәліметтер жинақталынып, яғни сорбенттердің құрылымы, құрамдары, қасиеттері мен көрсеткіштері, алу әдістері қарастырылды. Ғылыми әдебиеттерге талдау жасалынып, осының негізінде жұмыстың бағыты, мақсаты мен міндеттері айқындалды.

Екінші тарауда табиғи минералды сорбенттерді модификациялау әдістері жайында мәліметтер жинақталынды. Табиғи минералдардың іс жүзіндегі үлкен маңыздылығы жаңа адсорбциялық-белсенді материалдар мен табиғи сорбенттерді және оларды өнеркәсіпте тиімді қолданудың ұтымды технологиялары қарастырылды.

Үшінші тарауда тәжірибелердің жүргізу әдістемелері келтіріліп, бастапқы компоненттер мен алынған өнімдерді химиялық және физика-химиялық талдау әдістерімен зерттеу жайында жазылған. ИҚ-спектрометриялық, электронды микроскопия, химиялық және термогравиметриялық әдістерге сипаттама келтірілген.

Төртінші тарау тәжірибелер нәтижесі және оларды талқылауға арналған.
4.1 Қаратау бассейні бентонит саздарының минералдық негізін және химиялық құрамын анықтау

Қаратау бассейні бентонит саздарының үлгісіне сипаттама беру үшін химиялық, гранулометриялық, термографиялық анализдер жүргізілді, ісіну коэффициенті және коллоидальдылығы анықталды.

Үлгілердің химиялық құрамын анықтау - зерттеудің бірінші мақсаты болып табылады, себебі бұл құрам компоненттеріне сандық және сапалық жалпы түсініктерін береді. Қаратау бассейні бентонит саздарының табиғи үлгісінің жаппай химиялық құрамы 1- кестесінде көрсетілген.

Негізгі компоненттің санын мас.% кестеден көруге болады:

SiO2 – 50,53-64,12

Al2O3 – 5,59-9,50

Fe2O3 – 7,05- 10,58

CaO – 1,25 - 6,00

Na2O+ K2O – 2,85-3,63

Жаппай химиялық құрамы арқылы жоғарыда зерттелген саз үлгілерінің қандай типке жататынын біле алмаймыз. Сондықтан зерттелетін үлгілерге химиялық анализбен қоса гранулометриялық анализ жүргізілді. Табиғи үлгілердің гранулометриялық құрамы пипетка әдісі арқылы анықталды. Гранулометриялық анализдің мәліметтері 2-кестесінде көрсетілген. Саздың негізгі бөлігі 0,01-0,005; 0,005-0,001 және 0,001мм төмен фракциялардан тұрады. Яғни бұл мәлімет бентонит және монтмориллинитке тән жоғары дисперстікті көрсетеді.

Зерттелетін табиғи саз үлгілеріне сипаттау үшін термографиялық анализ жүргізілді. Жоғарыда айтылған үлгілердің термограммасы 1–3 суреттерінде көрсетілген. Суреттерде көрсетілгендей Шұқырой-1, Шардара-2, Шардара-3 кен орындарының табиғи бентонит үлгілерін қыздыру үш эндотермиялық эффектіге әкеліп соғады.

150 - 190 оС аралығында бірінші эндотермиялық эффект өтеді де негізгі массадан әлсіз байланысқан адсорбирленген су бөлінеді. Бәрімізге белгілі болғандай, адсорбирленген су монтмориллониттен 50-200 оС аралығында толығымен жойылады.

585-640оС аралығында екінші эндотермиялық эффект байқалынады және бентониттен мықты байланысқан кристалды су бөлінеді.

Ал үшінші эндотермиялық эффект 900-925оС аралығында байқалады. және минерал торының бұзылуымен сипатталады.



1 сурет. Шұқырой кен орнының табиғи (1) және

активтелген (2 және 3) бентонит үлгілерінің (Шұқырой 1/1

кен орны және Шұқырой 1/2 кен орны) термограммасы

1- кесте. Қаратау бассейні бентонит саздарының табиғи үлгісінің жаппай химиялық құрамы







Компоненттер құрамы, мас.%

Кен орны аты

SiO2

Al2O3

TiO2

Fe2O3

FeO

MnO

MgO

CaO

K2O

Na2O

SO3

P2O5

H2O-

H20+

Қоспалар

Шұқырой

1/1


64,12

9,50

0,80

7,05

0,28

0,65

0,00

1,25

1,33

1,64

0,32

0,28

6,47

5,31

0,39

Шардара 2/1

61,30

5,59

0,90

10,58

0,56

1,26

0,04

2,12

1,07

1,78

0,37

0,72

6,86

1,37

4,46

Шардара 3/1

50,53

7,66

0,80

8,17

0,28

4,09

0,16

6,00

1,06

2,57

0,31

0,75

7,14

2,60

8,18

2 – кесте. Қаратау бассейні бентонит саздарының табиғи үлгісінің гранулометриялық анализі




Кен орны аты

Фракция құрамы, %

0,001 мм кем

0,001-0,005 мм

0,005- 0,01 мм

0,01-0,05 мм

0,05-0,10 мм

0,10-0,25 мм

0,25-0,50 мм

Шұқырой 1/1

кен орны


47,88

46,05

5,42

0,65

-

-

-

Шардара 2/1

37,11

37,51

15,23

10,15

2,66

-

-

Шардара 3/1

25,90

50,09

16,03

5,32

-

-

-






2- сурет. Шардара кен орнының табиғи (3) және активтелген (2 және 3) бентонит үлгілерінің (Шардара кен орны 2/1 және Шардара 2/2 кен орны ) термограммасы




3-сурет. Шардара кен орнының табиғи (2) және активтелген (1) бентонит үлгілерінің ( Шардара 3/1 кен орны және Шардара 3/2 кен орны) термограммасы

Осы барлық үш эндотермиялық эффекттер әдебиет мәліметтері бойынша монтмориллонит сазына қатысты. Осыған сүйене отырып, қарастырылып отырған бентонит саз үлгілері монтмориллонит сазына жатады деп қорытындылауға болады.

Жоғарыда көрсетілген анализ мәліметтерін нақтылау үшін саз үлгілерінің коллоидальдылығы және ісіну коэффициенті анықталды.

Қаратау бассейн саздарының табиғи үлгісінің коллоидальдылығы мен ісіну коэффициенті 3-кестесінде көрсетілген.

Қаратау бассейн саздарының табиғи үлгілері монтмориллонит негізіне жататын болғандықтан, олардың ісіну коэффициенті мен коллоидальдылығы жоғары болады.
3-кесте. Саз үлгісінің коллоидальдылығы мен ісіну коэффициенті



Кен орны аты

24 сағ. аралығындағы тұндырудан

кейінгі коллоидальдылығы, %



Ісіну коэффициенті

Шұқырой 1/1 кен орны

35,3

4,37

Шардара 2/1 кен орны

68,4

6,25

Шардара 3/1 кен орны

84,8

6,05



    1. Бентонит саз үлгілерінің катионалмастырғыш сыйымдылығы мен қышқыл алмастырғыштығы


4.2.1 Табиғи саз үлгілерінің катионалмастырғыштығын анықтау

Минералдардың катионалмасу қасиеті негізгі қасиеттің бірі болып саналынады. Саздың катионалмастырғыш сыйымдылығы, оның ішінде гипстің, карбонаттың және суда ерігіш тұздың болуымен анықталынады.

Саздың катионалмасу қасиеті 4-кестесінде көрсетілген.
4-кесте. Табиғи саз үлгілерінің катионалмасу қасиеті,мг/экв/100г


Кен орны аты

Натрий

Кальций және магний

Катиондар суммасы

Шұқырой 1/1 к.

31,87

24.02

55,89

Шардара 2/2 к.

75,48

29,55

104,83

Шардара 3/1 к.

20,89

35,37

56,26

Зерттелген үлгілердің катионалмасу сыйымдылығы бірдей, 56,26-104,83 мг/экв/100 г құрайды. Натрийдың ион алмастырғышы 20,89-дан (Шардара 3/1 үлгі) 75,48 мг/экв-100 г-ге (Шардара 2/1 үлгі) дейін өзгерген. Бұл нәтижеден үлгілердің суда орташа және жақсы ісінуін көруге болады.

Жоғарыда көрсетілген нәтижелерге сүйене отырып, зерттелген Қаратау бассейні саз үлгілері монтмориллонит бентонит сазына жатады деп қорытынды жасауға болады.


      1. Бентонит саз үлгілерінің қышқылдық активациясы

Бентонит саздары жай түрде сорбциялық және каталитикалық қасиет көрсетпейді. Бұл нәтижелерге жету үшін қышқылдық активация жүргізіледі. Активацияны минералды қышқылдар көмегімен: тұз қышқылы, күкірт қышқылы, азот қышқылы және т.б. жүргізеді. Біз концентрациясы 20% болатын күкірт қышқылын таңдадық.

Қаратау бассейні бентонит саздарының күкірт қышқылымен активациясынан келесідей адсорбенттер алынды:

1/2 Адсорбенты – саз Шұқырой 1 кен орны, 6 сағат аралығында қайнаған булы моншада Н2SO4-мен активтелген.

2/2 Адсорбенты – саз Шардара 2 кен орны, 6 сағат аралығында қайнаған булы моншада Н2SO4-мен активтелген.

2/2 Адсорбенты – саз Шардара 3 кен орны, 6 сағат аралығында қайнаған булы моншада Н2SO4-мен активтелген.

Катионалмастырғыштық сыйымдылығының химиялық қасеттерін, активтелген және табиғи бентонит саздарының минералогиялық құрамын 5–9 -кестелерінен көруге болады.

Айта кететін жай, зерттелініп жатқан үлгілерде құрамында қанша қоспа бар екендііен кейін монтмориллонит саны анықталды.

5- кесте. Қаратау бассейнінің активтелген және табиғи бентонит саздарының химиялық құрамы




Бентонит сазының кен орны

Үлгілер

Компонент құрамы*, % (*- құрғақ зат)

SiO2

Al2O3

TiO2

Fe2O3

MgO

CaO

K2O

Na2O

қоспа

H20-

Шұқырой 1

кен орны


Табиғи 1/2

60,39

17,93

0,45

4,94

4,03

3,02

1,36

1,64

7,55

6,54

Активтелген

(1/2 Адсорбент)



70,89

14,66

0,36

10,58

2,24

1,18

1,34

1,78

5,67

5,79

Шардара 2

Табиғи 2/2

55,84

22,44

-

1,69

3,26

1,62

0,13

2,64

11,68

6,89

Активтелген (2/2 Адсорбент)

63,01

21,42

-

0,34

2,71

1,08

0,04

0,39

10,03

8,28

Шардара 3

Табиғи 3/2

56,48

24,13

-

0,80

5,32

1,92

0,30

0,27

8,28

5,73

Активтелген

(3/2 Адсорбент)



61,73

22,65

-

0,667

3,66

1,52

0,01

0,20

4,20

5,54

6- кесте. Қаратау бассейнінің активтелген және табиғи бентонит саздарының катион алмасу құрамы




Бентонит сазының кен орны

Үлгілер

Катионалмасу құрамы, үлгіде мг-экв/100

Na+

Ca2+

Mg2+

Қышқыл алмастырғыштық

Жалпы

қосындысы



суда еріт-кендегі рН

H+

Al3+

қосындысы

Шұқырой 1

кен орны


Табиғи 1/2

31,87

24,02

-

-

-

-

55,89

6,98

Активтелген

(1/2 Адсорбент)



1,25

2,35

-

2,05

34,85

36,90

40,50

-

Шардара 2

Табиғи 2/2

75,38

11,70

17,75

-

-

-

104,83

7,20

Активтелген (2/2 Адсорбент)

0,49

2,19

7,21

0,07

53,82

54,49

64,38

2,30

Шардара 3

Табиғи 3/2

10,66

68,21

21,50

-

-

-

100,37

6,35

Активтелген

(3/2 Адсорбент)



3,63

10,97

12,39

5,98

45,23

51,21

78,20

2,20

7- кесте – Активтелген және табиғи Шұқырой 1/2 кен орны бентонит үлгілерінің минералогиялық құрамы





Құрамы

Үлгілер

Жалпы

Бос күйінде

Каолинит

Ортоклаз

Карбо

наттар



Анортит

Алмастырғыштық

Суда ерігіштігі

Монтмориллинит


О

к



с

и

д



т

і

к


қ

ұ

р



а

м

ы



SiO2

Табиғи 1/2

60,39

15,42

4,26

5,04

-

1,25

-




34,42

1/2 Адсорбент

70,89

31,61

-

5,16

-

0,85

-




33,27

Al2O3

Табиғи 1/2

17,60

2,57

3,62

1,43

-

1,09

-




8,89

Адсорбент 1/2

14,66

2,87

-

1,46

-

0,72

0,59




9,02

Fe2O3

Табиғи 1/2

4,94

Лимонит



















4,94

Адсорбент 1/2

3,96

Лимонит



















3,96

MgO

Табиғи 1/2

4,03










0,88







-

3,15

1/2 Адсорбент

2,24




-




-







-

2,24

CaO

Табиғи 1/2

3,09







Гипс 0,70

1,08

0,63

0,67

0,01




1/2 Адсорбент

1,18

-




Гипс 0,75




0,37

0,06

-




Na2O

Табиғи 1/2

0,92
















0,90

0,02




1/2 Адсорбент

0,04




-




-




0,04

-




K2O

Табиғи 1/2

1,36







1.36













57,0

1/2 Адсорбент

1,34







1,34













53/40

Мин.

құрамы


Табиғи 1/2

бос

SiO2



Бос Al2O3

Каолинит

ортоклаз

Карб./ гипс

Анор

тит


Гидромусковит

Суда ерігіштігі

Монтмориллинит

1/2 Адсорбент

15

8

9

8

3/3

3

-

0,18

53,8




31/24

3

-

8

-/2

2

-

-

54,0

8- кесте. Активтелген және табиғи Шардара 2/2 кен орны бентонит үлгілерінің минерологиялық құрамы




Үлгілер

Бос

SiO2



Бос

Al2O3



Каоли

нит


Ортоклаз/альбит/

анортит


Гидромусковит


Лимо

нит


Карбонаттар/гипс

Сулы ерітінді

Монтморил-линит

Табиғи 2/2

9

3

7

-/3/-

1-ден жоғары

1

2/2

-

74

Адсорбент 2/2

25/19

3

-

-/2/-

-

-

-/-

-

70/53

9- кесте. Активтелген және табиғи Шардара 3/2 кен орны бентонит үлгілерінің минерологиялық құрамы




Үлгілер

бос

SiO2



Бос

Al2O3



Каоли

нит


Ортоклаз/альбит/

анортит


Гидромусковит


Лимо-нит

Карбонаттар/гипс

Сулы ерітінді

Монтморил-линит

Табиғи 2/2

8

2

21

-/4/-

3

-

-/-

3

58

Адсорбент 2/2

16/12

2

12

-/1/-

1

-

-/3

-

68/50

Бентониттің қышқылдық активациясынан кейін натрий, калий, кальций және магний катиондары төмендейді, алмастырғыштық кезінде сутегі және алюминий иондары түзіледі.

Анықталғандай, минералдың құрамында К2О болса, онда ол күкірт қышқылында жақсы ериді. К2О ең бай үлгі ол Шұқырой 1/2 к. - 8%, ал Шардара 3/2 к. - 3% және Шардара 2/2 к. - 1% құрайды.

5-кестесінен көрініп тұрғандай, Шұқырой 1/2 к. активтелген және табиғи бентонит үлгілерінде К2О саны бірдей, минерал құрамында К2О болса, онда ол ыстық күкірт қышқылында да ерімейді. Осыдан түйіндейтініміз, қышқылда калийдің ерімейтіндігінен және бентонит құрамындағы К2О саны - 8% болғандықтан, біз Шұқырой 1/2 кен орнының бентонит минералын ортоклаз (К2О-Al2O3 *6SiO2) деп санадық.

Шардара 2/2 және Шардара 3/2 кен орны активтелген бентонит үлгілерінде К2О саны (0,04-0,01%) құрайды, ал табиғи бентонит саз үлгілерінде К2О саны (0,13-0,30%) құрайды. Осыдан байқайтынымыз, құрамында К2О бар минерал күкірт қышқылында ериді.

Гидрослюда қышқылда еритіндіктен, қарастырылған бентонит минералы калий слюдасына – гидромусковитке (К2О*3Al2O3 *6SiO22О*) жатады. Шардара 2/2 кен орны бентонитінде 1%, ал Шардара 3/2 кен орны бентонитінде 3% гидромусковит бар (8 –9 кесте).

Бәрімізге белгілідей, монтмориллонит құрамында натрий тек алмастырғыштық кезінде болады. Шұқырой 1/2 к. бентонит үлгілеріндегі барлық Na2О саны натрий алмастырғыштық катионының (0,9%) және суда еритін тұздардың (0,02%) бөлігіне келеді (6 және 7-кестелер). Шұқырой 1/2 кен орны бентонит құрамындағы 0,3% Na2О қандай да бір бентонит қоспа құрамына кіреді. Осыдан көретініміз альбит (Na2О*Al2O3*6SiO2) қоспасы шпатты алаңына жатады.

Шардара 2/2 кен орны бентонит құрамында 2% альбит бар. Бірақ, Шардара 2/2 бентонит құрамында суда еритін тұздар жоқ (8-кесте).

Ал, Шардара 3/2 кен орны бентонит құрамында 4% албит және 3% суда еритін тұздар бар (9- кесте).

Шұқырой 1/2 кен орны бентонит үлгісіндегі барлық СаО саны (3,02%), кальций алмастырғыштық катионындағы СаО 0,67%, гипстегі СаО 0,7%, анортиттегі СаО 0,57%, карбонаттағы СаО 1,08% болып келеді (4.6-кесте). Шұқырой 1/2 кен орны бентонит құрамында: анортит 3%, гипс 2%, карбонаттар 0,18% және суда еритін тұздар бар (7-кесте).

Ал, Шардара 2/2 кен орны бентонит құрамында: гипс 2%, карбонаттар 2% бар. Шардара 3/2 кен орны бентонит құрамында гипс жоқ (8–9-кестелер).

Магний ионы ионалмастырғыш құрамында, карбонаттар, суда еритін тұздар және де монтмориллониттің кристаллдық құрылымында болуы мүмкін (7–9-кестелер).

Fe2O3 бентонит құрамында лимонит қоспа ретінде кездесе алады және монтмориллонит құрылымына кіреді. Егерде лимонит құрамында темір болатын болса, онда бентониттің қышқылда активтелгенінде лимонит тез ериді. Шардара 2/2 кен орны бентонит құрамында 1% лимонит бар екенін 8-кестеден көре аламыз. Шұқырой 1/2 кен орны және Шардара 3/2 кен орны бентониттегі темір монтмориллониттың кристаллдық торында орналасқан (7 және 9-кестелер).

Бентонит құрамында қанша монтмориллонит минералы бар екенін білу үшін, монтмориллонит құрылымына кіретін Al2O3 мен SiO2 саны анықталынды. Ол үшін жалпы құрамдас үлгінің Al2O3 катионалмастырғыштық бөлігінен, каолиттегі, альбиттегі, анортиттегі, ортоклаздағы, гидромусковиттегі Al2O3 алынды. Монтмориллонит құрылымына кіретін SiO2 санын анықтау үшін, жалпы құрамдас үлгінің SiO2нен каолиттегі, альбиттегі, анортиттегі, ортоклаздағы, гидромусковиттегі SiO2 алынды.

Шардара 2/2 кен орны бентонитінде 74% монтмориллонит бар екенін 7 –9 - кестелерінен көруге болады.

Басқа бентониттермен салыстырғанда Шардара 2/2 кен орны бентонитінде монтмориллонит саны көп. Оның құрамында монтмориллонит пен натрий катионалмастырғыштық санының көп болуы, таза натрийлі бентонитке жатуына байланысы. Бірақ суда өте қатты ісінеді.

Шұқырой 1/2 кен орны бентониті де натрийліге жатады және ол да суда жақсы ісінеді.

Шардара 3/2 кен орны бентонитінде кальций катионалмастырғыштық саны көп болғандықтан, олар суда нашар ісінеді.

Қарастырылып отырған табиғи және активтелген Қаратау бассейні бентонит үлгілерінде ионалмастырғыштық темірі жоқ.

Активтелген қышқылдың сутегі ионы монтмориллонит құрылымына тереңдей еніп, құрылымнан Al3+, Mg2+, Fe3+ иондарын ығыстыра алады. Осыдан монтмориллонит құрылымы бұзылады. Қышқылдық өндіру арқасында бентонит саздарының құрамы сапалық өзгеріске түседі. Біріншіден, қышқылдық өндірілген үлгілерде қышқылдық алмастырғыштық (Н+, Al3+) түзіледі.

Сонымен қатар, бентониттің қышқылдық активация кезінде катионалмастырғыштың сутегі ионын ығыстырудан бөлек, монтмориллониттің крситаллдық құрылымы бұзылады да, саздағы минерал саны төмендейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет