Бектеміров Ә. К



Дата27.06.2016
өлшемі70.06 Kb.
#160215
КӘСІБИ АУРУЛАРДЫ ЕРТЕ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУҒА ҒЫЛЫМИ ТӘСІЛДЕР

Бектеміров Ә.К., э.ғ.к., Отаров Е.Ж., м.ғ.д., Хан А.В., м.ғ.к.,

«ҚР ДСӘДМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ҒЗИ» РМҚК

Аннотация: Мақалада кәсіби ауруларды анықтау мен алдын алу бойынша



іс-шаралар баяндалған.
Халықтың денсаулығын сақтау және өндiрiстегi өлімді азайту мәселелері, тек әлеуметтiк мәселелердi шешуде ғана емес, сондай-ақ қоғамдық еңбектiң экономикалық тиiмдiлiгін арттыруда да өзекті және басым бағыттарының бiрiне жатқызылған. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Үкіметі басшылығымен өткізген жұмыс кеңесінде «Халық денсаулығы – елдің басты байлығы, және де ол стратегиялық маңызды мәселелер қатарына жатады» -деп атап көрсетті.

Отандық және шетел ғалымдарының әдебиеттік деректерін талдау өнеркәсіптік салалардағы кәсіпорындар көтеріңкі өнеркәсіптік қауіпті объектілер мен жоғары тәуекелдер саласын білдіретіні туралы көрсетеді. Бірқатар ғалымдардың пікірлері бойынша өндірістегі еңбек процесінде тәуекелдік жағдайлардан толықтай құтылу бүгінде іс жүзінде мүмкін емес, өйткені шаруашылық жүргізудің жаңа нысандарына елдің көшу жағдайларындағы заманауи әлеуметтік-экологиялық жағдайдың ерекшеліктері жұмыс істейтін халықтың кәсіби-жасы бойынша барлық топтарының еңбек қызметінің құрылымы мен уәждемесін өзгертті.

Қазіргі уақытта кәсіби аурулардың дамуын болжау үшін кәсіби тәуекелдерді бағалаудың негізді тәсілдері мен әдістері, сондай-ақ Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) мен Бүкiлдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) заманауи тұжырымдамалары тұрғысында олардың критерийлері әзірленді. Кәсіби тәуекелдерді бағалау жүйесі денсаулықты бұзудың априорлық (гигиеналық критерийлері бойынша), сондай-ақ апостериорлық (медицина-биологиялық критерийлері – денсаулық көрсеткіштері бойынша) болжауды да қосады. Кәсіби тәуекелдерді бағалаудың отандық жүйесі мыналарға негізделген:


  • өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау көмегімен еңбек процесі мен өндірістік ортаның жекелеген факторлары бойынша жұмыс істейтіндердің еңбек жағдайларын талдау;

  • шекті рұқсат етілген концентрацияларын және деңгейлерін (ШРЕК, ШРЕД ) белгілеумен олардың нақты шамаларын салыстыру көмегімен зиянды және қауіпті факторлардың әрекеттерін шекті бағалау;

  • өндірістік орта факторларының жиынтығы мен еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істейтіндердің денсаулығына олардың әсерін гигиеналық бағалау.

Кәсіби тәуекелдерді ақырғы бағалау үшін мерзімдік медициналық тексерулердің, еңбекке уақытша жарамсыздық аурулардың, төлқұжатпен салыстырғандағы биологиялық жасының, өлім-жітім, мүгедектік, ұрпақты болу денсаулығының бұзылуы мен ұрпақтың денсаулығы нәтижелері сияқты қызметкерлер денсаулығының әлеуметтік-мәнді маңызды көрсеткіштері бойынша да талдау жүргізу мақсатты.

Кәсіби тәуекел әдіснамасы кәсіби аурулар мен ерекше емес аурулардың туындау ықтималдығын болжауға, жұмыс орындары мен кәсіптерде өтілдік жүктемелерді анықтауға мүмкіндік береді, алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулердің рөлін арттырады, осылайша өндірістің зиянды жағдайларындағы жұмыс ұзақтығы мәселелерін шешуге себептеседі.

Қазақстан Республикасындағы өнеркәсптік денсаулық сақтаудың бар әлеуеті зиянды және қауіпті еңбек жағдаларында жұмыс істейтін қызметкерлерге медициналық көмектің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етеді. Сонымен, 2014 жылы «ҚР ДСӘДМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді орындаумен қатар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда қатысты. Ғылыми-технкалық бағдарлама шеңберінде «Кәсіби аурулардың алдын алу және тәуекел топтарын ерте анықтау әдістемесі әзірленді».

Әдістеме келесі бөлімдерді қарастырады:



  1. Қызметкердің денсаулығы үшін тәуекелді талдау. Бұл бөлімде априорлық және апостериорлық бағалаумен қатар кәсіби аурулар тәуекелін сандық бағалау бар (ақпараттық әдістер спектрі).

  2. Қызметкерлер денсаулығының функционалдық күйінің ерекшеліктерін зерделеу мен денсаулық бұзылуының қалыптасу ерте критерийлерін анықтау.

  3. Денсаулықтың бұзылуын даму тәуекелін төмендету бойынша іс-шаралар.

  4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтық, заңнамалық негіздер мен нормативтік материалдарды жетілдіру.

Аталған әдістемені практикаға енгізу еңбекті қорғау мен қызметкердің денсаулығын басқаруға бағытталған профилактикалық шараларды уақытылы қабылдауға өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмыс берушілеріне мүмкіндік береді. Әдістеме іс-шаралары қолайсыз өндірістік факторлар кешенінің әсерімен шартталған адам денсаулығына қауіп төнуінің даму ықтималдығын төмендету мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне жағдай жасайды.




НАУЧНЫЕ ПОДХОДЫ К РАННЕМУ ВЫЯВЛЕНИЮ

И ПРЕДУПРЕЖДЕНИЮ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫХ ЗАБОЛЕВАНИЙ

Бектемиров А.К., к.э.н., Отаров Е.Ж., д.м.н., Хан А.В., к.м.н.,

РГКП «Республиканский НИИ по охране труда МЗСР РК»

Аннотация: В статье изложены мероприятия по выявлению и предупреждению профессиональных заболеваний.

Вопросы охраны здоровья населения и снижения смертности на производстве отнесены к одним из актуальных и приоритетных направлений не только в решении социальных проблем, но и в повышении экономической эффективности общественного труда. Глава государства Назарбаев Н.А. на рабочем совещании с руководством Правительства Республики Казахстан особо отметил, что «Здоровье народа – главное богатство страны, и оно относится к разряду стратегически важных вопросов».

Анализ литературных данных отечественных и зарубежных ученых свидетельствует о том, что предприятия промышленных отраслей представляют собой сферу высоких рисков и объектов повышенной промышленной опасности. По мнению ряда ученых полностью избежать рисковых ситуаций в процессе труда на производстве сегодня уже практически невозможно, так как особенности современной социально-экологической ситуации в условиях перехода страны на новые формы хозяйствования изменили структуру и мотивацию трудовой деятельности всех профессионально-возрастных групп работающего населения.

В настоящее время разработаны принципиальные подходы и методы оценки профессиональных рисков для прогнозирования развития профессиональных заболеваний, а также их критерии в свете современных концепций Всемирной организации здравоохранения и Международной организации труда. Система оценки профессионального риска включает как априорное (по гигиеническим критериям), так и апостериорное (по медико-биологическим критериям – показателям здоровья) прогнозирование нарушения здоровья. Отечественная система оценки профрисков основана на:

- анализе условий труда работающих по отдельным факторам производственной среды и трудового процесса с помощью аттестации производственных объектов по условиям труда;

- пороговых оценках действия вредных и опасных факторов с помощью сопоставления фактических их величин с установленными предельно-допустимыми концентрациями и уровнями (ПДК, ПДУ);

- гигиенических оценках совокупности факторов производственной среды и их влияния на здоровье работающих в производствах с вредными и опасными условиями труда.

Для окончательной оценки профессионального риска целесообразно проводить анализ еще по таким социально-значимым важным показателям здоровья работников, как результаты периодических медосмотров, заболеваемости с временной утратой трудоспособности, биологического возраста в сравнении с паспортным, смертности, инвалидности, нарушения репродуктивного здоровья и здоровья потомства.

Методология профессионального риска позволяет прогнозировать вероятность возникновения профзаболеваний и неспецифических заболеваний, определять стажевую нагрузку на рабочих местах и профессиях, повышает роль предварительных и периодических медицинских осмотров, тем самым способствует решению вопросов продолжительности работы во вредных условиях производства.

Существующий потенциал промышленного здравоохранения в Республике Казахстан обеспечивает достаточный уровень медицинской помощи работникам с вредными и опасными условиями труда. Так, в 2014 году РГКП «Республиканский НИИ по охране труда МЗСР РК» наряду с выполнением прикладных научных исследований в области охраны труда участвовал в реализации Госпрограммы развития здравоохранения Республики Казахстан «Саламатты Қазақстан» на 2011-2015 годы. В рамках научно-технической программы разработана «Методика раннего выявления групп риска и предупреждения профессиональных заболеваний».

Методика предусматривает следующие разделы.

1. Анализ риска для здоровья работников. Этот раздел наряду с априорной и апостериорной оценками содержит количественную оценку риска профессиональной заболеваемости (спектр информативных методов).

2. Изучение особенностей функционального состояния организма работников и определение ранних критериев формирования нарушений здоровья.

3. Мероприятия по снижению риска развития нарушений здоровья (профессиональной заболеваемости).

4. Совершенствование правовых, законодательных основ и нормативных материалов в области безопасности и охраны труда.



Внедрение в практику данной методики позволит работодателям промышленных предприятий своевременно принимать профилактические меры, направленные на охрану труда и управления здоровьем работника. Мероприятия методики будут способствовать обеспечению безопасности труда и снижению вероятности развития угрозы здоровью человека, обусловленной воздействием комплекса неблагоприятных производственных факторов.
____________




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет