Белоктардыњ ќ±рылысы жєне ќызметі


Протеиндердің физика-химиялық қасиеттері



бет14/19
Дата12.10.2023
өлшемі3.96 Mb.
#480570
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
L1БелокKZ

Протеиндердің физика-химиялық қасиеттері.
Протеиндердің суда ерігіштігі.
Протеиндердің көп бөлігі гидрофильді болып табылады. Бірақ протеиндік молеклалар өте үлкен өлшемде болады, сондықтан протеиндер шынайы ерітінділерді түзе алмайды, тек коллоидтық ерітінділерді түзеді. Оның сыртқы көрінісі Тиндаль эффектісінде (немесе Тиндаль конусында) байқалады. Тиндаль эффектісі протеиндік ерітінді арқылы жарықтың жіңішке шоғырынан өткенде оның шашырауымен байқалады. Үлкен өлшемде болғанына қарамастан көптеген протеиндердің молекулалары сулы ерітінділерде тұнбаға түспейді. Протеин молекуласының тұнбасына протеиндік ерітіндіні тұрақтандырушы факторлар қарсылық жасайды.
Ерітіндідегі протеинді тұрақтандырушы факторлар.
1. Гидраттық қабық – протеиндік молекуланың бетінде белгілі бір бағытпен бағытталып орналасқан су молекласынан тұратын қабық. Көптеген протеиндік молекулалардың беттері теріс зарядталған және оларға су молекуласының дипольдері оң зарядталған полюстері арқылы тартылады (суретті қараңыз).

Гидрофобтық бөлік


Протеин молекуласы



П
Бос су

Гидраттық қабық

Гидрофилдік бөлік (зарядталға, зарядталмаған
ротеин молекуласының гидрофильдік қасиеттері жоғары болған сайын, оның құрамында және бетінде АҚ-дың полярлы радикалдары көп болған сайын, оның гидраттық қабықты тартуы және түзуі күшті байқалады және онда қабат қалыңдау болады. Гидраттық қабықтағы су ерекше қасиеттерді көрсетеді: ол бос болмайды, керісінше протеин молекуласымен байланысқан болады.
Бұл – «байланысқан» су. Ол протеиндікке жатқызылады және сондықтан ерекше қасиеттерді көрсетеді.


Гидраттық қабықтағы судың қасиеттері:
а) қайнау температурасы 100о С-тан жоғары;
б) қату температурасы 0о С-тан төмен;
в) судағы гидраттық қабықтар әртүрлі тұздарда және басқа да гидрофильдік заттарда ерімейді;
г) әрбір протеиннің молекуласын қоршаған гидраттық қабық, бұл протеин молекулаларында басқа заттардың әсерлесуін жүргізбейді, сондықтан тұнбаға түсірмейді;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет