Адам өз қызметінің нәтижесінде ландшафтқа қандай да бір түрде әсер етеді, сандық антропогендік және техногендік әсердің мөлшері жүктеме болып табылады. Ландшафттың табиғи компоненттері үшін жүктеме геожүйеге тікелей немесе жанама әсер етеді. Антропогендік жүктеменің әсерінен, ғалымдардың пікірінше, топыраққа байланысты бірқатар проблемалар туындай ды деп болжайды: эрозия процесінің жоғары болуы, тұздану, шөлейттену, құрғап кету, т.б.
Қоршаған ортаға адамның тигізетін әсерін бағалау және онымен жүргізілетін іс-шаралар тізімін дайындау мақсатында келесі ұғымдарды ажырату қажет: антропогендік әсер, техногендік әсер, антропогендік жүктеме, табиғи жүйелердің бұзылуы, экологиялық бағалау.
Антропогендік жүктеме түсінігі әртүрлі қабылданады. Көп жағдайда жүктеме деп ортаның бұзылуы немесе оның ластануы ретінде түсінеді. Ластану көбінесе айналаға шаң, тұрмыстық және өнеркәсіптік ағындардың газы тасталымдарымен байланысты болады. Ластану деп материя қозғалысының пайда болу деңгейлерін ұйымдастырудың табиғи үлгісінен ауытқудың теріс салдарларына әкеп соқтыратын антропогендік негізделген ластануды түсінген жөн (Стурман, 1999). Басқалары осы терминдер арасында айырмашылық бар деп біледі.
Ландшафттарға антропогендік жүктеме қарқындылығын бағалау көрсеткіштерінің негізі ретінде келесі көрсеткіштер келтірілген: техногенді түзілімдер; халық тығыздығы; транспорттық жүйе; ауыл шаруашылығы саласы бойынша мал басының саны мен егістік алқаптарының ауданы; өнеркәсіптік өндірістің көлемі. Ландшафттарға антропогендік жүктеме қарқындылығын бағалау нәтижелерін есептеу келесі формула (1) арқылы анықталады:
𝑈 = 𝑘𝑖1 ∗ 𝑥𝑖1 + 𝑘𝑖2 ∗ 𝑥𝑖2+. .. (1)
ki – салмақтық коэффиценті
xi- i көрсеткішінің мәні
Салмақтық коэффициенттер (1-кесте) ландшафттарға антропогендік жүктеме қарқындылығы бойынша көрсеткіштерді саралауға негізделген сараптамалық әдіспен белгіленеді. Көрсетілген факторларды сипаттайтын көрсеткіштер антропогендік жүктеменің қарқындылығы бойынша бассейн аумағын аймақтарға бөлудің (ранжирлеудің) негізіне айналды.
Кесте 1
Достарыңызбен бөлісу: |