Беруін талдау Оқу құралы Қостанай


Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың ролі мен маңыздылығы



бет45/49
Дата12.05.2023
өлшемі0.97 Mb.
#473579
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
ef f keet2012

9.2 Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың ролі мен маңыздылығы.

Қаржылық жағдайдың динамикасының негізгі тенденциялары мен қызмет нәтижелерін формаланған және формаланбаған әдіс арқылы болжауға болады. Инфля­ция қарқынының күшті болуы, шығындар нормасының орталықтандырылып бекітілмеуі және келісім-шарттар жасау кезінде алдын ала төлеудің кең таралуы жағдайында, жабдықтау келісім-шартына отырған кезде болжау дәлдігі төмендейді. Осындай кезде қаржылық жағдайды болжау, табыстардың есеп беруге қатысты өзгермелі параметрлері - өндіріс көлемі, шаруашылық субъектілер қызметінің әр түрлі бағыттары бойынша шығындардың бағдарлама жүйесі қаржылық есеп беру және электронды кесте негізінде құрылуы мүмкін.


Талдаудың бастапқы пункті, қаржылық шаруашылық қызметтің көрсеткіштерінің өзгеруі бір есеп беруі кезеңі мен екінші кезеңнің сабақтастығы болып табылады. Сондықтан перспективтік талдау үшін қолданылатын бұл ақпараттар қаржылық есептен алынады.
Ұзақ мерзімді болжауды құруды негізі күрделі мәселе деп есептеуге болады. Мұнда екі жағдай қарастырылады: шаруашылық қызметтің тәуекелі мен болжаудың тәуекелі. Тәуекелдің бірінші түрі іскер қызметкерлердің, эксиерттердің тартьшуы есебінен төмендеуі мүмкін. Тәуекелдің екінші түрін шет елде және өзімізде жинақталған тәжірибені қолдану арқылы, сонымен қатар ЭЕМ кемегімен шаруашылық қызметті көп вариантты ұқсас есептеулер жолымен төмендетуге болады.


9.3 Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың негізгі әдістері.
Қазіргі экономика ғылымының ез қарауында қаржылық көрсеткіштерді болжаудың өр түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың 4 негізгі тәсілін қарастырамыз:

  • несие беру қабілеттілігі индексінің есебі;

  • формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану;

  • төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау;

  • қаржылық ағымның құйылуын талдау.

А. Несие беру қабілеттілігі индексінің есебі.
Қаржылық болжауда бағалардың эксперттік бағалау әдісі мен экономика-математикалық моделдеу қолда-нылуы мүмкін. Экономика-математикалық моделдеу көрсеткіштер динамикасын келешекте қаржылық процестердің дамуына тигізетін факторлар әсеріне байла­нысты белгілі дәрежеде дәл анықтауға мүмкіндік береді. Экономикалық-математикалық модельдеудің қаржылық болжамының ең тиімдісін алу үшін, ол эксперттік бағалау тәсілімен толықтырылады, нәтижесінде қаржы­лық процестердің сандық мәндеріне түзетулер жасауға мүмкіндік туады. Жалпы әлемдік практикада кәсіпорынның түрақтылығын болжау, оның қаржылық стратегиясын таңдау, сонымен қатар, оның тәуекелділігін анықтау және банкроттығын болжау үаіін экономикалық-математикалық модельдер қолданылады.
Банкроттықтың ықтималдығын бағалаудың ең жиі қолданылатын әдісі белгілі американ экономисі Э. Альтман ұсынған Z модельдері.
Осы модельдердің ішіндегі ең қарапайымы екі факторлы модель больш табылады. Ол негізгі екі көрсеткішке негізделеді. Э. Альтманның пікірі бойынша банкроттықтың ықтималдығы: кәсіпорынның жалпы жабу коэффиценті (К) немесе ағымдағы өтімділік (кТА), яғни кәсіпорынның активтерінің етімділігін сипаттайтын коэффициентке және кәсіпорынның қаржылық түрақтылығын сипаттайтын қаржылық тәуелділік коэффицентіне байланысты болып табылады. Эмперикалық жолмен табылған бұл көрсеткіштер коэффиценттердің салмақтық мағынасына көбейтіліп, нәтижелері белгілі бір түрақты өлшеммен қосылады, ол да тәжірибелік-статистикалық тәсілмен табылады. Егер нәтиже (Z) теріс болса, банкроттық ықтималдық үлкен емес. Ал erep Z мәні оң болатын болса, ол банкроттық ықтималдылығының жоғары екенін көрсетеді.
Ә. Формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану.
Жоғарыда көрсетілген көп факторлы модельдер, қор биржасында өздерінің акцияларына баға кесетін компаниялар үшін ғана мүмкін болады. Сонымен қатар белгінің тек біреуіне бағытталу теория жағынан оте жағымды, ал іс жүзінде ақтапмаған. Сондықтан аналитикалық шолумен, болжаумен және кеңес берумен айналысатын көптеген аудиторлық фирмалар мен басқа компаниялар өздерінің аналитикалық бағалауында белгі-лер жүйесін қолданады. Мысал ретінде аудит практикасын талдап қорыту (Ұлыбритания) бойынша комитеттің ұсынысын келтіруге болады. Бұл көрсеткіштерді екі топқа белуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет