Белгісіздік және тәуекелділік жағдайында басқарушылық шешімдер қабылдау Мақалада «Дәуір Сервис»



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата18.02.2024
өлшемі2.1 Mb.
#492300
1   2   3   4   5   6   7   8   9
белгісіздік

 – қалыпты ауытқу 
 – айнымалы шаманың нақты көрсеткіші 
 – орташа көрсеткіш 
 – стандарттық ауытқу 
Статистикалық есептеулер көрсеткендей: 
– 1 стандарттық ауытқуда қалыпты ауытқу-
дың 68,26 % болады. 
– 2 стандарттық ауытқуда қалыпты ауытқу-
дың 95,44 % болады. 
– 3 стандарттық ауытқуда қалыпты ауытқу-
дың 99,74 % болады. 
«Дəуір-Сервис» ЖШС 42*45 форматтағы га-
зет қағаздарының көрсеткіштері негізінде сату 
көлемі белгісіз болған жағдайдағы зиянсыздық 
нүктесін анықтап көрейік: 
Тұрақты шығындар 230 000 теңгені құрайды. 
Ал айнымалы шығындар 1 кг газет қағаздары 
үшін 100 теңге.
Сату бағасы тұрақты 123 теңгеге тең. Бірақ 
жылдық сату көлемі белгісіз. Орташа күтілетін са-
ту көлемі 20 000 кг. Ықтималдықтың бөлінуі (та-
ратылуы) қалыпты деп танылады. Орташа квад-
раттық ауытқу 5000 кг. Анықтау керек: 
1. Зиянсыздық нүктесін? 
2. Зиянсыздық нүктесіне қол жеткізу ықти-
малдық деңгейін? 
3. 25 000 кг өнім көлеміндегі пайда табу ық-
тималдық деңгейін? 
4. 12 000 кг өнім көлеміндегі зиян шегу ықти-
малдық деңгейін? 
Есептелуі: 
1. Зиянсыздық нүктесі
Зн = 230 000 / (123 – 100) =10 000
2. Қалыпты ауытқу: 
Z=(10 000 - 20 000) / 5000 = -2 
Қалыпты ауытқу кестесінің көрсеткіштері 
бойынша Z=-2 болған жағдайда, ықтималдық 
деңгейі 0,97725 (1-0,02275) немесе 97,725% 
(0,97725 *100%) болады.
3. 25 000 кг өнім көлеміндегі пайда табу ық-
тималдық деңгейі
Зн = 230 000 + 25 000 / (123 – 100) = 11 087
Z=(11 087 – 20 000) / 5000 = -1, 7826 
Қалыпты ауытқу кестесінің көрсеткіштері 
бойынша 25 000 кг өнім көлеміндегі Z=-1, 7826 
болған жағдайда, пайда табу ықтималдық дең-
гейі 0,9625 (1-0,0375) немесе 96,25% 
(0,9625*100%) болады. 
4.12 000 кг өнім көлеміндегі зиян шегу ықти-
малдық деңгейі: 
Зн = 230 000 – 12 000 / (123 – 100) = 9478 
Z=(9478 – 20 000) / 5000 = -2, 1044 
Қалыпты ауытқу кестесінің көрсеткіштері 
12 000 кг өнім көлеміндегі Z=-2, 1044 болған 
жағдайда, зиян шегу ықтималдық деңгейі 
0,98214 (1-0,01786) немесе 98,214% болады.
Қорытынды. Джедике мен Робичек тəсілін 
қолдану арқылы келесідей нəтижелер анықтал-
ды:
1. Ұйым зиянсыздық нүктесіне 10 000 кг өнім 
көлемінде қол жеткізеді. 
2. Зиянсыздық нүктесіне қол жеткізу ықти-
малдық деңгейі – 97,725%. 
3. 25 000 кг өнім көлеміндегі пайда табу ық-
тималдық деңгейі – 96,25%. 
4. 12 000 кг өнім көлеміндегі зиян шегу 
ықтималдық деңгейі – 98,214%. 
Жоғарыда қарастырылған белгісіздік жағ-
дайы кезінде қолданылатын шешімдер терегі 
жəне Джедике мен Робичек тəсілінің жалғасы 
ретінде ықтималдықтың сенімділік дəрежесін 
анықтау үшін Каплан-Мейер бағалауымен 
өміршеңділіктің сенімді интервалы дəрежесі 


ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №2 (108). 2015
58
Белгісіздік және тәуекелділік жағдайында басқарушылық шешімдер қабылдау
əдістері ұсынылып отыр. Осы əдістерді жеке 
жеке қарастырайық: 
Каплан-Мейер бағалауы
Цензурлау – бұл белгілі бір объектінің 
қысқару кезеңінен бастап толық емес уақыт ке-
зіндегі бақылану жағдайы.
Цензурланған, бірақ топталмаған бақы-
лаулардың өмірлік уақытын жəне өміршеңділік 
функциясын бағалауға мүмкіндік бар. Оны ке-
лесідей анықтаймыз: 
Таңдалған  – уақыт сəттері болсын.
Əрбір уақыт сəттері үшін осы сəттен өту 
ықтималдығын бағалап көрейік.
Мұндай бағалау осы сəттен өткендердің 
саны мен осы сəтті сырттан бақылаушы санда-
рының өзара қатынасы болады. Сонда ықти-
малдықтарды көбейту ережесіне сəйкес, өмір-
шеңділік ықтималдықтарын əрбір интервалда
көбейту арқылы келесі формуланы аламыз: 
Өміршеңділік функциясын бағалау келесі 
формула арқылы есептеледі: 
������ � ∏


��




���

(3) 
мұндағы: 
шығып қалғандарды есепке алмаған-
дағы – уақыт сəтіне дейін сақталған объект 
сандары; 
уақыт сəтінде өзгеріске ұшыраған 
объект сандары; 
 – нəтиженің ықтималдығы. 
Ескеретін бір жайт, ең болмағанда бір нəти-
же орын алуы мүмкін уақыт сəттерінің шама-
сын ғана көбейтуге болады, өйткені егер 
болса, онда
болады. Ал 
шаманы 1-ге көбейту ешқандай нəтиже бер-
мейді. 
Көбейтілген бағалау деп аталатын өміршеңді-
ліктің функциясын бағалауды алғаш 1958 жылы 
Капланом мен Мейер ұсынған болатын [2]. 
Стратегиялық басқару есебіне қатысты 
қаржылық тəуекелділіктің маңызды көрсеткі-
шіне компанияның шығындарының құрылымы 
жатады. Шығындарды дəстүрлі түрде тұрақты 
жəне айнымалы деп бөлу ішкі басқару есебінің 
базалық элементі болып табылады, дегенмен 
бұл талдау, егер ол дұрыс орындалған жағ-
дайда, өте үлкен стратегиялық маңызға ие.
Компанияның қаржылық тəуекелділігі, өз 
кезегінде, тұрақты жəне айнымалы шығындар-
дың үлесінің арақатынасына тəуелді болады. 
Тіпті, тек қана ішкі ресурстарды қолданған 
жағдайда, бəрібір елеулі тұрақты шығындарды 
болдырмауға мүмкіндік беретін варианттарды 
табуға болады, егер олармен қауымдасқан 
тəуекелділік күтілетін пайдамен салыстырғанда 
тиімсіз болса.
Бұл феноменді төмендегі сурет толығымен 
сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет