«Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» аудандық байқау туралы Қағида



жүктеу 77.93 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі77.93 Kb.



«Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз»

аудандық байқау туралы Қағида

(мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасында)


1. Жалпы қағида
1. Осы Қағида мүгедектердің қоғамдық ұйымдары мен мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында аудандық байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейді.

2. Негізгі мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін қолдану.

3. Міндеттері:

3.1. Жас дарындарды анықтау, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін қолдау, олардың әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу, әлеуметтік белсенді тұлға қалыптастыру.

3.2. Қоғамға мүгедектерді тиімді кіріктіру бойынша әлеуметтік бағдарланған ұйымдардың тәжірибесін қолдану. Қамқоршылық пен қайырымдылықты мадақтау.
2. Байқауды ұйымдастырушы
4. Байқауды ұйымдастырушы «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағарламалар бөлімі» ММ болып табылады. Байқаулық рәсімдерді дайындау мен өткізуді мүгедектер құрған қоғамдық бірлестіктерді тарта отырып жүзеге асырады.

5. Байқауды дайындау және өткізу кезеңінде ұйымдастыру және шығармашылық қызметті үйлестіру үшін Ұйымдастыру комитеті құрылады.


3. Байқауды өткізу тәртібі
10. Байқау 2 турдан тұрады:

10.1. Бірінші тур (іріктеу) а.ж. маусым және қыркүйек айлары аралығында өтеді.

10.2. Екінші тур (ақтық) а.ж. қыркүйек және қазан айлары аралығында өтеді.

11. «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағарламалар бөлімі» ММ конкурсты өткізеді және осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, ақтық турға қатысушыларды іріктейді.

12. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
«Кәсібі бойынша үздік» номинациясы.

Номинацияға 18 жастан 45 жасқа дейінгі мүмкіндіктері шектеулі, еңбек қызметінде жетістіктері, жұмыста кәсіби шеберлігі мен біліктілігі үшін бірнеше рет жұмыс беруші тарапынан марапатталған, ұжым өмірінде белсенді орын алатын жұмыскерлер қатысады.

Байқауға қатысу үшін үміткерлер мыналарды:

* 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

* 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша портфолио ұсынады.

Қатысушыларды іріктеу мынадай өлшемшарттар:

кәсіби шеберлік пен біліктілік;

жағымды пікірлердің, мінездеменің болуы;

алғыс хаттардың, дипломдардың болуы;

наградалардың, медальдардың болуы;

лицензиялық жұмыстардың, жобалардың, табысты іске асырылған идеялардың болуы және т.б. бойынша өткізеді.

Ұйымдастыру комитеті үміткерлерді іріктейді және байқауға қатысу үшін шақырады.


Номинанттарды іріктеу қорытындысы кезеңдерден тұратын байқау түрінде өткізіледі:

* «Таныстыру (өзіңді және өз ұйымыңды (мекемеңді) таныстыру қажет)» байқауы;

* «Менің кәсібім...» байқауы (өзін білікті маман ретінде, жұмыстағы жетістіктері, ұйым өміріндегі өзінің рөлі туралы айту қажет)

* «Үй тапсырмасы» байқауы.


Үміткерлер өткізілген байқаудың қорытындысы бойынша айқындалады.

Іріктеу балды шәкіл бойынша жүзеге асырылады: 10-нан 7-ге дейінгі балл – жоғары баға; 7-ден 3-ке дейін – орташа; 3,5-тен 1-ге дейінгі балл – төмен баға.


«Ақылдылар» номинациясы.

Номинацияға даму мүмкіндіктері шектеулі мектеп жасындағы адамдар, мектеп олимпиадаларына, турнирлерге, интеллектуалдық конкурстарға қатысушылар, аудандардың, облыстардың, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары қатысады.

Байқауға қатысу үшін үміткерлер мыналарды:

* 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

* 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша портфолио ұсынады;

Ұйымдастыру комитеті үміткерлерді іріктейді және сайыстарға қатысу үшін шақырады.

Жеңімпаздарды қорытынды іріктеу пәндер бойынша олимпиада түрінде (турнир) өткізіледі.

«Үздік жасампаз» номинациясы

Номинацияға даму мүмкіндіктері шектеулі бейнелеу өнерімен және декоративтік-қолданбалы шығармашылықпен айналысатын адамдар қатысады.

Байқауға қатысу үшін үміткерлер белгіленген нысан бойынша өтінімді толтырады.

Қатысушыларды іріктеу мынадай өлшемшарттар:

* жеке шығармашылық, шеберлік;

* бейнелеу өнерінде және декоративтік-қолданбалы шығармашылықта тәжірибесі;

* жұмыс техникасы;

* жұмысында шығармашылықтың заманауи тәсілдері мен жолдарын қолдану бойынша өткізіледі.


Ұйымдастыру комитеті үміткерлерді іріктейді және байқауға қатысу үшін шақырады. Үміткерлерді соңғы іріктеу бұйымдар, қолмен жасаған заттар және суреттер бойынша көрме ұйымдастыру арқылы байқау түрінде өткізіледі.

Үміткерлер өткізілген байқау қорытындысы бойынша анықталады.


«Ең тату отбасы» номинациясы

Номинацияға мүгедек балаларды тәрбиелеуші отбасылар қатысады. Отбасылардың байқауға қатысуының негізгі шарты (әлеуметтік қызметтер ұйымдастырған үйірмелерде, секцияларда, дәрістерде, конкурста және т.б. қатысқан) баланың әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

Байқауға қатысу үшін үміткерлер мыналарды:

* 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

* 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша портфолио ұсынады.

Ұйымдастыру комитеті отбасыларды іріктеп, байқауға қатысу үшін шақырады.

Номинанттарды іріктеу қорытындысы кезеңдерден тұратын байқау түрінде өткізіледі:

* «Таныстыру (визитка)» байқауы;

* «Қатар жүріп келеміз, болашаққа сенеміз» байқауы (бала тәрбиесінде өз отбасының жетістіктері туралы айту қажет. Сонымен қатар, бірінші сөйлем «Қатар жүріп келеміз, болашаққа сенеміз» деп басталуы қажет)

* «Үй тапсырмасы» байқауы.

Үміткерлер өткізілген сайыс қорытындысы бойынша анықталады.

Іріктеу балды шәкіл бойынша жүзеге асырылады: 10-нан 7-ге дейінгі балл – жоғары баға; 7-ден 3-ке дейін – орташа; 3,5-тен 1-ге дейінгі балл – төмен баға.


«Үздік би» номинациясы

Номинацияға өз әлеуетін би жанрында іске асыратын даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатысады. Қатысушы адамдардың саны 10-нан аспауға тиіс.

Байқауға қатысу үшін үміткерлер мыналарды ұсынады:

* 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

* Байқауда орындайтын бидің DVD жазбасы.

Ұйымдастыру комитеті үміткерлерді іріктейді, олар байқауға қатысу үшін шақырылады.

Үміткерлерді соңғы іріктеу байқау түрінде өтеді, оның қорытындысы бойынша номинант анықталады.
«Үздік орындаушы» номинациясы

Номинацияға өз әлеуетін вокалды-аспаптық жанрда, ымдау тілінде ән салуда іске асыратын даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатысады.

Байқауға қатысу үшін үміткерлер мыналарды ұсынады:

* 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

* Байқауда орындайтын әннің DVD жазбасы.

Ұйымдастыру комитеті үміткерлерді іріктейді, олар байқауға қатысу үшін шақырылады. Үміткерлерді соңғы іріктеу байқау түрінде өтеді.


Конкурсты өткізу шарттары
1. Іріктеу турларына қатысушылар дамуында мүмкіндіктері шектеулі 6 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар болуы мүмкін, тек «Үздік әлеуметтік жоба» және «Үздік маман» номинацияларынан басқа, онда 18 жастан 45 жасқа дейінгі адамдар қатысуға жіберіледі. Қатысушының байқауға қатысу үшін өтінім берген кездегі жасы есепке алынады.

Әрбір номинация бойынша жеңімпаздарды іріктеу бойынша 6-14 жастағы, 14-29 жастағы, 29-45 жастағы топтар бойынша жүзеге асырылады.

2. Ақтық турдың қатысушылары іріктеу турлары номинацияларының жеңімпаздары болып табылады.

3. Іріктеу турына қатысуға өтінім белгіленген нысанға сәйкес іріктеу турын өткізу басталғандығы туралы хабарландырылған сәттен бастап ұсынылады. Өтінімдерді қабылдау іріктеу турдың соңғы күніне 15 күн қалғанда аяқталады.

4. Байқауға қатысу үшін үміткерлер өтінімге қоса қатысуға талап етілетін құжаттарды (таңдалған номинацияға сәйкес) береді.

5. Құжаттар Ұйымдастыру комитетінің байқауды өткізу туралы хабарламасында көрсетілген электрондық немесе пошталық мекенжайға жіберілуі мүмкін, немесе қолма-қол ұсынылады. Құжаттар толық жиынтықта болған және оларды беру мерзімі сақталған жағдайда қарауға қабылданады.

6. Іріктеу турына шақыру – хабарлама алған адам байқауға қатысушы болып танылады.

Қатысуға өтінім

«Бәріміз бірдейміз –

Кемсітуді білмейміз» атты

алғашқы байқаудың

қағидаларына

1-қосымша


Байқауға қатысуға өтінім


1.

Қатысушының Т.А.Ә.




2.

Қатысушының заңды өкілінің Т.А.Ә.




3.

Қатысушының туған күні




4.

Мекенжайы




5.

Байланыс ақпараты

(телефон, факс, сайт)






6.

Қатысушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат (мүгедектік туралы анықтама, ПМПК қорытындысы)



7.

Байланысатын адамның Т.А.Ә.,

телефоны, e-mail






8.

Қатысқысы келетін номинацияның атауы




9.

Өтінім берген күні



Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:



  • тууы туралы куәліктің көшірмесі (16 толмаған қатысушылар үшін) немесе жеке куәлік;

  • мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;

  • қатысушының jpg, tiff, png немесе gif форматындағы екі дана түрлі-түсті фотосуреті.

«Бәріміз бірдейміз –

Кемсітуді білмейміз» атты

алғашқы байқаудың

қағидаларына

2-қосымша


Портфолионы құрастыруға қойылатын талаптар*


  1. Қатысушының Т.А.Ә.

  2. Туған күні

  3. Жұмыс орны мен кәсібінің түрі

  4. Мекенжайы

  5. Отбасы, ата-анасы туралы мәліметтер

  6. Өзі туралы қысқа эссе

  7. Жеке қызығушылықтары, хоббиі

  8. Жасаған жұмыстарының фотосуреттері

  9. Жеткен жетістіктері мен дәрежелерін растайтын құжаттардың көшірмелері:

* марапаттары, құрмет грамоталары, алғыс хаттары, дипломдары және т.б.

* ұсыным хаттар, іске асырылған жобалары туралы пікірлер;

* газет, журнал беттерінен өзі және өзінің қызығушылықтары туралы үзінді материалдар;

* БАҚ-тағы мақалалары.


Байқауға қатысуға үміткердің қол жеткізген табыстары мен жетістіктерін дәлелдейтін басқа да қосымша құжаттарды беруге болады.
* Портфолио ағылшын тілінен аударғанда portfolio - портфель немесе құжаттарға арналған папка. Портфолионың мақсаты – кәсібилік пен біліктілігін көрсету.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет