Томас Кунның ғылыми революция теориясы
Кунның концепциясында парадигма деген сол ғылыми ұжыммен қолданатын жалпы идеялардың жиынтығы мен методологиялық ұстанымдары. Парадигмаға келесі екі қасиеттер тәрізді:
1. Ол ғылыми ұжымның қызметінің негізі болып қабылданады
2. Ол өзгеріс сұрақтарды, яғни зерттеушілерге жол ашады.
Парадигма – ол әр ғылымның бастамасы, мақсатқа сай фактілерді іріктеуге және оларды сараптауға бағытталған. Парадигма әлде «пәндік матрица» келесі маңызды компоненттерден тұрады:
.
- 1. «Мағыналық жалпылау» - ол ғылыми топтың мүшелерімен логикалық түрде күмәнсіз және қайшысыз қолданатын пікірлер
.
- 2. «Парадигманың метафизикалық бөлшектері», мысалы, «жылу дегеніміз затты құрастыратын бөлшектердің кинетикалық энергиясы»
- 3. Құндылықтар, мысалы, болжауға қатысты, сандық болжаулар сапалықтан үстемді болу қажет
.
- 4. Жалпы бәрімен қабылданған үлгілер
Осы компоненттердің барлығы ғылыми ұжымның барлық өкілдерімен білім алу кезеңінде қабылдану керек, олардың ролі кейін «нормалы ғылым» кезеңінде қызметінде үстемді және негізгіге айналады. «Нормалы ғылым» кезеңінде Кун фактілерді үш түрге бөледі: 1. Заттың мәнің ашуға арналған фактілер; зерттеу бұл кезде фактілерді анықтау мен кең жағдайларда белгілеуден тұрады; 2. үстемсіз, қызықты емес фактілер, бірақ парадигмалдық теорияны шығарғанда салыстыруға қажетті; 3. парадигмалды теорияны шығаруға үшін керекті эмпириялық жұмыс.
Бірақ осымен ғылыми қызмет шектелмейді. «Нормалы ғылымның» сол қабылданған парадигманың шеңберінде дамуы парадигманың өзінің күшімен байланысты, яғни, ол пайда болып жатқан ғылыми мәселелерді шешкенше дейін. «Нормалы ғылымның» бір кезеңінде парадигманың болжауымен бақылаудың нәтижелерінің арасында қайшы туады, аномалийлер шығады. Сол аномалийлердің саны көбейгенде ғылымның нормалы ағылымы тоқтап, дағдарыс туылады, осы жағдайды тек жаңа парадигмаға әкелетін жаңа ғылыми теориямен шешуге болады.
Кунның ойынша, жаңа парадигма өзіне ескіні нақты оқиға түрінде кіргізеді деген пікір жалған. Кун парадигмалардың өлшемсіздігі туралы тезис ұсынды. Парадигманы өзгерткенде ғалымның бүкіл әлемі өзгереді, сөйтіп, ғылыми бақылаудың объективтік тілі жоқ. Ғалымның қабылдауы парадигманың әсеріне бағынады.
Т. Кунның ең үлкен жетістігі – ол ғылымның табиғаты мен прогресін ашуға жаңа подход тапты. К. Поппердің ғылымның дамуын тек логикалық ережелер арқылы шешуге болады деген пікірге қарағанда, Кун өзгеше осы мәселеге адамдық факторды оның шешіміне жаңа, әлеуметтік және психологиялық мотивтерді еңгізді.
Т. Кунның кітабы, «Нормалы ғылым» атты ұғым және оның интерпретациялары» көп пікір-таластар тудырды.
«Нормалы ғылым» атты ұғымның түсінігіне сыңау үш бағыттан тұрады. Бірінші, ғылыми қызметте «нормалы ғылым» атты құбылысты мүлдем жоққа шығару. Осы пікірді ұстанған Дж. Уоткинс. Оның айтуынша, ғылым ешқашанда өз орынынан жылжымас еді, ғалымдардың қызметінің негізгі формасы «нормалы ғылым» болса. Оның пікірінше, осындай «нормалы ғылым» деген қызықсыз және батырсыз қызмет жоқ, Кунның «нормалы ғылымынан» революция шықпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |