Берілген сөйлемдердегі сөздердің арасындағы синтаксистік байланыстарды айқындап, ол байланыстардың ерекшелігіне кешенді сатылай талдау үлгісі бойынша талдау жаса



Дата19.11.2023
өлшемі15.85 Kb.
#483719
II рубежка - ДКЯЛ-201 С грамматикалық талдау


2 – межелік бақылау тапсырмасы

Тапсырма: Берілген сөйлемдердегі сөздердің арасындағы синтаксистік байланыстарды айқындап, ол байланыстардың ерекшелігіне кешенді сатылай талдау үлгісі бойынша талдау жаса.


Жұмабайдың басын көтеріп, тымағын түзеуге де мұршасы келмеді. Абай есіктен кіре, үйде отырған үлкендерге ашық дауыспен, айқын етіп сәлем берді. Құнанбайдың мына баласын осында шақыртып алып отырғанын және жаңағыдай етіп бұларға танытқалы отырғанын өзгеден Қаратай бұрын аңғарған. Қырын отырған әкесінің үлкен, кесек пішіні Абайға жартылай ғана көрінеді. Тегінде ертекші, өлеңші, не басқа әңгімеші адамға талай уақыт тапжылмай тесіле қарап қалу Абайдың кішкентай күнінен бергі әдеті еді. Жалғыз көз шүңет емес, томпақша. Тесіле, сыздана қарайды. Кірпігін де сирек қағады. Иығына бота ішігін жамылып, шалқия сөйлеген Құнанбай осы үйде әркімге қарамайды. Қарсысына таман отырған Сүйіндікке ғана қадалып сөйлейді. ...Екеуі ақырын аяңдап бейіт басына келді. Қодар құран оқи білмейді. Қамқа да оқыған емес.


ЕСКЕРТУ: Берілген тапсырманы ворд форматында талдау үлгісін орындап, ais.semgu.kz платформасына тек CPO бөліміне ғана жүктейсіз! (мерзімі 14- аптаның жұма күні, 23.55 дейін);

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет