Беруін талдау Оқу құралы Қостанай



бет37/49
Дата12.05.2023
өлшемі0.97 Mb.
#473579
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49
ef f keet2012

4. Ағымдағы активтер (мобильдік каражат) не­месе айналым капиталының айналымдылық коэф­фициент. Ол өнім сатудан түскен (ақша) табысының (жұмыс, қызмет көрсету) ағымдағы активтердің орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:



Мұнда: - ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті;
- ағымдағы активтердің орташа шамасы.

Ағымдағы активтердің (баланс активінің II бөлімі) орташа шамасы формула бойынша анықталады:


=
Мұнда: - ағымдағы активтердің орташа шамасы;
Он, Ок- сәйкес жыл басындағы және аяғындағы активтер шамасы. Активтердің орташа шамасының толығырақ есебі активтер жағдайы туралы ай сайынғы мәліметтерді пайдаланған кезде алынатын болады.
Ағымдағы активтердің (айналым капиталыньщ) айналымдылық коэффициенті олардың айналым жылдамдығын, яғни зерттелген кезеңдегі барлық айналым қара­жатының айналым санын көрсетеді. Ағымдағы актив тердің айналымдылығының үдеуі олардың қажеттілігін кемітеді де, кәсіпорындарға халық шаруашылығының мұқтажы үшін (абсолюттік босату) немесе қосымша өнім өндіруге (салыстырмалы босату) айналым қаражатының бір белігін босатуға мүмкіндік береді.
Айналымның жылдамдауы нөтижесінде айналым қаражатының заттық элементтері босайды, шикізат, материалдар, отын қорлары мен аяқталмаған өндірісті істеу аз қажет болады, демек, бұрын осы қорлармен іске салынған ақша ресурстары босап шығады. Босаған ақша ресурстары кәсіпорынның ең өтімді активтерін арттырады, нәтижесінде оның төлем қабілеті бекіп, қаржылық жағдайы жақсарады.
Ағымдағы активтердің айналым жылдамдығы бұл -өзі өндірістік-шаруашылық қызметтің ұйымдастыру-техникалық деңгейінің кешенді көрсеткіші. Айналым санының артуынаайналу уақыты мен өндіріс уақытының қысқаруы есебінен қол жеткізуге болады. Өндіріс уақыты технологиялық процесс пен пайдаланылған техниканың сипатымен байланысты. Оны қысқарту үшін технологияны жетілдіріп, еңбекті механикаландыру және автоматтандыру қажет.
Айналым уақытын қысқартуға мамандану мен бірлесудің дамуы, тікелей шаруашылық аралық байланыстырудың жақсаруы, жүк тасу, өзара есеп айырысу мен қүжат айналымын тездетумен қол жеткізуге болады.
Әрбір кәсіпорын үшін айналымдылық коэффициенті өзіндік сипатта болады, егер ол анықталған болса, онда оның мағынасын қолайлы деңгейде ұстап түру керек. Оны табу оп-оңай, егер кәсіпорын коэффициенттің осы мағынасында үнемі заемдық капиталды пайдалануға тырысатын болса, онда шығындарды жабу мен қызмет ауқымын кеңейту үшін айналым капиталының айналымдылығының бұл жылдамдығы ақша қаражатын жеткіліксіз мөлшерде туындатып отырғанын көрсетеді. Ал керісшше, егер кәсіпорын тұрақты сату көлемінде немесе оның артуы барысында жеткілікті табыс тапса, онда айналым апиталының айналым жылдамдығы тиімді болғандығы.
Ағымдағы активтердің айналымдылық жылдамдыгы, жоғарыда келтірілген формула бойынша есептелген оның айналым санымен ғана емес және айналымның ұзақтығымен, айналым қаражатының беку коэффициен-тімен де сипатталады (немесе айналымдылықтың айна­лым коэффициентімен).
Ағымдағы активтердің бір айналымының ұзақтығы мына формуламен анықгалады:
ДО= =360/ =

Мұнда: Д°- бір айналымның күнмен есеителген ұзактығы;


К°А -ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті немесе ағымдағы активтердің айналым саны.
Көрсеткіштің бір жылдық мәнін есептегенде кезеңнің ұзақтығы 360 күн, бір тоқсанға - 90 күн, бір айға - 30 күн құрайды.
Сонымен, ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның барлық мобильдік қаражатының айналым жылдамдығын көрсетеді. Оның өсуі материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициентінің артуымен уйлессе ол жағымды, ал егер соңғысы азайса, онда жағымсыз.
5. Материалдық айналым каражатының айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта солғұрлым азырақ қаражат байланады, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрактанып, айналым капиталында көбірек өтімді құрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда тауардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне кері әсер етеді. Коэффициентті есептеу формула бойынша жүргізіледі, онда алымында - сатудан (ақша) түскен табыс, ал бөлімінде - кезеңдегі шығындар мен материалдық-өндірістік қорлардың құнының орташа шамасы.
Өндірістік қорлар (материалдар) оларды дайындау (сатып алу) құны бойынша есептелетіндіктен, қорлардың айналымдылық коэффициентін есептеу ушін сату­дан түскен табыс емес, сатылған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады.
Онда есептеу мына формуламен іске асырылады:

- материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті;
- сатылған өнімнің толық өзіндік құны;
- өндірістік қорлардың орташа құны.
Неғұрлым айналымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын, солғұрлым қорлар тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсеңдегенін көрсетеді.
Өндіріс пен өнімді өткізуді қалыпты жүргізу мақсатында қорлар оңтайлы болуы керек. Көлемі жағынан кіші, бірақ кебірек: қозғалмалы қорлардың болуы, кәсіпорынның қорында аз сомадағы ақшалай қаражаттың бар екендігін білдіреді. Қорлардың жиналып қалуы, кәсіпорынның енімді өндіру мен сатудағы белсенділігінің курт азайғанын куәландырады.
Материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициентінің шамасына оны есептеу әдістемесі ғана емес жэне де кәсіпорында қабылданған материалдық қорларды бағалау әдістемесінің де айтарлықтай әсерін тигізетінін назарда ұстау қажет.
Қазіргі уақытта материалдық қорларды бағалаудың есептеу саясатын таңдауда кәсіпорынның құқықтары едәуір кеңейтілген. Осылайша отандық есептеу практикасында бірінші рет біздің кәсіпорындар шет елдерде кеңінен таңымал және қолданылатын ЛИФО мен ФИФО (LIFO, FIFO) сенімді материалды бағалау тәсілдерін қолдану мүмкіндігіне ие болды. ЛИФО әдісі ең соңғы сатып алынған материалды бірінші кезекте өндіріске шығынға шығаруды көздейді. Сонда баланстағы қалдықтың шамасы бірінші сатып алынған материалдың өзіндік құнынан туындап аиықталады.
Керісінше ФИФО әдісін пайдалану кезең соңындағы материалдьщ қорларды соңғы сатып алу бағасымен бағалауға негізделген, ал жұмсалған материалдар сатылған өнімнің өзіндік құнына олардың алғашқы сатып алу құны бойынша шығынға шығарылады.
Енді материалдық қорлардың айналымдылығының көрсеткіші шамасына оларды бағалаудың сол немесе басқа әдісін пайдаланудың қалай әсер ететіндігін қарайық.
Біздің елімізде осы кезге дейін материалдық қорларды бағалаудың ең кең тарағаи тәсілі, дайындаудың орташа сарапталған нақты өзіндік құны бойынша бағалау болып келді. Кәсіпорын үшін оны пайдаланудың жағымсыз салдарына мыналарды жатқызуға болады, бір жағынан ол сатылған өнімнің өзіндік құнын төмендетеді (табыс пен одан төленетін салықты шамадан тыс көтереді), екінші жағынан материалдың қалдығының құнын айтарлықтай төмендетуге әкеліп соғады, демек, олардың айналымдылығын жасанды түрде арттырады.
Материалдар қорын соңғы сатып алу (ЛИФО) құны бойынша бағалау әдісін қолдану, салық салу тұрғысынан инфляция жағдайында өте тартымды болғанымен (сол сатылған өнімнің өзіндік құнын тым жоғарылататындықтан), материалдар қалдығы шамасының бұрмалануына, яғни азаюына әкеліп соқтырады. Нәтижесінде бұл жағдайда да активтердің айналымдылық көрсеткішінің анықтығы төмендейді.
Тауарлы-материалдық құндылық қорларын бірінші сатып алу құны бойынша (ФИФО) бағалау тәсілін колдану, сатылған өнімнің өзіндік құны материалға деген ең төмен (инфляция жағдайында) бағадан басталып құрылып, ал олардың қалдықтары ең жоғары (базарлық) құны бойынша бағалануына әкеліп соғады. Осыған байланысты материалдық айналым қаражатының және бүтіндей ағымдағы активтердің айналымдылығы бұл жағдайда жоғарыда қаралған тәсілдерге қарағанда обьективті түрде темен болады (осыған байланысты мынаны есте ұстаған дұрыс: өзінің кредиторлары немесе инвесторларына кәсіпорындағы қаражаттың жоғары айналымдылығы туралы ақпарат беруге ынталы менеджердің кезқарасынша әдістің бұл артықшылығы, сонымен қатар оның кемшілігі де больш көрінуі мүмкін).
Сонымен, тауарлы-материалдық қорларды бағалаудың үш қаралған тәсілі мысалдарынан, алға қойылған міндеттер мен активтерді басқарудың ұшталған стратегиясынан басталған кәсіпорын, өзінің активтерінің айналымдылық коэффициентінің шамасын белгілі мөлшерде зерттеуге мүмкіндік алатынын көруге болады.
6. Дайын өнімнің айналымдылык коэффициенті. Бұл көрсеткіш өнімді сатудан түскен (жұмыс, қызмет көрсету) табыстың (ақша) кезеңдегі, дайын онімнің орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:

Мұнда: - дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті;
r - баланс бойынша кезендегі дайын онімнің орташа шамасы.
Ол дайын онімнің айналым жылдамдығын корсетеді. Оның өсуі кәсіпорынның өніміне деген сұраныстың артқанын көрсетеді, ал томендеуі - сұраныстың төмендеуіне байланысты дайын өнімнің шамадан тыс жиналып қалғанын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет