Тапсырмалар:
1. «Тәжірибе» кәсіпорынның қаржылық есептемесіне сүйене отырып (Қосымша А,Б) кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерін есептеп (Кесте 7.1 ) кезең аралығындағы өзгерістерге қорытынды жасаңыз.
Кесте 7.1
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерін талдау
№
|
Көрсеткіштер
|
Кезең басына
|
Кезең аяғына
|
Өзгеруі
(+;-)
|
А
|
Б
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті
|
|
|
|
2.
|
Негізгі кұралдардың айиалымдылығы
|
|
|
|
3.
|
Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті
|
|
|
|
Кесте 7.1 жалғасы
А
|
Б
|
1
|
2
|
3
|
4.
|
Ағымдағы активтер (мобильдік каражат) немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті
|
|
|
|
5.
|
Материалдық айналым каражатының айналымдылық коэффициенті
|
|
|
|
6.
|
Дайын өнімнің айналымдылык коэффициенті
|
|
|
|
7.
|
Дебиторлық борыштың айналымдылың коэффициенті
|
|
|
|
8.
|
Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті
|
|
|
|
9.
|
Акша каражатының айналымдылык коэффициенті
|
|
|
|
10.
|
Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы
|
|
|
|
11.
|
Істегі капиталдың айналымдылығы
|
|
|
|
12.
|
Перманенттік капиталдың айналым жылдамдығы
|
|
|
|
13.
|
Іскерлік белсенділік индексі
|
|
|
|
2. Анықталған кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерінің өзгеруіне себепші болған факторларын (факторлық талдау әдісін қолданып) зерттеп, орындалған жұмысыңызды қорытындылаңыз.
Тарау 8 Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдау
Мақсаты: Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігінің түсінігін және мәнін анықтау, несиеге қабілеттілікті бағалау шарттарын білу
Жоспар:
8.1 Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігінің түсінігі мен мәні
8.2 Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың негізгі міндеттері
8.1 Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігінің түсінігі мен мәні
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі - несиеге қабілеттілігі. Төлем қабілеттігі "несиеге қабілеттік" түсінігімен салыстырғанда кеңірек ұғым. Төлем қабілеттілігі (ТҚ) кәсіпорынның барлық қарыздарын өтеуге, соның ішінде алған банк несиесін қайтаруға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайын сипаттайды.
Талдаудың келесі кезеңі кәсіпорынның несиеге қабілеттігін айқындау болып табылады.
Қазіргі кезде нарықтық қатынастарды реттейтін заңдар әсерінен кәсіпорынға олардың ұйымдастыру-құқықтық нысандарына тәуелсіз, кешенді несие-есептік және кассалық қызмет көрсететін мемлекеттік, коммерциялық банктердің тармақталған желісі қалыптасуда.
Банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процестерін болдырмауға және ұлттық валютаның (теңге) нығаюына ықпал етуге міндетті.
Банктер қарыздарды өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттармен шаралар үшін береді.
Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді.
Несиені беру және өтеумен байланысты мәселелер келісім түрінде несиелік шарт жасау арқылы, банк ережелерімен және қарыз алушы кәсіпорын мен банк арасындағы несиелік келісім-шарттарымен реттеледі.
Несиелік шартта мыналар міндетті түрде қарастырылады:
несиенің объектілері;
қарыздың жоспарланған мөлшері, оның мақсаты;
қарыздарды беру шарттары және өтеу мерзімдері, олардың қарыз алушы қызметінің жақсаруына әсері;
қарыз бойынша пайыз мөлшерлемелері, олардың төмендеуі немесе көтерілуі, төлем тәртібі;
қарыз алушының міндеттемелерін қамтамасыз ету нысандары (кепілдемелер, кепілге, кепілдік беру және басқалар);
материалдық қорлар мен өндірістік шығындарды өтеудегі меншікті айналым қаражаттарының нормативі;
несие беру және өтеу бойынша екі жақтың міндеттемелері, құқықтары және жауапкершілігі;
құжаттардың тізімі және оларды банкке тапсыру мерзімділігі және басқа жағдайлар.
Несиелер берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Несиенің жеделдігі оны қайтару, өтеу мерзімдерімен анықталады. Осылай, қысқа мерзімді несиелер бір жылдан аспайтын мерзімге, ал ұзақ мерзімді - бір жылдан асатын мерзімге беріледі.
Қысқа мерзімді несие кәсіпорынның айналым қаражаттарының қалыптасу көздерінің бірі болып табылады. Ол кәсіпорынның ағымдағы қызметі процесінде жетіспейтін акша қаражатының қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді. Бір жылдан астам уақытқа кәсіпорын күрделі шығындарына несие ала алады. Бұл жағдайда несие оның дамуына, өндірісті кеңейтуге, оны қалпына келтіруге, жаңа техниканы ендіруге, қымбат жабдықтарды алуға және басқа мақсатты бағдарламаларға бағытталған кәсіпорынның қарыз қаражаттары ресурстарының көздері ретінде жұмсалады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 7 қаңтардағы кәсіпорынға және ұйымдарға меншікті айналым қаражаттарын толтыруға бөлінетін несиелерді беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы №19 қаулысына сәйкес, ұзақ мерзімді несиелердің бөлігін ағымдағы активтерді сатып алуға бағыттау қарастырылған.
Қысқа мерзімді несиелер қарыз алушыларға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк басқармасы 1994 жылы 11 ақпанда бекіткен №1 Қазақстан Республикасының экономикасының қысқа мерзімді несиелеу ережелерін сақтау негізінде несиелеудің іріленген объектілері бойынша ағымдағы қызмет мақсатында беріледі.
Несиелеудің объектілері:
тауарларды экспорттық және импорттық жеткізулер және сыртқы экономикалық қызметтер бойынша шығындар;
жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтар сатып алған шикізат, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер;
ломбардтың кепіл-несиелік операциялары;
театрдың, парктердің, атракциондардың табыстары мен шығындары арасындағы мерзімдік алшақтанушылық және т.б.
Банк басшылығының ұйғаруы бойынша несиелеу объектісі болып тиеліп жіберілуі шаруашылыққа тәуелді емес себептерге байланысты кешіктірілген дайын өнімдер бола алады:
өнім тұтынушының сұранысына ие болған кезде өнімді шығару көлемінің жасалған шарттарға қарсы өсуі;
оны өткізуге шарттар жасалған өнімдерді тиеп жіберу үшін тасымал құралдарын өз уақытында бермеуі;
келісім-шартты бұзатын ұқыпсыз төлеушілерге өнімді тиеуді тоқтату.
Тауарлы-материалдық құндылықтар мен шығындар несиелеуге қалдық баланстық, бірақ жоспарланғаннан жоғары емес құнымен қабылданады.
Жоспардан артық шығындар мөлшері жыл басынан бергі өткен уақыт ішінде тауар өнімінің өндірістік өзіндік құнының қымбаттау пайызы бойынша анықталады.
Қарыз алушыларға, несие беру алдыңғы берілген несиелер бойынша мерзімі өткен қарыздар болмаған кезде жүргізіледі және банк мекемесімен қарыз алушының бірігіп несиенің қажеттілігін зерттеу негізінде анықталатын белгіленген өлшемі көлемінде жүзеге асырылады. Қарыз алушы жоспарланған тоқсан алдындағы жылдың IV тоқсанында банкке келесі жылдағы несиенің қажеттілігінің тоқсан бойынша берілетін есебін келесі нысан бойынша ұсынады.
Есептеудің негізіне өндірістің, өткізудің көлемі бойынша алдыңғы жылдың жоспарланған есептік көрсеткіштері соңғы бірқатар жылдардағы баға мен тарифтердің өзгерілуі ескеріліп, несиелер бойынша қарыздар мен кредиторлық борыштар алынуы тиіс.
Жыл бойы бұл есептер банк пен қарыз алушының екі жақты келісімі бойынша қосымша анықталады, осымен қатар банктер қарыз алушының жеке көздерінің өсімінің қарқынын бақылау керек.
Несиелеуге мыналар қабылданбайды:
дайын өнімнің нормадан тыс қалдықтары, көліктік қиындықгарға, ұқыпсыз төлеушілерге тиеуді тоқтатуға байланысты өнімдерді тиеп жіберудін кешіктірілуі себепті пайда болған мерзімдік қалдықтарынан басқалары;
өтімі шектеулі немесе өтпейтін даяр өнімнің қалдықтары;
мерзімдік қалдықтарынан басқа аяқталмаған өндірістің нормадан тыс қалдықтары, сонымен бірге, жабдықтарды жөндеу кезіндегі өндірістің жоспарлы тоқтауынан немесе басқа да себептерден пайда болған жинақтау;
өндірістің жылдық қажеттілігінен артық әкелінген, өндірілген, бір жылдан аса немесе несиелеу үшін бекітілген басқа да кезеңнен аса қозғалыссыз сақталған тауарлы-материалдық құндылықтар;
артық, қажет емес, қиын өткізілетін және пайдаланылмайтын тауарлы-материалдық құңдылықгар;
құндылықтардың бұзылуына немесе жабылуына әкелетін, сақтау жағдайлары сақталуын қамтамасыз етпейтін тауарлы-материалдық құндылықтар;
несие шарттарында қарастырылған мерзімнен артық жолда келе жатқан материалдық құндылықтар;
шығындар сметасынан асатын және өнімнің өзіндік құнына кіргізілмеген немесе ағымдағы табыстар және басқа көздер есебінен өтелмеген шығындар;
кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін жүргізілген іске қосуды реттейтін жұмыстар;
бекітілген мерзімде қайта өңделмеген өткен жылдардың өнімінің ауыл шаруашылық шикізатының және аяқталмаған өндірісінің қалдықтары;
дайындаудың жаңа мерзімінің басына дейін кәсіпорынның оны өңдеу жөніндегі өндірістік қуатынан асатын мөлшердегі ауылшаруашылық шикізатының қоры;
аяқталмаған өндіріске, дайын өнімге және тиелген өнімдерге жататын өнімнің өзіндік құнының қымбаттауы.
Қажет қарыздың_______________ бойынша 200__жыл____________есебі.
заемның атауы
№
|
Көрсеткіштер аталуы
|
1/I
200 ж
|
1/ІV
|
1/VІІ
|
1/Х
|
1/I
200 ж
|
1
|
Тиелген, несиелеуге қабылданатын тауарларды қоса алғанда барлық тауарлық-материалдық және өндірістік шығындардың жоспарланған қалдығы
|
|
|
|
|
|
2
|
ТМҚ мен шығындардың қалдығы несиелеуге қабылданбайды
|
|
|
|
|
|
3
|
Айналым қаражаттарының меншікті қалыптасу көздері, олардың жетіспеушілігін уақытша толықтыру ссудаларын қоса алғанда
|
|
|
|
|
|
4
|
Несиеленетін ТМҚ мен өндірістік шығындарға жататын кредиторлық борыш
|
|
|
|
|
|
5
|
Ссуданың жоспарланған сомасы (1-2-3-4)
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |