5.3 Қатыстырылған капиталды талдау
Талдау жүргізу үшін қарыз қаражаттарының әрбір аптарынын есеп беретін көрсеткіштерін топтық қорытындылармен сәйкестендіру қажет, олардың базистік көрсеткіштерден ауытқуларын анықтап, қатысты елшемдердің өзерістерш көрсету керек. Біздің әсіпорын есепті жылы ұзақ мерзімді ғана емес, қысқа мерзімді несиелерді де қатыстырмаған (тартпаған). Басқа сезбен айтқанда, қатыстырылған (қарыз) капитал кредиторлық борыштан тұрады.
Дебиторлық және кредиторлық борыштың қатынасы негізінен 2:1 болуы керек деп ұсынылған. Егер кредиторлық борыш дебиторлық борышпен қамтамасыз етілмеген болса, онда бұндай жағдайды жағымсыз деп айтуға болады, себебі ол өзіндік қаражаттың әлдебір өтімді бөлігінің ақшаға айналуын бәсеңдетуі мүмкін. Егер кәсіпорынның коммерциялық несиесі дамыған болса, онда дебиторлық борышы қатты өсіп кетуі мүмкін.
Кредиторлық борыштың дебиторлық борышпен өте төмен дәрежеде қамтамасыз етілуі, дебиторлармен де кредиторлармен де арақатынасы тиімсіз болуы да олардың өзара қарыздарын төлемеуінен болады. Кредиторлық борыштың өсіп кетуі қаржылық жағдайды нашарлатпайды, себебі кәсіпорын бұл борышты зерттеліп жатқан уақытта қатыстырылған қаражат көздері ретінде пайдаланып жатыр деп айтуға болар еді. Бірақ тауар, жұмыс және қызметтер үшін ғана емес, бюджет пен еңбекақы бойынша есеп айырысуда да үлкен кредиторлық борыштың болуы кәсіпорынның жұмысы мен жалпы оның қаржылық жағдайын тиімсіз жағынан сипаттайды.
Талдаушының келесі маңызды жұмысы - кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның қаржылық тұрақтылығы дәрежесі бойынша топтауға мүмкіндік беретін абсолютті көрсеткіштерін зерттеу.
Қаржылық тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштері тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.
Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерін сипаттайтын үш негізгі көрсеткіш анықталады:
1. Меншікті айналым капиталының бар болуы (Мак). Бұл көрсеткіш меншікті капитал мен (баланс пассивінің I бөлімі) ұзақ мерзімді активтердің (баланс активініңI бөлімі) арасындағы айырма ретінде анықталады. Ол меншікті айналым қаражаттарын сипаттайды. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда оның көбеюі кәсіпорынның қызметінің болашақтағы дамуын көрсетеді. Құрылысына қарай меншікті айналым капиталының бар болуын былай жазуға болады:
МАК = М= І6П-І6А.
Мұндағы: Іб П - баланс пассивінің I бөлімі;
Мк - меншікті капитал;
І6А - баланс активінің I бөлімі;
Ұа - ұзақ мерзімді актив.
Мак көрсеткіші бірқатар маңызды талдау коэффициенттерін есептеп табу үшін пайдаланылады: кәсіпорынның ағымдағы активтерін жабу коэффициенті (бұл көрсеткіштің нормативті мәні 0,1-ден төмен болмау керек), тауарлы-материалдық қорларды жабу коэффициенті (бұл көрсеткіштің нормативті мәні - 0,6-дан төмен емес) және тағы басқалары.
2. Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қарыздың қалыптасу көздерінің бар болуы (МАК/Ұз).
Бұл көрсеткіш алдындағы көрсеткішті, яғни меншікті айналым капиталының ұзақ мерзімді міндеттемелер сомасына қосу жолымен мына формуламен анықталады:
МАК/Ұз= Мак+Ұм= Мак+IIбП.
Мұндағы: Ұм - ұзақ мерзімді міндеттемелер;
Мак - меншікті айналым капиталы;
IIбП - баланс пассивінің II бөлімі.
3. Тауарлы-материалдық қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері алдыңғы көрсеткішті кысқа мерзімді несиелер мен қарыздар сомасына қосу жолымен, мына формула арқылы анықталады:
НК = МАК/Ұз+ ҚНҚ.
Мұндағы: НК - негізгі көздер;
Қнк - қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар.
Тауарлы-материалдық қордың бар болуының үш көрсеткішіне тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың олардың қалыптасу, көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткіші сәйкес келеді.
Меншікті айналым капиталының (Мак) артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (—):
Достарыңызбен бөлісу: |