Белгілі бір халықтың құндылықтар өлшемін құрайтын іргелі категориялар



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата06.10.2022
өлшемі326.44 Kb.
#462099
1   2   3   4   5
Аңдатпа Шормақова АБ

Зерттеудің практикалық құндылығы. Жұмыстың негізгі материалдары 
мен теориялық тұжырымдарын жоғары оқу орындарында антропоөзектік 
парадигма 
аясындағы 
когнитивтік 
тілтаным, 
лингвомәдениеттану, 
этнолингвистика салаларын оқытуда, көркем мәтінді талдау мен оқушының 
танымдық біліктілігін кеңейтуге қатысты білім жүйесінде, оқулықтар мен оқу 
құралдарын жасауда, арнайы семинар мен арнайы курстық, аудиториялық дәріс 
оқуда, медицина, биология, фармакология, фармацевтика факультеттерінде 
оқитын студенттерге дәріс оқуда, лексикографиялық тәжірибеде пайдалануға 
болады. 
Зерттеу жұмысы бойынша жинақталған материалдар негізінде қазақ 
тіліндегі танымдық деңгейге көтерілген өсімдік атауларын қамтитын 
floratanym.kz сайты әзірленді.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар: зерттеу барысында қол 
жеткізген нәтижелерге сүйене отырып, қорғауға төмендегідей тұжырымдар 
ұсынылады:
1. Лингвомәдениеттанымдық 
бағыттағы 
тұжырымдарға 
сүйенген 
диссертациялық зерттеудің барысында өсімдік атауларына қатысты 
лингвомәдени бірліктерді былайша жіктеуге болады: 1) халықтың материалдық 
мәдениетін көрсететін лингвомәдени бірліктер; 2) халықтың рухани мәдениетін 
көрсететін аксиологиялық лингвомәдени бірліктер: архетиптер, мифологемдер, 
символдар; 3) салт-дәстүр ерекшелігін көрсететін лингвомәдени бірліктер: 
ырымдар мен тыйымдар, т.б.; 4) ұлттық мәдени құндылықтарды танытатын 
паремиологиялық, фразеологиялық, ономастикалық, мәдени-коннотаттық 
бірліктер;
2. Тіл арқылы этнолингвистикалық, лингвомәдени, прагматикалық сипатта 
сақталған өсімдіктер әлемінің тіл иесі санатының ғасырлар бойы қордаланған 
терең қатпарларына еніп, төл мәдениетімізбен сіңісіп кеткен танымдық қасиеті 
«тіл мен ұлт», «тіл мен мәдениет» сабақтастығындағы қағидаға сәйкес 
айқындалады;
3. Табиғат – адам – қоғам сабақтастығына сай көшпенді мәдениет өкілдері 
ретіндегі халықтың өмір тәжірибесінде құндылықтық, экологиялық асыл 
қасиеттерді ұрпақ санасына сіңіріп тәрбиелеуде, салт-дәстүрлердің ұлт 
болмысымен байланысын қалыптастыруда табиғат аясында өмір кешкен ата-
бабамызға етене таныс, күнделікті тұрмысында ерекше мәні болған өсімдік әлемі 
айшықты таңбаланған тілдік бейнесін зерттеу арқылы ашылады;
4. Қазақ тіліндегі өсімдік атауларын лингвомәдени тұрғыдан зерттеу 
арқылы олардың күнделікті тұрмыстағы пайдасы мен қызметіне (емдік, 
тұрмыстық, қолөнер, т.б.) сай, прагматикалық, көркемдік-сәндік қызметіне, діни, 
мифтік, архетиптік танымына қатысты аксиологиялық мәні ашылады;
5. Қазақ көркем ойлау жүйесіне тән қазақ танымындағы өсімдік 
атауларының мәдени коннотациясы, символдануы арқылы қалыптасқан 
ассоциативті-вербалды құрылымын қазақ дүниесін танытатын лингвомәдени код 
ретінде тануға болады (жусан – Отан, жусан – туған жер, жусан – балалық шақ, 
жусан – ыстық мекен, жусан – сағыныш, жусан – қазақ даласы, т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет