Беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы кмм


-2. Берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңдаңыз



бет12/47
Дата05.03.2024
өлшемі287.88 Kb.
#494300
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47
Т1, Т2 емт.ҮЛГІЛЕРІ пароль - Orken2024

1-2. Берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңдаңыз.


  1. «Ең қиын мамандық –адам болып қалу» қай ғалымның пікірі? А) Әль-Фараби

В) Хосе Хулиан Марти С)Әлихан Бөкейханов Д) С.Аманжолов



  1. Өмір жолыңды дұрыс таңдау ? А)Жар таңдау, мамандық таңдау. В)Білім алу

С)Шет елге саяхат Д)Мансапқа жету


Сұрақтарды дұрыс жауаптарымен сәйкестендіріңіз.








Тапсырма

келісемін

келіспеймін

дәлелде



1

2

3

4

1

Мамандық бір-ақ рет және біржола
таңдалады.










2

Қартайғанда да мамандық таңдауға
болады.










3

Мамандық таңдау қалтаның
қалыңдығына байланысты.












Айтылым.Тыңдалған мәтінді өзара түсінісіп, диалогқа түсіп, мәтінді негізге ала отырып, төменеде берілген сөйлемдерді толықтырып айтады(0,5 балл).
Мамандық бір қарағанда жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін, --------------------------



Мамандық таңдау тек оқу мен диплом алу ғана емес,--------------------------------



Шынайы көзқараспен қарайтын болсақ, дұрыс таңдалған мамандық -------------



Оқылым.

Мәтінді мұқият оқыңыз.Төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.(1 балл)


Қазаққа қажет мамандық
Сарапшы мамандардың пікірінше бүгінгі күнде маркетолог, web- дизайнер, химик, ақпараттық технолог, өнеркәсіп саласы мамандары жетіспейді. Ал астрофизик, астроном сынды ғарыш саласы мамандары мен механик, картогроф, геодезист мамандығына еліміз аса зәру. Бұл мамандықты таңдаушылар қатары жоқтың қасы болса, қажеттілік жылдан-жылға артып келеді.
Күннен-күнге заманауи технологиялардың сан түрі шығарылып жатыр. Қазір кезінде арман болған «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алу да» таңсық емес. Адамзат жеті қат көкті де, жерді де зерттеп-зерделеді. Ғаламат ғарышқа да табан тіреді. Яғни төрткүл әлем техникаға телмірген заман болды. Осыған орай еліміз де ел экономикасының басты бағдары болып отырған мұнай-газ және энергетикалық салаға баса назар аударып отыр. Бірақ бір
«әттеген-айы» бұл мамандыққа деген сұраныстың артуы жоғары болғанымен, оған жастардың қызығушылығы төмен. Әдебиет пен тарих сынды гуманитарлық пәндерден алдына жан салмайтын оқушылардың көпшілігі физика мен химияға келгенде амалсыз тосылып қалады. Оған ұлттық бірыңғай тест барысындағы көрсеткіштер куә бола алады. Жапония, Корея, Қытай сынды Азия елдерінде сол техниканың небір түрлері жасалады. «Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі біздің жерімізде бар» деп кеуде кере мақтанғанымызбен, оларды игеруге келгенде өзгелермен иық тірестіре алмаймыз. Ал жоғарыда аталған елдерде, байқап қарасақ, қазба байлық та шамалы ғана. Бірақ олар тыңнан түрен салып, әлем елдерінің алдыңғы қатарына шықты.
Елбасының нанотехнологиялық орталықтар мен зерттеу институттарын қалай болғанда да дамыту керектігін айтқаны белгілі. Ал бұл саланы дамытсақ, химиялық биология, биотехнология сынды ғылымдардың да дамуына мүмкіндік туады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет